Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Ұстаздық ілімін көркейтпей, ұстаздық өнер өрге баспайды

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеркер
Лауазымы: зейнеткер-мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 19.12.2018

Ұстаздық ілімін көркейтпей, ұстаздық өнер өрге баспайды

Мектептану ғылымының іргелі бір салсы-ұстаз ілімі. Ол мектептану ғылымына төмен-дегі проблемаларды шешудің ғылыми негізін анықтап береді.
-Білім саласының менеджментіне сай,профессор-оқытушы андрагог,менеджер-педагог, жетік тәрбиешілер мен маман педагогтардқандай болу керектігін оларды іріктепітаңдап алу көрсеткіштерін әр мемлекеттің даму дәрежесіне лайықты түрде көрсетеді;
-Осы жетік мамандарды дайындап,арықарай оларды жетілдіру жолын көрсетумен қатар әлемдегі бұл құбылыстың даму тенденцисын,кез-келген елдің қолы жеткен табысының сырын ашады,тәжірибесін өз отанында іске асыру мүмкіндігін шешеді.
-Осы жетік мамандарды таңдап дайындаудағы өз мемлекетінің даму тарихына талдау жасап,келешегін философиялық-педагогикалық соны идеялармен жебеп отыруы тиіс.
Қазақ елінде ұстаз ілімінің дамыған дәстүрі де бар, жинақталған тәжірибе,қорытылған тұжырым да бар.Оның ішінде,ұстазға деген жалпақ жұртың оңды көзқарасы,оларды құрметтеп сыйлап,қадірлеп аялайтын ата салтымыз бар.Ондай үрдістің қалыптасу себебі тереңде жатыр. Ежелгі ескі заманнан бастап күні бүгінге дейін ғұмыр кешкен қазақ халқы- отбасы,әулет,ауыл,ата-ру,тайпа,-топ,одақ,ұлт қатарлы қауымдастықтың сан түрін құрай отырып, елдікке жетіп, аты әйгілі (шамамен 16 империя орнатып) мемілекет құрып, Ұлы Дала кеңістігінде бес мыңнан астам уақыт тіршілік еткен көне,текті, байырғы қауым. Мемлекеттің шаңырағы бір де биіктеп,бір де шайқалып, скифтердің тұңғыш патшасы Торғытайдан бастап,қазақтың соңғы ханы Кенесарыға дейінгі уақыт кеңістігінде тасқын судай сапырылған сақ, ғұн, түркі,оғыз-қыпшақ ұрпақтары ұзақ сонар тауарихын найзаның ұшымен ғана емес,ақыл-парасат күшімен де,ұрпақ тәрбиелеу ісімен де,ұлағатты үлгі өнегелі сөзімен де, «кісі» болдыру амал-айласымен де, ақыл-кеңес үлгісімен де айшықтап,бізге сарқылмас ілім мұрасын мирас етті.Қазақтың тәрбиелеу ілімі қалыптасып, дамып,іске асу барысында талай ұлық ұстаздар туып шықты, әулет мектебінің сан түрі пайда болды.Бұл мектептердің бас ұстаздары ана мен дана,ата мен әже,әке мен шеше,аға мен көке,дос пен таныс,жеңге мен жезде сияқты ұлағатты ұстаздар есімі,іс-әрекеті ел есінде,халық жадында мәңгі сақталған. Ұлы Даланың ұлық ұстаздарының ақыл парасаты мен тәжірибесі негізінде: «Көшпелі тұрмысқа сәйкескен,киізтуырдықтыларға (қазақ, қырғыз,монгол) ортақ жас ұрпақты оқытып білім беретін,тәрбиелеп үлгі өнеге көрсе-тетін,еңбек пен өнерге баулитын,өмірге дайындайтын,өздеріне ғана тән ОҚУ БІЛІМ жүйесі қалыптасқан.Ал,кеңес дәуірінде бұл үрдіс басқа арнаға түссе дағы дамыстың отырықшы ел жүйесіндегі үлгісіне көшті.Оның да бергені бар болды.Ол шақта қазақтың небір ұлағатты ұстаздары,ұстаздық ілімніңе баға жетпес үлкен үлес қосты.Алайда заман өзгерді,дәуір жаңаланды,ұстаздық ілім де жаңа белеске көтерілуі тиісті болды.Мұны ұстаздар қауымы,қоғам болып түсінгендіктен, тәуелсіздік орнап беки бастаған шағынан қолға алып келеді.
«Шындығында, мұғалімдер – барлық мамандық иесін оқытып, тәрбиелейтін абзал жандар.» «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан дейсің. Ұстаз — әрі актер, әрі философ, әрі шәкіртінің ата-анасы, қамқоршысы, қадірлі жақыны,жанашыры.» Талантты, алғыр, еңбеккер, ізденгіш ұстаздар көп.Өз ісін жетік білетін мұғалім ұлтымыздың мақтанышы, ондай мақтанарлық мұғалім қазір әрбір мектепте бар, оған қуанып, олардан тәлім алып, өсіп өрбудеміз.Осылардың қалыптасу, даму,жетілу жолын пайымдасақ:А).Ұстаздық мамандықты,жан-тәнімен жасынан таңдаған,бұл таңдауға әсер етуші жақын ортасы:әке –шешесі,аға –бауыры,оқып білім алған мектебі.тәлім-тәрбие берген ұстазы; Ә).Олардың балалық шағында ұстаздыққа
сәл де болса икемі тума бейімді жеке басының даралығы өзіне де өзгеге де сезіліп белгі берген.Сондықтан,мектептегі балалар ұйымының алғашқы басқышында, «ұйымдастыр-ушы, жетекші» ынталы,белсенділігімен танылып көзге түскендер;
Б).Кездейсоқ болса да,не тағдырдың бұйрығымен,педагог кадірлер дайындайтын арнаулы орта және ЖОО-на оқуға түсіп,оны ел қатарлы оқып бітіріп,ұстаздыққа шыңдаудың шыныққан ордасына тап болып,озық ұстаздар қолында аяланып, дарыны ашылып,таланты жетілген озат ұстаздар да бар.
Қазақ қоғамы алға жылжып ілгерілеп дамып келеді, ал сол қоғаммен бірге біздің жас ұрпақтың сана –сезімі, ой-өрісі де қатар қалыспай даму үстінде. Соның негізінде білім беруші ұстаздар, білім беру барысында жетілген сананың алдына түрлі жаңа заманауи оқыту әдіс-тәсілдерін ұсынып жаңашыл білім беруді жалғастыруда.
Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп, білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш-қуаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. Ұстаздың өркениеттілігіне, зиялылығына, парасаттылығына, дарынды-лығына байланысты көп мәселелер бар. «Бала жүрегі мың ішекті аспап, күйлеу оңай іс емес, сондықтан да ұстаздыққа жетік үйрену керек.Тәжірибесіз, жаттығусыз, талдаусыз, рухани дамусыз жақсы ұстаз болу қиын.Адам қасиетін іздеп табу және жетілдіру – ұстаздың ауыр жүгі.Сондықтан, мұғалімді дайындау жаңа талап тілектерге сай болуы міндетті. Мұғалімге жан жақты білім беріп, мемлекет қамқорлықты нақтылап, тұрмыс жағдайына көмектесіп, еңбек ақысын дұрыс төлеп, қоғамға бірден бір керекті адамдар екендігіне көңіл бөлінуі керек. Жағдайы болмаған мұғалім жадырап жұмыс істей алмайды. Мұғалімге қандай қоғамдық қиыншылық болса да, сенім білдіріп, көмек көрсету үкіметтің де, жергілікті басшылардың да , барлық халықтың да парызы.Мұны істемесек, келешек қоғамның азаматтары адамдық қасиеттен айырылып қалуы таңдаңарлық жәйт емес. Олай болса, айтулы (жәй ғана қатардағы ұстаз-заман талабын қанағаттандыра алмай қалғаны түсінікті ғой) педагог кадірлерді;профессор-оқытушы,андрагог,менеджер-педагог,ғалым –ұстаз дарды таңдап тауып,оқытып жетілдіріп,дайындап ұсынудың ғылыми негізін айқындаушы ұстаздық ілімін жетілдірмей,бұл істе өз бағыт-бағдарымызды айқындамай елбасының «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.»-деген айқын мақсатын жүзеге асыра алмаймыз. Маман педагог кадірлерді дайындайтын өзіміздің озық жүйемізді құру ісінде демеу боларлық бірнеше пікір ұсынамын:
1.Келешектің айтулы ұстазын таңдап табу,оның маман ұстаз болуына жол ашатын орда-
оқушының өзі оқыған мектебі.Бұл әлем жұртында орныққан аксиома.Бұл аксиоманы Қазақстанның орта білім беру аумағында қалай жүзеге асыруға болатынын айтып көрелік.
Қазақстандағы жалпы орта білім беру жүйесіне енетін мектептердің 70-75%-ы ауылдық жерлерде орналасқан. Соның басым көпшілігі шағын жинақталған мектептер құрамына енеді. Ежелден осы білім мекемелеріндегі білім негізі қаланатын бастауыш білім саласына мамандарды педагогикалық колледждер даярлап келеді. Оған соңғы кездері «Балапан» бағдарламасы аясында барлық ауылдық, селолық, кенттік жерлерде ашылып жатқан шағын орталықтарға мектепке дейінгі тәрбиеші мамандарын даярлау үлесінің артқанын қосыңыз. Осы мектептерді мұғаліммен қанымдау ісі қашаннан актуальді болған кәзіргі кезеңде талантты,дарынды,жетік мамандармен қанымдау тіптен күрделеніп кетті. «Ауылға дипломмен», «Ауылды көркейту елді көркейту» қатарлы іс-шаралар жүзеге асырылды. Олар да белгілі дәреже де нәтиже берді.Алайда,аталмыш мәселені түбегейлі шешпеді.Осы ауылда орналасқан орта білім беретін мектептердің педагогикалық коллеж,педагогикалық ЖОО-ына түспек талапкерлерлерге грантты оқу орындары емес,сол ауылдық мектептер беру қажет.Талапкерлердің білім деңгейі мен ұстаздық өнерге бейімділігін сол мектеп ұжымындай жақсы білетін,толық анықтайтын еш тест, сынақ әлемде жоқ.Келешекте осы ауылға мұғалім болатын ұстаздың озат ұстаз болуын тілемейтін сол ауылда бір жан жоқ. Озат ұстаз,дарынды,талантты оқушыдан шығады.Бұл талапты қанымдайтын оқушы сол ауылдан табылмауы да мүмкін немесе грант санынан артық үміткер болуы да мүмкін.Оны сол аумақтық білім депертаменті реттейді.Өз маманын дайындауға олардың жауап-кершілігін осы әрекет арқылы да арттыруға болады.Шет елде осы бағңыттағы тәжірибе өте мол.Жастар бәсекеге түсіп,ұстаздық мамандығын таңдайтын ел де бар.Біздегі төлем арқылы (кредиттік) ұстаздық мамандығын оқитындарға ешбір шек қоймау керек.Бір ұстаздық маман лауазымына педагогикалық мектептерді бітірген жетік 2-3 мамандар кезекте тұрып,шеберлігі арқылы сыналып қызмет атқаратын оқу орындары бар. Сондықтан,оларда ғалым болу оңай,ұстаз болу қиын деген қағида қалыптасқан.
2.Білім ғылымның қоғамдағы,әлеуметтегі,экономикадағы,өндірістегі,тұрмыстағы,өмірдегі мән мазмұны осы заманда толық айқындалып,қоғамның жетекші күші,дамудың негізгі тірегі,пайда табудың басты көзі екені әбден анықталған.Тіпті, «Білімің болса ақша табу оңай,білікті болсаң пайда табу оңай» -деген ұстаным орныққан.Ал,мұғалім үшін білімнің
бірнеше саласы қатарынан қажет болатыны тіптен ауыр жүк.Мәселен электроник инженерге нанотехнология мен электрониканың сан-саласын жетік біліп,қолданбалы технологияның қыр-сырын түсіне алса талайға қол жеткізіп,арықарай өзін-өзі жетілдіре алады.Ал,мұғалім үшін,пәндік ғылымды игеріп,адамтану мен педагогикканы,методиканы жетік меңгерсе дағы адамның жансарайына үңіліліп,жан сырын аша алатын,баршаға жан жылуын жеткізе алатын қабылет қарым керек.Мұғалім мұның бәрін оқып қана игере қоймайды.Ал,өмір ше? Мұғалімнен осының бәрін игермесең мектеп табалдырығынан аттама дейді.Себебі,сыныпта,бәрін білетін,көзімді зердемді ашатын,көкірегімді кеңейтетін, жанымды танитын періштем келе жатыр деп сәби отыр.Ал,біздің бүгінгі жағдайымызда,
ғылымнан азды –көпті оқып-біліп тоқығаны бар болғанымен ұздаздық шеберлікті игермеген,жан-жағына жаутаңдай қарап, оқушы шәкірттерінен не болмаса әріптестерінен имене басып,жас мұғалім « Мектеп кемесіне» аттап кіреді.Ал,оны оқытып дайындаған, мектебі:« ұстаздық шеберлікті өмірде өзі игереді.» «Көш жүре түзеледі»-бәрімізде солай мұғалім болғамыз»-деп,қол бұлғап алыстай береді.Жас ұстаз бір кемеден екінші кемеге осылай ауысады.Өзінде ұстаздық алғыр қабылет болған соң оның үстіне жас ұстазды жетілдіріп баулып әкететін ұстаздық ұйыған ортаға кезіккен соң ұстаздық шеберлікті игеруі игереді ғой.Алайда,,оның өзіне 3-5 жыл керек.Осы кезде кеше ғана періштедей күткен шәкірт алдында талай ағаттық жіберіп,нелер тосқауылға кезігіпп,көптегенген қиыншылық-тарды басынан кешіреді.Ал,алғашқы шәкірттерінің оқу білім игеруіне,тәлім тәрбие көріуіне белгілі мөлшерде зиянын тигізеді.Ары алдында,ол өзін-өзі қинап,қиянат жасадым деп сөгеді.Осыдын болып,кейбірі мектепті тастап кетеді.Осының бәріне кім кінәлі?Оны қалай жойюымыз керек?Мұның бәріне Ұстаздық ілімі баяғыда жауап берген еді.Оны тыңдайтын жан жоқ қой.
3. Жетік маман,білікті ұстаз дайындап жетілдірудің негізі оқу білім беру жүйемізге байланысты.Білім беру деген не?Аға ұрпақтың өмірінде жинақтаған білімдерін жаңа ұрпаққа жалғастыру.Бұл үрдіс хат шот танымағандарға қалай беріліп еді.Осы тұрғыда тарихи тәжірибе бар ма? Бар. Оларға,жазу сызуды үйретіп,сауатын ашып,оқып үйренетін мүмкіндік туғызған,тәжірибеміз барма еді?Бар.Тіпті оларға жазу сызу үйретте алмасақ та,олардың көкірек көзін аша алған тәжірибеміз бар ма?Бар. Айталық,күні ертең ақ,латын әліпбиіне көшеміз,соны жас ұрпаққа игертетін әдіс –амалымыз,теориялық және прақти-калық айла тәсіліміз дайынба? Осыларды жүзеге асыратын маманды бүгінгі заман қазақстандық мұғалімі дейміз емес пе? Бүгінгі қазақстандық мұғалім болу үшін сауатымыз жан жақты толық ашылған болу керек.Өткен шақта,жетілген ұстаз дайындауға толық дәрменіміздің жетпеуі осы жан-жақты сауат ашу іс-әрекеті мардымсыз болды.Құзырлы сауаттылық деген не? Ғылым негізін игеруге,мамандық иеленуге негіз боларлық жас ұрпақтың шыққан тегі,сенім-нанымына,әл ауқатына,дарын-талантына тәуелсіз бүгінгі шақта міндетті түрде оқып үйренуге тиісті жалпыға ортақ білім жиынтығы, сауаттылық үлгісі.Бүл үлгі ЮНЕСКО-ның білім беру философисынан бастап,әр елдің білім заңдары мен білім беру саясатында әр қырынан терең талданып нақты көрсетілген.Оны ықшамдап, былай тұжырымдауға болады:-оқып-жазу сауаттылығы;-қарым-қатынас сауаттылығы;
-ойлап –пайымдау сауаттылығы;-есептеу-қаржылық сауаттылығы;-техникалық тұтыну сауаттылығы.Бұл сауаттылықтар тұлға ретінде даму барысында жеке адамда мәдениет дәрежесіне көтерілсе,натылы өмірде кемел кісі болып қалыптасады.Егер келешекте ұстаз болып,педагог мамандығын игеруге ыңғайлы,бейімді жас үшін қарым-қатынас сауаттылығының бір саласы болушы адамтану сауаттылығынан хабардар болуға тиісті.
Өткен шақта осы сауаттылықтарды толық игермеген, «орта сауаттыларды» мұғалімдік мамандықтқа дайындап келдік.Оардың ортасынан жоғарыда көрсетілгендей дарынды, талантты,үлгілі ұстаздардың туып шыққаны рас.Олар аталмыш сауаттылықты игеріп, ұстаздық мамандыққты оқығандар еді.Алайда,кәзіргі таңда жұмыстап жүрген барлық ұстаз бүгінгі заман талабын толық қанағаттырады десек жалғандық болар еді.Ендігі жерде аталмыш сауаттылықтарды игергендер ғана педогог мамандығын алуға болады. Педагог кадр армиясын дайындау әрекеті осы бағытпен құрылуы жөн.Бұл мақсатқа жету үшін ең әуелі ұстаздық ілімін жетілдіруге тиіспіз.

Білім берудің негіздері
Қобдабай Қабдыразақұлы, Білім саласын дамытуға негіз боларлық іргелі ғылым қажет

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: Теміртау қаласы №8 мектеп шет тілі мұғалімі
Лауазымы: Зейнеткер-мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 08.12.2018

Білім саласын дамытуға негіз боларлық іргелі ғылым қажет

Оқу білім жүйесін үнемі жаңалап отыру өркениет талабы. Сондай-ақ,тəрбие процесін(кең мағынасында) ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан ұстазға,тәрбиелеушіге (педагог,тәрбиеші, жетекші)мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп бағуда. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту, тəрбиелеу жəне оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді. Осыдан мектеп педагогтары мəңгі проблемалар құрсауында келеді.Адамзат тарихына көз тіксеңіз,қоғам дамысынан,ұрпақты оқытып тәрбиелеу ісі барлық жерде,барлық жағдайда қалыс қалып келген.Ол,қайшылық пен кемшіліктен тек қоғам болып,жұрт болып жұмыла кірісіп,ақылман ойшылдар мен дана ғұламалардың білімпазардың қалдырған өсиеті,аға ұрпақтың жинақтаған тәжірибесі,салып кеткен сара жолы жаңа идеямен ақыл-ойдың,даналық пікірдің қабысуы арқасында оны жеңген.кемшілікті жойған,кедергіні асып түскен. дағдарыстан құтқарылып отырған.Ал,жаңаны игеру,тағы да уақыт пен аумақты талап етіп,оқытып білім беру,тәрбиелеп жетілдіру жүйесін қайта жаңалау арқылы жүзеге асқан. Білім саласындағы іркіліс, кешеуілдеуі адамдардың даму дағдарысына алып келеді, яғни ғылыми- техникалық прогрестің баяулауына соқтырады. Сондықтан да оқу білім ғылымының тірегі болған-педагогика қалаған дерек көздерінен жаңа білімдерді теріп, жинақтап,қорытып,зерделеп заман талабына жауап беруі тиісті.Ал,кәзіргі қазақ педагогика ғылымы-бұған жауап беруге қауқарсыз.
Педагогиканың дамуына себепші көздер — адамдардың өмір салтында, дәстүрлерінде, халықтық тәлім-тәрбиөде бекіген көп ғасырлық тәрбие тәжірибесі, іс-қызметтері; философиялық, қоғамтану, педагогикалық және психологиялық еңбектер; әлемде және елімізде жүріп жатқан тәрбие тәжірибесі; арнайы ұйымдастырылған педагогикалық зерттеулер деректері; жаңа идеялар, жаңарған бағдар-бағыттар, жылдам өзгерістерге келіп тұрған бүгінгі дүниедегі тәрбие мен білім берудің тиімді соңғы технологиялары.
Жалпы өткен ғасырда педагогикалық-психологиялық ой-сананың дамуында әлемде,іргелі зерттеулер мен зерделеудің нәтижесінде таңғаларлық тамаша тұжырымдар мен теориялық педагогикалық пайымдаулар өмірге келгені белгілі.Ал,осы ғасыр психологияны төрге шығарып барады. Сол дәуірде,аталған мерзімде Қазақ елінде, саяси-демократиялық елеулі қозғалыстар, тәуелсідікке талпынған жаңарулар мен дамудың тай-таласы,белсенді бетбұрыстар саяси сахнаға шығып,экономикалық революциялар жүзеге асырылып жатты.Жаңа ғасыр басында оқу- білім,
ғылым саласына үлкен бетбұрыс жасалды.Алайда,Қазақстан Республикасында,тұрақтанған өзіндік бет-бейнесін, құрам бөлігін,жүйе құрылымын тапқан оқу білім саласы толық айқындалалып, жұмыстай алмай келеді.. Ал,Әлемдегі барлық елдерде дерлік жаңа оқу-білім жүйесі қалыптасып, жаңарған,реттелген дамыған деңгеймен жұмыстап жатыр.(Біздің деңгейімізге жетпегендер де бар.) Тіпті кейбір мемлекетте,баршаға үлгі боларлық түр сипат,құрам бөлік,жүйе қалыптасқан. Олардың жеткен жетістіктерін саралап,зерттеп,өзіндік жүйесіне өзгертулер мен толықтырулар еңгізіп жатқандар да баршылық. Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдас-тырудың нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Оқытып білім беру,тәрбиелеу ісі- қоғамның тарихи әлеуметтік — экономикалық жағдайларынан туатын объективтік процесс. Қазіргі заманауи кезеңдегі білім беру сапасы елдің даму деңгейін анықтайды, сондай-ақ еліміздің болашағы – жас ұрпаққа сапалы инновациялық-кәсіпкерлік білім берудің әлеуеті мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық сала болып табылады Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуы көптеген педагогтардың педагогикалық және әдістемелік-технологиялық, психологиялық және шығармашылық біліктілігінің жеткілікті деңгейінің болмауынан өте күрделі мәселелер туындауда. Дәлірек айтқанда,бүгінгі Қазақстан Республикасының білім саласы өзінің жан-жақты іс-қызметін, міндетін атқаруда басшылыққа алып жүргізетін, сүйенетін ғылымы жоқ қалған . Айталық, әлемдегі білім саласындағы жаңартулар мен өзгертулер сол елдің Білім философиясына ,Оқу-білім ғылымына және Мектептану ғылымдарына негізделіп,табысқа жеткен шет елдердің білім беру модель-жүйесімен шендестіріп көріп,өзіндік тұрпатын тауып алуда.Білім беру мемлекеттіңк саясаттың құқықтық негізі болушы «Білім туралы» Заңның (education law;закон об образовании; /аудармасының өзі-томпақ/) өзін басқалардан көшіріп алып, ЮНЕСКО т.б. білімдік кеңесші халықаралық ұйымдар пікіріне үйлестірдік. Осы негізде білім мазмұнына елеулі өзгерістер жасалып, он екі жылдық білімге көшудің дайындығын жасап,көшіп те жатырмыз.Оқытып үйретудің жаңа әдіс-тәсілдері іздестіріліп,жаңа техника мен технологиялар ауқымды түрде игерілуде.Білім жүйесіне алпысқа таяу құрылымдық және әдістемелік сондай-ақ техникалық және технологиялық жаңартулар енгізілген. Білім беру—аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны рефор-малаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты жүріліп,Ұлттық білім философиясына (Pilosofy of education),Оқу білім ғылымына(Introduction to Education studies), Мектептану(Skalolazanie) зерттеулері мен тұжырымдарына сүйеніп жасалуы тиіс болатын. Өкінішке орай бұл ғылымдар біздің елімізде дамымай қалғандықтан,оқу-білім жүйесі жаңарып, халықаралық сараптаулар мен қорытындылау орталықтарының қорытындысында жоғары көрсет-кіштерге жеткен, басты орындағы елдер жүйесіне жүгінуге тура келген.Мысалы Қазақстан Республикасында білім беру саясатының құқықтық негізі болушы- «Білім туралы» Заң (Education Law-Закон об образовании) Ұлттық философиялық педагогика мен мектептану қазанынан қайнап шыққан тұжырымдар мен заңдылықтар негізінде емес шет елдік заңдар негізінде жасалынған. Мұның бәрі білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен жаңартуларға үлкен қиындық туғызып келеді. Анығырақ айтқанда бұл саланың менежменті қалыптаспай, мектептерді қаржы-ландыру, оқытушылардың еңбегін бағалау,есептеу жалақы төлеу амал-айласы тым әлсіз, жобалық қалыпты ұстануда.Кез келген диалектикалық даму үрдісі секілді нарықтық экономика жағдайына байланысты білім беру жүйесін реформалау ісі де қарама-қайшылықтарсыз емес. Мұның өзі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шығармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді .Екінші жағынан бұл саланың бүгінгі жағдайындағы мектептердің ахуалы, индустриясы, құрылымы,ара байланысы,қатынас-комуникациясы реттеліп,дұрыс жолға қойылмағандықтан дамыту туралы талпынысқа үлкен қолбайлау болып отыр. Мәселен,шағын жинақты мектептер жалпы орта білім беру ұйымдарының санының 44 %-ын құрайды. ШЖМ-ның материалдық-техникалық жарақтандырылу деңгейі төмен. Жаңа модификациядағы оқу кабинеттері жоқ мектептер: 33,7 % мектепте физика, 39 % мектепте химия, 39,3 % мектепте биология, 29,3 % мектепте математика және 49 % мектепте лингафон кабинеттері жоқ. Бұрыннан жұмыстап келе жатқан мектептердің кабинеттерінде зертханалық, сарамандық тәжірибелер көрсету, жүргізу мүмкіндігі жоқ, реактив, лабороториялық заттар мен өлшеу құралдары тым ескірген, жарамсыз болған.Жалпы мектеп индустриясы құрылмаған. Мектеп инфрақұрылымын дамыту бар қажеттіліктерді толық көлемде қанағаттандырмайды. Пайдалану мерзімі өткен (1950-1970 жылдары салынған), тозығы жеткен мектеп ғимараттары авариялық мектептер қатарында . Бүгінгі таңда мұндай мектептер саны 69 бірлікті құрайды. Авариялық мектептерде 17,3 мың бала, 86 үш ауысымды мектепте 11,2 мың бала оқиды; елді мекендерде мектептердің болмауынан 3825 оқушының тұрғылықты жері бойынша оқуға мүмкіндігі жоқ.Бұл кемістіктерді білім мазмұнын ,техшологияны жаңартумен жоя алмаймыз.Мұның бәрі жаңа ғасыр білімінің жүзеге асырылуына айтарлықтай кедергі келтіреді.Егер мәселені ғылыми негізді саясатпен,нақтылы іске асыру бағдарламасы арқылы тиянақты түрде,жүргізетін болсақ әлі де талай асуларды аса алатын боламыз.Ол үшін Қазақстанда Педагогика ғылымдарының даму бағдарын,бүгінгі қоғам талабына сай түбірімен өзгерту қажет.Білім және Ғылым министрі жанында ғасырға таяу тарихы бар,жоғарыда аталған,іргелі ғылымдарды дамытуға ,кешенді зерттеулер жүргізуге мүмкіндігін дұрыс пайдаланып,оңды ұйымдастырса шама-шарқы,әлеуеті жететін ғылыми орда бар.Кәзіргі кезде ол орда,педагог кадрлар мен ұстаз мұғалімдер,тәрбиеші-оқытушылар дайындайтын арнаулы орта және ЖОО-ында атқарылуға тиіс ғылыми жұмыстар мен айналысып,іргелі ғылыми зерттеулері байқалмай отыр.

Педагогика
Айнұр Серікқызы, Әулет педагогикасының қағидалары

Мақала авторы: Айнұр Серікқызы
Жұмыс орны:
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 22.01.2018

Әулет педагогикасының қағидалары

Әулет пелагогикасының қағидалары
( Алғашқы әңгіме)
Тәрбие әдісі бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылатын мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол. Тәсілдер-тәрбиелеу санасына,еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары. Тәрбие тәсілі-жалпы әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер-бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жетуі үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жол деуге болады, Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол үлкен даңғыл жолға-әдіске айналады.Бұл бүгүнгі педагогикаға сүйенген тұжырым.М.Жұмабаев былай дейді. «Әрбір ұлттың бала тарбия қылу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар.Ұлт тарбиясы баяғыдан бері сыналып,көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандық-тан,әрбір тарбияшы,сөз жоқ,ұлт тарбиясымен таныс болуға тиісті.Және әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, ұстаз баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» Осы кезге дейін Қазақстанда ,ұлттық тәрбиеге қатысты, әжептәуір зерттеу жұмыстары жүріліп,қомақты білім қоры жиналған.Көпшілігі арнаулы педагогикалық орта және жоғарғы мектептерде берілетін этнопедагогикалық білім, пәндік курстар төңірегінде болып келеді. Ал,қалғандарының ішінде,қазақтың белгілі дәуірінде, кезеңінде өмір сүрген ойшылдар мен ақын-жырау, ағартушылардың ой-пікірлері сараланадыЖалпы білім беретін мектептерде 3-4 бағытпен жасалған,ұлттық тәрбиелік- арнаулы бағдарламар мен тереңдетілген сабақтар,факултетивтер оқытылады.(Ұлттық тәрбие ілімін оқыту,білім беру ісі анағұрлым жүйеленген,жолға қойылған.Бұлай деу,бәрі де болды,жетер енді деген тоқмейілсіну бола қоймас)Бүгінгі жастардың тәрбиеленген денгейі, олардың игерген ұлттық әдеп,мінез-құлық,дағды–әдетінің шама-шарқы тіптен төмен жатыр.Мәселен, «иманды ұл,ибалы қыз» тәрбиелеген қазақ жолы дінге қатысты делініп, ескерусіз қалған.Ұлттық тәрбиенің ауданды тәрбие құралы «олар ескі наным-сенімге байланысты туындаған» деген айдар тағылып қолданыстан шығып қалған.
Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы бір сырлы»қазақ азаматын дайындау; адамгершілігі, кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске-шебер,шаңырақ иесін, отағасын, кәсіпшіл-көпшіл ұлттық тұлғаны қалыптастыру екені белгілі.Осы мақсатқа жету үшін,қандай қағидаларды басшылыққа алып,іс-әрекетінде нендей ережелерді ұстанған? Ұлттық тәрбиеде ұстанған қағида жоқ,ол, кездейсоқ іс-қимыл арқылы,болжаусыз түрде, бейберекет жүрілген өмір құбылыстарының реттеусіз әрекеті деп айтушылар бар болғанымен, «міне,мынандай қағидалар болған»деп, ғылыми тұжырым жасап,уәж айтушы да жоққа тән. Сондықтан, бүгінгі ата-аналар,ұстаз-тәрбиешілер ұлттық тәрбие тәжірибе-сіне бет бұрғанымен «дәл осылай»деп,басшылық ететін,есінен шығармай үнемі санасатын қағида қалмаған тәрізді. Олар,амалсыздан «нәтижесін Аллаһ біледі», «кезі келгенде көрерміз», «уақыт көрсетеді», «тисе терекке, тимесе бұтаққа»деп, «әйтеуір зияны жоқ шығар» деп нені ойға алса,соны жүзеге асыратын болған.
Ұлттық тәрбие нәтижесіне негіз болып,оның нәтижелі болуына тура ықпал жасайтын, ауыздан-ауызға тарап, жазылмаған заңдай қалыптасқан,тәлім-тәрбие игерту,қазақ үрдісіне сіңіскен,қалыптар мен ережелер жиынтығын,біз,тәрбиенің қазақи қағидалары деп атадық. Ондай ұғымдарды жалпы және ерекше қағидалар деп екіге топтастыруға болады.
Бірінші.Тәрбие-екі жақты әрекет.Ұрпақты өсіріп,оны айтулы азамат болдырып тәрбиелеу ата-ананың, тәрбиелеуші-ұстаздардың абзал борышы, өмірдің бұлтартпас заңдылығы екенін түсіну.Ұрпақ алдындағы борышын абыроймен атқару саналылығы. Ұрпақ тәрбиелеу: ел алдындағы,Аллаһ алдындағы өлшеусіз қарыз, мойындалған парыз.Атам қазақ ұлым өсіп ер жетсе,есігім жабылмайды,әулетім жалғасады.Қызым бой жетсе ,өрісім кеңейеді, достығым, тірегім нығаяды» дейді. Ал,А.Байтұрсынов:«Балам дейтін жұрт болмаса,жұртым дейтін бала да шықпайды». «Өсетін ел ұрпағын ойлайды.», «Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,жақсы –жаман болса да,бала-солардан»,«Ата–ана ақылы сайрап жатқан жолмен тең.»Ал,ұлы педагогтар былай дейді. «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілет бар».К.Ушинский «Сіз ұлыңызды немесе қызыңызды тек қана өзіңіздің ата-аналық қуанышыңыз үшін ғана дүниеге әкеліп, тәрбиелеп жатқан жоқсыз. Сіздің отбасыңызда және сіздің басшылығыңызда болашақ азамат, болашақ қайраткер және болашақ күрескер өсіп келеді.»А. Макаренко «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»
Қазақ халқы ұлық педагогтардың өсиет-өнегесін естіп білген-білмегенін айта алмаймын.Алайда,ұрпақ алдындағы тәрбиелеу борышын абыроймен атқарып келгенін
дәлелдей аламын.Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ, отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы
қарттарда ақылман абыздық болған. Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары,жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты,дөрекілерді жүндей түтіп, жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған. Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді. «Әке-асқар тау, ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында, әкенің отырар орыны, жатар жайы, ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ. «Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас», «Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ, Айтайын шын жүрекпен.Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!»Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес!Ол -олма,әкелер, ұрпағының келешекте жан бағып, тіршілік жасар кәсібін, талғажау ететін «нан-бауырсағын» бала жанқалтасына салып беретін.Иә,біздің аталар-ымыз, «үй-іші әкеге,әлеумет рубасына бағынған,тапқа жікке бөлінбеген қазақ орта-сында туып өсті.» «Әкеге бағыну-Аллаһқа бағыну»- деген екен Пайғампарымыз(с.ғ.с.). Ал,біздер анамыздың:«Әкең келе жатыр!»-деген бір ауыз сөзін естігенде,әке алдында мінез-құлық,іс-әрекетімізден, емтихан тапсыратын шәкірттей дайындалатынбыз. Әкеміз бізге-пайғампар еді. Ата-анаға сәбилері періштелер еді. Айналамыздағы туыстар біз үшін сақабалар болатын. Баршаға жар салып, М.Жұмабаев: «Күн шығыста ақ алтын бір сызық бар:Мен келемін,мен пайғампар-Күн ұлы.»-деді емес пе? Күні бүгін қазақтар өзінен үлкендерді;«Пайғампар-пейілді,пайғампар-ниетті,пайғампар-көңілді,пайғампар жастағы» -деп сыйлап, құрметтеп, сөз тәмсілі етеді. Хазреті Хасан Басри қағбаны тәу етіп жүріп,жүк арқалаған бір жас жігітті көріпті.-Не үшін жүгіңмен бірге тәу етіп жүрсің?-деп сұрапты. Арқалап жүргенім жүк емес, әкем.Қасиетті қағбаға әкемді жетінші рет арқалап әкелдім.Өйткені ол менің бойыма имандылық нұрын септі. Мені исламның көркем мінезімен тәрбиеледі.-деп жауап беріпті.Сонда хазрет:-Әкеңді осылай қияметке дейін арқалап жүрсең де,бір рет ренжітсең,бұл жақсылықтарыңның барлығы босқа кетеді. Егер әкеңді бір рет қуантсаң,осыншама қызметтің сауабына жолығасың,-деген екен
Қасиетті де,киелі,ардақты да,айбарлы-Қазақ Ана-отбасының берекесі,бірлік пен ынтымақтың ұйтқысы болумен қатар қоғамда үйлесімділік пен қарым-қатынас жарасымды-лығының негігі тірегі болған. Сондықтан, Ана- ұлттың ұлт болып қалып-тасуына, сақталуына,дамуына тура ықпал етуші –қоғам мүшесі.Ол-ата салттың,отбасы тәрбие дәстүрінің сақтаушысы,таратушысы,жаршысы,әулет мектебінің тең дәрежелі-бас ұстазы.Қазақ халқының күллі өнері мен мәдениетінің-падишасы, төл иесі.Қазақтың күрсескерлік, жауынгерлік,ерлік дәстүрлерінің нағыз майталманы,бірегей пайғампары. Ана үйдің шырағы,әке үйдің пырағы. «Ана -сая болар бағың болса,әке-асқар тауың» дейді қазақтар. Отбасының алтын қазығы-Ана.Ана тәрбиесі қызға,әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана-ақылшың,әке-қамқоршың,аға-қорғаушың,інің-сүйенішің,қарындасың-қанатың.Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем,Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде.Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ.Ата-ананың борышын орындауда қазаққа тигізген мұсылман өркениетінің ықпалы орасан зор болған.Адам бойындағы асыл қасиеттердің барлығы ананың ақ сүтінен жаралып,күннің нұр шапағынан нәр алып,бүр жаратынын атам қазақ ерте заманнан-ақ білген ғой.Алаш баласының ананы айрықша ардақтап,есімін асқақ ұстайтыны да содан болу керек. Шынында да ел бастаған көсем де,топты жарған шешен де,аузын айға білеген ақын, семсерін көкке суарған батыр да,ой кенін қазған ғалым да,әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған. Туған халқының атақ данқын дәуірлетіп,дүйім дүниеге танытатын аналар емес пе? Иә,олар қазақтың алтын құрсақты,абзал жанды аналары!Атам қазақ осындай аналарды арман етті және сенімді түрде өмірге дайындады.Олардың арман мұраты тамаша табыспен орындалып отырған.Сол бір еңбек пен тәрбие негізінде олар өмірге келді және олардың есімі, өнегесі,ғибратты ғұмыры тарихта қалды.Тіпті Аллаһ тағаланың өзі әз-ананы ерекше жаратты. Аллаһ ананы барлық жақсылық атаулыны жұдырықтай жүрегіне сыйдырып,жан дүниесі тек мейірімнен суарылған,жан-жағына күннің көзі сияқты нұр-шуақ сеуіп тұратын,көп қырлы жахут гауһардай етіп жаратты. Сулудың сулуы,әсемнің әсемі, асылдың асылы –Ана ғана. Онымен теңдесер жаратылыс жоқ!Ананың алдындағы перзенттік парыздың өтелмейтіні рас.Бірақ өтеу үшін жаныңды да аяма! «Жұмақтың кілті анаңның табанының астында жатыр» деген ұлағатты сөз бар, қазақта.Ананы, барыңды салып бас иіп, алақаныңа салып аяласаң, айтқанын орындап, құрметтеп құлдық ұрсаң, кілтке қолын жетіп қалуы мүмкін.Үмітіңді үзбе, тырысып бақ!Пайғампарымыз (с.ғ.с.)дың өсиетін әсте есіңнен шығарма.Аллаһ Елшісі (с.ғ.с.): «бала дүниенің хош иісі»-деген.Қазақ халқының тұрмыс тіршілігіне мусылмандық әдептің орнығуы, біздің дәстүрлі әдептеріміз нығаюына,оны өмірде басшылық етіп ділімізге сіңіруде үлкен әсерін тигізді. Мәселен, Құранда: «Біз адам баласына ата-анаға жақсылық қылудын ұсқадық», (Ганкабут.с.8)десе, «МенНәбиден(с.ғ.с.): АллаһТағаланың ең жақсы көретін амалы қандай?-деп сұрадым, Ол(с.ғ.с.): «Уақытылы оқылатын намаз», -деді.-Одан кейін ше?—Ата –анаға жақсылық істеу.-Ал,Одан кейін ше?—Аллаһ Тағала жолында арпалысу.» (Абдуллаһ ибн Масьуд)-деп айтты.Ата -анаға жақсылық істеу исламда өте жоғары дәрежеде маңызға ие. Пайғампарымыз(с.ғ.с.): «Аллаһ Тағаланың разылығы ата-ананың разылығында,ал ашуы ата-ананың ашуында» (Абдуллаһ ибнОмар),-деп көрсеткен. «Пайғам-пардан(с.ғ.с.): Я,Расулуллаһ, жақсылықты алдымен кімге істейміз?-деп сұрағанда. Ол(с.ғ.с.)-«Анаңа!»-деді.Онан кейін ше?-Анаңа!-Ал, онан кейін ше?-Анаңа! Ал,Онан кейін ше? –Әкеңе!(Әбу Һурайра)-деп, анаңа деген сөзді үш рет,ерекше мән беріп қайталаған.Ата-анаға жұмсақ сөйлеу,ата-ананың өсіріп жеткізген қарызын қайтару туралы әдептер хадистерде тым ашық көрсетілген. Егер ата-ананы қадірлемесе тартатын азап, көретін жамандықтарын да, әдепсіздіктің алдын алу және жою жолдарын да нұсқап берген. Мысалы ата-анаға жақсылық істегеннің ғұмыр жасын ұзақ етсе,ата-анасын кәдірлемесе,оның көз жасын төксе,дөң айбат сөз айтса,ата-анаға қарсы келсе, қарттарға қарамай қойса тым ауыр күнәға жазылып, тозаққа кіретіндігі нақты дәлелдермен ұқтырылады. Айталық,«Нәби(с.ғ.с.)үш қайтара; «Қорболсын! Қорболсын! Қорболсын! -деген. Маңайындағылар;«Я,Расулуллаһ (с.ғ.с.), кім?-деп сұрағанда, Ол (с.ғ.с.) «Ата анасы немесе ата-анасының бірі қартайған шағында (оларға қарамаудан) тозаққа кірген адам» Ұрпақ ата-анаға борышты екенін түсініп,ағайын туыс,ата-баба намысына, абырой-атағына кір келтірмей мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет,үлкен бақыт.Жақсы бала ата-ананың аңсаған қуанышыШығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса да, баланың тәрбиесі одан да қымбат»деген нақыл сөз бар. Бала ата-анасын қуантарлық іс-істеген кезде олардың төбесі көкке жеткендей болады.Ата-ана баласына кішкентай кезінен бар жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды.Міне,бірінші кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын тәрбиені үнсіз мәжбүрлі игеруші жасық,әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес.Ол өсіп жетіліп келе жатқан,ұшқыр ойлы,терең сезімді, ынталы, дамуға құмар,көруге қырағы, естуге алғыр,жалын атқан жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс.Ондай қарым-қабылыт барлық балада бар. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес.Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады».( М.Ғабдуллин) Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына қонған бақыт.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса,одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты, қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ,Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты ,Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп, Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін себебі осында.Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жары-майды.Сондықтан,тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп, жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс, жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы.Баланың ата-ананы ардақтап,өзінің перзенттік қарызын бір сәт естен шығармауы,тіпті олар келмес сапарға аттанған соң да олардың рухы мен аруағы алдындағы міндетін ұмытпауы-адамгершіліктің белгісі.Бұл- жас болсын, жасамыс болсын баланың өмір бойы өтеумен болатын қарызы, парызы.
Қазақ:-Ей балам!Сен әуелі ата-анаңды құрметтеп,олардың қас-қабағына қара.Оларды шын пейілмен сүйе біл,ренжітпе. Атаң қорғаның,анаң қазығың екенін есіңнен шығарма. «Атаңа не істесең алдыңа сол келеді.»Ата-анаңның абыройы үшін күрес. Олардың атына кір келтірме.Ал,Киікбай шешен:«Ақылым-атам, білімім-бұрыңғы бабам, салтанатым- сабырым,сүзіп сөйлейтін сөзім.Нан табарым–нарым,жанашырым-анам мен жарым,-деген. Тәрбиеде тәрбиеленуші де,тәрбиелеуші де бірдей міндетті,бірдей жауапты болу керек деген қағида осыдан туындаған.Ата-әже,әке-шеше өз міндетін атқара алатын, бала да тәрбиеленуге келетін,оны саналы түрде бойына сіңіре алатын болуы шарт.Көлгір тәрбие дәру болмайды.
Екінші.Тәрбие нәтижесі ортаға байланысты,орта тәрбиелі болсын Балапан ұяда нені көрсе ұшқанда соны алады.Ағаға қарап іні өседі.Алдыңғы арба қайдан жүрсе, соңғы арба соңынан жүреді.Екі қарттың ортасында бір бала дана болады.Екі баланың жанындағы бір қарт бала болады.Қатарына қарап бала өседі.«Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.» – Абай.Қоршаған ортаға, адамдарға, өзiне, өмiрге деген көзқарастарда жеке адамның дүниетанымы, көзқарасы, ұмтылысы, нанымы байқалады. Сондықтан жеке адамның адамгершiлiк сферасын қалыптастыру-тәрбиенiң өзегi.Бiздiң қаншалықты өзiмiздi және өзгенi түсiнетiмiзге байланысты болады. Иә,қазақтар ұл мен қыз тәрбиесіне тым терең бойлап,олардың жас ерекшелігі мен табиғи өзгешеліктерін үнемі жадында ұстап,тәрбиелеу жолын тамаша таңдай білген.Сондықтан адамды өзiн қоршаған әлемiне және қатынасына байланысты анықтайды. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасы оның өзiндiк көзқарасынан, сенiмiнен, дүниетанымынан, басқа адамдар мен қатынасынан,ең бастысы оның әрекетiнен (еңбек, оқу, т.б) көрiнедi.Үлгі-өнеге-өте əсерлі тəрбие əдісі. Бұл əдіс негізінде жатқан заңдылық: көрумен қабылданған санада тез əрі жеңіл бекиді, себебі оны ойланып сөзбен таңбалап не таңбасын ауыстырып жатудың қажеті жоқ. Үлгі- бірінші, ол сөз – екінші сигналдық жүйе деңгейінде əсер етеді. Үлгі еліктеу үшін нақты өрнек беріп, сана, сезім, сенімді белсенді қалыптастырып, іс-əрекетке қозғау салады. «Уағыз жолы ұзақ, үлгі жолы қысқа»-деген байырғы Рим ғұламсы Сенека. Бала өміріндегі тұңғыш жанды өрнек — ата-ана,тəрбиеші, дос-жаран.Үлгінің психологиялық негізі-еліктеушілік. Осыған орай бала əлеуметтік жəне инабаттық тəжірибе жинақтайды. Жас өспірімдер өздері аса ұнатқан адамдарға еліктейді. Сондықтан, баланың адамгершілік дамуына қамқорлық жасауда оның өнегелі ортаға араласуына басты назар аудару қажет. Өмір өнегесі ұдайы оңды болса, тіпті жақсы, бірақ олай бола бермейді, балаға əсер етуші кері өрнек аяқ астында.Жастар назарын өмір, адам келеңсіздіктеріне аударып,болымсыз қылықтар салдарын талдап, олардан қорытынды шығару-міндетті шарт. Мезетімен орынды пайдаланған ұнамды үлгі тəрбиеленушіні жаман қылықтан сақтандыруға жəрдем беретінін де ескерген жөн. Тəрбие тəрбиешінің жеке басы үлгі-өнегесіне, оның қылық-əрекетіне, қамқорлығындағы балаларға қатынасына, дүниетанымына, іскерлігі мен абыройына тəуелді. Ұстаз үлгісінің оңды ықпалы оның сөзі мен ісінің жарасымдылығына, балалардың бəріне бірдей ақ пейілді қатынасына орай арта түседі. Бұл тəрбиешінің беделіне, ол бастаған істің жүйелілігі мен бірізділігіне де байланысты.Сонымен,сана қалыптастыру əдістері тұлғаның ізгілену тəрбиесінде маңызды рөл атқарады. Мұндай əдістер түрі: əдептілік əңгімелері, түсіндіру, ұғындыру, əдептілік сұхбаттары, үгіттеу, сендіру, көрсетпе нұсқау, үлгі тəрбие əдістерінің тиімділігі олардың қалай қолданылуына, ұстаз таңдаған гуманистік бағытқа тəуелді. Бұл айтып отырғанымыз,бүгінгі педагоги-кадағы нұсқаулар.Осыны Фараби бабамыз былай өрнектеген. «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек,ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын кажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, сондықтан да, бір-біріне көмектесіп жаңа өмір жолында жасампаз рухани күштердің біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады». Абай атамыздың «Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады. Біріншісі – ата-анадан, екіншісі-ұстазынан, үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады» деген дана сөзі бар. Сондықтан да, ата-ананың балаға берер тәрбиесінің рөлі жоғары. Ата-аналар балаларына тәрбиелі болуды үнемі уағыздайды,теріс қылығын көріп қалса, ұрысып жекиді,кей жағдайда қол да тигізіп жатады.Іс жүзінде дұрыс үлгі, жақсы өнеге көрсетуге шамасы жетпей қалады.Ата-ана,ағайын-туыс,ата-әже нағыз тәрбиелі азамат («жақсы ұл,жақсы қыз»)қандай болу керектігін іспен,өнегемен көрсетуі тиіс. «Баланы бұзуға,түзеуге себеп болатын бір шарт-жас күнде көрген өнеге.»(Ж. Аймауытов).
Үшінші. «Тәлім мен білім кілті-тіл», «Тәрбие басы-тіл»,«Үлкеннің тілін алған жас,сүрініп қабынбайды.Көрініп тұрғандай тіл мен тәрбие егіз. Ұлт қасиеті тілінде.Тілі өлген ел-тірі өлген ел.Тіл-қай халық үшін өнер, байлық,әдеп, үлгі, өнеге. Ж.Баласағұн(ХІғ.)«Кісіге құт-тілден»-деген А.Йүгінеки(ХІІғ.) «Әдептілік басы-тіл»-деген. Тіл жүйріктен де озар.Сөз адамның айнасы. Өткір сөз-өлмес ерлік,өшпес мұра.Тіл-жаның,діл -арың.Тіл айтуға оңай, естуге қиын.Сөз байлығы -тіл байлығы. Тіл байлығы- ой байлығы Қазақ қоғамы:серт сөзді, семсер тілді, сегіз қырлы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса, «шенді шекпен жаппайтын,төсіне жылтыратып металл тақпайтын». Қазақтың марапаты да- сөз, жазасы да -сөз. Сол себепті,әулет мектебінде негізгі тәрбие құралының міндетін сөз атқарған. Мысалы,ұлықтау,ардақтау , баға-лау,кешірім ету,тағзым ету, көңіл айту, тыйымдық сөздер,ескертпелік сөздер, естірту, жоқтау, т.б. Тіптен, әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де-«Сөз өнері» болған. Бұл жағдай, қазақ деген халықтың сөзді тыңдау, сөзге тоқтау,сөзде тұру, сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысын,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне, өзгеше мінезіне. айналдыра алған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген. Қазақ тілмен азамат,тұлға тәрбиелеген. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі-сойыл.Тәрбиелеу қазақ ілімінің басты қағидасы-ұлттық тілді жете меңгертіп,сол арқылы тәрбиеле!
Төртінші. Балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу – осы заманғы оқыту және тәрбие беру жүйесіндегі негізгі принциптерінің бірі.Ал,қазақ ілімінде: тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологиясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. «Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің», «Бір биеден ала да туады, құла да туады»,«Балаға үміт арту-әкенің парызы, ақтау-баланың қарызы» деп ой түйіндеген Адамтану қазақ ілімінде бала-ның даму ерекшелігі өте дәл, әрі өте қызықты сараланған.Мысалы; нәрестенің кіндігі түскенге дейін;қырқына дейін;тұсауын қиғанға дейін:жетіге дейін;ұл және қыз жасы;бозбала, бойжеткен жасы:күйеу жігіт,қалыңдық (жар болар жасы) кезеңі т.с.сАл,мұның өзін еңбекке араласуына сай:қозы жас,қой жас,жылқышы жас т.б.),нәресте, сәби, балдырған, жас ұлан,жеткіншек деп,баланың ақыл-ой,денесінің дамуына сай жіктеп қарастырады.Міне осы жас кезеңдерінің жеке өзгешеліктерімен санасып тәрбиелеу қағидаларын қалыптастырған. Мысалы,«Алтыға дейін атаң ды(кей өлкеде ауылыңды таны) таны,жетіге дейін жеріңді таны»,«Жетіге дейін жерден таяқ жейсің!», «Балаңа бес жасқа дейін патшаңдай қара,онбеске(он үшке) дейін қосшыңдай сана,онбестен асқан соң досыңдай бағала!» Демек, тәрбие және оқыту жұмыстары осы жас сатыларына сәйкес жүргізілуі қажет. Өйткені адам жасының табиғи негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу шақтары екендігін халық ерте ұққан.Жас ұрпақ тәлім тәрбиесінде,қазақ: «Балаға-Тоқта!-деген сөзді дер кезінде айтпаса, кейін кеш болады» деген қағида ұстанған.Басқаша айтқанда:«Балапан басында, тұрымтай тұсында» демекші, әр нәрсе дер кезінде әсерлі,ықпалды болмақ.Уақыт барлық құбылысқа есепші әрі сарапшы. Балаға берілуге тиісті тәлім-тәрбие,білік-дағды оның жас
шағында іргесі қаланбаса,негізі қалыптаспаса,уақыт өткен соң,қисық ағаштай қыңырлық көрсетуі мүмкін. Сондықтан,мына қағида өмірге келген.«Жастай берілген тәрбие, жас шыбықты игендей.»Баланы уыстан шығарып алып, опық жеудің өзі қайғы.Айталық,бес жас ойын баласының жасы екені рас. Алайда,жеті жасқа келсе де, ойын баласының ортасында, тайраңдап жүрген ұланға: «Қойсайшы-ей,…жарбақтамай, балдырған емессің ғой!»-деу арқылы оларды тия қоятын.Қазақ баласының өсіп даму әр кезеңінде оларға арнап жасалатын жол-жора,рәсім тәмсілдер бар.Айталық «Алтыға дейін атаңды таны» деген болғандықтан қазақ баласы бұл міндетін қайткен күнде атқаруға тиіс.Жетіге дейін жеріңді таны дегендіктен қазақ баласы жерін тану дағдысын игеруі парыз.Ата-анасы сол баланың міндетін атқаруына басшы болуы керек,әрі мүмкіндік жасауы қажет. Өмірлік білім беру,тәрбиелеу дегеніміздің өзі-нағызында осы!Ал,ағайын,балаңыздың осы міндеттері орындалып па еді? Еске түсіріп қойғаныңыз жөн ақ.Бұлай деуімнің екінші ұшы,баланы-адам ретінде құрметтеп қадыр-тұтудың, олармен тіл табысып түсінісудің басты шарты осы ғұрыптарды атқару болып табылады Мысалы, атқа мінгізу, тоқым қағу,сүндетке отырғызу, тырнақалдысын белгілеу, тілашарын атап өту т.б.« Жақсылыққа құр сөз арқылы шақырып, ынтықтыру мүмкін емес. Адамның табиғаты сол — кез -келген нәрседе үлгіні қажет етеді Жасында көргені жоқтың, өскенде айтары да жоқ.»(Ғ.Мұстафин) ( жалғасы бар)

Айнұр Серіқызы
16 қаңтар 2018

Білім берудің негіздері
Айнұр Серікқызы, Әулет педагогикасының қағидалары

Мақала авторы: Айнұр Серікқызы
Жұмыс орны: декреттегі ұстаз
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 22.01.2018

Әулет педагогикасының қағидалары

Әулет педагогикасының қағидалары
(екінші әңгіме)
Қазақ халқы өте балажан халық. «Артымда қарайып ұрпағым қалсын,шаңырағымда шырақ жансын,ошақтың оты сөнбесін» деп ұрпақ жалғастығына зор мән берген,баланың азамат болу жолында күш-қайратын аямаған. «Ұлдың ұяты-әкеге,қыздың ұяты –шешеге» деп ұл-қыздарының өнегелі де,ұятты,тәрбиелі де текті болуына ерекше назар аударып,әрбір ата-ана бұл жауапкершілікті өздерінің міндеті деп санаған.Сондықтан да олар, тәрбиелеудің ұлттық қағидаларын тамаша меңгерген-ді.Ол үшін үнемі ғибрат алған,ізденіп үйренген Осының нәтижесінде әке мен шеше,әже мен ата отбасының жүрегі,бас ұстаздар саналған. Олардың түсінігі негізінде мынандай қағидалар да қалыптасқан.Бұлардың кейбірі бүгінгі педагогикаға сәйкес келмеуі мүмкін.Бірақ қазақ әулет мектебінде,оқыту тәрбиелеу ісінде бұларды ұстанғаны рас,басшылық еткені шын,кәзірде, қолданыста екені анық болғандықтан,арнайы атап көрсетілді.Ұлттық тәрбиенің негізгі мұраты «сегіз қырлы,бір сырлы» қазақ азаматын дайындау; адамгер-шілігі,кісілігі мол,өнер білімді,шаруаға епті,іске шебер шаңырақ иесін,құт береке дарытқан салиқалы отанасын дайындау екені анық. Сондығы болар,құт ұғымы қазақта тәрбиелік қағида ретінде қалыптасқан. Халықтық әдет–ғұрыптарда: а) Құтты үлкеннен бата алу, ата қонысын әулиедей көріп қастерлеу адамның басына қонатын «Бақыт Құсы» немесе Қыдыр деген рәсіммен бекіді; ә)отбасының, мал–жанның өсіп–өнуі,абырой–беделдің жоғарылауы басқа қонған Құтпен байланыстырылды. Содан әулеттің, шаңырақтың берекесін ұстап тұрған қарапайым адамдар (аналар, әйелдер) бүкіл тайпаның, халықтың Құтына айналған тұлғалар болады деген ырым орнықты.Тіпті ата–бабаларға қонған Құт оның ұрпақтарынатарына көшетініне, содан аруақты сыйлау,ата–баба өсиетін қатаң ұстану дәстүрі күш алатынына кәміл сенушілік туды.Құт ұғымына қарама–қарсы түсініктер,ырым–нанымдар-апат, сор, жұт, аштық, жоқшылық, құлдық, қорлық, бейнет жағымды нәрсенің құлдырауын,кері кетуін білдірді.Құтқа деген дәмеден қалың жұрттың басынан бағы тайған кезде, жаңа заманды аңсау сарыны да жан–жақты көрініс тапты, жаманнан жирену, үмітке ұмтылу құлшынысы білінеді.Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. Шындығында бала әке, шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы,ана құрсағында ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, сөзінің үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы. Діни ұғым бойынша жетесіз баланы «бисмил-ласыз» жаралған деп түсіндіреді.Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.Бала әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі,туған-тұрған жерінің қадір- қасиетін,табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі Жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана мен мінез ерекшеліктерінің орны ерекше. Имандылық негізінде кезігетін «Төрт ана» туралы ұғым, соның бір нұсқасы болмақ.Ол,Пайғампарымыз(с.ғ.с)-дың атында айтылатын тәмсіл еді.«Тәңірі Тағала жаратқан табиғатта төрт түрлі нәрсенің-төрт түрлі анасы бар. Бірінші- ауруға қарсы жасалатын ем-домның анасы. Екінші-кішіпейіл адамның ажарын аша түсетін әдемі әдептің анасы. Үшінші-жаныңа жарық беріп, ақылыңды арттыратын құлшылықтың анасы. Төртінші – адамды алаңдатып, кісінің көңілін Құдайдан үнемі бұрып тұратын түпсіз арман-тілектің анасы болады Олар: біріншісі- денеңе жабысса, жүйкеңді жұқартып,көңіліңді су сепкендей басып тұратын аурудың- Анасы.Ол-денеге дарыған кез келген дертті ауыздықтап айла табудың тәсілі -тамақты тартынып жеп, асты өлшемге түсіру. Сонда ғана дымыңды құртып бітетін дертіңе дауа болатын амал табасың.Екіншісі-қоғамдағы қарым-қатынасты түзеп, кісіні көрікті етіп көрсететін әдемі әдептің –Анасы. Адам абыройын арттырып, кісі қадірін келтіретін қасиет-аз сөйлеп, көп тыңдау.Үшіншісі- жан сарайыңды жаңалап,кез келген ортада яғни, тұрмысында Құранды қолданып өлшеулі өміріне дінді демеу қылмайтын пенденің бәрі үнемі ана дүниенің бар қызығынан құр қалғандай, одан басқа жұрттың бәрі шалқып жүргендей көңілі алаңдап,уайымдап жүреді.Бұл желік адамның салиқалы ой ойлап, парасатты пікір түюіне мұрша бермейді Бұл желікті жоюдың жеңіл жолы-жоққа сабыр, барға қанағат етіп, Тәңірге тәуекел етіп, рухани өмір сүру ғана. Оларға іш тартпау, ыңғайына иілмеу. Төртіншісі адамды алдап, көңілін арбап тұратын дүниенің, қызық қиялдың- Анасы.Ол – жоққа сабыр, өмірі таусылып бітпейтін арман-тілек пен тойымсыз нәпсіден туатын жағымсыз құбылыс. Көңіліңді кірлетпейтін ғибадаттың Анасы-күнәлі істер жасамау. Яғни, арсыз істер мен ұятсыз әрекеттерді жасқанбай жасай беретін жамағаттан бойыңды аулақ ұстау.Бүгінгі дәуірде осы төрт ананың жастардың бойынан табылуы қанағатсыз болып тұр.Оның үстіне,М.Шахановтың айтқанындай мына «Төрт ана да» уайым бола бастады. Ұлттық тәрбие жүйесінің негізі ретінде М.Шахановтың мына бір өлең жолдарында жырланған төрт ана, төрт құндылық, төрт негізді ықшамдап,ұсынамыз. «Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,Әр адамнан өз анасынан басқа да.жебеп тұрар, демеп тұрар арқада,Болу керек құдыретті төрт ана.
Туған жері-түп қазығы айбыны,
Туған тілі-сатылмайтын байлығы
Туған дәстүр салт-санасы-тірегі
Қадамыңа шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да,Төрт анаға жағдай жасай алмаған.Пенделердің басы қайда қалмаған.Төрт анасын қорғамаған халықтың,Ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған Қасиет-ті бұл төрт ана — тағдырыңның тынысы, Төрт ана үшін болған күрес-күрестердің ұлысы. Тәрбиелеу қазақ ілімінде:қандай тәрбие жүргізсең де,қімге нені үйретсең де,ана тіл,туған жер,туған ана,төл тарихы, ұлттық діл,дәстүрлі дін,әсем әдеп,жібек мінез арқылығана кісі болдыра аласың деген басты негізгі қағида ұсынады.Сондықтан да,еске алар ескі шақтан келе жатқанСондықтан да,еске алар ескі шақтан келе жатқан«бек ұл,пәк қыз», «иманды ұл,ибалы қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«айдарлы ұл,тұлымды қыз» т.б.тәрбие-леген- Ата жолы-бүгінгі біз үшін де,келешек үшін де бағдар үлгі бола аладыОсы негізде тәрбиелеу қазақ ілімінде: «үйретуден жалықпа,үйренуден тартымба»деген талап бар. Айталық, «балаң қолқанатқа жараса,аяқ-қолың дамылдағанымен, ауызың тиылмасын, баланың ісі шала болады,ақыл-кеңесіңді аяма» дейдіАл,үйретуші ұстаздарды тәрбие леуші-тәлімгерлердің білім-дағды игеру шанағын былай тұжырымдайды: «Ол кісі, әжептәуір білімді,білімін пайдалана да біледі.тағы-тағы білгісі келіп талпынып жүреді»- деп, халық,ұстаздарды,шеберлерді, шипагерлерді, ақындарды, өнер иелерін «үш білім» шеңберінде бағалап келген.Абай атамыз,қазақ қолөнершілеріне осы құралыпты баға бергені оқырманға аян.Мен.ұстаздарға бағыштап айтып көрейін. «Біледі-біледі-біледі»-бұл данышпан ұстаз Ондай адам,өзі де өте жақсы біледі,білгенін басқаға ұқтыра алады,білімі мен дағдысы арқылы басқаны тәрбиелей алады,ғұмыр бойы ,тағы да біле берсем деп талпынып- талаптанып, ізденумен болады. «Біледі-біледі»-бұл шебер ұстаз. Жақсы біледі,білгенін ұқтырып,басқаны соңынан ерте алады.Жасының ба,денсаулығының ба,тұрмыс жағдайының ба ықпалынан болып,ізденуге ,талпынуға шамасы аздау. «Біледі»-жас ұстаз.Білетіні көп,естіген-көргені бар. Өзіне тәлімгер керек Әріптестерінің аялы алақаны,көргенді көмегі керек.Жатпай-тұрмай ізденіп, жанталасып тәжірибе жинақтау үстінде.Келешегі алда. «Қазақ елі — өз мұңын өзі ойлап, өзі ізденіп, тіршілік деген кең майданда сыналған ел.» (Ғ.Мүсірепов)Енді ерекше қағидаларға тоқталайық. Ерекше қағидаларға балалардың жас ерекшелігіне байланысты тәрбиелеуге қатысты туындаған ережелер жиынтығы кіреді.Мысалы:«Өз тіліңмен сөйлеме,бала тілімен сөйле!»деген қағиданы алып қарастырайық.Әр ата-ана баласының тәрбиелі де әдепті болуын қалайды. Алайда барлығымыз сол тілекке жете бермейміз.Себебі біз өз тілімізбен балаларға бірдеме айтқан боламыз.Бірақ,олар түсінбейді.Басқаша айтқанда біздің кеңесіміз балалардың жүрегіне жетіп,жан сезімін толқытып,ойын баулап алатындай болмайды немесе бала тілімен сөйлей алмаймыз.
«Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» деген қағиданы алайық.Бала жасының ерекшелігін есепке алып, ақыл-кеңес беретін кезінде айтып,дағды игерілетін жерінде көрсетіп,жаман оғаш қылығын «көрмей,елемей, байқамай» қалып,үлкен жүрек,кең пейіл көрсетудің орнына үнемі жол сілтеп,жоба көрсеткеннің жөні осы екен деп уағыз айтып бас-көзге шұқылап,баланы мүлдем жалықтырып жіберетін ата-аналар аз емес.Бұл қағиданы қай-қайсысымыз ескере бермейтініміз өкінішті-ақ.Баланың ойы ұшқыр,қайрат –жігері жеткілікті, талап-тілегі жоғары болғанымен тәжірибесі аздау.Ал,өмір тәжірибесі әрекетпен, еңбекпен, тура бетпе-бет келгенде,оның қиындығын жеңіп,асуын асқанда ғана жиналмақ. Үнемі біреудің жетегінде жүрген,өз басында еркіндік,билік,шешім жоқ болса ондай жан ешуақытта тәжірибе жинақтамас еді.Сондықтан баланың кей нәрсені,кей сұрақты,кей мәселені өз бетімен шешуін,тәжірибе жинақтауына мұрсат берген абзал. «Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай қара,он бес(он үш)жасқа дейін қосшыңдай сана,он бес жастан асқан соң досыңдай бағала» деген қағиданың маңызы зор.Баланы асырап күтудің ең ауыр кезеңі бес жасқа дейінгі мерзім.Бала бес жасқа толысымен қазақтар атқа мінгізіп, сүндетке отырғызып, еңбекке араластыруға дайындайды. Бала қызығының негізгі рәсімдері осы шақта атқарылады.Жалпы алғашқы мүшел балаға адамдық негіз,мінез-құлықтық әдет-дағды қалыптасар кезеңі болғандықтан оның даму әр сатысын қазақтар жіті бақылап,терең талдап,мұқият бақылап отырған.Әр басқышын аттаған нәрестелердің жеткен жетістігін,асқан асуын «тойлап» атап өтіп отырған.Беске толған соң, «боқ-сідіктен арылып,қол-аяғын тауып, адам болған деген осы»-,деп,шүкірлік ететін.Енді өздігінен киі-ніп,тамағын алып ішіп жеп,төсек орнын салып,жинап,дұрыс жатып,дем алып,уақытылы тұрып,ел қатарлы тірлікке араласатын қабылет игерткен.Егер,бала бұл дәрежеге жетпесе,жеткізбеген әке-шешені кінәлап, «бет алды өбектедің»- деп жазғыратын.Бес жасқа дейінгі баланың өсіп жетілуіне,денінің сау,денесінің ширақ болуына,ақыл-ойының ұшқыр болуына ата-анасы, ағайын-туысы үнемі мүмкіндік жасап, қадағалап, мұқият қарайды. Солай етуге ата анасы ғана емес,тайпалы ел,ауыл-аймағы міндетті болған.Бұл бұлжымас ғұрып. Сондықтан, қазақ баласы тірі жетім, тұлдыр жетім,тастанды аталмаған. «Жетім» деп атаудың өзі қорлаумен тең болған-ды.Бес жастан кейін ұл ұяты әкеге,қыз ұяты шешеге жүктеледі. Әке көрген оқ жонуы,шеше көрген тон пішуі шарт.Қыз бен ұл әке-шешенің көлеңкесіндей,жанында болуы міндет еді.5-10 жасқа дейінгі бала әке-шеше назарынан тыс қалуға бірде-бір жағдаят болмауға тиіс.Оларды әке-шещшесі қосшысындай бағалауы тиіс.Ал,он бестен асқан соң олардың «дос» болуы абзал.Солай болған да еді. «Алтыға дейін атаңды таны,жетіге дейін жеріңді таны» деген қағида ұлттық тәрбиенің шынбайлы ережесінің бірі еді.Осы жаста бала,өзінің,кіндік қаны тамған жерін біліп,(барып аунауға міндетті) әке-шеше,ата-баба туып өскен жер,өлкесін тануға тиісті болған.Ата-бабасының жайлауы мен қыстағын, зиратын,мекендеген жерлерін аралауға мүмкіндік туғызған. Ағайын туыстарының кімдер екенін, олардың қайда тұрып,нендей кәсіппен шұғылданатынын,ру-тайпасының арғы тегін,олардың таңба ұранын білу,малға салатын ен,басатын таңбасын ажырату осы жастағы балаларға міндеттелген.Нағашы жұртын да білуге тиісті болған. Қазақтар отбасының рулық құрамын байқасақ, нағашысына рулас қызға үйлену,тұрмысқа шығу өткен дәуірде көп болған.Оның себебі жастар ең әуелі нағашысымен танысатын,оның жегжатқа қатынасуы содан басталатын-дығында. Қазақта «әкесі мен баласы бажа болу» осыны дәлелдейді. Өмірмен, айнала-сымен танысып білуге,мына таудың аржағында,,анау өзеннің арғы бетінде кімдер тұратынын,не барын танып білу 6-7 жас сәбилеріне тән болғандықтан ата-әжелер оларды ертіп қысқа сапарға шығатын, ел аралайтын болған.Той-думанда,мереке салтанатқа қатыстырып,өнер білімге құштарлығын арттырып, қызығушылығын оятатын. Балалар қуанышында ойналатын күллі-ойын сауықтар тек балаларға арналатын.
Жас өспірімнің тума талантының не екенін білу үшін, бейімділігін пайымдау үшін,ата-әжесі,әке-шешесі, білгір-тәуіп, сыншы-әулиелерге ертіп апарып,келешегіне болжам жаса-татын болған.Қазақтың адамтанушылары бала келешегін жан-жақты(алақан сызығы, маңдай әжім бедері, табан сызық сұлбасы,құлақ күнқағар тамыры,саусақ тұяқтары,мең мен түйме,үн мен дыбыс, саусақ, аяқ, мойын,шаш бітімі,түр түсін т.б.) бақылап өте дәл айтатын болды.Қытайлардың бала алдында зат қою ғұрпына ұқсас іс-әрекет қазақта да болған.Ал,ұлды тану нағашысын білуден басталғанҚызды білу шешесін танудан бастау алған. «Жігіттің жақсы болуы нағашысынан», «Шешесін көріп қызын ал» деген нақылдар осының айғағыБалаларды бұл жасында атақты адамдарға апарып аузына түкіртетін. Ұста,зергер,құсбегі,атбегі қатарлы өнерлі адамдарға апарып шәкірт болдыратын. Бейімділігі мен ептілігін байқап көріп,алғашқы қадамын бажайлап, бетін ашатын, талпыныстағы тұсауын қиятын.Ұлттық тәрбиеде:«Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз»-деген қағида бар.Онда:«бек ұл,пәк қыз», «айдарлы ұл,тұлымды қыз»,«иманды ұл,ибалы қыз», «айбарлы ұл,ақылды қыз», «батыр ұл,батыл қыз»,«ісмер ұл,істі қыз», «ер жігіт,есті қыз»,«шешен жігіт,ақын қыз» «өрелі жігіт, өнерлі қыз», «Қазақ жігіт,Қазақ қыз» «ұлықты ұл, қылықты қыз», «аяулы азамат,асыл жар», «Намысты ұл,өрелі қыз», «Ақылды жігіт,арлы қыз», т.б. қатарлы ұл,қыздарды өздері тәрбиелеп келгендігін, орысты,қытайды және де арабты әкеліп немесе оларға апарып тәрбиелетпегені көрсетілген. Бұл қағиданың екінші мағынасы: бала тәрбиесі,жеке дара отбасының міндеті емес әулет, ауыл, ру, тайпаның барлық мүшесіне ортақ міндет,парыз екенін көрсетеді.Сондай-ақ, бір әулеттің өзінде бала неғұрлым көп болса, тәрбие татымды болатындығын анғартады. «Өзімізді-өзіміз тәрбиелейміз»-дегені,ағасы-інісін,әпекесі-сіңлісін,үлкені кішісін тәрбиелей алады деген сенім еді.Осы негізде,көп балалы отбасын,ананы ардақтау салты өмірге келген.
(«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар,екі баласы бардың арты бар да,алды бар,үш баласы бардың-Орынборда жұрты бар,төрт баласы бардың -Қарғалыда құты бар,бес баласы бардың-Қазанда қазынасы бар,алты баласы бардың -Мекержада малы бар!» «Алты ұл тапқан ананы,ханым десе болады,жеті құрсақ көтерген ананы жаным десе болады», «Мал таппайтын еркек болмайды,құрарын айт,бала таппайтын әйел болмайды,тұрарын айт»дейді халық. «Жақсы ұл тапқан ананы жаным десе болмай ма,алты ұл тапқан ананы ханым десе болмай ма» деп ананың сол ауыр да ардақты үлесін бағалай білгендікті аңғартады. Сондықтан, «атасыз жетім- жарты жетім,анасыз жетім- бүтін жетім»,-деген.)«Бала тәрбиесі-баршаның ісі»- деген қазақ тәрбиелеу қағидасы осы негізде өмірге келіп, тұрақтанған.Осы күнде,бала өзін-өзі тәрбиелейді немесе өмірге келісмен отбасы, балабақша тәрбиелейді,олардың тәрбиелік үрдісін тереңдетіп не олардың жіберген қателіктерін жойып,мектеп қайта тәрбиелейді деген ұғым қалыптасқан. Қорша-ған орта мен қауым осы шақта көмекке келу керек деген ұстаным айқын басымдылық алған.Бұл жағдай,қазақ қауымында бүгіндері жүріліп жатқан тәрбиелік амал-тәсілдерінің, іс-әрекеттер мен шаралардың ауқымынан анық аңғарылады.Олардың ортақ уәжі: «Отбасы-шағын мемлекет дейтін болсақ, әрбір отбасы құралып қоғамды, сол арқылы іргесі берік елдің негізін құрайды.Иманды, ұлтжанды отбасыларынан құралған қоғам сыртқы күштердің бүйірден келіп тиген соққысына болсын, іштен құрту пиғылындағы жымысқы әрекеттеріне болсын төтеп бере алатын күшке ие болады.»Иә,сөз жоқ,орынды пікір! Бірақ,жаттанды ой! Бүгінгі,қазақ қоғамы-иманды, ұлтжанды отбасынан құралып тұрған жоқ қой. Бұрындары бір отбасындағы тәрбиесіздік бір рулы елдің сүйегіне түскен таңба болған.Жеке жүріп адам өмір сүре алмасы белгілі. Бақытты, бейбіт елде өмір сүруді қалаған жан өз отбасының тәрбиесіне, әсіресе ұрпағының имани тәрбиесіне көңіл бөлетіні анық.«Иманды бол» деп үлкендер бата беріп жатады. Бірақ сол имандылықтың жолын үлкендер жастарға, ата-ана балаларына көрсете алып отыр ма? Мүлдем жоқ демесең де,күмілжіп қалатынымыз рас.Әулет мектебінде тәрбиенің екі түрі өте басым болған.Ол,әуелі-имандылық,екіншісі-әдептілік.Бүгінгі күнде от басында болсын,мектепте болсын,қоғамдық орындарда болсын жетпей тұрған,тіптен ескерілмей қалған осы екі тәрбие. Оның себебі,тәрбиелеуді «тәрбиелеу туралы білім берумен» ауыстырғандықтан болған. Имандылық пен әдептілік дағды-машық игерту арқылы бойға қонады.Жұрттың бәрі білетін, «қызға қырық үйден,ұлға отыз үйден тиым»-деген тәр-биелеу ұлттық жолы бар.Бүгінгі күндері осы «қырық-отызүйлерің» қайда?,нелер?,кімдер? Олар тыйым қоя алып жүр ме? Ойлану керек- ақ!
Қазақтың тәлім-тәрбие үрдісіндегі ең қызықты қағида-тәрбие біртұтастығы туралы ұғым.Ол бойынша адамда бір ғана тәрбие бар.Адам не тәрбиелі болады,не тәрбиесіз болып өседі.Тәрбиелі адамды жақсы(көргенді) кісі, тәрбиесіз адамды жаман (көргенсіз) дейді. Орташа, нашарлау,тәуір тәрбиелі адам немесе социалистік педагогика-дағы тәрізді адамды саяси тәірбие,дене тәрбиесі, ақыл-ой тәрбие т.б.(осылай жіктегенде бір адамда 18-20 түрлі тәрбие болатын сияқты!)деп шашыратпаған.Алайда сезімдер мен түйсіктерді,ақыл-ой зерделігін,парасаттылық дәрежесін, адамдық асыл қасиеттерді ажырата білген.Баулау мен жаттықтыру жолына,құралына негіздеп еңбекке баулау, дене шынықтыру,табиғатты аялау, ақыл-ой,зердесін ашу әрекеттерін кең көлемде жүргізіп,жан-жақты қарастырған.Біртұтастық қағида бойынша тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай келген,орынды амал-тәсілдермен жүргізілген қандай да бір,тәлім-тәрбиелік іс-әрекет жас ұрпақ бойына барлық қасиетті бірдей сіңіре алады..Мәселен,ойын ойнатсаң да отаншыл сезімін оята аласың,өнер үйретсең де адамгершілік асыл қасиетке қол жеткізесің,жыр жаттатсаң да ақыл-ойын дамыта аласың дейді.Тек,қазақ тілі арқылы да тұлға қалыптастыруға болады екен.
Сондықтан да қазақ атамыз: «Ей,балам!Балаларыңды ата тегін,ел тарихын,шежіресін білетін,елін қадірлейтін елжанды,ұлтын сүйетін ұлтжанды,туған жерін қадірлейтін жержанды етіп шығар»деген өсиет қалдырған.Осы өсиет орындалса,олар жан басынан табылса,адамгершіліктің басқа қасиеттері,әрқашан,оларда қалыптасқан деп сенуге бол-ады.Қазақ қатты айтсаса да,жақсы айтатын халық. Әкемін деп қайтесің,тіліңді ұлың алмаса, адаммын деп қайтесің, жүректе жылу болмаса. Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан! Балаң жақсы тәрбиелі болса,жер беті жақсы,тәрбиесіз,өнегесіз болса жер асты жақсы!
Тіәрбиелеу қазақ ілімінде мұндай қағидалар бір шама бар.Кейбірі ұмытта болған. Ескерілмей,ұстанылып,басшылыққа алынбағаны да жетерлік.Шағын мақалада оның бәрін тәптіштеап жазу мүмкін емес.Бұл әңгіме,сондықтан жалғасатын болады

Әдебиеттер 1.Қ.Қабдыразақұлы Ұлттық тәрбие үрдісі Қарағанды 2014
2. Әулет мектебі Астана 2014
3.Қ.Қабдыразақұлы Тәрбиелеу қазақ ілімі Қарағанды 2016
4. Ана мектебі Улаанбаатар 2015.

Айнұр Серікқызы

20 қаңтар 2018

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Саналы тәрбие қағидаты бұзылғаны несі?

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер
Лауазымы: зейнеткер ұстаз
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2018

Саналы тәрбие қағидаты бұзылғаны несі?

Саналы тәрбие,сылдыр сөз,тұлдыр үлгіге неге айналды?Құлақ мұрын,бет –бейнесі анық емес,берері мен көрсетері дүдәмал,,тіпті имани мазмұны,руханы азығы жалаң,ғылыми негізі жұтаң,өсиет-өнегесі нәрсіз ,жасұрпақты жалықтыратын,сағыздай созылған үндеулер мен ұрандарға,орындалуы шүбәлі мақсаттар мен жобаларға малшынған бүгінгі тәрбиелеу тәсілі, кісі қалыптастыру амалы,тұлға тәрбиелеу жол-жорасы,адам жетілдіру, өңдеу әдісі, түр тұлғасы жынойнақ шеңберінде,әдепсіз, түрпайы,тағы, нәпсіқұмар, қатыгез, ашкөз,алаяқтардың туып шығып жатқаны қандай тәрбиенің нәтижесі,нендей үлгі-өнегенің ықпалы?
Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын алдында тұратын ұлы мұрат- міндеттерінің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл — парасаты мол, мәдени- ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу аға буынның қоғам алдындағы зор борышы. Саналы ұрпақ-саналы тәрбие нәтижесі.Саналы тәбие дегеніміз не еді?Заманға сай осы ұғымымыз өзгеріп кеткен шығар..Сондығынан болып,қоғамда жүріліп жатқан күллі тәрбиелік іс-әрекеттер бізге «санасыз болып» сезіліп,танылып жүруі де мүмкін ғой!
. Сана — объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана эрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам санасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Сана дегеніміз – объективті дүниенің адам миында пайда болатын субъективтік бейнесі, сәулесі. Бірақ ол жай бейне емес, шығар-машылық бейне. Сана-қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда да көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді.Қазақ мұны қолында өсірген жылқысынынан,баулыған құсынан,басқа да жануарлардан көріп,байқап ерте аңғарғаг. Одан кейін жануарлардың өзіндік «моралі», өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі-еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды Бұл материалистік ұғым болғанымен саналы тәрбие мәнін ашуға жеткілікті көзқарас.Адам санасы үш түрлі қызмет атқарады, олар-ақыл-ой, ерік, сезім. Адамгершілік рухани сананың мақсаты-өмірдің құндылығын түсіну, ақыл-ой арқылы үнемі шындықты, ақиқатты іздеу; сезім арқылы сұлулықты сезініп, түсіну;ерік арқылы мейірімділікке, рақымдылыққа ұмтылу.Адамның қиялы, өзіндік санасы, ар-ұяты, шығармашылық ұмтылысы бәрі де сананың қызметіне жатады. Осындай рухани қасиеттер болмаса, біз кісілік келбетімізді мүлде жоғалтар едік. «Адамның игі қылықтары мен жақсы әрекет-терін жүзеге асыруға көмектесетін жан қасиеттері – ізгілікті қасиеттер, ал адамның пасық істер мен оңбаған әрекеттер жасауына себепші болатындары – сұрқиялық, кемістік немесе опасыздық болып шығады».« Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деген трактаттарында әл- Фараби өз заманында сирек кездесетін ойлар айтады. Адам өмірін жай ғана сүрмей, үнемі қайырымдылық жасауға, ізгілікке, жақсылыққа қарай ұмтылуға қажеттігін ескертеді ұлы ойшыл, сонымен қатар қоғамдағы ең негізгі рухани құндылықтарға – «өзара көмектесуді» жатқызады. « Қайырымдылық екі түрлі болады, — дейді ғұлама: этикалық және интеллектуалдық. Интеллектуалдық – (жанның) ақыл-парасаттық жағына жататын қайырымдылық, мәселен, даналық, парасат, ақыл-ойдың тапқырлығы мен өткірлігі, ұғымталдық. Этикалық қайырымдылық – (жанның) ұмтылу жағына жататын қайырымдылық, мәселен, ұстамдылық, батылдық, жомарттық, әділдік. Жаман қылықтар да осылайша бөлінеді». Бұл жерде этикалық қайырымды-лықтардың нағыз рухани құндылықтар екендігін атап өтуге болады .Сонымен қатар осы қасиеттердің тұрақтануы үшін көп рет қайталануы және соған үйренуі қажет екендігі айтылады. Бұл адамның тұлға болып қалыптасуындағы рухани дамудың ролі зор екендігіне қарай бағыттайды. Тəрбие сөзі араб тіліндегі халаха түбірінен шығады. Мағынасы: мінез, табиғат, жаратылыс, сипат деген мағыналарға келеді. Терминдік мағынасына сай, адамның жақсы мен жаманды ажыратуына себеп болған рухани таңдауларды, мінездер мен қатынас-тардың жиынтығын тәрбие деп атаймыз. Жалпы ислам сөзінің тілдік мағынасы: мойын-сұну, мейірім, шапағат, тәрбие, қабылдау деген мағыналарды береді.Терминдік мағынасы: Пайғамбарлар арқылы жаратушы тарапынан жіберілген әмірлер мен тыйымдардың
жиынтығы. Осы әмірлер мен тыйымдарға мойынсұна отырып тәрбиеленген адамды
«Мұсылман» деп атаймыз. Демек, мұсылман тәрбиелі адам деген сөз екен. Ислам дінін-де ахлақ (тәрбие) екі топқа бөлінеді: 1. Алла тағала алдындағы (тәрбиеміз) немесе міндет-теріміз. Бұған: Намаз, Ораза, т.б. ғибадат құлшылықтарымыз жатады. 2. Жеке тұлға мен
қоғам арасындағы міндеттер, тәрбиелік қарым-қатынастар Бұған: Өмір сүріп . отыр-ған қоғамдағы жеке тұлғалық барлық қарым-қатынастар (әке-шеше, жанұя, Отан, ұстаз, шәкірт, қоғам алдындағы міндеттеріміз т.б) жатады. Ислам дінінің тәрбиеге берген маңызының тағыда бір бұлжымас айғағы-Раббы сөзі тәрбиеші сөзімен тікелей мағыналас. Орыс тілінде “Тәрбие” сөзі асырау, өмірге үйренбеген, көмекті қажет ететін әлсіз, нәрестені тамақтандыру деген мағына береді.Қазақ түсінігі бойынша (шығу тегі көне түрік тілінің иг-ер,иг-дір-іл-ген,баулынған,жігерлендірілген,тәрбиеленген) : «Тәрбие- кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз» (М. Жұмабаев)Олай болса саналы тәрбие дегеніміз айтылған ақыл-кеңес,берілген үлгі өнегінің қажеттілігі мен маңызын санаға салып,ойланып –толғанып,жан азығын,жайсаң мінезбен,асқақ көңілмен,шын ниетпен қабыл алып,ұстаздың ықыласына көніп,тілін алуды айтамыз.Тәрбиелеу-тәрбиеші тәрбиеленушінің жан сарайының кілтін тауып,оны жан жылуымен нұрландырып, көкірек көзін аша отырып,айтқанына көндіріп,соңынан ерте білу өнері болмақ.Осы ниеттен, европада пелагог ұғымы пайда болып қалыптасқан.Европа педагогикасының даму көшінде мынандай екі із, екі пікірдің сілемі анық байқалады:Бірінші пікір бойынша, баланың басы «таза тақта» (tabula raba) немесе «таза парақ».Сондықтан, оның көкейіне
не жазам десең,соны жазуға болады.Баланың келешекте кім болатынын түгелдей тәр-биеші шешеді. Тәрбиеші баладан келешекте қандай адам жасап шығарғысы келсе,
бәрі қолынан келеді.Екінші пікір бойынша, баланың көкейіне не болса, соның бәрін жазуға болмайды. Біреуді біреу тәрбиелей алмайды, әркім өзін-өзі тәрбиелеп,азамат қатарына жете алады. Соңғы пікір мына дәлелге сүйенеді.Ешкім баланың басына өс-иеттерді енгізіп, оның рұқсатынсыз ісін, қылығын сол өсиеттерге бағындыра алмайдыБала үлкендерді тыңдағысы келсе, тыңдайды, тыңдағысы келмесе, тыңдамайды – өз еркі. Дәлелдің бұл түрі орынды сияқты.Бірақ, бірінші пікірді де жоққа шығаруға болмай-ды.Себебі:тәрбиеші баламен тіл тауып, жақын қатынаста бола алса, онда баланы өзініңсөзіне көндіріп, біразға дейін жетелеп, оны тәрбиелеуде едәуір дәрежеге жете алады. Біз осы екі пікірдің әрқайсысына тән қолайлы жағын алып, тәрбиеге ұмтылатын бал-аның өзі, оның келісімінсіз бұл салада нәтижеге жетуге болмайтынын мойындай отырып, егер тәрбиеші баланың «кілтін» таба алса,онда тәрбие саласында үлкен нәтижеге жете алады дейміз. Себебі,тәрбиелеу қазақ ілімінде ерекше қағидат бар. Ұрпақ ата-анаға борышты екенін түсініп,ағайын туыс,ата-баба намысына,абырой-атағына кір келтірмей мейлінше оны әспеттеп ардақтау зор міндет,үлкен бақыт.Жақсы бала ата-ананың аңсаған қуанышыАта-ана баласына кішкентай кезінен бар жақсылықты үйіп-төгіп өсіреді. Бала бақыты үшін қолынан келгенін аямайды.Міне,бірінші кезекте бала ата-ананың осы бір еңбегін жете түсінуі керек. Бала дайын тәрбиені үнсіз мәжбүрлі игеруші жасық,әлжуаз, талапсыз, керенау жан емес.Ол өсіп жетіліп келе жатқан,ұшқыр ойлы,терең сезімді, ынталы, дамуға құмар,көруге қырағы, естуге алғыр,жалын атқан жас болғандықтан тәрбиені саналы игеруге тиіс.Ондай қарым-қабылыт барлық балада бар. «Тәрбие дегеніміз баланың үстіне кигізе қоятын дайын киім емес. Тәрбие жұмысының мыңдаған түрі мен қыры бар. Олар тәжірибеде сынала келе нәтижеге ие болады».( Мәлік Ғабдуллин) Дәлірек айтқанда тәрбие жат жұрттан әкеліп жаба салатын жабу емес! Тәрбие біреудің екіншіге сыйға тартар мұрасы да емес,көзсіз қабылдар сүйекке сіңірер уыты да емес, тәрбиешінің еңбегін ақтар жемісі бар, тәрбиеленушінің арымен ақталар қайырымы бар, саналы жолмен жас өспірім бойына жұғысқан ырыс,басына қонған бақыт. Сондықтан,тәрбие мейірімділік алақанында әлпештеніп, жүрек жылуы бесігіне бөленіп,жүрек қылына тербеліп, рухтан үндестік табатын рухани нәзік құбылыс,жан сезімінің жайдарлану,рахат табу,адам талғамына сәйкестіктігін көрсететін асыл мұраттың орындалуы.Тәрбие ісінде,мұрат мақсатың орындалса,одан асқан қуаныш болмайды. «Басына бақ жұғысып,құт қонатын қазақтың ұлы құлықты,қызы қылықты келеді.Себебі-қазақ,Алладан сұрап, қалап алған ұрпағын олар қанша көп болса да, «Алла аманаты ,Тәңір сыйы»,- деп көріп,оларды-«Сүйіспеншілік бесігіне бөлеп,Махаббат жөргегіне орап, Мейірім уызымен ауыздандырып өсіреді.» Сондықтан қазақ баласына сүйіспеншілік, махаббат,мейірім, сыпайылық, имандылық қатарлы асыл қасиеттер ана сүтімен беріліп, дамып жетіледі.Қазақ ұрпағын жетімсіретпейтін себебі осында.Жетім өскен ұрпақ аталмыш бесікке бөленбей мейірімділік уызына жарымайды. « Мейірімділік,- деп жазды К.Бови,- мылқаулар сөйлей алатын, кереңдер ести алатын тіл» Осы ұлтанды қағидат бұзылып,мейірім-жәбірлеуге,ақыл қосу-мәжбүрлеуге ауыстырылған. Мәжбүр-леу-оқытып білім-беру барлық саласына кірігіп, билеп-төстеушілік сипат алған. Тәрбие-ленуші мен білім алушы,ата-ана мен жұртшылық пікірін елеп-ескеру осы жүйеден орын иеленбейтін халге жете қабыл болған.Оқыту-тәрбиелеу қағидатын маман-ғалымдар, зерттеушілер емес,ақшасы бар,беделді,билігі барлар қолдан жасап алатын болған.
Халық даналығы адамда үш жұт бар дейді. Оның бірі – өлім, екіншісі – кәрілік, үшіншісі – жаман бала. Кәрілік келмей қоймайды. Өлім алмай қоймайды, ал бала жаман болса, одан құтылу жоқ, адамдықтан шығарады, абыройыңды айрандай төгеді. Шынымен де адам баланы өмірге өзінің артынан ұрпақ, мұра, өзінің жалғасын қалдыру үшін әкеледі. Сондықтан, «атадан жақсы бала туса, есіктегі басын төрге сүйрер, атадан жаман бала туса, төрдегі басын жерге сүйрер» деп тегін айтылмайды Қазақ қатты айтсаса да,жақсы айтатын халық. Әкемін деп қайтесің,тіліңді ұлың алмаса, адаммын деп қайтесің, жүректе жылу болмаса. «Ақылды ұрпақ өсірсең алып шығар құлдықтан, ақылсыз ұрпақ өсірсең, булыққаның булыққан! Балаң жақсы тәрбиелі болса,жер беті жақсы,тәрбиесіз,өнегесіз болса жер асты жақсы!»БҰрпақтың бұлай болуына ата-ананың өзі кінәлі екені баршаға аян болғанымен,олардың еркіне салып,ұрпақ келешегін,жеке әулет шеңберінде қалдырып қоймай,жөнге салатын, оқу-ағарту орны,тәрбие ошақтары бола түра,жүйелі де,пәрменді шаралардың жетіспей жатқаны жасырын емес.Шындығында құлдықтан құтылсақ та,булығудан көз ашпадық.Ең алдымен ешкімге дес бермеген,бар мейірім мен ізеттің ұясы болған,өнер мен салт-дәстүрдің сақтаушы әрі жалғастырушысы,құт береке ошағы қазақ отбасының іргесі сөгіліп,шаңырағы шайқала бастады.Оның өзін жәбірлеу мен зорлық-зомбылық ұялап алды. «Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағының» мәліметінше, елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жыл сайын 400-ге жуық әйел ажал құшады екен.Бас прокуратураның 2016 жыл бойынша мәліметіне қарасақ, 36 әйел мерт болған. Тағы бір құқыққорғаушылардың деректеріне қарағанда, былтыр қыз-келіншектерге қатысты 91 631 құқықбұзушылық тіркелген. Оның 71 965 ауырлығы орташа қылмыс болса, 4 131-і ауыр қылмыстар санатында. Ал, 420-сы аса ауыр қылмыс.
Тәрбиелік қарапайым қағидалар бүзылғандығынан болып,ұлттық санада үлкен ауытқулар көрініс беруде.Тәрбиелеу қазақ ілімінде 7-15 жасқа дейін биязы әдеп,жібек мінез үлгілірі мен қалыптарын жас ұрпаққа игертіп,дағдыландыру тиіс.Егер осы шақта,жас ұрпақ ұлттық дағды- машықтарды игермей қалса,басқа жұрттың әдеп,дағдысын өздігінен игеріп кете барады.Осының салдарынан әдепсіздерді әдейі дайынлағандай,көргенсіздер тым көбейіп кеткен.Әулетте,бала-бақшада,мектепте осы уақытта балалардың басын қатырып, ешкімге түсініксіз пәндерді(өзін-өзі тану,валелогия т.б.) оқытып келеміз. Осының бәрінен бұлтару үшін,баланы тәрбиелеудің 80 пайызы отбасында(6 жастан мектепке барады ) жүзеге асырылуы тиіс деген «данышпандық қағидатты» алға тарта бастадық.Қазақтар өткен шақта 4-7 жас аралығында балаларының тума талант нышандарын анықтату үшін адамтанушылар мен болжағыш тәуіптерге апарып,болмағанда айтулы өнер ғылым иелеріне көрсетіп,сондай болар ма екен деп аузына түкіртіп зыр жүгіргені белгілі. Ал,өркенді елдерде кәзіргі шақта балалрының бейімділігін, икемділігін анықтату үшін 3-7 жас аралығындажалықпай анықтау,жорамалдау орталықтарына апарып жан-жақты сараптама жасатады. Ал,бізде мұның орнына, «шет тілін» оқытып зердесін ашады,өмірге дайындайды. Біздің қоғамда адамдардың талантына,интеллектуальды әлеуітіне сүйенуден гөрі етектей диплом,ат үркерлік атаққа сүйенетіндіктен олардың тума талант,дарынын жастай анықтап дамытудың қажеті жоқ болып тұр.Жалпы оқытып тәрбиелеу іс-әрекетін мәжбүрлеуден, қажеттілікке қарай бет бұратын кез келді.

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер мұғалім
Лауазымы: зейнеткер
Порталға жариялану мерзімі: 15.12.2017

Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Бүгінгі Қазақ педогогикасы, ірі төрт саладан тұратын іргелі ғылымға айналды.Олар:Әулеттік мектеп педагогикасы,әлеуметтік педагогика және ілімдік педагогика,материалистік пелагогика.Қазақ мектебінің басы– Ана мектебі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында,өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебінде-білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал,жүргінші-жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ.жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын (ұлттық жалпы ойынды),ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыратын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген,керектеніп пайдаланған.Ал,қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,. қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен,дүниетанымдық,наным-сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып,бүгінгі педагогикаға ұласты.Анығында,қазақ педагогикасы-аталған төрт тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтарына сүйене отырып дамып жетілді. Қазақ педагогикасы–оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Оны ғылыми тұрғыдан пайымидап,теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.(Біз бұл атауды қабылдауға құлықты емеспіз.Себебі қазақтың тәрбиелеу ілімі-өзі ғылыми педагогика) Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»- ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап,болашақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісіне тап болған,қандайда болсын жеке адам,егер, ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіптен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі уақытта қазақ ұлт өкілі болып,қайта қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда; ұлттық тілді меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса бәрі –бір түбінде оңалады. Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасының туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді.Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін, бағытын,қағида мұратын тағайындаған педагогикалық ілімді-әулеттік мектеп педагоги-касы деп отырмыз.Екінші жағынан қазақ педагогикасы-әулеттік мектеп педагогикасы мен Ұлы Дала ұстаздарының ілімдік дүниетанымына негізделіп қалыптаса тұрып,халық педагогикасы,этнопедагогика ұғымдарына сіңісіп, өзінің түп тамырлық мағынасынан айырылып барады.Қазақта топтық, таптық,бектік немесе байларға, кедейлерге(касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген. “Этнопедагогика-халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы , олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы-халықтық ауыз әдебиетiнде, салт-дәстүрлерiнде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетiн педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжiрибесiнiң жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi ерекшелiктердi зерттейдi. Онда-халыққа қажеттi қасиеттердi қалыптастыру үшiн пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, мiндеттердiң, әдiс-құралдардың, тәсiлдердiң жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады ” дей келе, оның зерттеу тақырыбы — тәрбие, ал тәрбие объектiсi — адам, тұлға”,— дейдi Г.Н.Волков Бізде жазылған,жүзге тарта оқулықтар мен оқыту кешендік құралдар,құрылған бағдармалар,пәндік –әдістемелік нұсқаулар, түсініктемелерде Г.Н.Волковтың осы анықтамасы ашық та айқын көрсетілген,барлығы оны негіз еткен.Ал, осылардың кез-келгенін алып,ашып көрсеңіз,ең алдымен,қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі, ұлттық мінезді қалыптастыру үшін пайдалан-атын педагогикалық мақсаттың,міндеттердің,әдіс-құралдардың,тәсілдердің жиын-тығы мен олардың өзара байланысын таба алумыз тиісті бола тұра,оларды таппаймыз. Ал,бірер тұлғалардың. бірер Ұлық ұстадар мен ғұламалалардың,тәрбие хәкімдердің педагоги-калық ой-пікірлері айтылғанымен,оларды материалистік педагогика тұрғысынан талданған-дықтан,шынайы танылмай тайқып шыға келеді.Айталық,Дана Абайдың басындағы тақиясын алып шляпа кигізіп,кеудешесін шешіп,кастюм кигізгендіктен бір де А.С.Пушкинге,бір де И.Гёте екен деп қаламыз, нақтылы атеист педагог болып кеткенін көреміз.Солай бола тұра, бұлар неліктен Этнопедагогика аталған?!Атына заты сәйкеспеуі қалай? Алғашқы «Қазақ этнопедагогика» оқулығы(Ә.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы Алматы.2001.) былай баста-лады:«Этнопедагогика-белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық,тәрбиелік,мәдени мұрасы.(Міне, ғылым мәдени мұра бола қалады.) Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім –тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі»(3-б.)Түсінуге тым қиындық туғызатын екінші сөйлемдегі ашық ой: «Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған…»дығы.(Ол екеуін зерттейтін де,қарастыратын да сүбелі ғылымдар бар еді ғой!)
«Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы-халық педагогикасында өрнекті ұғым-әдеп.» (5-сөйлем,сонда,)Осылай бұл ғылым саласы ептеп кеңейгенімен,атауын алған педагогиканың анықтамасына қауышпай фольклортану,этнография, этика ғылымдарының сүрлеуімен біраз дүниенің «тәрбиелік мәніне» талдау жасап,соңында,қазақ ғұрып салтынан бірнешеуді мектеп сахнасына шығарып аяқтайды.Осы «екі саладан тұрады» деген пікір,2001 жылдан кейін жазылған этнопедагогикалық еңбектердің,жасалған бағдармалар мен әдістемелік кешендердің көбісінде кезігеді. «…халық педагогикасының ауқымы,арман-мақсаты,талап тілегі нақты,жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған-ды.Сондықтан,этнопедагогикада қарастырылатын тәлім-тәрбиелік мәселелелрдің бәрі бірдей біздің кәдемізге жарай бермейді,өйткені оның озығы мен қоса тозығы да жиі кездеседі.» (Қ. Жарықбаев. Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі.А.,2005. 5-б.) Этнопедагогика ғылым екені рас болса,оның зерттеулерінің ешбір зияны жоқ,толығымен кәдеге жарайтыны белгілі.Оның зерттеу обьектісі-халық педагогикасы «…талап-тілегі нақты жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған болса мұндай күдік қайдан,қалай туындаған?Осы күдікті пікірдің жалғасы ретінде әулеттік педагогика мен әлеуметтік педагогиканың құралдары мен амал-тәсілдерін қайта қарап,оларды, «ғылымиландырып» керектену керек деген бағытты уағыздаушылар да бар. «Халықтық педагогика ғылымиландырмаса,бүгінгі педагогикалық айналымға өте алмайды,Ғылыми айналымда болмаса,оку-тәрбие үдерісіне өтпейді.Себебі бүгінде баланы бұрынғыдай отбасында ғана тәрбиелей алмайсыз,тәрбиелейтін,әлеуметтендіретін арнайы мекемелелердің әлеуметтік қызметіне жүгінеміз.»(Сараш Қоңырбаева. Ғылыми тұрғысынан саралау заман талабы.. .Дарабоз.№7.100-б,) Материалистік педагогика өмірімізге еңгенге дейінгі бұл ғалымның ата-бабасы,арғы тегі көргенсіз, тәрбиесіз,тексіз болған ба?Әулеттік педагогиканы,ілімдік педагогиканы немесе әлеуметтік педагогиканы ғылыми педагогикаға санамағаны ма?Ал,осы үшеуін біріктіріп,ұлттық педагогика атап жүргендер бар.Біз,әрине бұл пікірді қолдаймыз Оның үстіне советтік дәуірде өмірге келіп,қауымдық тәлім-тәрбие,оқу білім беру үрдісінде ғылыми негіз ретінде танылған,кәзір де салтанат құрып тұрған материалдистік педагогика да Қазақ Педагогикасының кең салалы құрамдас бөлігі.Бұл педагогиканы қалыптастыруда Қазақстанның дарынды көптеген ғалымдары еңбек сіңіргені белгілі.Осы төртеуінің жиынтығын ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ деп жүрміз.
«Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық салт дәстүрді,өнерді дәріптейтін, отанын, елін,жерін сүйетін,жан-жақты жетілген,саналы намысқор,патриот азамат тәрбиелеу» (С.Қалиұлы.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негідері мен тарихы А.,2003.4-б,)Ол—тәрбие ісімен айналысатын ұйым ,мекеме ме,әлде қауым ба?Бүгінгі таңда теориялық педагогиканың саласы жиырмаға таяды.Олар алдарына тәрбиелеу мақсатын қойса,зерттеу міндетін кім жүзеге асырмақ?Бұл пікірдің өрістеуі «этнопедагогика мен халық педагогикасы туралы жазылған»,оқулықтар,оны әр сатыдағы мектепте ұлттық педагогиканы оқыту кешендері,өмірде жүзеге асыру бағдармалары,әдістемелелік кеңестер әжептәуір дайындалған.Тәрбиелеу міндетін олар атқара алатын әлеует оларда бар болса мүмкіндік туған.Алайда қандайда педагогикалық ғылымда болуға тиісті зерттеу пәні,зерттеу әдісі,тәрбиелік мақсат-мүддесі,мұраты,ұстануға тиісті қағида ұстанымдыры, тәрбие ісін жүргізудің жолдары,амал- айласы,тәрбиелеу мен білім беруді кім,қашан,қайда жүзеге асырып қандай нәтижеге жететіндігін олардан таба алмаймыз.Сондықтан,ұлттық тәрбиелеу амал-айласын әрбір пәннің мазмұнына сіңіріп игерту ісі мұғалімдердің басты бағытына айналған.Бұл бағытта ұстаздардың атқарған еңбегі ұлан асыр,әрі өткен ғасырда кеткен,айрылған есесін қайырып алғысы келген бе деген ой туады..Осының өзіне ғылыми талдау жасап,табысын таразылап,жетпей жатқан жерін жалғап жіберетін зерттеулер жоққа тән.Шынтуайтында «ғылымидандырғыштардың» әуселесі осында көрінуге тиіс еді. Әзірге байқалмай тұр.Кейінгі шақтарда,Тәрбиелеу қазақ ілімінің дарынды тұлғарларының атымен аталған педагогикалар көбейіп келеді.Мысалы; Фараби педагогикасы,Ж.Баласғұни педагогикасы,М.Қашқари педагогикасы т.б.Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының педагогикалық жүйесі,ой-санасының озық түйіндері зерттеліп тұжырымдалуы үлкен табыс,оңды бағдар.Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мен оқулықтардың саны біршамаға жеткен.Осы заманғы ұлы ұстаздардың (С.Көбеев,М.Ғабдуллин,Б.Момышұлы, М.Әлімбаев т.б.)педагогикалық еңбектеріне талдау жасап, саралап, бағалау назардан тыс қалмағандығы қуанарлық жайт.Тек,келешекте ескеруге тиісті екі-үш мәселені атаған дұрыс болар. Бірінші.Талданып,зертелген ғұламаның бізге келіп жеткен мұрасын сол ғұламаның өз дүние танымы,көзқарасы аумағында талдау жасап ,тарихи дәуір тынысына үйлестіріліп зерттеу орынды болмақАл,бізде өзіміз материалистік педагогиканың иығына шығып алып, өз дүние танымымыз,көзқарасымызбен талдау жасаймыз.Мысалы «Ж.Баласағұни педагогикасы» деген оқулық жазған ғалымдар(Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Бала-сағұни педагогикасы: Оқу құралы-Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008) Ж.Баласағұни ғұмыр кешкен шақта болмаған педагогикалық категорияларды оңды-солды қолданылған-дықтан «Құтты білік» дастанынының ХХІ ғасырдағы «қазақи редакцияланған көшірмесі» шыққан.Ал,Ұлы Ұстаздардың педагогикалық ой-пікір,ұстанымдарындағы сабақтастық, іргелестік өте күшті әрі мығым екені белгілі.Ж.Баласағұни еңбегінде,әулеттік педагогикадағы сол кездегі тәрбиелік дәстүрлерді,өзінен бұрынғы ғұламалар(Қорқыт Ата,Фараби т.б.) ілімін байыта жалғастырғаны айқын көрініп тұрса да,оларға аз көңіл аударып,А,Құнанбаев еңбектеріндегі сабақтастыққа айрықша толғанған.Әлем педагогика-сымен байланысы бұл ілімнің толық ашылмай(Ж:Баласағұниды бір кезде «Түрік Конфуцзи деп тегін атамаған шығар),оның әлдемдік педагогикалық ой-санаға қосқан үлесі(кісілік қасиет,ізгілік сапа,имандылық игерту жолы.жомарттық мінез)дәлелмен айшықталмай,бәсең ғана ауызға алынған .Ұлы Ұстаздар арасындағы педагогикалық ойдың сабатастығын оқып танып, терең зерттеу арқылы,өз еңбектерінде арнайы көрсеткен Ж.Баласағұни бабамыз емес,Абай атамыз.Абай дананың «педагогикасы» бар болса сонда осы тамырлы байланысты көрсетсе қандай орынды болар еді. Екінші.Ұлттық педагогиканы зерттеушіледің еңбектерінде талдау, саралау, жүйелеуден гөрі бағалау, айшықтау басымдық алған.Кейде; « бұрын сондай болған екен» деген тәрізді таныстыру да кезігеді.Бұл әдістердің керекті жерінде орынды қолданылса еш сөлекеттігі жоқ екені белгілі.Ал,қоғамдық сұранысты бажайласақ;ұлттық тәрбиелеу құралдары мен тетіктерін осы шақта әулетте,мектепте,қоғамдық ортада қайтып, қалай қажетке жаратамыз?,осының жол жобасын тауып,теориялық негізін анықтау басты мұрат болуда.Үшінші.Әулеттік педагогика,әлеуметтік педаогика және ілімдік педагогикалардың негізгі категориялары анықталып,олардың тәрбие құралдары мен тәрбиелеу мұрат мақсаттары сараланып,оқыту-тәрбиелеу амал-тәсілдері жіктеліп,бір ізге түсіріліп,жүйеленбей келеді. Мұның бірнеше себебі бар болумен қатар, ең бастысы Қазақстан Республикасында Пелагогика ғылымы бір жүйеге түсіп,ортақ заңдылықты толық ұстап,жүйеленіп,үйлестіру қызметі айқындалып,тұтас бір ғылыми ошаққа топтастырылып басқарылмаған.Зерттеу іс-әрекеті жобалы, жоспарлы,бағдарлы жүргізілуге ұйымдастырылмаған.Қоғамның бұл ғылым алдына қойып отырған бүгіні сұранысы,талабы,тақауыры күнгірт,міндет-мақсаты қоғам талабына сәйкестенбей,мемлекет саясатына бағдарланбай,жалаң идеялардың жетегінде кету қаупі де жоқ емес.Ғылым барлығын шешетін мына заманда,мұндай салғырттық жақсылыққа апармасы айқын.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Дина Ілесбекқызы (педагогика магистрі)
Айнұр Серікқызы (психолог-педагог)
6 желтоқсан 2017

Әдістемелік қоржын
Айнұр Серікқызы: Қобдабай Қабдыразақұлы, Әулеттік мектеп педагогикасы

Мақала авторы: Айнұр Серікқызы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер мұғалім,
Лауазымы: педагогика магистері; ақын-жазушы
Порталға жариялану мерзімі: 06.11.2017

Әулеттік мектеп педагогикасы

Қазақ қауымында әлмисақтан бері әлеуметтік және әулеттік деп аталатын екі топтағы мектеп болған-ды.
Әулеттік мектеп-(қалың қауым,жұрт арасында,ел аузын-да,ол:-қазақтың қарадомбай мектебі аталады)-жеке отбасы-нан бастап,әулет,ауыл,тайпаға дейінгі адамдарға ортақ, жарық дүниеге жаңа келген сәбиден бастап, қарттарға дейін қатысатын,қазаққа тән(түрік тектес халықтардың бар-лығында ұқсас қалыптағы тәрбие мектебі болғанымен ара-сында айырмашылық бар),сан ғасыр бойында қызмет жаса-ған,күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, келешекте де болатын,ұлт өкілін қалыптастыратын шынбайлы нұсқа, ерекше тәлім-тәрбиелік орта.
Қазақ танымында адам жасы:балалық,жігіттік және қарттық («Тәңертең төрт аяқпен,күндіз екі аяқпен,кешке үш аяқпен жүреді.Ол,кім?»-деген жұмбақты еске түсіріңіз.)үш кезеңнен тұрады.Өмірге келген күннен бастап,қырқына шыққанға дейінгі бала-қызылшаха кей өлкенде шарана (шақалақ) деп аталады.Ит көйлегін шешіп,қарын шашын алдырған соң,қаз-қаз басқанша-нәресте(кей өлкеде бөбек) делінеді. тұсауы қиылып, аяғын басқаннан жеті жасқа дейін-сәби(кей өлкеде балдырған)аталады.Жеті жастан он үш(15) жасқа дейін-балалық шақ.Балалық шақтың тіршілік тұрағы, тұрмыс аясы-жанұя аталған.
Отау иесі болғаннан,немере (не жиен)сүйгенге дейінгі кезең-отағасы (отанасы) аталып,тіршілік тынысының шеңбері-отбасы делінген.Немерелі-шөберелі болғаннан бақиға аттағанға дейінгі кезең-ата(әже) делініп-тұрмыс аясы-әулет атанған.Осы аталған кезеңдердің тіршілік шеңберінде жүргізілген,мақсатты,жүйелі тәрбелік іс-қимыл әрекетті ,тәлім- тәрбиелік үлгі-өнегені- ӘУЛЕТ МЕКТЕБІ деп отырмыз. Бұл мектеп- аты-жөнін айпарадай етіп маңдайшасына жазып қойған еңселі, ғимарат емесӘулет мектебі-кім-кімге, нені, қалай үйретіп жатқаны айқын көрініп тұратын, «тұнық шыныдан жасалған»,әулет мүшелерінің көз алдында сабағын өткізетін мөлдір де, ашық мектеп.Ол талантты да озаттарды бөліп алып, оңаша оқытпайтын,кәрі-жас,ұл-қыз,бай-кедей, шенді-шекпенді,хан қараша баласы деп алаламайтын көпке ортақ мектеп.Осындай мектептің қазақ ортасында бар екенін, қазақ баласына тәлім-тәрбие беру амалына көңіл аударғандар мен арнайы зерттегендердің барлығы да айтқан болатын.
Кейбір әулет өсіп-өніп,рулы елге,тайпа дәрежесіне жеткен. Орталарынан неше түрлі дарынды,өнериелері туып шыққан. Осы негізде дамыған,тайпа арасына қызмет жасаған, өнерлік-кәсіптік мектептер де болған.Олардың ерекшелігі тарихи тұлғалардың, өнериелерінің есімімен аталуы.Мәселен, Қорқыт, Ықылас мектебі,Құрманғазы,Тәттімбет мектебі, Бұқар,Абай мектебі,шешендік,жыршылық мектебі т.б. Сондай-ақ,керейлік үйшілер мектебі, адайлық зергерлік мектебі, наймандық бақсылар мектебі.
Әулет мектебінің түрі де мол.Мәселен ата-әже немесе әке-шеше мектебі,жезде-жеңге мектебі,ақсақалдар мектебі қарашаңырақ мектебі,ана мектебі,дана мектебі, ақшам мектебі, бала думаны,құрбы-құрдас мектебі,мереке-мейрам мектебі,еңбек-өнер мектебі т.б.
Әулет мектебі қазақтың тұрмыс салтынан туындағандықтан,оны,әдет-ғұрып,дәстүрлерден айыра. тану оңай емес. Былай қарасаңыз,қазақта не көп,той думан,мереке көп. Оның бәрі,асып-төгіліп,шашылып-тарату үшін жасалған, мақтаншақ-бөспенің іс-әрекеті емес,бала тәрбиесі үшін, жастарға ұлағат үшін, үлгі-өнеге беру үшін жасалады.Оларды жалпы алғанда,қазақ-жастар думаны(бала қуанышы)деп атаған.Қазақ қандай да,салтын,думанын жасаса да,оның тәрбие мектебіне айналуын көздеген
Қазақ салтанатты адам рухын асқақтату үшін жасайды Ал,ұлттық рух бала жанына ділмен, тілмен,дәстүрмен, өнермен сіңетінін аңғарған халық,бала алғашқы мүшелден асқанға дейін,оның дамып жетілуі,өсіп нығаю әр кезеңін мұқият бақылап,жетістігіне жігер беріп,табысына талдау жасап,үнемі атап өтіп отырған.Мәселен,құрсақ той,ат қою, шілдехана,бесікке салу,шаш алу(қию),тұсауқияр, атқа мінгізу,сүндет той,тілашар т.б. ғұрыптарды осы кезеңдерде өткізген.Ондағы негізгі мақсат:жас баланы әлпештеумен қатар басқа балаларға берілетін тәрбие мен білімді осы шараларға сіңіріп беру ісін ұйымдастыру еді. Басқаша айтқанда; балаларға тәлім-тәрбие беру үшін,әулет мектебін осылай ұйымдастырып,оның пәндерін осылай оқытқан.Ол өз кезегінде,осы ұйымдастыру нәтижесінде , қазақтың ғұрып салтымен біте қайнасып,әдет-әдебіне ұласқан,күнделікті тыныс-тіршілігінің қалыбына айналған. Олай болса әулет мектебінің түрлері дегеніміз қазақ салтында,әдет-ғұрпында атқарылған әрбір іс-әрекеттің, ұйымдасқан,бірлескен,белгілі мақсатқа сай жүзеге асырылған шаралардың жиынтығы болмақ.
Әулет мектебінің тәрбие құралдары мен тетіктері де ерекше болған.Мәселен,тіл және сөз,ырым және әдеттер, ғұрыптар,рәсім-тәмсілдер,наным-сенімдер, мұралық және жәдігерлік дүниелер, атамекен-ел-жұрты,тұтынған ас суы,киім-кешегі,баспанасы,өскен өлке,ата-баба моласы , зираты т.б.Қей ретте,тәрбие құралдары өз кезегінде әулет
мектебіне де ұласа алады.Мысалы,жұмбақ айту,жасыру тәрбие құралы болумен қатар «Айтыс» аталатын бала думанының құрамдас бөлігі.Ал,балалар айтысы жай ғана тәрбие құралы емес.ол-әулет мектебінің бір түрі. Айталық, балалар айтысы тәжіксілесу немесе қарапайым сөз қағысы;суырып салмалыққа баулу,соған жаттықтыру айтысы;өтірік өлең айтыс;жаңылтпаш жарысы;мақал-мәтел жарысы:қара өлең айтысы;жұмбақ жасыру сайысы; сыр ашу сайысы;жұмбақ өлең айтысы,қүлдіргі айтыс , аралас айтыс сияқты оның көптеген түрі бар. Міне,осыларды өткізудің белгілі ережесі,әр түріне сай қойылатын талап бар.
Қазақ қоғамы аталы сөзді дәріптеп,оны тек қатынас құралы немесе тәрбие құралы ғана емес,өмір салтын үйлестіруші тетік ретінде пайдаланған.Осы негізде дала демократиясын қалыптастырып,жетім-жесір,қарт,мүгедек үйлерін жекелемей, түрме, қамау орындарын тұрғызбаған.Ол олма,құлдар мен күң, тұткындар мен олжаланған адамдар тағдыры ізгілікпен шешілген.Сондай-ақ,қазақ азаматын марапаттаса,«шенді шекпен жаппайтын, төсіне жылтыратып металл тақпайтын.» Қазақтың марапаты да-сөз,жазасы да-сөз.Сол себепті әулет мектебінде негізгі тәрбие құралы міндетін сөз атқарған. Мысалы; ардақтау,ұлықтау,мадақтау,дәріптеу,қолдау қолпаштау,кешірім сұрау, тағзым ету,аяққа жығылу, көңіл сұрау,естірту,дауыс шығару,көрісу,жоқтау қатарлы әдеттер, өз рәсім-тәмсілдерімен ғұрыпқа сіңісіп, қазақтың кім екенін басқаға танытатын ерекше бір ұлттық нышанға айналған.Оған коса,тәлімдіқ сөздер,тыйымдық сөздер,өсиет сөздер,бата-тілектер,аңыз әңгімелер,ертегі- хикаялар,шешендік сөздер, өлең-жыр, толғау дастандар қазақтың телегей теңіз рухани мүрасын құрай отырып,нағыз тәрбие құралы бола алған.Бұлар ислам хадис шарифімен ұштаса келіп діни тыйымдар мен бұйрықтарға етене қабысып кеткендіктен әулет мектебінің басты да,нақты тәрбие құралына айналған.Қазақ бір ауыз сөзбен,тұрғанды отырғызған,жатқанды тұрғызған, есенгірегеннің еңсесін көтерген,еліргеннің екпінін басқан,бір ауыз сөзбен «тірілтіп»,бір ауыз сөзбен «өлтірген».
Тіптен, «Әулет мектебінің ең басты әлеуметтік пәні де- «Тіл өнері» болған. Осылайша,қазақ деген халықтың;сөзді тыңдау,сөзге тоқтау,сөзде тұру,сөзді ұғып оны қадірлей білу дағдысы,оның салихалы әдебіне, ерекше қасиетіне,өзгеше мінезіне айналған. Қазақ сөзбен адам жанын да,тәнін де емдеген.Қазақ тілмен тұлға,азамат тәрбиелеп қалыптастырған. Қазақтың тілі-қылыш,сөзі сойыл.
Тәрбиелеу ісі әулет мектебінде, адамның өсіп даму жас ерекшелігіне сәйкес жүргіз-ілетін. Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып,мойны беки қырқынан шығарылып,құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады. Сылап сипауды әнмен өңдеп орындайды.Алғаш тілі сөйлеуге келе тілашар жасайды
Бір жас аумағында-. шарана, шақалақ,нәресте атаулары қоланылады.Бір мен екі аумағында,қыз баланы бөпе,ұл баланы бөбек дейді.Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Қазақ танымы бойнша бұл шақта қойылатын негізгі талаптар: «осы кезеңде бала әкесінен гөрі анасына көбірек тәуелді келеді. Қажеттілігі жақсы қамтамасыз етілмеген бала кейін өскенде маңайынан шу кетпейтін бақытсыз бала болып өседі. Бұл кезде ананың ең басты міндеті баланы құшағына қысуы мен емізуі де үлкен мәнге иеАнасының махаббаты мен мейіріміне қанып өскен бала өзіне сенімі мол, айналасындағылармен тез тіл табысып, қоян-қолтық араласа кетуі оңай, сүйкімді болып өседі. Өзіне қажетті ана махаббатынан екі жыл мақұрым қалған бала басқалармен тіл табыса басы қосылып ойнауы қиын, адамға жұғымсыздау болып өседі».Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала,балақай,3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15 жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала, бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады. Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар өте ұлағатты атаулар. Бала дамуы дегеніміз оның бойында,ойында,қимыл –қозғалысындағы өзгерісті, жаңалықты айтады. Айталық. нәрестенің, кіндігі түсуі,ана үнін ажыратуы, әке-шешесін тануы,күліп-жымиуы,аунай алуы, талпынуы,құйрығын басуы,еңбектеуі,қаз тұруы-қадам басуы, сөйлеуге икемделуі, сөйлеуі, аяқ-қолын ербеңдету алақан ұруға икемделуі т.б.Міне осы қатарлы бала дамуын ерекше бақылаған ұлтымыз,оның даму кезеңдерін мұқият қадағалап,әр кезеңіне айрықша мән беріп,ерекше танымдық-тәрбиелік іс-әрекеттер ұйымдастырып,тамаша сабақтар өткізген.Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін,қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім,көрсететін үлгі-өнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып,өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған.
Әулет мектебінде берілген үлгі-өнеге,білім мен дағдының мазмұнын пайымдасақ, жекелеген пәндерді үйрету ғана емес, жалпы әлеуметтік білімді үйрету көзделген
Тарихқа көз жүгіртетін болсақ,кең байтақ өлкемізде буыннан –буынға жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргендік, мейрімділік салтанат құрып, үйлесім тауып жатқан.Міне, сол қымбат ,асыл қасиеттердің бәрі отбасы,ошақ қасында бүршік атып,бұтақ жайған.
ҚАРАПАЙЫМ ҚАЗАҚ ОТБАСЫ түрлі тәрбие құралдарын толық пайдалана алмаса да,өңірлік,рулық,ауылдық шеңберде өз балаларын әулет мектебінде тәрбиелеп келді. Шаруа отбасында тәрбие,үлгі өнеге көрсету іс-әрекеті,әулет пен тайпаның,рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне,еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын.Ұлттық тәрбие құралдары өз жүйесін құрай отырып,тұрмыс салтында тұрақты әрекет етуші дәйекке айналған.
Қазақ қауымының қай кезеңінің алып қарасаңыз да,еңбектің көбін балалар еңсерген. Олардың тіршілік те алар орыны,әулеттегі қолғабысы орасан зор болған.Қазақ атамыз: «баланың ісі білінбес,тайдың мінісі білінбес» деген ғой. Әсіресе бақташылар мен бағбандардың,балықшылар мен дихандар үшін балалардың көмегі шексіз еді.Әрі өмірге дайындау,осы еңбекке жас өспірімді тікелей қатыстыру жолымен жүргізілетін. Сондықтан,баланың жасына сай,игертуге тиісті еңбек дағдысын уақытты ұтымды пайдаланып үлгерту ата-ана үшін қасиетті борыш,әрі парыз болған. Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді.
Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым,серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас; қой жас;жылқы жас; патша жас;аңдушы;қағушы;суқұяр: атқосшы; көрікші; соғушы; аутартар; ескекші.Жыл бойында атқарылатын еңбек нау-қаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектебін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу, шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары біті-сімен,қазақтар,салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған.Мысалы: сірге жинар,төстік қаптар,соғым бас, көгентүп жасау,пішен той,сабан той т.б.Әулет мектебінің қай түрін алсақ та,негізгі мақсат:ЖАС ҰРПАҚТЫ көзі ашық,көкірегі ояу,парасатты жақсы АТА АНА болуға әзірлеу,дәуір талабына сай өмірге дайындау екендігі айқын аңғарылады.Өмірге есті де,епті әке-шеше дайындау қазақ үрдісінің бірінші ерекшелігі:ұл мен қыздың өмірге келген күнінен бастап,отау тігіп бөлек шыққанға дейін,бір ғана әулет мектебінің аясында тәрбиеленуі болып табылады. Екінші,Қауымдық тәрбие мен отбасылық тәрбиесі,бірін-бірі қолдаушы ниеттес іс-әрекет арқылы жүзеге асатынҮшінші.Адамдардың тәрбие ісіндегі мақсат,мұрат сәйкестігі,ұлттық мүдде бірлігі,әдеп,тіл,дін ұксастығы ұрпақ тәрбиесінде алалық туғызбайтын.
Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми–теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат тәрбие ісімен айланысып бақты.Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадында мәңгі сақталып,ұрпақтан –ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет,өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-тәрбие беру тағлымдары бар. Ал,қазақтың педагогикалық негізгі ілімдері ауызша және тасқа,қағазға жазылып бізге жеткен.Ауызша және жазба түріндегі педагогикалық ой-сана,оларды жүзеге асыру амал-айла,тәсіл-әдістерінің тәжірибелік үрдістері мен халықтың тұрмыс-тіршілігіндегі рухани тәжірибелері арқылы қалыптасқан тәрбиелік және дүниетанымдық ұстаным,құндылықтар жүйесін халық педагогикасы деп түсіндік. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогика дәрежесіне жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың түп негізі болып, тәрбие жүйесінің құрылымын айқындайтын бірден бір ой-сана қоры,асыл мұра бола алады. Халықтық педогоика ұғымын біршама талдаған орыс педагогы К.Д.Ушинский: халық тәжірибесінсіз “педагог та жоқ, педагогика да жоқ “-десе, Аристотель:«Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз»-дейді.Бұл тәлім-тәрбиелік үрдіс-сол халықтың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамып, қалып-тасқан.Ал ұлттық ерекшеліктері сол этностың тұрмыс-тіршілігіне, тарихи әлеуметтік, жағрафиялық жағдайларына, генетикалық,физиологиялық т.б. ұлттық ерекшелігіне байла-нысты болатыны белгілі. Тәрбиелеу ұлттық үрдісі: салт-дәстүр, жол-жора ырымдар, салт-тық рәсімдер мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнөк түрлері,ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жұрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халық-тың қарым-қатынасынан берік орын алған.Ол-әбден қалыптасқан,орныққан құндылық. Өйткені,ол бас-аяғы жүйелі, ғасырлар бойы қалыптасқан айрықша төлтума дүниетаным кешеніКөне дәуірде; ғұндарда, сақтарда, түріктерде отбасылық мектеп болған.Нақтылы жазба дерек бойынша,түрік дәуірінде,Ұмай Ана мектебі жұмыстаған.Қазақ мектебінің басы–Ана мектебі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулет-терінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында,өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебінде-білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбие-леу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал,жүргінші-жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ.жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын (ұлттық жалпы ойынды),ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыр-атын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген,керектеніп пайдаланған.
Ал,қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,. қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен,дүниетанымдық,наным-сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып,бүгінгі ғылыми педагогикаға ұласты.Анығында,қазақ педаго-гикасы-аталған төрт тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтар-ына сүйене отырып дамып жетілді.
Қазақ педагогикасы–оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Оны
ғылыми тұрғыдан пайымидап,теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.(Біз бұл атауды қабылдауға құлықты емеспіз.)
Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»-ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап,болашақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісіне тап болған,қандайда болсын жеке адам,егер, ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіп-тен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі уақытта қазақ ұлт өкілі болып,қайта қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда; ұлттық тілді меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса бәрі –бір түбінде оңалады.
Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасының туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді.Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін,бағытын,қағида мұратын тағайындаған педагоги-калық ілімді-әулеттік мектеп педагогикасы деп отырмыз.Екінші жағынан қазақ педагогикасы-әулеттік мектеп педагогикасы мен Ұлы Дала ұстаздарының ілімдік дүниетанымына негізделіп қалыптаса тұрып,халық педагогикасы,этнопедагогика ұғымдарына сіңісіп, өзінің түп тамырлық мағынасынан айырылып барады.Қазақта топтық, таптық,бектік немесе байларға,кедейлерге(касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Айнұр Серікқызы 07 қазан 2017

Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі
Лауазымы: зейнеткер мүғалім
Порталға жариялану мерзімі: 26.09.2017

Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды.. (Бекасыл әулие1822-1915)
Қазіргі кезеңде біз үшін жастар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілік-ке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру, «бәсекеге қабылетті» ұрпақ тәрбиелеудің басты амалы болып отыр.. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптас-тыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады. Халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, біліктілігі, тыныс-тіршілігінің ғұмыр нәрінің бұлағы – ата-баба мұрасы,адамзат мирасы екені белгілі.Рухани мұралар мен құндылықтар тектілік жолымен де,мирастық үрдіспен де жалғасын табады..Халқымыз «түбін білмеген тексіз,тегін білмеген түбін білмейді, тегі мен түбін білмегеннен келелі кеңес шыға қой-майды» деп кесіп айтқан. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалып-тастыру құралы. «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (И. Кант). Олай болса, тәрбиелеу жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылықты іс-әрекеті,қам-харекеті.Тәрбиелеуші әрекеті -біреулердің ізгі ниетпен,адал көңілмен жүргізген өзіндік қимыл-қозғалысы болумен қатар,ұрпақ алдындағы борышы,адамдық парызы, табиғат заңдылығы,атадан-балаға ұласқан тектілігі.Жеке адам бір-бірінен ажыратылатын және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері арқылы айқындалады.Анықтауыш қасиеттер — жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білінетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы -күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылығы мол құбылыс. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп,тәрбиелейтін-қоғам»,-деп өте орынды айтқан.Ал,қазақ айтады: «Тән-Тәңірден, тәр-бие-өзімізден» Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым да бар.Ол адамның өсу шағына сәйкес:нәрестенің дамуы,сәбидің дамуы,жеткіншектің дамуы,жас өспірімнің дамуы, бозбаланың дамуы,бойжеткеннің дамуы деп топталады.Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы — бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.Осыған әсер ететін ұрпақтың бойында бар,ата-бабадан ұласқан , ақыл-ой,дарын-қабылет,өнер мен даналық нышандары біршама дәреже де оған ықпалын тигізе алады.Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтар-ында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады.«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» деп Я.Коменский тәрбие сипатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:Адамға барлық заттарды білгізу-«ғылыми білім»;Заттардың және өзінің қожасы ету-«адамгершілік»; Құдайға,заттарға құлшылық ету-«діни тәрбие»;Тән саулығы-«дене тәрбиесі».Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс бар.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінелі. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы өзгешелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзі-мен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды..Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу-миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды Жеке тұлғаға тән қасиеттерді,оның ата –бабасынан ұласқан тектілігімен ұштастыруды,мұны жүзеге асырудың ғылыми негізін тұжырымдап, қалыптасу жолын айқындап саралау,амал-айласын,тәсілдерін тағайындап беруді текті тұлға тәрбиелеу теориясы деп отырмыз.Бұл теорияның формуласын қорытып,ғылыми негізін анықтауға алғы шарттар мен негіздер бар ма?Сенің іздестіріп тапқандарың мен қорытып тұжырым-даған түйіндерің жеткілікті ме?-деуіңіз әбден мүмкін.Педагогика мен психология тарих-ында мұндай талпыныстар әр кезде болған.Бір сәт тариха бет бұралық.Текті тұлға тәрбие-леу көзқарасына белгілі мөлшерде ықпал жасау мүмкіндігі бар теория-Бихевиоризм Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әркім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды.“Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция”(организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы“байланыс”(ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Бұл теорияның мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерінанықтау .Бізге керектісі-осы,ортаға бейімделу бағыты. Казіргі психологиядағы тұлға теория-ларынан(Ангьял, Гольдштейн, Роджер) туа берілген организмдегі өзіндік маңыздану да бізге жат болмайды Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс — әрекет сияқты.Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінезді белгілеп, оны бірнеше топқа бөледі:1.Адам қабілеті.2.Когнетивті стротегиясы.3.Кітетіні.4.Құндылығы.5.Мінез жоспары.Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.
2.2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят.
3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.
4.Еңбекқорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін — өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.
6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы оған қарсы мәндері. 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.
8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
Бұл дағдарыс пен дамудың барлық нышандары мен белгілері «Адамтану қазақ ілімінде»
толық қарастырылған.(Адамтану қазақ іліміне кіріспе,Балатану баспалдақтары.(Коллеги каз.журнал.Әдістеме кз.Тәрбие кз.Еdu laif.kz Kaz ust.Akikat.kz сайт,порт.)
Материалистік педагогиканың өзінде-жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды айқын көрсеткен 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) табиғи және әлеуметтік орта
3) Мәдениет 4) Топтық және даралық(ндивидуалды) тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашы-лығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны қалыптастыра алмауын айтса,біз осы кемістікті тектілік арқылы жоюды ұсынамыз. Себебі-қазақтың тектілік туралы ұстанымы генетикалық тектен терең.Табиғи және әлеуметтің ортаның тұлға қалыптстыру ролін біз жете бағалймыз.Себебі,қазақ халқы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,тек және тектілік туралы аса қомақты білім қорын жинаған ,сондай-ақ, текті тұлға тәрбиелеу тәжірибесі орасан салмақты.Осы педагогикалық процесс,қазақта жалпы ұлттық сипат алған. Бүгінгі педагогикалық-психологияның экспериментальді түйіндері мен тұжырымдарынан еш кем емес.Текті тұлға тәрбиелеу теориясы өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді. Экспериментальді емес теория санатына сиысады,Себебі ол,талай ғасыр бойы керектеніліп сыналған білім.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғат заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі – префор-мистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады
«Академик Д.Кішібековтың пайымдауынша, текті болуға ата-баба, ана, туған жер, өскен орта әсер етпей қоймайды, бірақ, осылардың ішінде ең бастысы – әр адамның өз басы, ақыл-есі, парасаты, жігері, алдына қойған биік мақсаты, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтыла білуі. Сонда ғана, адам дараланып, сомдалып, тұлғалық дәрежеге көтерілуі мүмкін. Осылайша, қоғам қашан да тектілерге сүйенеді. Текпен берілетін қасиеттерге өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға болады. Себебі, баланың бойын-дағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады. Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбасшылық, зиялылық, діншілдік, әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті. Ғалым, философ Ж. Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда, әрекеті батыл келеді» деп сипаттайды.Ақын Сәкен Иманасов, дінді тектіліктің бастауы деп біледі. Сонау ламаизмнен, даоцизмнен, тәңіршілдік, буддизмнен бастау алып Исламмен жалғасын табатын адами қасиеттер сананың, зерденің оянуы, жетілуі, ар тазалығы, инабаттылық пен қайырымдылық иірімдерін қалыптастырады, тектілікке жол ашадыАмерикандық ғалымдардың зерттеуінше бақытты болуға жалғыз жол достық қар ым-қатаныстарды нығайту мен әлемдік дәстүрлі діндер насихаттайтын адамгершілік нормаларын ұстану екенін ғылыми жолмен дәлелдеген. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым, Дәуірхан Айдаров: «ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді. Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» – деп тек пен тектілікті ажыратады. Жазушы Қ.Түменбай тектілікті шыңырау құдыққа теңеп, «оның суы мөлдір болғанындай, тектілік те мөлдір болады» – дейді.
Жазушы А.Смайыл «тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі үрім бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етеді. Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар, тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі» деп тектіліктің азаматтықпен біте қайнасып жатқандығын көрсетеді. Сонымен, зиялы қауымның пікірі тектіліктің туын биік ұстау үшін адамның бойында мынадай өлшемдер болуы шарт дегенге саяды: дене бітімі, ой-санасының деңгейі, тәрбие, жүріс-тұрыс, киім киісі, қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, тамақтануы, тәртібі, ғылым мен өнерге жақындығы, салт-дәстүр мен дінді ұстануы, жаны, сезімі, ақыл-парасаты, ізденімпаздығы, жауапкершілігі, рухының биіктігі, қанағаты, иманы, шыншылдығы, турашылдығы, мүсәпірге қол ұшын беруі, жанашырлығы және т.б. Әрине, аталған қасиеттердің жиынтығы бір адамның бойынан табылуы некен-саяқ кезедеседі. Десек те, қазақ тұлғаларға кенде емес!» (А.Молдабекова.www.akikat/kz)
Гуманитарлық ғылымдар да тектің әлеуетін пайдалануды көздеді. Әсіресе, психо-терапия ғалымдары адамның ата тегін зерттеу арқылы отбасылық қатынастарда туындайтын мәселелерді анықтауға көштіОсылайша, бүгінде әлеуметтік психология мен клиникалық әлеуметтану ғылымында адамның шыққан тегін сызғызу арқылы, оның бүгінгі өміріндегі әлеуметтік мәселелеріне жауап айтады. Адамның сол текті жалғаушысы немесе белгілердің тасымалдаушысы ретінде келер ұрпаққа не беретінін, не беруге болатынын да талдауға болады. Тіпті, ажырасу, ішімдікке салыну, психологиялық бедеулік, ер азаматтың отбасын тастап кету жағдайлары, жеңіл жүрістікке салыну және т.б. әлеуметтік мәселелердің тек арқылы берілетіндігін ғалымдар байқаған. Қазақта текті сипаттаудың негізгі құралы болған шежірені ғылымда «социо-генограмма» дейді. Қазақтың шежіресіндегідей социогенограммада да кемінде жеті атаға дейін туған-туыстар көрсетіледі. Тіпті, оны сызудың, қандай ақпараттар көрсетілуі керектігін ғалымдар ғылыми тұрғыда жасап, шартты белгілеріне дейін анықтап қойған. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.Осы негізде,қазақ әулет мектебінде «Тарих-шежіре» деген пән оқытылған.Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі-шежіре үйрету .Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жастың тұлғалық қасиетіне тірек қояды. Сондықтан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейдіБала жас ерекшелігі ескеріліп, қазақтың классикалық шежіре жазу дәстүріне сәйкес, «Менің шежірем» атты белгілеу кітапшасын жасап,шамалы әулетте (200-дей отбасын қамтып) , ұстаздар мен ата-аналар көмегін ала отырып, генетика, родология, нумерелогия, астрология жетістігіне сүйеніп, қолданып,керектеніп көріп едік, ата-аналардан жақсы қолдау тауып,тым жылдам таралып отыр..Кейбір ата-ана «Әулет шежіресі» деген фотосуретпен безендірілген кітаптар дайын-дап алды.(«Менің шежірем» кітапшасының жасалу жолы,пайдалану әдісі-/Тәрбие орг сайтында:14.қыркүйек 2017 №23088. Tarbie.org 23088—pdf:; Edu Laif kz Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы.Ол өңді суреттер мен кестелерден тұратындықтан мұнда көрсетілмеді/ осы сайттарда толық көрсетілгендіктен,содан танысуға болады.) Тектіліктің дәл анықтамасы болмағанымен, белгілі бір нышандары мен қалыбына сәйкес біз өз анықтамамызды ұсыгнатын боламывз.
Қазақтың көрегендігі де, көсемдігі де санасында, сананы тәрбиелейтін, қор¬ғайтын, жетілдіретін амал айла,әдіс-тәсіл толық жетіліп,қалыптасқан. Қиыншылық қыспағының қар¬қынын рухани жағынан тежейтін көрегендік саналы адамдардың шығуына ықпал еткен, әділетсіздіктің заңын орындайтын санасы жұтаң адамдарға бұл әдіс белгісіз болып көрінгенімен, тарихтың рухымен қатар келетін ұлттық сананың қасиетін ұрпақ бойынан қайта ашатын қазақы тәрбиенің әдіс-айласы ойдан ойға, бойдан бойға тарап рухты күшейтеді. Ұлт перзенттерінің интеллектуалдық оянуына тез ықпал етіп отырады. Ата-бабаларымыздың тектілік ұғымының мәні осында жатыр. Бала күн¬дерінде тағдырдың қиыншылығымен са¬балақ атанған қазақтың хандары, қойшы атанған қазақтың күйшілері, тай мініп, садақ атқан қазақ балаларының батыр болуының басты себебі жан дүние өрісінде. Ол уақыты келген, өмір талап еткен уақытында күшіне еніп, деңгейіне жетіп жан-дүниеден жарып шығатын қуатқа айналып, ең соңында елеусіз жүрген бала өзінің қасиетімен өмірдегі шынайы ролін, тарихтағы орнын өз күшімен дәлелдеп шығады. Демек тектіліктің заңы дала заңының бір белгісі, қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты байлығы,рухани құндылығы.(Ү.Сәрсенбин.www.akikat/kz)
Жалпы текті тұлға тәрбиелеуде мектеп пен әулет бірлесе отырып,кең көлемді, орасан аумақты іс шараларды жүргізіп тамаша табысқа жету мүмкіндігі бар екенін атап өткен дұрыс.Тұлға тәрбиелеудің басты тәсілі адамды сақтау, әлеуметтік ортада тектілікті қалыптастыру, сол тек¬тілік арқылы елдің болашағына қыз¬мет ету. Қазақ тұлғаларының қа-сиеті арқылы көрсетіліп отырған рухани қасиет үлгілер, яғни, төзімділік, шыдамдылық, батырлық, ақылдылық, зерделілік, сезімталдық, діни сауаттылық кешегі өткен ата-бабаларымыздың бойында бар болатын. Мыңдаған жылдарға жететін, ұлттың тәрбиесі арқылы ұр¬пақтың қасиетімен тарихи уақыттың бөгетінен өтіп отыратын тектіліктің қасиеті, тектілік қасиеттің күші. Біз көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі, биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, олардың қанында, жан әлемінде, бойында бар ортақ қасиет- тектілік. Тұлғалық қасиетті бойына тартып, оны өмірдің жағдайында, халықтың мұң-мұқтажына сай шығара білу, батырдың жаугершілік сәттерде жауынгерлікке жүгініп, ел ішінде, бейбіт уақытта қарапайым адам болуы рухани қасиет иесінің ерекше табиғатының мәнін айқындайды. Сондықтан да, қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын қорғайтын қасиет деп түсінген. Тектілік феномені хақында пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге тән даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі. Оған дәстүрлі қазақ қоғамының қойнауында пайда болған «алма сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы», «тектен нәр алған тозбайды», «шұғаның қиқымы да шұға», «тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы», «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым қуады», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы», «тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы» деген ілкіден келе жатқан нақыл сөздер де дәлел бола алады. Керісінше, бұған антипод мағынадағы «жетесіз», «жүгенсіз», «парықсыз», «көргенсіз», «тексіз», «тәрбиесіз», «ұятсыз», «намыссыз», «ештеңе көрмеген», «қарғыс атқан», т.б. нәлетті сөздерде жайдан-жай айтыла салмаған. Бағзы бабалардан жеткен «барымташыдан ұры, ұрыдан қары, қарыдан бәрі шығады» деген ұлттық дүниетаным кей кезде «өзі болған жігіттің -ата-тегін сұрама», «жаманнан жақсы туса – теңі болмас, жақсыдан жаман туса-емі болмас» деген пайыммен алмасқан. Қазақтың шежіресі-қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұс¬¬тысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын:-өз жұр¬ты, нағашы жұрты, қайын жұр-тын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Же¬телі еді, көргенді еді. «Жеті ата¬сын білмегенді жетесіз» дей¬ді жұрт. «Жігіттің жақсы бол¬мағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туа¬ды, адам айтса нанғысыз, жақ¬сыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа ал¬ғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсін¬бегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұ¬қиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөп¬шек, өбере, туажат, жүрежат, жек¬жат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге та¬нитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні бата¬сына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.(Жаңабек Жақсығалиев)
Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емемс. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі, оның өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін үзген Мыңның біріне ұя салатын текті¬лік құ¬былыстыңөзгеге ырық бермейтін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл қасиет екенін қазақ халқы алыстан аңғарды. Сайып келгенде, ұлттың тектік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау, құдандалы болу, атастыру, қалың мал, полигамия (көп әйел алу), әмеңгерлік, т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжырлы-текті тұ¬қымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақтастыруда бай тәжірибе жинақтады. Дәстүр¬лі қазақ қоғамында қалыптасқан некелік-отбасылық қатынастың негізгі өзегі бозбала мен бой¬жеткеннің арасындағы тамыры жоқ арзан сезім емес, жарық дүниеге ақыл-ойы зерек, дені сау, аяқ-қолы балғадай текті ұрпақ әкелу философиясымен байланысып жатыр. Өйткені қай кезде де ұрпақтың денсаулығы мен зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. Ортағасырлық жазба де¬реꬬтерде бірде Жәнібек хан ғұ¬лବма ға¬лым, шипагерліктен қара¬ үзіп шыққан Өтейбойдақ Ті¬леу¬¬қବбыл¬-ұлы¬нан: «Қандай ау¬ру¬ды ем¬деу қиын?», — деп сұ¬ра¬ғанда емші: «Тұ¬қым қуалай¬тын ау¬руды емдеу қиын», — деп жа¬уап береді. «Оның алдын алу¬ға бо¬ла ма?» — деген ханның екінші сұ¬-рағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өз¬ара қыз алыспау керек. Же¬ті қазақ үшін қасиетті сан», — деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіл¬сін!» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.) деген жар¬лық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бо¬йынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол (қазақ-Ж.Ж.) халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді.Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы: Қазақстан, 1994. 59-б.). Демек, ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын же¬тік білген. Тұқымқуалаушылық¬тың заң¬дары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, ме¬дициналық тілмен айтқанда, ор¬фандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер санының көбеюі қоғамды алаң¬датып отыр. Дамыған елдерде адамның тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық консультациялар¬дың жұмыс істеуінің өзі көп нәр¬сені аңғартады.(Ж.Жақсығалиев.abai.kz)
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен дараланады.Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер — айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер — сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды.Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға -жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп «мың ойланып, жүз толғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмауы процесі. Балада анадан туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»). Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық—рухани ұқсастығының белгісі,нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін,мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолдан-ған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды.Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді., ал кейде музыкаға, биге, математикаға,тілге қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді жан арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Міне,осы нақты жағдайларды еске ала отырып,текті тұлға тәрбиелеу жолын айқындаймыз, Текті жан иесі атанған сәбиді текті тұлға(Кісі) болғанға дейін Қазақ педагогикасындағы тәрбиелеу ілімін тірек етіп алып,ұлы даланың ұлық ұстаздарының ұлағатымен баулимыз.Мысалы,Ы. Алтынсарин текті тұлғаға тән,жеті жақсы қасиетті атап көрсеткен:Бiрiншi:Имандылық.Екiншiсi:Жоғарғыәдiлдiк.Үшiншiсi:Адалдық,ақкөңiлдiлiк.Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.Бесiншiсi: Адал ниет пен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі имандылық. Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы.Имандылық дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ, оның сәулелеріне не жатады екен?1. Әділеттілік
2. Тазалық 3. Мейірімділік 4. Сенім 5. Қайырымдылық 6. Ізгілік Бұлардың дені текпен беріледі,әрі жан басында бар,сана сарайын ашуды ғана күтіп тұрған табиғи болмыс,рухани мұра.Сондықтан, тектілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым — қатынасын ақылға салып, ар — ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Тектілік – адамның рухани байлығы.ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді. Бұл -біздің ұсынып отырған Текті тұлғаМодальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік категориялы, жеке тұлғалар бар. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда боуы да мүмкін.Ал.түптеп келгенде текті тұлғаның басымдық алуы заңды.Ал,қазақ халқының мыңдаған жылдық тектілік тәрбиесінің тәжірибесіне қоса орасан мол мұра -білім қорын жинағанын жоғарыда айттық Сондықтан сол білім қорын жас ұрпаққа беруіміз, игертуіміз керек.

Дерек көздері:
Ж.ЖақсығалиевТектілік феномені e-histori.kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені old.abai. kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені akikat razgazet.kz
А.Молдабекова Қазақ тектілігі-ұлт көрсеткіші alahs ainasy.hz
Ү.Сәрсенбин Текті тұлғадан текті ұлтқа дейін akikat.kz

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы(Теміртау қаласы №8 мектеп,шет тіл мұғалімі) 25 қыркүйек 2017