Аудармадағы терминдермен жұмыс

Аудармадағы терминдермен жұмыс [Английский язык]

Автор статьи : Матназар С.
Организация : Тұран университеті
Должность : студент
Дата : 16.05.2025
Научный руководитель : Айнұр Қ., филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Аңдатпа. Бұл мақалада ғылыми мәтіндердегі терминдерді аудару мәселелері қарастырылады. Терминологияның қалыптасуы мен дамуы аударма үдерісімен тығыз байланысты. Ғылыми және техникалық салалардағы терминдерді аудару кезінде баламалар іздеу, транслитерация, транскрипция және калькалау сияқты әдістер қолданылады. Аудармада терминологиялық бірізділікті сақтау маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, аудармашының терминологиялық құзыреттілігі оның кәсіби біліктілігінің негізгі белгісі болып саналады. Мақалада терминдерді аударудың негізгі әдістері талданып, олардың тиімділігі қарастырылады. Сондай-ақ, ғылыми аудармада термин таңдаудың маңыздылығы мен аудармашының жауапкершілігі атап өтіледі. Зерттеу нәтижелері аударма сапасын арттыруда терминологиялық сауаттылықтың рөлін көрсетеді.

Түйін сөздер: термин, ғылыми аударма, терминологиялық құзыреттілік, аударма әдістері, калька, транслитерация, баламалар.


Работа с терминами в переводе

Аннотация. В данной статье рассматриваются вопросы перевода терминов в научных текстах. Формирование и развитие терминологии тесно связано с процессом перевода. В научной и технической сферах при переводе терминов применяются такие методы, как поиск эквивалентов, транслитерация, транскрипция и калькирование. Сохранение терминологической последовательности играет важную роль в переводе. Кроме того, подчеркивается важность выбора терминов и ответственность переводчика в научном переводе. Результаты исследования показывают роль терминологической грамотности в повышении качества перевода. 

Ключевые слова: термин, научный перевод, терминологическая компетентность, методы перевода, калькирование, транслитерация, эквиваленты.


Working with Terms in Translation

     Annotation. This article discusses the translation of terms in scientific texts. The formation and development of terminology are closely connected to the translation process. In scientific and technical fields, various methods such as equivalence search, transliteration, transcription, and calquing are used when translating terms. Maintaining terminological consistency plays a significant role in translation. Additionally, the importance of term selection in scientific translation and the translator’s responsibility are emphasized. The results of the research highlight the role of terminological literacy in improving translation quality.

 Keywords: term, scientific translation, terminological competence, translation methods, calquing, transliteration, equivalents.

   Кіріспе. Аударма үдерісінде терминдермен жұмыс – өте маңызды және күрделі аспектілердің бірі. Ғылыми, техникалық, заң және медицина сияқты салаларда терминдерді дұрыс аудару тек мәтіннің дұрыс түсінілуін ғана емес, сонымен қатар ақпараттың дәл берілуін қамтамасыз етеді. Терминдер әртүрлі салаларда ерекше мағынаға ие, сондықтан оларды аударғанда дәлдігі мен сәйкестігін сақтау қажет. Бұл мақалада аударма үдерісінде терминдерді дұрыс пайдалану мәселесі қарастырылып, оның аударма сапасына әсері талданады. Мақаланың мақсаты – терминдердің аударма үдерісіндегі рөлін түсіндіру және олардың дұрыс аударылуы үшін қолданылатын әдістерді зерттеу. Сонымен қатар, терминдермен жұмыс істеуде кездесетін қиындықтар мен оларды шешудің жолдары да қарастырылады.

Аударма саласында терминдермен жұмыс істеу – тек тілдік дағдыларды ғана емес, терең ғылыми білімді де талап етеді. Терминдердің дұрыс аударылуы, біріншіден, ақпараттың дәл берілуін қамтамасыз етеді, екіншіден, мәдениетаралық коммуникацияны жеңілдетеді. Аудармашы тек тілдік құралдарды ғана емес, сондай-ақ әрбір саладағы нақты контекстті, түсініктерді, көзқарастарды да ескеруі тиіс. Осы орайда, терминдерді дұрыс аудару аударма процесінің сәттілігін қамтамасыз етеді, себебі бұрыс аударылған терминдер тек ақпараттың дұрыс түсінбеушілігіне ғана емес, сол саланың мамандары арасында да түсінбеушілік тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, терминдерді дұрыс аудару ұлттық тілдің байлығын сақтау мен дамытуға үлес қосады.

Жалпы, аударма саласындағы терминдермен жұмыс көпжақты үдеріс болып табылады және бұл мәселенің шешімі тек теориялық негіздерге ғана емес, сонымен қатар практикалық тәжірибеге де байланысты. Аудармашылардың өз жұмысында терминдермен жұмыс істеуі, олардың ғылыми және техникалық саладағы жаңашылдықтарға икемділікпен қарауы аударма сапасының басты көрсеткішіне айналады. Осы тұрғыдан алғанда, аудармада терминологияның дәлдігі мен бірізділігі – сапалы аударма жасау үшін негізгі шарттардың бірі.

Терминдермен жұмыс істегенде, тек сөздер мен олардың мағыналарына көңіл бөлу жеткіліксіз. Әрбір салаға тән нақты терминологиялық жүйені білу және түсіну аудармашы үшін маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Терминологияның бірізділігі мен дәлдігі аударма сапасын жақсартуға және кәсіби саладағы түсініспеушіліктерді болдырмауға мүмкіндік береді. Бұған қоса, терминдермен жұмыс жасау барысында, аудармашы тек тілдің заңдылықтарын емес, сондай-ақ сол терминнің мәдени, әлеуметтік және ғылыми контекстін де ескеруі қажет.

Қазіргі заманғы аударма үдерісінде терминдермен жұмыс істеу тек теориялық білімдерге ғана негізделмейді, практикалық жұмыс та маңызды рөл атқарады. Технологияның дамуы мен ақпарат алмасудың жеделдеуі жағдайында жаңа терминдер пайда болып, оларды дұрыс аудару қажеттілігі туындайды. Сол себепті, аударма теориясы мен практикасының арасындағы байланысты нақтылау, аударма сапасын жақсартуға бағытталған әдістер мен құралдарды дамыту маңызды. Бұл үрдіс тек аударма мамандарына ғана емес, бүкіл қоғамға тиімді болар еді, өйткені терминологияның дұрыс аударылуы мәдениетаралық түсіністікті қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, аудармадағы терминдермен жұмыс істеу – бұл үнемі даму мен ізденісті талап ететін үдеріс. Терминдердің дұрыс аударылуы – тек техникалық мәселе ғана емес, ол қоғамның ақпараттық өрісін қалыптастыруға да ықпал етеді. Салалық терминологияның аударма үдерісінде дұрыс қолданылуы, өз кезегінде, аудармашылардың кәсіби деңгейін арттыруға, олардың біліктілігін көтеруге мүмкіндік береді. Осылайша, бұл жұмыс арқылы аударма сапасын арттыру және мәдениетаралық байланыстарды нығайту мүмкіндігі пайда болады.

Негізгі бөлім. Аудармадағы терминдермен жұмыс – тек лексикалық сәйкестікті табу ғана емес, тілдің жүйесі мен мәдениетіне сай мағынаны дәл жеткізуге бағытталған күрделі үдеріс. Бұл салада аудармашыға қойылатын талаптар өте жоғары, себебі әрбір термин белгілі бір саладағы ғылыми ұғымды білдіреді. Яғни, аудармада терминнің дәлдігі мен бірізділігі – мәтін мазмұнының дұрыс қабылдануының кепілі. Мысалы, медицинада «инфаркт», құқықта «мүліктік жауапкершілік», техникада «жылуөткізгіштік» терминдері бар. Егер осы терминдер қате аударылса, ғылыми немесе заңдық тұрғыдан үлкен қателіктерге жол беріледі.

Құрманбай Ш. терминология саласындағы зерттеулерінде: «Жаңа термин қалыптастыруда әр өңірдің тілдік ерекшелігін алға тартып, өз ұсынысын дұрыс деп санау үрдісі жиілеп кетті. Бұл бір жағынан уәжділікке негізделсе, екінші жағынан бірізділікке зиянын тигізіп отыр» деп жазады [1]. Яғни, бір сөзге бірнеше балама ұсынылғанмен, олардың қайсысы нақты, қайсысы стандартқа сәйкес екенін анықтау қиынға соғады. Мысалы, «core» сөзі бір жерде «өзек» деп аударылса, басқа жерде «ядро» болып беріледі. Бұл сөздердің екеуі де мағыналық жағынан ұқсас болғанымен, ғылыми мәтінде бірізділік бұзылып, түсініксіздік туындауы мүмкін.

Рәбиға Сыздықованың зерттеуінше: «Жаңа ұғымға балама іздегенде, қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін, тарихи сөздік қорын, сөзжасам үлгілерін пайдалануға ерекше мән беру қажет. Бірақ бұл ізденіс тілдің табиғатын бұзбауы керек» дейді [2]. Бұл дегеніміз – терминдерді ойдан құрастырмай, бар сөздік қор мен қалыптасқан сөзжасам жүйесіне сүйене отырып аудару қажет. Мысалы, «география» сөзін «жертану» деп беру тілдік тұрғыдан сәтті болғанымен, ғылыми қауымдастық оны кең қолданбаса, термин сіңіспей қалады. Яғни, балама табуда тілдің заңдылықтары мен терминнің қолданыс аясы тең деңгейде ескерілуі тиіс.

 А.К.Шыныбекова өзінің зерттеулерінде былай қарастырды: «Латын графикасына көшу қазақ тіліндегі терминологияның бірізділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді» деген [3] .Латын графикасына көшу барысында терминдердің жазылу ережелері мен транскрипциясы реттеліп, оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру оңтайландырылады. Бұл, әсіресе, ғылыми және техникалық салалардағы терминология үшін өте маңызды, себебі терминдердің тұрақты жазылуы мен түсінікті болуымен ғана кәсіби коммуникация дамиды. Мысалы, «инженер» термині кириллицада жазылғанда көбіне «инженер» немесе «инжене́р» болып жазылса, латын графикасына көшу барысында оны бірізді жазу үшін «inzhener» деп белгілеу ұсынылады. Бұл терминнің халықаралық танымалдығын сақтап, қазақ тіліндегі дыбыстық ерекшеліктерін ескереді.

Тағы бір мысал ретінде «компьютер» терминін алайық. Латын графикасына көшу кезінде оны «kompiuter» деп жазу қалыптасып жатыр. Бұл қазақ тілінің фонетикалық заңдылықтарына сәйкес келеді және терминнің түпнұсқалық мәнін сақтайды.

Нұргелді Уәли термин мәнін түсіну үшін контекст рөлінің аса маңызды екенін айта келе: «Сөз тіркестерінде берілген терминдердің семантикасы мен прагматикалық мағынасы тек жеке аударма арқылы ашылмайды. Ол мәтіннің өзінде ашылуы керек» дейді [4]. Бұл дегеніміз – терминнің мағынасын толық түсіну үшін оны контексте қарастыру қажет. Мысалы, «platform» сөзі IT саласында «платформа» болса, саясатта «бағдарлама», ал техникада «негіз» ретінде беріледі. Яғни, бір сөз – үш түрлі салада үш түрлі мағынаға ие болуы мүмкін. Сондықтан аудармашы терминнің қай салада қолданылып тұрғанын ескеріп барып аударуы тиіс.

Байынқол Қалиев қазақ ғалымының зерттеуіне үңілетін болсақ: «Терминдерді аудару кезінде олардың мағынасы мен қолдану аясын ескеру қажет. Әйтпесе, олар тілдік жүйеге сіңбей, түсініксіз болып қалады» [5]. Яғни, кез келген терминді аудару кезінде ол қазақ тіліне бейімделіп, тіліміздің фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Мысалы, «network» термині «желілік жүйе» деп аударылады. Бірақ кей мәтіндерде «тор», «желі», «байланыс» деген әртүрлі нұсқалар кездеседі. Бұл жерде бірізділік сақталмаса, оқырман үшін түсініктілік төмендейді.

Сонымен қатар, терминдермен жұмыс – аудармашының терең ғылыми дайындығы мен салааралық білімін талап етеді. Яғни, термин – тек тілдік бірлік емес, сонымен бірге ғылыми, құқықтық немесе техникалық ұғымды білдіретін белгі. Мысалы, медицинада «анемия» сөзі жай ғана «қан аздық» деп аударылса, кей контексте бұл жеткіліксіз болуы мүмкін, себебі оның түрлері мен дәрежелері бар. Демек, терминнің семантикалық аясын, стильдік жүктемесін және прагматикалық функциясын нақты білу – сапалы аударманың негізі.

Т.А. Казакованың зерттеуінше «Терминдер — белгілі бір ғылым немесе техника саласындағы мамандар қолданатын нақты объектілер мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Терминдер ретінде тек осы стиль аясында қолданылатын сөздерді де, жалпы сөздердің арнайы мағыналарын да қолдануға болады» [6]. Сонымен қатар, терминдерді ғалым-лингвист Б.Н. Головин қарапайым (бір сөзді) және күрделі (екі сөзді және көп сөзді) деп екіге бөледі. Олардың біріншісі, бір сөзден тұратын терминдер туынды емес және туынды сөздер болып екіге бөлінеді [7]. Туынды емес терминдер бастапқы, өзгермеген түрінде қолданылады, ал туынды сөздер жаңа мағына қосу үшін түбір сөздерге қосымшалар қосу арқылы қалыптасады. Аударма процесінде терминдердің маңыздылығы айқын көрінеді, себебі аударма сапасы көбінесе терминдердің дұрыс берілуіне байланысты. Осыған орай, әртүрлі саладағы терминдер өз ерекшеліктерін және күрделіліктерін көрсетеді. Әсіресе құқық, медицина, экономика секілді салалардағы терминологияның дұрыс аударылуы, мәтіннің нақты әрі түсінікті болуын қамтамасыз етеді. Құқықтық мәтіндерде терминдер әрқашан нақты әрі анық болуы керек, себебі олар заңды нормаларды түсіндіруде маңызды рөл атқарады. Аудармашы үшін ең үлкен қиындықтардың бірі - құқықтық жүйелердің арасындағы айырмашылықтарды ескеру. Көптеген құқықтық терминдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды, себебі әр елдің құқықтық жүйесі өзінше қалыптасқан. Мысалы, ағылшын тіліндегі «solicitor» термині қазақ тіліне «заң кеңесшісі» немесе «солициатор» деп аударылуы мүмкін, бірақ бұл аударма нақты контекстке және мақсатты тілге байланысты өзгеруі мүмкін.

Қорытынды. Аударма үдерісіндегі терминдермен жұмыс — аударманың сапасын айқындайтын шешуші кезеңдердің бірі. Әсіресе ғылыми және кәсіби мәтіндерде терминдердің дәлдігі мен мағыналық толықтығы аудармашының кәсібилігіне тікелей байланысты. Термин сөздер қарапайым лексикалық бірліктерден ерекшеленіп, әр саланың ұғымдық жүйесін бейнелейді. Сондықтан терминдерді аудару барысында олардың тек мағынасын беру емес, сол мағынаның ғылыми, прагматикалық және мәдени жүктемесін де толық жеткізу міндеті алға шығады.

Зерттеу барысында қазақ ғалымдарының терминологияға қатысты пікірлері аударма теориясы мен практикасының маңызды бағыттарын айқындайтынына көз жеткіздік. Құрманбайұлы Ш. термин бірізділігінің бұзылу қаупін атап өтсе, Р. Сыздықова балама таңдауда тіл табиғатын сақтау қажеттігін негіздейді. Жанұзақов Т., Уәли Н. және Қалиев Б. т.б сынды ғалымдар терминнің қолданыстағы ыңғайлылығы, контекстегі мағынасы және тілдік жүйеге бейімділігіне баса назар аударады. Бұл пікірлер аудармашының терминмен жұмыс істеу барысында тек тілдік емес, логикалық, ғылыми және танымдық қабілеттерінің де маңызды екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, нақты мысалдар арқылы біз терминдердің сәтсіз аударылған жағдайларында мағына бұрмаланып, стильдік сәйкессіздік туындайтынын, ал сәтті аударылған терминдер мәтіннің оқылымын жеңілдетіп, мазмұнды түсінуді арттыратынын байқадық. Яғни, сапалы терминологиялық жұмыс аударманың ақпараттық айқындығын, ғылыми нақтылығын және коммуникативтік тиімділігін қамтамасыз етеді. Бұл — қазіргі таңда аударма саласына қойылып отырған басты талаптардың бірі.

Қорыта айтқанда, аудармадағы терминдермен жұмыс — көпқырлы, кешенді әрі үздіксіз ізденісті талап ететін үдеріс. Бұл бағытта аудармашы тек тілді ғана емес, аударылатын салаға қатысты білімді де жетік меңгеруі тиіс. Терминологиялық сауаттылық пен бірізділікті сақтау — ғылыми-танымдық қарым-қатынасты дамытуға, мәдениетаралық байланысты нығайтуға және қазақ тілінің кәсіби лексикасын жүйелеуге зор үлес қосады. 

Терминдермен жұмыс істеу барысында аудармашының ең үлкен жауапкершілігі — шетелдік ғылыми ұғымдарды қазақ тіліне бейімдеп, оларды ұлттың таным-түсінігіне сіңіру. Бұл оңай міндет емес. Себебі әрбір терминнің артында тұтас бір ғылыми көзқарас, мәдени контекст және тарихи даму жатыр. Оны қазақ оқырманына ұғынықты етіп жеткізу — терең білім мен шығармашылықты қажет ететін іс. Осы тұрғыда аудармашы – тек тіл маманы емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениетті байланыстырушы көпір.

Бүгінде жаһандану үдерісі күшейіп, әр салада жаңа ұғымдар пайда болуда. Сол жаңа ұғымдарға сәйкес келетін сапалы қазақша балама табу — ұлттық тілдің дамуындағы маңызды сәттердің бірі. Егер біз бұл ұғымдарға дұрыс термин ұсынбасақ, олар бөтен қалпында қалып, тілдің ішкі жүйесіне ене алмай қалады. Ал керісінше, сәтті терминдер қазақ тілінің ғылыми әлеуетін арттырып, оны заманауи ғылыми кеңістіктің толыққанды тіліне айналдырады. Бұл тұрғыда аудармашының еңбегі – ұлттық мүдде үшін жасалған нақты әрекет деуге болады.

Сонымен қатар, терминологиялық дәлдік тек ғылыми ортада ғана емес, жалпы қоғамда да дұрыс түсіністік қалыптастыру үшін маңызды. Қазір адамдар ақпаратты жедел қабылдайды, ал ол ақпараттың сапасы көбіне аудармашының қолынан өтеді. Теріс аударылған термин — жалған түсінік тудырады, ал дұрыс және дәл аударылған термин — білім мен ғылымның дамуына үлес қосады. Яғни, аудармашының қызметі кейде көзге көрінбесе де, қоғам үшін аса маңызды рөл атқарады.

Осы жұмысты жазу барысында мен терминмен жұмыс істеудің қаншалықты күрделі, бірақ сондай жауапты және маңызды бағыт екенін тереңірек түсіндім. Бұл жай ғана ғылыми зерттеу емес, тіліміздің болашағы үшін жасалған бір қадам сияқты. Себебі біз терминдерді дұрыс қалыптастырып, сапалы аудармалар жасасақ – ана тіліміз ғылым тіліне айналады. Бұл мен үшін үлкен мотивация, әрі аудармашы мамандығына деген құрметімді арттырды.