Ауаның құрамы

Бастауыш сынып
Ауаның құрамы

Мақала авторы: Жумагамбетова Азима
Жұмыс орны: Абай атындағы орта мектебі
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 21.10.2016


Тақырыбы: Ауаның құрамы.
Мақсаты: Ауаның құрамы, қабығы туралы түсінік беру. Ауаның сезінуге болатындығын дәлелдей отырып, жер бетін ауа қоршағанын, тірі табиғат үшін пайдасын ашу, тәжірибе жасау арқылы көз жеткізу.
Күтілетін нәтиже: Ауаның тұрақты құрамы туралы түсінік алады. Оны ластамау керектігін түсінеді. Әдісі: «Фишбон» ; «Бортты журнал»; «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Ой қозғау» әдістері. Көрнекілігі: Тірек сызба, доп, шар, интерактивті тақта. Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру Сыныпты 4 топқа бөлу. Әр топқа ат қою. Топ басшысын белгілеу. 1-топ Каспий 2-топ Арал 3-топ Есіл 4-топ Балқаш ІІ.Үй тапсырмасын тексеру. 1.Суға қандай зиянды қалдықтар түседі,олар ағзаларға қалай әсер етеді? 2. «Арал қасіреті» дегенді қалай түсінесің? 3. «Суды қалай қорғаймыз» ой-толғау. 4. «Фишбон» әдісін пайдаланып үй жұмысын қорытындылау.Табиғаттағы судың ластануы туралы айтып бер. Сергіту сәті (қимылмен) ІІІ.Жаңа сабақ. 1.Қызығушылықты ояту. «Көрінбейтін сиқыршы» Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Сен оны көрмейсің,бірақ маңайыңда екенін сезесің.Міне,ол есікті тарс жапты.Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің.Тіпті басын шұлғып,ырғалған шөптерді байқайсың.Сені үнемі қоршап тұрады.Сенімен бірге жүреді. Барма жоқпа оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Ол не? (ауа) — Жақсы балалар, олай болса, сусыз тіршілік жоқ. — Тіршілік үшін ең қажетті жағдайлар нелер? — Ауа, су, жарық, қорек, жылу — Дұрыс-ақ — Тіршілік үшін ең бірінші не қажет? — Ауа 2. Дәптермен жұмыс. Күннің жады. Тақырыпты жазу. ІV. «Бортты журнал»әдісін пайдалану арқылы жаңа тақырыпты меңгерту. Күтілетін нәтиже. Оқушы жасай алады: ақпаратты терең меңгереді; сараптайды, қорытады, бағалайды, болжайды; жаңа ақпаратпен ықыласты жұмыс жасайды; өз болжамының сәйкес келуі немесе келмеуі бойынша рефлексия жасай біледі; таным әрекеті процесінде қарым-қатынас шеберлігі. Жүк журналы
Болжам Жаңа ақпарат
Тақырып бойынша бұрыннан не білемін? Бұл туралы не білуім керек? Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым?
Мұғалім тақырыпқа байланысты қосымша мәлімет береді.
Ауа – жер атмосферасын құрайтын табиғи газдар қоспасы. Оның құрамында азот, оттек, көмірқышқыл газы т.б. газдардың қоспалары кездеседі.
Ауаның құрамында оттегі бар екенін 1774 жылы француз ғалымы А. Лавузье зерттеген.
Атмосфера – грек тілінен алынған «ауа» және «шар» дегенді білдіреді. V. 1.Оқушылар постер қорғау арқылы жаңа мәліметті түсіндіреді, талқылайды, тәжірибе жасайды. 2. «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы жаңа сабақты пысықтау.
1. Ауа неліктен қоспаларға жатады?
2. Азот оттегіден неше есе көп екенін түсіндір.
3. Ауаның құрамы неліктен тұрақты болады?
4. Ауадағы оттегі не үшін таусылып қалмайды? Жүк журналын толтыру арқылы жаңа сабақты қорытындылау. Бұл туралы енді не білдім? Қандай маңызды сәттерді мен енді анықтадым? VІ.Үйге: «Ауаны қорғау» тақырыбында шығарма жазып келу. VІІ. Бағалау. Топтық бағалау. Бағалау парақшасы арқылы бағалау. Мадақтау
Аты-жөні Үй жұмысы Қосымша мәліметті меңгеруі Жаңа тақырыпты меңгеруі Сұрақтарға жауап беруі Баға

VІІІ. Рефлексия

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz