Құрметті ұстаздар қоғамы! Сіздерді Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.

Дорогие наши учителя! Поздравляем вас с днем учителя! Высоко ценим щедрость ваших любящих сердец, ваше терпение и понимание, преданность делу и любовь к нам — своим ученикам! Желаем крепчайшего здоровья, бодрости тела и духа, радости от вашего нелегкого труда и всяческих удач в личной жизни! Пусть вас окружают уважение и любовь, доброжелательность и милосердие, жизнерадостность и наша благодарность!
...

5 0

Кто читал эти книги в школьние годы? Обязательно поставьте лайки.

Сейчас молодеж читает Японские сказки. Может мы подскажем, в каких книгах больше морали?!

Мы запускаем новый проект 100 книг в старшей школе. Начали обратно перечитывать старые книги из школьных годов. Помогите составить список тех книг, которых рекомендуете старшим школьникам. После составления списка мы сделаем приложение в виде мобильной библиотеки.

Комплект из двух книг самого известного романа Драйзера. Основанная на реальных событиях криминально-судебная история. Психологическая драма и одновременно суровая отповедь «американской мечте» стала сюжетной основой нескольких фильмов. Привлекательный мир богатства, роскоши и развлечений — и отчаянная погоня за успехом и преступление как две стороны американской мечты.
...

2 4

В преддверии празднования всемирного дня учителя приглашаем всех педагогов принять участие в языковых олимпиадах "Wonder Words". 5-го октября все победители будут награждены знаками отличия. Подробнее: https://wonder.zti.kz ...

3 0

Познавательная олимпиада для дошкольников и школьников 1-6 классов. Олимпиада проводится в игровой форме и в этой игре используется один из самых лучших дидактических методов обучения. Вопросы викторины составлены лучшими учеными Казахстана, России и Бразилии. ...

2 1

Уважаемые участники образовательных мероприятий и авторы статей. Теперь на наших порталах в разделе результатов участий в открытом доступе не будут отражены данные участников. Документы можно будет проверять только путем ввода регистрационных номеров и сканированием QR. А в журнале "ADISTEME.KZ" из общего доступна будут скрыты сведения об авторах. В списке авторов будут указаные только имена и первые буквы фамилии. Данные будут видны только самим авторам. Также мы временно прекращаем публикацию энциклопедических журналов в онлайн формате. Это делается в целях обеспечения безопасности наших подписчиков. В последнее время стало очень много мошенников.

Также обратите внимание:
- Мы не звоним и не отправляем письма с приглашениями на участие в образовательных мероприятиях.
- Наши операторы никогда не просят смс или другие личные данные.
- Мы не пользуемся приложением ZOOM для организации конкурсов.
- Мы не продаем отличительные знаки.
- Мы не просим переводить взносы на счета физических лиц.
- Наши операторы ведут переписку только через защищенный канал Business WhatsApp и не раздают свои личные номера.
- Мы используем только Instagram, YouTube, WhatsApp и Mail.ru.
- Курсы совершенствования проводим только в своих порталах по темам использования авторских дистанционных образовательных технологий.
...

3 1

Білім саласында ең үздік компьютерлік ойын графикасының дизайнын құрастырғаны үшін Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия) "Тәлімгер" медалімен марапатталды. Өз ісінің нағыз маманы болған, шәкірт тәрбиелеген мамандар марапатталады.

За создание лучшего графического дизайна компьютерной игры в сфере образования награжден медалью "Наставник" Виллиан Цельсо Зарпеллон (Бразилия). Данная награда выдается специалистам, которые стали наставниками в своем деле и обучают других.

For the creation of the best graphic design of an educational computer game, Willian Celso Zarpellon (Brazil) was awarded the "Mentor" medal. This award is given to professionals who have become mentors in their field and teach others.
...

7 1

Нәзір Төреқұлов Халықаралық қорының Президенті профессор Сапарбаев А.Ж. тұңғыш дипломат Нәзір атамыздың өсиетін білім беру аясында жандандырып, оны халықаралық деңгейде шыңдата білгені үшін "Қоғам қайраткері" медалімен марапатталды. ...

10 3

My name is Kokon. I'm fighting villains from the Land of the Know-Nothings. Help me win this educational battle and we'll be good friends. I need smart friends. To everyone who helps me, I will send a friend certificate with the results of participation. And we will award the best student with the medal "For Special Achievements in Studying". ...

2 0

Меня зовут Кокон. Я сражаюсь со злодеями из страны Незнайек. Помоги мне выйграть эту образовательную битву и мы станем хорошими друзьями. Мне нужны умные друзья. Всем кто помогает мне я буду отправлять сертификат друга с результатами участия. А самого лучшего отличника мы наградим медалью "За особые успехи в учении". ...

4 2

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Асық ойыны және оның бала денсаулығына тигізер пайдасы

Дене тәрбиесі
Асық ойыны және оның бала денсаулығына тигізер пайдасы

Мақала авторы: Редакция ғана көре алады
Жұмыс орны: Зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп интернаты
Лауазымы: Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 16.07.2018
Журнал қорына жариялаған: А.


Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, жаңа тарихи кезеңдерге жан-жақты баға бере отырып, рухани жаңғыру арқылы болашаққа деген өзінің парасатты пікірлері мен көзқарасын білдірді. «…Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңызын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс –біздің дамуымыздың ең басты қағидасы», -деп ел келешегіне үміт артады.

Бүгінгі жас ұрпақты сонау замандардан жинақталған ата-бабаларымыздың мол мұрасымен сусындату-біздің міндетіміз. Демек, бабаларымыздың өнеге өсиетін пайдалана отырып тәрбиелеу ұлттық тұлғаны қалыптастырады.

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Осындай тәрбиенің бірі әрі бірігейі болып табылатын құндыларымыздың бірі – ұлттық ойын түрлері.

Қазақ халқының ұлттық ойындарының көбі табиғи заттармен ойнауға негізделген. Шаруашылығы мал өсіруге негізделгендіктен қазақ халқының ұлттық ойындары да осыған икемделген: тоғызқұмалақ, ләнгі, асық т.б. Әсіресе, қойды көп өсіргендіктен, балалар ойынының көбі қой асығымен байланысты болып келеді.

Асық – төрт түлік малдың ішінде қой – ешкінің тілерсегінде, асық жілік басында орналасатын шымыр сүйек. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйкі, бүк, ішік деп, ал атуға арналған асық – сақа деп аталады.

Ойнай білген адамға асықтың адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендікке, ептілікке, баулиды. Бұған қоса аяқ – қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигізеді.

Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіреді, оларды дәлдікке, ұстамдылық пен сабырлыққа тәрбиелейді. Балаға әр күні бір сағатты бөліп асық ойнатса, баланың жүйке жүйесі ауруынан айығатын болады. Бұл ойынды ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және де топтан озып шығу қабілетіне ие болады. Асық ойнағанда адамның тек екі қолы емес, ойлау мүшелерінен бастап, иығы, аяғы, саусақтары, барлық бұлшық еттері қимылдайды.

Кеңес өкіметі кезеңінде, ұлттық ойындар оның ішінде асық ойыны еріккеннің ермегі, ойын балаларға тәрбие бермейді, бала ағзасына зиян келтіреді деп есептелді. «Асық ойнаған азар, доп ойнаған тозар» деп мақалдап та жүрдік. Бұл өте жансақ пікір, сол кездегі жүргізілген солақай «ұлтшыл» саясаттың ызғары.

Кемі екі баладан бастап қанша бала ойнаса да, үлкен мен кіші бір – біріне қамқор болып келісіп ойнаса да, құрдас пен құрдас бір – біріне бәсекелесіп ойнаса да, әбден болады. Жүгіресің, секіресің, көздейсің, тигізесің, жеңесің, жеңілесің, ұтасың, ұтыласың. Өтірігі, арамдығы, жалғандығы жоқ. Ұлттық ойын. Ұлттық тәрбие. Спорт ойыны, спорттық бәсеке. Бұл ойынды еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері бар. Асық ойнау, біріншіден денені шынықтырады, екіншіден адамға барлық дене құрылысының дұрыс дамуына мүмкіндік береді. Ойынды, әсіресе оқушылар мен жастар арасында кеніңен насихаттасақ деймін. Сол арқылы біз келешек ұрпағымызды ұлттық құндылықтарға жақындатамыз. Асық ойыны ұлттық нышанымыздың бірі екенін ұмытпайық. Асық ойынын ұйымдастыру да оңай. Оған алып спортзалдың да, көп қаражаттың да қажеті шамалы, ашық алаңдарда, үй ауласында, мектеп пен балабақша бөлмесінде де өткізуге болады.

Ұлттық ойын түрлері қашан да қамқорлықты, оған асқан жауапкершілікпен қарауды қажет етеді. Әсіресе, осы ұлттық ойын түрлерін оқыту жайы, оған жастай баулып тәрбиелеу ісі баршамыздың алдымызға байыпты міндеттер жүктейді. Осыған орай, мектеп оқушыларының ұлттық ойын түрлерінен білімін тереңдетіп, толықтыру мақсатында мектебімізде «Асық» үйірмесі енгізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шәкірттерімді ұлттық ойын – асық ойынына дендеп үйретудемін. Үйірмеге қазіргі кезде 40 – тарта оқушы (үлкендер және кішілер тобы)  қатысады. Асық ойының емдеу дене шынықтыру сабағында да жиі қолданамыз (асық терапиясы). Бүгінгі күні шәкірттерім асық ойыңының  бірнеше түрін «үш табан», «шеңбер жасап ату», «омпы», «хан ойыны», «құмар» т.б. шебер меңгеріп алды. Негізі асық ойынының қай түрі болмасын белгілі бір мақсатқа құрылады. Қалай болса солай ойнай салуға болмайды. Қалай болса солай ойнаған бала міндетті түрде ұтылады. Сондықтан, әр ойын алдында кез келген ойыншы өзін психологиялық тұрғыдан дұрыстап дайындап алғаны жөн. Олай болса, асық ойнап жүрген балаңызды орынсыз қақпайлай бермей, қайта қашан, қайда, қалай ойнаған дұрыс болатынын бағыттап, жөн сілтеп, орынды ақыл кеңесіңізді беріп отырғаныңыз абзал. Бұл баланы болашақта қандай да істі қолға алмасын, жауапкершілікпен қарауға үйретеді.  Асық ойнаған бала топпен жұмыс істеуді үйренеді және топтан озып шығу  қабілетіне ие болады. Сондай – ақ баланы бәсекелестікке жетелеп, талаптылыққа, достық қарым қатынасқа тәрбиелейді.

Оқушы асық ойынын ойнау барысында:

— тарихын, жүріс тәсілдерін меңгереді;

— ойлау қабілетін арттырады;

— ойынды ойнау барысында жаңа әдістерін қарастырады;

— өз ойындарына талдау жасайды.

Берілетін білім мен тәрбие және дағды:

— халқымыздың ұлттық ойындарын бойларына сіңірту;

— ұлттық, патриоттық, эстетикалық тәрбие беру;

— ойын ережесін сақтай білуге үйрету;

— ойын жүрістерін дұрыс орындауға бағыт бағдар беру.

Оқушылардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу және дамыту, рухани жан-дүниелерін байыта түсуге негіз болатын мектепішілік үйірмелер жұмысын қолға алып жетекшілік етемін. Оқушылар сабақтан соң үлкен қызығушылықпен келіп қатысады. Соның нәтижесінде шәкірттерім үнемі «Спешиал Олимпикс» және «Жұлдызай» республикалық, облыстық, қалалық жарыстарына үздіксіз қатысып жүлдегерлер қатарынан көрінуде. Ал, «Асық» үйірмесінін ашылғанына азғана уакыт өтседе жеткен жетістіктерімізде жоқ емес. Биылғы қаламызда өткен «ВІ-Жұлдыз-ай» республикалық  спартакиадасына облыстық іріктеу кезеңінде асық атудан 2 – шәкіртім бас жүлдені иемденсе, 2 – шәкіртім күміс жүлдегер атанды. Енді, бұл екі жеңімпаз болып таңылған  оқушыларым 2018 жылы  17 – 19 қыркүйек күндері Астана қаласында оздырылатын ІІ – ші республикалық «ВІ-Жұлдыз-ай» спартакиадасында асық атудан облыс атынан сайысқа түсіп бақтарын сынайтын болады.

Келешекте осы ұлттық кұндылығымыз асық ойынын одан әрі дамытып, жетілдіріп, кеңінен насихаттап халықаралық, әлемдік деңгейге тезірек көтеруге бірлесе жұмыстанайық, « асықтарыңыз алшысынан түссін» – дегім келеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақтың ұлттық ойындары. Б.Төтенаев. Алматы, 1994 ж.
  2. Қазақ халқының салт дәстүрлері. Алматы, 2007 ж.
  3. «Асық» ойынын үйрету тәсілдері. Орал, 2016 ж.
  4. Ғаламтор ақпараттары: www.google.kz, www.yandex.ru, www.mektep.kz сайттары.