Әсемдікке бастар жол

Тәрбие сағаты
Әсемдікке бастар жол

Мақала авторы: Шукеева Гульнур Умиржановна
Жұмыс орны: Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Старый Колутон орта мектебі
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 22.11.2016


Тақырыбы: Әсемдікке бастар жол
Өзіңнен ұл, қыз туса, ей азамат!
Қолда өсір ұстай көрме алыста жат
Мейірімді, таза болса тәрбиесі,
Баланың еркін өсер тәртібі – есі
Ж.Баласағұни
Мақсаты:
Оқушылардың бойына тән тәлімділік қасиеттерімен таныстыру, ақылдылық пен әдептілік қасиеттерді дарыту, талғаммен киінуге, әсемдікке, сұлулыққа құштарлығын арттыру.
Адам мінез –құлқының, іс – қимылының дүниедегі ең сұлу мәнге ие екендігін дәлелдеу, сол арқылы оқушылардың жан дүниесінің сұлу болуына ықпал жасап, эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.
Қүрметті оқушылар, ұстаздар! Біз бүгін «Әсемдікке бастар жол» тақырыбында тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Әсемдік адам өмірінің сәні болып қана табылмайды, ол оның мәні десек те қателеспейміз. Өйткені еңбек адамды адам еткен болса, сұлулық — адам бойын қуаныш әсем сезімге бөлей отырып, сол еңбекке деген талпынысты, құштарлықты оятады. Сұлу қимылдар мен әсем, әдемі қылықтарды, әдеттерді қалыптастырады. Әсемдік ұғымына – жан сұлулығы, тән сұлулығы, имандылық, кішіпейілділік, жарасымдылық, сөз мәнері, жүріс – тұрысы, мәдениеттілігі, сезімталдық та кіреді. Адам бойында осы аталған қасиеттер табылып жатса, ол әсемдікке бастардың бірден – бір жолы. Ендеше мен бүгінгі сабағымды Абай атамыздың мына тамаша өлеңімен бастағым келіп отыр.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп соз байын.

Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бейхабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.

Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я бір құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым бетіңді аш.

Абай сұлудың сыртқы сұлулығын осылайша жыр әуезіне қосады. Қарасаң шынымен де адам тамсанатындай көз алдыңа ару елестейді.
Адамның қылығы, мінез-құлқы мен іс-қимылының жөні әрі этикалық, әрі эстетикалық мәнге ие. Сондықтан олар бір жағынан, әсемдік не сұрықсыздық ретінде, екінші жағынан, жақсы не жаман деп бағалануы мүмкін. Бұл екеуі яғни сұлулық пен адамгершілік жеке адам санасы мен қоғамдық санада ежелден бері-ақ бір бүтін нәрсе ретінде түсініліп келеді. Сөйтсе де адамның айналадағы дүниеге қатысына табиғи тән эстетикалық сезімінің айқын межеленген өзіндік сипаттары бар.

Әсемдік сыры неде деп ойлайсыздар?

Сұлулық – адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантатын, тәнті ететін, сүйіндіретін көрініс, қимыл-әрекет, пішін немесе ой-қиялдың жемісі. Солардың ішіндегі ең кереметі қоғам мен табиғаттың ерекше перзенті – адам, соның сұлулығы.
Адам анадан сырт бейнесі, пішіні сұлу болып туылуы мүмкін, ал ішкі жан сұлулығы өзінің мінез-құлқы, қылығы, ісі. Басқа адамдарға деген байланысы арқылы қалыптасады. Әдетте, біз қыздың немесе жігіттің сұлулығы, көркемдігі жайында айтқанда оның бойының сымбаттылығына, үнінің назды, әуезділігіне, шырайының таза, балғын, қалың шашының толқындай төгілгендігіне қарап баға береміз. Бұл – адамның сыртқы сұлулығы. Ал, адамдағы басты сұлулық – ішкі жан дүниесі, мінезі, қалыптасқан әдептілігі.

Адамның сыртқы сұлулығы ішкі рухани сұлулығымен сәйкес келсе нағыз сұлулық сол болмақ.
Ал енді осы сұлулық жайында айтылған халық сөзіне мақалына тоқталсақ. (оқушылар кезекпен тұрып мақал айтады).
«Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу», «Сөзі райлының – жүзі шырайлы», «Жаманның сөзі – түйеден түскендей», «Жылтырағанның бәрі – алтын емес», «Адамның жылтыраған сыртына емес, сұлу ішіне қызық».

Ойлап қарайықшы , ерте заманның қазақ қыздары беттеріне опа жақпай-ақ өте көркем де , сұлу болған . Қазақта қазақтың инабатты , кішіпейіл , мейірбан , ақылына көркі сай сұлуды ару деп атаған .
Әсемдігі тал бойына жарасқан .
Па , шіркін , арулары қазақтың ,
Сұлулығы әркімнен — ақ санасқан , — деп ақын жырлағандай жыр дастандарында ару бейнесіндегі Құртқа , Қарашаш , Меңдісұлу , Назым , Қыз Жібек , Баян сұлу , Меңтай секілді арулар аз болмағандығын еске алайық . Қазіргі кезде сұлулар көп , ал арулар аз . Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың « Махаббат қызық мол жылдар » атты кітабын оқып көрдіңіздер ме ? кітап бәріңе де ұнайды . Бұл кітапта Меңтай деген қызға анасы кереметтей өсиет қалдырады . Осы ана жүрегінен шыққан өсиеттен үзінді келтіріп көрейін :

Аружан, Дильназ, Данагул, Гульдана
1. Қыз көйлегінің етегі тізеден жоғары шықпауы керек , себебі қыздың жалаңаш жеріне көп көзінің құрты түскіш келеді . Ал халықта « Есті қыз етегін қымтап ұстайды » деген мақал бар .

2. Қызға қатты күлудің қажеті жоқ , жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр
3. Ауыз шешендік әркімде болады . Әсіресе қыздың аузы сүйреңдеп көп сөйлемегені абзал . Өйткені қыздың күлкісі , жымиюы , бас изеуі , көз қарасы , жүріс – тұрысы , бәрі де сайрап тұрған сөз . Сондықтанда оның аз сөйлеп , айналасына ақылмен танылғаны дұрыс .

4. Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді . Осы айтылған өсиет тек Меңтайға емес , барша қазақ қыздарына айтылған өсиет емес пе ?

Атам қазақ қыз бойынан ешқандай мін табылмағанын қалаған . Келбетіне , арайлы жүзіне сай жан дүниесінің сұлу болғанын қалаған . Көкірегі ояу , келбетті , сұлу , қос бұрымды , үстіне киген киімі жарасымды , кең етекті , иман жүзді , парасатты , кең пейіл , кішіге қамқор , үлкенге құрметі бар жан болуына көп мән берген .
Қыз баланың сұлулығы тек келбетінде ғана емес , жан дүниесінде де болуы шарт

Әсемдік бұйымдарын орынды пайдаланып жүрміз бе?!
Немесе сұлу болып көріну үшін не істеп жүрміз?

Шаш — адамның ажары Аружан
Шашты аптасына үш рет жуған дұрыс. Күнде жууды әдетке айналдыру — шаштың құрғауына әкеп соқтырады. Ошаған майын (репейное масло) шаш түбіне жағып, бірнеше сағат ұстаса, шаш әдемі әрі тез өседі. Көп қыздарға, оның ішінде қазақ қыздарына шашты өрген жарасады. Бұрым — қыз баланың бойына нәзіктік пен жинақылық береді. Сондықтан, күнделікті өмірде шашты жайғаннан гөрі, өріп қойып жүрген дұрыс. Фен мен үтік деген дүниелерді өте сирек пайдалану керек. Олардың зияны айтпаса да, түсінікті.

Тырнақ бас назарда Дана
Тырнақ күтіміне көп жандар мән бере бермейді. Ол да қыздың айнасы. Тырнақтарды ұзын етіп өсіру сәнге айналғанымен, қыздардың таңдауы — қысқа тырнақтар болу керек.

Киімімізге қарап қарсы алады… Дильназ
Адам алыстан келе жатқанда, бірінші көзге түсетіні оның тырнақтары емес, шашы да емес — киімі. Киімнің соңғы үлгіде болуы шарт емес. Бастысы бойға қонымдылығы мен таза болуы. Киімді үтіктемей кию — қыз баланың ажарын қашырып қана қоймай, беделін де түсіреді. киім таңдауда, бағасы мен үлгісі емес, жайлылығы мен жарасымдылығы маңызды.

Қонақтарға қойылатын сұрақтар :
1. Сұлулық деген сөздің астарында не жатыр ?
2. Жан сұлулығы мен тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіздер
3. Қазақ қыздары тән қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар ?
Абай атамыз жырлағандай ару қыздарымыздың шашы ұзын болса , егер ұзын болмаса да өзіне жарасымды етіп қидырса , оны түрлі — түсті емес бет келбетін ашатын өзінің табиғи шашының түсі сақталса , шаштың әдемілігі ару қыздарымыздың сұлулығын аша түсері анық деген пікірдемін .
«Білектей арқасында өрген бұрым» Арман
«Бұрым» Мерей

Кедеймін деп қысылма ,
Өнерің болса қолыңда
Өнерлінің ырысы ,
Жарқырап жатыр жолында , — дегендей қыз балаға сұлулыққа сай он саусағынан өнері тамған өнерлі болуы да керек. Өнерлі өрге жүзер , өнерлінің қолы алтын деген сөздер тегін айтылмаған болса керек . Қыз баланы өнерлі болуға тәрбиелеу анасына байланысты . Жастайынан бар нәрсеге үйрету , қыз бойындағы талантын , өнерін асқақтату , аналар , міне біздердің мойнымызда .Яғни, адамның өмірін әсем ететін тағы бір күш — ол өнер екен. Олай болса, сұлу қыздарымыздың әсем биін тамашалайық.
Би «Қыздар, қыздар, сұлу қыздар» Әсем, Айжан.
Түрлі – түсті қағазбен жұмыс (гүл жасау). Ортаға барлық оқушыларды шығарып, ұлдар «Қыздарға кеңес» ақыл – нақыл сөздерін айтып шығады.
— Әдемі болыңдар, әсем болыңдар, сонымен бірге ақылды болыңдар!
— Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар, сонымен бірге саналы болыңдар!
— Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, сонымен біргек ұйымшыл болыңдар!
Ән айту да әсемдікке жатады, недеше кезекті әнге береміз.
Ән «Қыздарға әсемдік жарасады» 7 «А» сынып оқушылары.
Қорытынды
Қазақ халқының тәрбие құралдарының бірі — тыйым сөздер . Бұл сөздер есі кірген балаларды жаман әдеттен , жат пиғыл , орынсыз қылық , теріс мінездерден сақтандырып отырған . Сондықтанда ару қыздарымыз сұлулығына сай жаман әдеттерден сақ болуы , орынсыз нәрселерді жасамауы қазақ қыздарына тән нәрсе .

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz