Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Әріптестерім – менің тәлімгерлерім

Адам және қоғам
Әріптестерім – менің тәлімгерлерім

Мақала авторы: Койшибаева Айжан Турганбаевна
Жұмыс орны: Ақтау қаласындағы Н.Марабаев атындағы №7 мектеп лицейі
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 22.01.2017
Журнал қорына жариялаған: К.


 

«Біреуге – жақсылық жасағаныңыз  – өзіңізге көмектескеніңіз».

Д.Карнеги

Сүйікті мектебім, жып-жылы ұям менің. Саған  қарай тағы да асығып келе жатырмын. Таныс көздер, жылы сөздер естуге … Алғаш осы  киелі  7 саны мені тартқандай еді. Қателеспеппін. Мектеп директоры Бақтығали Рысқалиұлы салмақты қалпымен бастауыш сыныптан баста, ақырын жоғары сыныптарға  қарай жылжисың деп бірден жұмысқа  қабылдады. Адам баласы жас кезінде көп нәрсені ашық көңілмен қабылдап, жақсы көргенімен, оның түпкі қасиеттеріне кейін үңілер еді. Менің айтайын деген сырым , мені әке-шешемнен кейін, олардан қапыда ерте айырылғаннан болар, осы өмірге қайта талпындырып, дұрыс көзқарас қалыптастырып, болашағымның бағдаршамы болған ұжымдағы әріптестерім жайлы. Өміріміздің жартысы осы жұмыста, әріптестеріміздің арасында өтеді. Олар – шынайы адамгершіліктің  үлгісі – қарапайым мұғалімдер. Өміріме жететін білім нәрін қара тақта –ақ бор, көк сиямен-ақ бойыма, сепкен сол ұстаздар ғой .

Әріптес деген кім?  Көп ойланып …  «Бір мамандықтың иесі, айналасына ықпал етуші, бәсекелесің, кәсіби деңгейі жоғары, шығармашылық әлеуеті мол тұлға»  деген өзімше бір ереже  шығардым. Әріптес  туралы менің ойым әзірге осындай, біраз уақыт өткен соң, мүмкін әлі де терең бағамдармын.

Адамды адам тәрбиелейді, білмегеніңді үйретеді, көзіңді ашады. Өміріміздің соңына дейін білетініміз, білмейтінімізден көп болатыны белгілі. Тек білем деген ішкі талпынысың  ғана өшпесін.

Міне, осы жылы ұяда  14 жыл жұмыстанудамын. 2004 жыл. Ол кезде  жай қарапайым орта мектеп еді.  Мені жұмысқа алған жыл. Бақтығали Рысқалиұлы ұзақ жылдар білім саласында еңбек етті деп естуші едім. Кабинеттен шықпай –ақ басқара білуі , заңнамалардың нормаларын  сақтауы, мұғалімдерге , менің пәнім қазақ тіліне деген қамқорлығы  –  жүрегіме өшпестей із қалдырғаны анық.

Ерекше талғаммен киініп, үнемі  көңілді сәлемдесетін Қажет Акуалқызы бірден көзіме жылы көрінді.  Оның талғамы мен талабы тек киімде ғана жоғары емес, жұмыста да  өте жоғары. Жан-жақты  байқағыштығы,  барлық пәндерден сауаттылығы , ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеті жоғары ұстаз екені бірден көзге түседі. Сондықтан  ол кісінің кейін мектеп басшысы болуы мен үшін  заңдылық еді. Кімнің кім екенін жылдар өзі айқындайды. Жақсы ұстаз – мектептің жүрегі . География пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыра білген Костылева Ольга Дмитриевна да мақтауға лайық тұлға. Ең үздік сынып жетекшісі атағына лайық Наталья Владимировна Шведикова. Оқушылары мен ата-аналарының жүрегіне жол тауып, тәрбиесі мол сынып сағаттарының шебері. Осы әріптестерімнің ақ сөйлеп, шындықты бетке айтатынын  құрметтеймін. Өзінің жеке уақытын аямай, математиканы жаңғақша шақтыратын Карджаува Жаныл Каскулаковна. Ол  – нағыз математик. Ол үшін бәрі сандардан тұрады. Жазуы да маржандай.Өз пәнін ерекше жақсы көруді сол кісіден үйрену керек. Күні кеше өткен Президенттік олимпиадада оқушысы Нұрым Санат жүлделі 1 орынға ие  болды.

Шушпанова М.А, Гусева А.А, Сердюкова Т.Н. Шуняева Л.А ардақты, ардагер ұстаздар осы мектеп ашылғаннан бері талмай еңбек етуде.Олардың шәкірттері небір сайыстарда жүлделі орынға ие болды.

Үздіктердің үздігі, ашуды да, асығуды білмейтін Орынбаева Гулжамал апаймен мақтанамын . 1986 жылы болған Тәуелсіздік оқиғасына қатысқан , яғни, ұлтымыздың болашағына өз үлесін қосқан. Сөзі де , ісі де жүйелі ,Оқу ісінің үздігі, аналық ақылын аямайтын Көшекбаева Күнғаным апай. Жарқын жүзді, ақын жанды Жұматова Майша апай тағылымы терең, оқушыларға азаматтық қалпының дұрыс қалыптасуына әсер ететін сабақтар берумен ерекшеленеді. Алдымызда үлкен мерейтой  – Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай  Майша апай мынадай өлеңін арнады

Қазағымның еркіндікке жеткені,

Тәуелсіздік  – ширек ғасыр өткені

Тәңірімнің өзі қолдап елімді,

Бостандықтың самалы кеп өпкені.

 

Сегіз қырлы, бір сырлы менің құрдасым  – Айсәуле. Халқымыздың даналық мұрасын , халық педагогикасына деген өз сүйіспеншілігін, сезімін ән арқылы оқушы мен әріптестеріне жеткізіп жүр. Осы шығармамды жазу үстінде тағы бір әріптесім Гүлден Бейсенгалиевнадан жайлы жақсы хабар жетті. Оның мектебімізден алып барған 3 оқушысы Астанадағы  XXX  ашық Республикалық  ЭКСПО ғылыми-практикалық конференциясында жүлделі  екі 1орын, бір 2 орын алыпты. Міне, менің шағын мектебім үлкен Отанымның тарихына, дамуына өз үлесін қосуда.

 

 

Сондықтан әріптестеріме , ұстаздар қауымына ерен еңбектері еленіп, еңбектенуден шаршамай, қуатты болуларына тілектестік білдіре отырып  нәзік лирик ақын апаймыз Ақұштап Бақтыгерееваның

Жанары мөлдірегендермен,
Жүрегі елжірегендермен,
Үмітке сендіре білгендермен
Достасқым келеді менің.

Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен-
Бас қосқым келеді менің – деген жыр жолдарымен аяқтап, жүрегім осы эссемде әріптестерім жайлы сыр шерткісі келгенін Сіздерге жеткізгім келді.

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz