Ар – намыс керек адамға

Өзін-өзі тану
Ар – намыс керек адамға

Мақала авторы: Джолова Маръзия Айгалыевна
Жұмыс орны: "№ 3 жалпы білім беру орта мектебі" КММ - сі
Лауазымы: "Өзін - өзі тану" пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 23.01.2018


Бекітемін: ____________ Мерзімі:
Мұғалім: Джолова М.А Пәні: «Өзін – өзі тану»
Сыныбы: 5 А Ә Б В Г Ғ Д Мектеп № 3
Сабақ № 19 – 20
Сабақтың тақырыбы: «Адам ұжымда»
Құндылық: татулық, бірлік
Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық
Сабақ мақсаты: Оқушылардың «ұжым», «достық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділігі: еңбектің адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсінік беру;
Дамытушылығы: еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелігі: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:
— Оқулық
— Дәптер
— Оқу құралдары
— Ақ қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
— Оқушылармен сәлемдесу
— Оқушыларды түгендеу
Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны
1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық Сабақ барысын талдау
Тыныштық сәті
Жаздың жайма – шуақ керемет бір күні, мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».
Қане, бәріміз көзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!
Дәйексөз
«Сыпайылық, сабырлылық – асыл адам белгісі»
Мәлік Ғабдулиллин
 Дәйексөздің мәнін ашу.
 Дәптерге көшіріп алу. Жаңа сабақ
Әңгімелесу
1. «Ұжым» дегенді қалай түсінесіздер?
2. «Бірлік» дегенді қалай түсінесіздар?
3. Адам өзін «Ұжымда» қалай ұстауы керек?
Мәтінмен жұмыс
Оқушылардың тақырып туралы түсініктерін кеңейту мақсатында оқулықта берілген Дәулет Қасеновтың «Мойындау» әңгімесін оқып талдаймыз. Сұрақтарға жауап береміз:
Сұрақтар:
1. Балалар не үшін қатты қысылды?
2. Ұжымдағы сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
3. Балалардың жасаған іс – әрекеттерінен қандай сабақ алуға болады?
4. Өзіңнің бейтаныс адамдарға қарым – қатынасың қандай? Мысал келдір. 81 – бет
№1 тапсырма.
Оқушылар бұл тапсырмада оқулықта берілген жағдаятты шешеді. 82 – бет
Топпен ән айту
Оқушылардың достық қарым – қатынасын нығайту мақсатында оқулықта берілген Фариза Оңғарсынованың «Достар әні» өлеңін топпен орындаймыз.

№ 2 тапсырма.
Сөйлемдерді аяқтаңдар.

Үлкен кісіні…………….
Үлкеннің тілін ………..
Үлкендерге……………..
Кішілерді………………..
Оқу құралдарын………
Автобусқа мінгенде…

Үйге тапсырма
«Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбында эссе жазып келу.

Тыныштық сәті:
Баяу әуен тыңдау арқылы сабақты қорытындылау.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz