Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Апробациядан жаңарылған білім беру мазмұнына

Бастауыш білім негіздері
Апробациядан жаңарылған білім беру мазмұнына

Мақала авторы: Сулейменова Гулмайдан Толеутаевна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Пилоттық жобадағы бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018
Журнал қорына жариялаған: Зауреш К.


Республика көлемінде «Мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламаларын, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін апробациялау бойынша 30 пилоттық мектептің  қатарына»  көш бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі де еніп, 2015 жылдан бастап  апробацияны өткізіп жатыр. Жаңартылған білім беру мазмүнының пилоттық жобада жұмыс жасап жатқан ұстаздарымыз Сулейменова Г.Т, Ж.Е Мұратова, А.А Арынжанова, А.М. Оразбаева, А.Қ.Жақсыбай   оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін әр түрлі қолжетімді рсурстарды пайдаланып, оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып жұмыс атқаруда.  Апробациялық жұмысты жүргізіп жатқан әріптестеріміз аудандық, облыстық, республикалық көлемінде семинарлар беріп, өздерінің іс-тәжірибелерімен  бөлісуде.

Апробация барысында бастауыш сынып  оқушыларына лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына жақын қарым-қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес екендігіне, оқу-тәрбие үрдісінің небір қиын проблемаларына тап болып, оны шешу жолындағы басқару әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра білгенде ғана жұмысымыз нәтижелі болатыны сөзсіз.

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша 5 сынып комплектісі жұмыс жасап жатыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқушының сөйлеу әрекетінің төрт түрін:  тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылымды жетілдіруге бағытталған. Бұл сөйлеу әрекетінің түрлері бойынша түйінді дағдылар оқу жоспарында  «спиральді» тәсілмен берілген. Қарапайымнан күрделіге қарай, бірте-бірте білім, білік пен дағдылары кеңейтіліп қалыптасады.  Оқу мақсаттары оқушылардың зерттеу дағдыларын, қарапайым бақылауға тәжірибе арқылы білімі қалыптасуына, алған білімін қайта практикада қолдана білуіне бағытталған. Оқушы бойында әлеуметтік дағдылар, жалпы білімнің іргетасы, танымдық белсенділігі, жүйелі оқу әрекетінің қалыптасуына бастауыш сынып оқу бағдарламаларында көңіл бөлінген.

Жаңартылған білім беру мазмұны оқушылардың ғылыми-зерттеу дағдысын: сұрақ қою және сол сұраққа жауап табу, зерттеу жоспарын дайындап және болжам жасай алу, сұрақтарға  жауап  табу үшін зерттеулер жүргізу, зерттеулер нәтижесінде алынған мәліметтерді жинақтап, өңдеп, түсіндіру дағдысын дамытады.

Оқушыларымыз ойын еркін жеткізуге машықтанған, өз ойын дәлелдей алатын, сыни тұрғыда ойлауға жетік. Жұппен, топпен жұмыс жасай алатын,  шығармашыл,  жан-жақты тұлға тәрбиеленуде. Оның дәлелі біріншіден оқушыларымыздың сапа көрсеткіштері жоғары болса, екіншіден әр түрлі конкурстарға қатысып, жүлделі орындар алуда.

2016 жылы  “ZIAT”  «Жас зерттеуші  Республикалық турнирі, Ерікболқызы Аяулым  ІІ орын,  Амангелді Нұрдос  ІІ орын иеленді.

2017 жылы Ерікболқызы Аяулым  аудандық жас зерттеушілер «Зерде» байқауынан І орын, Қыдырбек Әділ ІІ орын алып, облыстық  турға  жолдама   алды,  облыстық кезеңінде  Ерікболқызы Аяулым ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз- мктеп оқушысы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып  көрсету

Жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізуде Павлодар қаласындағы химия – биология бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің»   шығармашылық топ ұстаздары ынтымақтаса отырып, «Назарбаев зияткерлік мектептерінің» іс тәжірибесін жалпы білім беретін мектептерге енгізуде  оқу мен оқытудағы әдіс-тәсілдердің тиімді қолданылуына әдістемелік көмек көрсетуде. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» базасында мұғалімдер үшін  «Жаңартылған білім беру мазмұнында «Музыка», «Өнер» пәндерін беру тәсілдері», «Бастауыш сыныптарда CLIL  техникасын қолдану арқылы командалық оқыту жүйесі» және «Тәрбие үрдісіндегі диагностикалау технологиясы»  тақырыптарында семинар-тренинг өткізіліп, мұғалімдер іс-тәжірибелерімен бөлісті.

«Назарбаев зияткерлік мектебінің» шығармашылық тобымен мектептің шығармашыл ұсаздары  жаңартылған білім беру мазмұны бойынша аудан мектептірінің мұғалімдеріне «Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтауда критериалды бағалау жүргізу және қалыптастырушы бағалауға тапсырмалар дайындау әдісі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында бағалауға арналған тапсырмалар дайындау әдісін, командалық сабақ жоспарын жасауды, АКТ-ны қолданудың жаңа әдістерін ұсынды. 5-7 сыныптардағы «Математика», «Информатика», «Физика», «Химия», «Биология», «Жаратылыстану», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» пәндерінің мұғалімдерімен бірлесе отырып кмандалық сабақтар өткізілді.

Жаңартылған білім беру мазмұнынында оқу мақсаттарына жетуде  пән мұғалімдері оқыту мен оқудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы, оқушының өз ойын еркін айта алатыны,  командамен жұмыс жасай  алу дағдыларының дамығанын және оқушының өзін-өзі бағалау арқылы жетістікке жетуге ұмтылатынын байқадық. Сабақ барысында оқу мақсаттарына жетуге талпынатын оқушыларға оқу жетістіктерін жақсартуға көмектесетін кері байланыс пен қолдау үнемі көрсетіледі.

Пилоттық сыныптарда сабақ беретін ұстаздар мен зияткерлік мектептердің бірлесіп ақарған жұмыстары мектеп бойынша ғана емес аудан көлмінде ұстаздар қауымына   жаңартылған білім беру мазмұнындағы  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тәжірибелік тұрғыда меңгертіп, нәтижеге бағытталған сабақтарды жоспарлауды үйретуде іс-тәжірибесімен бөлісуде. Өткізілген практикалық семинар сабақтарға қатысушы мұғалімдердің  кері байланыстары- мұғалім мен оқушы арасында, оқушы мен оқушы арасында, мұғалім мен мұғалім арасында жүзеге асырылып, келешектегі жоспарымызға бағыт-бағдар айқындауға септігін тигізуде.

Ұлттың алға ілгерлеуін жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш – рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беру болып табылады. Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Ұлттық және жалпы адамзаттық  құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі болады.

 

 

 

 

 

 

 

Ұстаздарға және оқушыларға арналған порталдар тізімі

  1. "Clever Quizzes" пән олимпиадалары - http://w.zti.kz/4a623c
  2. Лингвистикалық олимпиадалар - https://wonder.zti.kz
  3. Бастауыш білім беру негіздері бойынша 3 тілдік олимпиадалар - https://kokon.kz
  4. Итальяндық дойбы бойынша киберолимпиадасы - https://doiby.zti.kz
  5. Интеллектуалды шахмат киберолимпиадасы - https://chess.zti.kz
  6. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://kzu.kz
  7. Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар мен курстар - https://ukz.kz
  8. Зияткерлік сайыстар, конференциялар мен олимпиадалар – https://tarim.kz
  9. Мұғалімдерге арналған әдістемелік журнал - https://adisteme.kz
  10. Республикалық қашықтық олимпиадалары – https://clever.zti.kz
  11. Жарыстар, конференциялар, олимпиадалар - https://talimger.kz