Мы являемся разработчиком систем дистанционного образования и на базе своих авторских порталов постоянно организовываем предметные олимпиады и другие образовательные мероприятия. На протяжении многих лет мы оказываем рекламные услуги организациям образования высшего и средне-специального звена (далее - рекламодатель) путем размещения рекламных баннеров, с приглашениями на образовательные мероприятия наших рекламадателей в выходных документах выдаваемых по итогам дистанционных олимпиад. Каждый участник получив диплом или сертификат от наших порталов приобретает скидку на обучение в курсах или приглашение на участие в мероприятиях наших рекламодателей. Договора на предоставление рекламных услуг заключаются только напрямую с рекламодателем без участия третьих лиц, или представительских организаций. Подробнее: https://zti.kz/ads/ ...

Как получить журнал за 2 дня? Данная возможность уже функционирует с начала 2022 года на портале www.kzu.kz. Но, многие об этом не знают. И мы решили, расскрыть этот секрет... Если у вас есть готовая статья, то вы можете ее публиковать на сайте www.adisteme.kz. Это бесплатно. Также вы можете принять участие в конференции. В этом случае ваш доклад будет в автоматическом режиме опубликована в специальном номере журнала для конференционных докладов. У журнала будет свой ISSN. В этом случае у вас будет возможность получить электронный вариант журнала в течений двух дней. Вот и все. Одним выстрелом примете участие в конференции и получите журнал, что не сомненно будет учитываться в период прохождения аттестации. ...

По результатам анализа радиационно-гигиенической обстановки на территории Республики Казахстан значительный вклад в дозу облучения населения вносит медицинское облучение за счет диагностических рентгенорадиологических исследований. Об этом расскажет автор Системы учета доз радиационного облучения доктор Тлеубаева Асел Бакытбековна в одноименной статье. Подробнее: https://adisteme.kz/sudro.html ...

Сколько нужно слов чтобы знать Английский?
- ответ знают учёные из Оксфордского университета. Составляя учебные материалы для студентов, они подсчитали главные слова для каждого уровня.
• 250 слов необходимый старт для новичков.
• 600 достаточно чтобы говорить на базовые темы в повседневной жизни.
• 1200 повысить твой уровень до уверенного среднего.

Мы создали систему быстрого запоминания «Wonder Words» в её основе метод интервальных повторений, доказанный учёными. Приложение предлагает все слова, которые максимально расширят твой словарный запас. https://wonder.zti.kz
...

Отличная новость! Теперь в олимпиадах "Wonder Words" выдаются сертификаты по каждому предмету отдельно. А всего олимпиад по 8 предметам. Каждый участник достигший уровня выше "Elementary" будет удостоен к награде от МАП. Подведение итогов будет в августе. Спешите приобрести выгодные абонементы прямо сейчас. ...

Отличная новость. Теперь в олимпиадах Wonder Words есть русский и казахский языки. Всего за 1000 тг. можно принять участие в 8 олимпиадах. https://wonder.zti.kz ...

Поздравляем нашего юниора с победой в кибер Олимпиаде по итальянским шашкам. ...

- В наших олимпиадах участвуют из 28 стран мира. Почему?
- Ответ простой: Потому что, у нас многонациональный педагогический состав. Участвуйте в наших олимпиадах и отправляйте свои авторские тестовые вопросы. Авторы олимпиад будут награждаться правами Председателя Международной ассоциации педагогов за вклад в развитие образования.
Поздравляем Вас с днем Единства народа Казахстана!

Образовательные порталы народа Казахстана:
1. Лингвистические олимпиады - https://wonder.zti.kz
2. Конкурсы, конференции, олимпиады и курсы — https://kzu.kz
3. Республиканские конкурсы, курсы, конференции и олимпиады — https://ukz.kz
4. Интеллектуальные конкурсы, конференции и олимпиады — https://tarim.kz
5. Методический журнал для педагогов — https://adisteme.kz
6. Республиканские дистанционные олимпиады — http://clever.zti.kz
7. Конкурсы, конференции, олимпиады и курсы — https://talimger.kz
8. Интеллектуальные кибер олимпиады по итальянским шашкам - https://doiby.zti.kz
9. Интеллектуальные кибер олимпиады по шахматам - https://chess.zti.kz
...

Ескерту: Мақала сапасы туралы ақпараттарды, сертификат, анықтама және журналға тапсырыс беру батырмаларын мақала авторы немесе журнал тілшісі ғана көре алады.

Апау сенің арқаң…

Ашық сабақтар
Апау сенің арқаң…

Мақала авторы: Джабасова Шалкы Джумабековна
Жұмыс орны: № 27 Өмірзақ орта мектебі
Лауазымы: Ашық сабақ
Порталға жариялану мерзімі: 01.03.2016
Журнал қорына жариялаған: Джабасова Шалқы Жұмабекқызы


   Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Апау сенің арқаң…» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу.  Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру.

   Кештің көрнекілігі: Ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.

   Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды.

   1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл — бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.

Сеннен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті, жан аналар!

  2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаздары, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген апалар, ұстаздар, қыздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Апау сенің арқаң…» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз!

1-жүргізуші:

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.

1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.

2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар —
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.

4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.

5-оқушы: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер —  жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.

6-оқушы: Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.

7-оқушы:

Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,

Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.

Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,

Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

8-оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген – бәйтерегі өмірдің,

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

9-оқушы:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан бабалар

Ана деген – тіршіліктің тірегі,

Мерекеңмен, қасиетті Аналар!

   2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.

1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды.

2-жүргізуші:  Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

 

«Мереке» өлеңі орындайтын Тлепова Камшат және Үргенішбай Ұлмекен

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады

Ана
Сен бақыттысың,
Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой
Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа
Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді
Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…

(Өлең аяқталып болған соң, бірден көңілді әуен қосылып оқушылар сахнаға шығып, ай секілді дөңгеленіп тұрады да орталарына екі жүргізуші келіп тұрады).
1-жүргізуші:

О, аналар осындайсың бәрің де,

Осындайсың жасың-дағы кәрің де,

Сыйынатын осы өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге…

Ендігі кезекте сынып оқушыларының өнерлерін тамашалауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.

Сыныптың қыздары мен ұлдары ұйымдастырған биі «16 қыз»

1-жүргізуші: Шығыста: «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» дейді. Қазақ әйелі бағзыдан даланы қорғаған, ерлермен бірге ерлік жасаған. Қазақ әйелі тек қана ошақ басының емес, бүкіл өмірін, ұрпағын сақтаған, ерліктің үлгісін көрсеткен. Бесік тербейтін, батырды өсіретін, ұлтымызды сақтайтын, ертеңгі ерлерді өсіретін әйел, келін, ана!

2-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай … оқушымыздың орындауындағы «Апау сенің арқаң…» әнін қабыл алыңыздар. ХОР

1-жүргізуші: Өміріміздің әрбір сәтін есімізде сақтап қалу мүмкін емес. Десе де, фотоаппараттың көмегімен оны жүзеге асыруға болады. Назарларыңызға естеліктерді ұсынамыз. (Алдын ала оқушылар мен ұстаздардың өмірінен, ата-аналармен бірге түскен суреттерден слайд жасалып қояды). Проектордың көмегімен слайд көрсетіледі.

2-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!

1-жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді ардақты ұстаздарға береміз.

Ең соңында оқушылар ай секілді дөңгеленіп тұрып, алдын ала мұғалімдерге арнап шығарылған 4 жол өлеңдері жазылған ашық хатты оқып, шоқ гүл немесе сыйлықтар ұсынады.