Алтын сақа

Бастауыш сынып
Алтын сақа

Мақала авторы: Молдашева Магура Нурлановна
Жұмыс орны: Әйке орта мектебі
Лауазымы: Бастауыш класс мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 21.04.2016


Тақырыбы: Алтын сақа
Мақсаты: Балаларды сайысқа қатыстыра отырып,салт-дәстүр ,төрт-түлік мал туралы білімдерін байқау,танымдарын кеңейту.Ойын арқылы балаларды достыққа,жолдастыққа,тапқырлыққа,ептілікке баулу.
Көрнекі құралдар: қоржын,мал қора макеті,қойлар,асықтар.
Сайысты жүргізу тәсілі: сұрақ-жауап,ойын.
Кіріспе.
Мұғалім: Халықтық рухани бай қазынаның бірі,бірден-бір тәрбие құралы-халық ойындары.Халық оның алуан түрін тауып,өз ұрпағын өрелілікке,ойшылдыққа,тапқырлыққа,шеберлікке,дәлдік пен мергендікке тәрбиелеген.Солардың бірі-асық ойыны.Бүгінгі ойынымыз «Алтын сақа» деп аталады.
Ойынның шарты:Балаларды екі топқа бөліп,әр топтың аттарын белгілеу және жетекшілерін тағайындау.Екі топтан екі ойыншы ортаға шығып сақаны шиіреді.Асықтың түсуіне қарай қоржыннан алдын-ала дайындалған сұрақтарды алып жауап береді.
1)Егер асық алшы түссе,ол ойыншы жеңіске жеткені.Ол ойыншының қорасына екі қой кіреді.
2)Егер асық тәйке түссе,ол ойыншы сұраққа жауап бермейді,оның қорасына бір қой кіреді.
3)Асық бүк немесе шік түссе,қоржыннан сұрақтар алып жауап береді.Егер сұраққа дұрыс жауап берсе,оның үлесіне бір қой тиесілі.
Ойынның соңында қай топ көп қой жинаса,сол топ жеңіске жетеді.
I-бөлім. «Кім епті ?».Екі топтан балалар кезек шығып асықты иіреді.Асықтың түсуіне байланысты,қоржынның ішіндегі сұрақтарды өздері таңдап,жауап береді.
Сұрақтар.
1.Ұлттық ойындарды ата.
2.Қандай ұлттық тойларды білесің?
3.Ұлттық киімдерді ата.
4.Ұлттық тағамдарды ата.
5.Қазақтың ұлттық аспабы.
6.Киіз үй жабдықтарын ата.
7.Жүннен тоқылатын төсеніш.
8.Қазақстанның қалаларын ата.
9.Қазақстан Республикасының рәміздерін ата.
10.Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
II –бөлім. «Төрт түлігім –ырысым» деп аталады.Бұл бөлімде қоржындағы сұрақтар төрт түлік малға байланысты.Екі топ сұрақтардың жауабын барлығы біріге отырып тауып,жауап береді.
1.Малды қалай шақырады?
Жылқыны құрау-құрау,
Түйені көс-көс,
Сиырды әукім-әукім,
Қойды пұшайт-пұшайт,
Ешкіні шөре-шөре.
2.Малдың төлдеуін қалай атайды?
Бие –құлындайды,
Қой-қоздайды,
Ешкі-лақтайды,
Түйе-боталайды,
Сиыр-бұзаулайды.
3.Малдың пірлерін ата.
Сиыр-Зеңгі баба
Түйе-Ойсылқара
Ешкі-Сексек ата
Қой-Шопан ата
Жылқы-Қамбар ата.
4.Мал қалай дыбыстайды?
Түйе-боздайды,
Қой,ешкі-маңырайды,
Сиыр мөңірейді,
Жылқы-кісінейді.
III-бөлім. «Күштілер,ептілер,батылдар» сайысы.
а) Күш сынасу. «Арқан тартыс».
ә) Мергендікті сынау. «Асық ату».
б) Ер балалар үшін «Қолкүрес».
IV-бөлім.Қортындылау.
Екі топтың жетекшілері өздері жинаған ұпайларын,яғни қойларын санап шығады.Жеңіске жеткен топтың аты аталып,сыйлық беріледі.

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz