Қазақ әдебиеті 10 -сынып Күні: 14.02.2017
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Еңлік – Кебек» дастаны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы білімдерін тексеру,дамыту; ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру; Шәкәрім лирикасы мен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Тәрбиелік: Шәкәрімнің өлеңдері арқылы оқушылардың рухани байлығын , адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып, жаман мінезден аулақ болу,адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік,ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, өз ойларын еркін,нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын шыңдау, өзін-өзі дамыту,коммуникативтік,оқу-танымдық құзіреттіліктерін дамыту.
Сабақтың түрі : ашық сабақ.
Сабақтың типі: дәстүрлі емес.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті, машина, фиш-боун, ақылдың алты қалпағы, т.б.
Көрнекіліктер: «Дана сөздің дарасы» кітап көрмесі, плакаттар, слайд.
Сабақтың барысы :
1.Ұйымдастыру кезеңі : (1 мин)
а)Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу;
ә)Сабақ мақсатымен, барысымен таныстыру.
- Үй тапсырмасын сұрау. (10 мин)
Абайдың «Евгений Онегин» аудармасынан үзіндіні жатқа айту
«Ойлау бутерброды» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы сұрау:әр оқушыға өткен тақырыпты бекіту мақсатында үлестірме сұрақ беріледі:
1.Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде айтқан бес асыл іс пен бес дұшпанды атаңыз ?
- «Абай- Гете- Лермонтов» рухани үндестігі болып, үш халықты табыстырған өлең ?
- Абай Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан неше үзінді аударған ?
- Жаңа сабақ Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Шәкәрім Құдайбердіұлы және оның өмірі мен шығармашылығы». Кейіпкер туралы шағын бейне жазба көрсетіледі және ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тағы біраз мәлімет беріледі
(Бейнебаян көрсетіледі:»Сиқырлы кітаптар» – 3 мин)
Оқушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлына қатысты бір-бір сөйлем оқылады.
Оқушылар қолдарындағы дұрыс бұрыс таяқшаларымен бейнебаяннан көрген, естіген мәлімет бойынша жұмыс ітейді.
- Ол – Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі.
- Ол – жеті жасында әкесінен жетім қалған.
- Ол – «Қалқаман-Мамыр»,»Ескендір, «Еңлік-Кебек» помаларын жазған. »
- Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта жатқан.
- Шәкәрім Құдайбердіұлы(1858–1931) –ақын, жазушы, философ, тарихшы, композитор 6. Ол – Париж, Стамбұл ,Еуропа кітапханаларына болған.
- Ол – 19 жасында Абай ағасының нұсқауымен «қазақ халқының шежіресін» жазып бастаған.
- Ол – халқын, «өнерлі, білімді елден» – орыс халқынан тағылам алуға шақырған.
- Оның шығармалары ең алғаш 1912 жылы Семейде «Қазақ айнасы» деген атпен жарық көрген.
- Ол – «Абай жолындағы» Шұбар есімді кейіпкердің протатипі.
- Ол – 1958 жылы 2 қазанда жазықсыз жазадан ақталады.
«Машина» әдісі. Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығын автомобильдің көрінісі арқылы түсіндіру.Оқулықта берілген ақын өмірі туралы мәліметті мәтінді пайдалана отырып, оқушылармен бірге стрелка арқылы алға қарай жылжи отырып, ақынның өмір кезеңдерінен сызба құрастыру
«Еңлік-Кебек» қысқа метражды фильмді тамашалау (Дастанның негізгі мазмұнын түсіну)
Қосымша мәлімет: Еңлік-Кебек (пьесасы) – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың трагедия жанрында жазған шығармасы[1]. Шығарма 1922 жылы жазылды және 1943 жылы жаңанұсқасымен жарықкөрді. Еңлік Кебек пьесасын жазған кезде М.Әуезов 21 жаста
болған.
Кейіпкерлері:
- Абыз– Cәуегей қария. Құрметті шал. 80 жаста.
- Таңшолпан– Абыздың әйелі, білімді, ел анасы болғандай ақкөңіл кемпір. 65 жаста.
- Ақан, Қалампыр– Меймандос кәриялар, момын.
- Еңлік– Ақанның қызы. Ашық, өжет, адуын, еркек мінезді, 20 жаста.
- Кебек– Тобықтының атақты батырының бірі. 28 жаста.
- Кеңгірбай– (Қабекең) Тобықтының қабырғалы, айдынды биі. Ел ішінде өте қадірлі, сөзі қабыл болатын дуалы ауыз. 60 жаста.
- Көбей– Қабекең мен елдің арасындағы сөзді алып жүретін, пысық, жүйрік би. Қабекеңнің жұмбақтап айтатын сөздерін тез шешетіндіктен Көмей би деп атанған. 45 жаста.
- Матақ, Кембай– Көбейден соңғы елдің басты адамдары.
- Есен– Найманның батыры.
- Жомарт, Еспембет– Найманның елшілері. Айтқан сөзінен қайтпайтын, қатты адамдар, жалғыз жуастауы Жомарт.
- Қосдәулет– Дадан Тобықтының басты кісісі.
- Қараменде– Дадан Тобықтының биі, ақ жүрек, ел қамқоры болған әділ, таза би. 75 жаста
- Жапал– Ақанның малшы баласы.
- Жәуетей– Кебектің жолдасы.
Жеке, жұптық жұмыс:
- «Жұлдыз» әдісі. Мұнда топ оқушылары кім?, қашан?, қайда?, неліктен?, қалай? деген сұрақтар бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтар дайындайды.
- . «Фиш-боун» әдісі. Балық кейпінде сызылған тірек-сызба арқылы «Еңлік-Кебек» дастанын талдау (Мұғалім жетекшілігімен)
«Фишбоун» белсенді оқыту әдісі.
|
Пайдаланатын мақсаты: Мәселені/тақырыпты талқылауға арналған жаттығу
Орындалу барысы: басы – тақырыптың мәселесі, үстіңгі сүйектері – тақырыптың негізгі түсініктері, астыңғы сүйектері – себептері, құйрығы – мәселенің шешімі. Қаңқадағы жазулар қысқа болу керек, олар тірек сөздерден немесе тақырыптың негізгі ойын ашатын фразалар жазуы керек .
|
Сергіту сәті: Роза Рымбаеваның «Еңлік-Кебек» әнін тыңдау
Топтық жұмыс: «Қабырғадағы рөл» әдісі
Оқушылар Еңлік пен Кебектің ажырамас егіздей сұлбасының ішкі жағына жағымды мінезін жазады, ал сыртқы жағына кейіпкерлер жайлы білгісі келетін , толғандыратын сұрақтар легін жазады.
- Сабақты бекіту.
- Үй тапсырмасын беру.Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік -Кебек» дастанын оқу, мазмұндау.
- Бағалау.
Оқушының аты-жөні: Өзін-өзі бағалау