«Еліміздің ертеңі- бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» сондықтан менің мақсатым: саналы да білімді,парасатты, жан- жақты ұрпақ тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамытып оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, себебі мектептің алғашқы табалдырығын даярлық сыныптан бастайды, ең алғашқы білімді біз береміз.Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Мектепалды даярлық сыныптарында сауат ашу негіздері мазмұнында өзгерістер болды. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың стандартына сәйкес, үлгілік оқу бағдарламасы бойынша сауат ашу негіздері мазмұнына күтілетін нәтижелеріне және 1-сынып Сауат ашу пәнімен сабақтастықта «Әліппе» оқу-әдістемелік кешені дайындалып апробациядан өтуде.
Оқулықтың суреттері, безендірілуі, іс-әрекеттердің балалардың психологиялық және жас ерекшелігіне қарай құрылуы – басты құндылықтарының бірі. Әліппе оқулығының қалыптасу тарихында А.Байтұрсыныовтың талдау-жинақтау әдісін, күнделікте өмірде қолдану әдістерінен бастап ең қолайлы тұстары, әдістемелері негізге алынды Мектепалды балалардың балалардың төрт түрлі сөйлеу іс-әрекетін: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдылары арқылы қалыптастыруға бағытталған. Бұл дағдылары баланың кез келген орта жағдайында бəсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді. «Әліппе» бойынша ОӘК-нің құрамы: «Әліппе» оқулығы; №1, 2 жұмыс дәптерлері;Әліппе пәні жылына64 сағаттан берілге , аптасына 2 сағат берілген.
Осы пәннен ашық сабақ өтті,бұл ашық сабаққа ата- аналарда қатысты. Сабақтың соңында оқулықтағы тапсырмаларға талдау жасалды. Бұл оқулыққа ата- аналар оң көзбен қарады, тапсырмалары ата- аналардың ойлары бойынша балаларына жеңіл ,тақырыпты тез меңгеруге септігін тигізеді дейді.
Келесі іс шара күз мезгіліне байланысты «Күз кереметі» атты ертеңгілік өтті .
Мақсаты: Балаларға жыл мезгілдерінің айырмашылығы барын түсіндіру Олардың әрқайысы өз қызығымен ерекше. Күз айларының халыққа молшылық әкелетінін қуаныш сыйлайтынын жеткізу. Табиғатты сүюуге тәрбиелеу. Өнерге қызығушылықтарын дамыту,сөздік қорларын байыту.
Бұл ертеңгілікте балалар өздерінің өнерін көрсетті, ертеңгілікке ата- аналар да қатысты балаларының өнерлерін көріп тамашалады.
Сонымен қатар ата- аналар арасында «Тәрбие- отбасынан басталады » атты сайыс өтті.
Мақсаты: Ата- ана, мұғалім және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Өзара көмекке, ынтымақтастыққа , ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Сайыс 8-кезең бойынша өтті. Бұл сайыста ата- аналар балаларына деген ыстық сезімдері байқалды, өздерінің отбасында қандай ата- ана екендігін дәлелдеп көрсетті. Сайыстың соңында ата- аналар марапатталды.
Тоқсан соңында жаңа- жыл мерекесіне байланысты жаңа- жылдық кеш өтті,балалар өз онерлерін көрсетіп «ақшақар»биін биледі .
Қорыта кетсем :
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға,
Ұстаздық қылған жалықпас,
Үйретуден балаға.- деп Ұлы Абай атамыз айтқандай саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу үшін анық басып, анық жүріп, ешқашан да жалықпай мықты ұрпақ тәрбиелейік.