Ақпараттық компьютерлік технологияларды қазақ тілі сабағында қолдану – заман талабы [Казахский язык]

Автор статьи : Анар С.
Организация : №23 мектеп
Должность : қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
Дата : 12.05.2016
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

Заман талабына сай оқу үрдісін ақпараттандырылған технологиямен жүргізіп, жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін, ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс» деген болатын.

Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияларды қолдану жөнінде жиі айтылып жатыр. Қазіргі педагогикалық технологиялар жобалау технологиялары, ақпараттық технологиялар, ынтамақтасты оқыту технологиясы және тағы басқалары балалардың қабілеттерін, біліктілік деңгейін, зеректіліктерін ескере отыра, даралап, саралап оқытуды қамтамасыз етеді және оқытуда құзыреттіліктерін іске асыруға көмектеседі. Сонымен ,педагогикалық технологиялар деген не десек, олар:

-Өзара байланысты әдіс-тәсілдердің жиынтығы арқылы жеке тұлғаның белгілі қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған ықпал;

-Сол деңгейде қалыптастыру үшін белгілі шарттарды жасауға бағытталған іскерлік.

Педагогикалық технологиялардың мақсаты – оқыту үдерісінің тиімділігін көтеру, оқытуда бағдарланған нәтижелерге жетудің кепілі болып табылады.

Қазақ тілін оқытудың негізі мақсаты оқушылардың коммуникативті мәдениетін дамыту және қалыптастыру болса, мұғалім өз жұмысында әрбір оқушыға тілді практикада меңгеруіне жағдай жасауға тиіс

Оқыту үдерісінің тиімділігі үшін әр түрлі технологиялар қолданылып жатыр, бірақ мен қазақ тілін оқытудағы ақпараттық технологияларды қолдануға тоқталғым келеді. Біздің қарқынды заманымыз – ақпараттық технологиялар заманы. Қазіргі кезде бізге әр түрде берілген ақпараттар жиі ұсынылады. Сондықтан шәкірттерді оқытуда олардың ақпаратттық құзыреттіліктері маңызды орын алып отыр, яғни керекті ақпаратты тауып, оның мазмұнын беру біліктіліктері. Әрбір мұғалім шәкірттерінің өз пәніне деген қызығушылықтарын болғанын армандайды. Оны қалыптастыруда көптеген қиындықтар кездеседі. Сол себепті жаңа ақпараттық технологияларды қолдану бізге әдістемелік әдіс-тәсілдерді таңдауға, сабақтарды қызықты да, есте қаларлық болуына көмектеседі. Сонымен бірге олар оқыту үдерісін өзгертіп, балалардың жүйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады.

Ақпараттық компьютерлі технологияларды қолдану:оқыту үдерісінің аясын кеңейтеді, оның практикалық бағыттылығына себеп болады, оқушылардың білім алуға, оқуға деген уәждемелерін көтереді.

Өз жұмысымда мен көптеген электрондық ресурстарды қолданамын:

мультимедиялық бағдарламалар, Интернетте табылған материалдар, интерактивті тестілер, бағдарламалар. Олар сабақты түрлендіреді әрі қызық етеді, балаларды әр түрлі жаңа технологияларды пайдалануға үйретеді.

Мен өзімнің әр сабағымда презентацияларды қолданамын. Презентацияларға мәтінмен бірге суреттер,графиктер,кестелер, бейнекөрініс және музыкалық сүйемелдеулерді кірістіру қажет.

Мульти - медиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай:

  1. Барлық оқушыладың зейінін белсендіреді;
  2. Оқушылардың сыныптық және сыныптан тыс жұмыстарын байланыстырады;
  3. Оқу уақытын үнемдейді;
  4. Презентацияға интерактивті тақтаны қолдану жаңа лексикалық, грамматикалық, фонетикалық материалдарды көрнекі жүйелеуге мүмкіндік жасайды және де барлық тілдік әрекеттерді оқытуға тірек болады;
  5. Түрлі мәтіндік аудио және бейне көрнекіліктерді қиыстырады.

Презентация жасау материалдарды таңдап алуда,презентацияның құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындық қажет етеді.Ақпараттық компьютерлік технологиялар қолдану арқылы сабақтарда біз оқушылардың оқу дағдыларын дамытамыз.Интернетті пайдалану мұғалімнің күнделікті т.б. жаңа технологияларды танып,өз біліктілігін көтеруде әсері мол.Өз жұмысымда мен интерактивті тақтаны пайдаланып отырамын. Осы тақтаның ең үлкен артықшылығы – көрнекілік және интерактивтік.

Ол бір уақытта баланың екі қабылдау мүшесіне – көру және естуіне әсер етеді, сондықтан оның тиімділігі өте жоғары деуге болады.Тақтаның көрнекілік, дыбыстық, интерактивтік мүмкіндіктерін пайдалану сабақта жайлы эмоционалды орта туғызады.Оқушылар керекті де маңызды ақпарат алып, сонымен қатар өте күшті,жайлы таңқалу,қуаныш, құмарлану сияқты эмоциялар алады.Тақта арқылы берілген, оқытылған материалдардың көрнекілік, интерактивтік мүмкіндіктері арқылы оқушылар тапсырманы қорықпай орындап,түгелдей жұмысқа белсенді түрде қатысып отырады. Интерактивті тақта қолданылып өтетін сабақтарда мен әр оқушы басқа тілді анық тыңдауға, айтылымды - әрбірі сөйлеуге, грамматиканы оқытуда – грамматикалық жаттығуларды орындауға мүмкіндік алады, сонымен бірге жасалған жұмыстарға қайта – қайта оралып, тапсырманы дұрыс орындауды қадағалауға мүмкіндік беріледі.

Қорыта келгенде, қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу үдерісін жетілдіріп, тиімділігін арттырады және сабақтарды қызықты өткізуге көмектеседі. Біз дәстүрлі оқыту әдістерін осындай жаңа технологиялармен толықтырып және үйлестіре отыра, әрбір оқушыға жекеклей қарап, олардың лингвистикалық қабілеттерін дамытамыз,білім сапасын объективті бағалаймыз. Яғни, осы тақырып қазіргі білім беруді модернизациялау кезінде өте өзекті деуге болады,өйткені жаңа технологияларды қолдану оқыту үдерісін тиімді етеді және оқушының жеке басына бағытталады.Бір ескеретін жайт- ешбір технология мұғалімнің өзін алмастыра алмайды.Компьютер мұғалімді тек қана толықтырып отырады. Ал,ақпараттық технологияларды қолдануды мұғалімнің біліктілік құзыреттілігін айқындайтын талап ретінде қарастыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.  С.Т.Мұхамбетжанова,  Ж.Ә.Жартынова.  Интерактивті  жаб- дықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. А., 2008. 2.  А.Медешова.  Компьютерлік  программаларды  оқу-тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1, 2001. 3. Т.В.Душеина. Проектная технология на уроках иностранного языка. ИЯШ, №5, 2003. 4. И.И.Инкина. Использование ИКТ в обучении иностранному языку. 5. Т.Л.Слабова. Использование современных образовательных технологий при обучении английскому языку. www.edu.kz