Ағылшын тілі сабағын қашықтықтан оқыту [Английский язык]

Автор статьи : Улжан С.
Организация : Қазақ ұлттық өнер университеті Дарынды балаларға арналған мектеп-интернат
Должность : ағылшын тілі пәнінің мұғалімі
Дата : 12.05.2021
Издатель : Амангуль М., корреспондент
Номер журнала : 02-12-2021

Бүкіл әлемде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты, елімізде карантин жарияланып, оқушылар IV тоқсаннан бастап қашықтықтан білім ала бастады. Бұл білім алу жүйесі бұрынғыдан өзгерек. Қасында бірігіп тапсырма орындайтын сыныптасы, сабақ түсіндіретін мұғалімі жоқ. Бар жауапкершілік оқушының өзіне жүктеледі. Бүкіл әлем бойынша 870 миллионнан астам оқушы қашықтан оқу форматында білім алуда. Әрине, қиындықсыз ештеңе болмайды. Бір үйде бірнеше бала бір смартфонға қарап отыруы мүмкін. Бұл тек біздің еліміздегі емес, бүкіл әлемде бар жағдай. Кез-келген нәрсенің шешімі бар. Бұл мәселені шешу жолдарын қарастырып, мектептерде әлеуметтік жағдайына қарай отбасыларға компьютер берілді.

Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың заманауи талаптарға сай дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар білім беру талаптарына байланысты жаңартылып отырады. Сапалы терең білімді меңгеруге талпынған өскелең ұрпақтың жеткілікті дәрежеде сандық сауаттылығы бар, себебі олар өмір жағдайлары барысында жаңа технологияның барлық мүмкіндіктерін пайдаланады. Сол мүмкіндіктерді нәтижелі қолдану мұғалімнің біліктілігіне, біліміне, тәжірибесіне байланысты. Мемлекеттік мекемесінің ұстаздары соңғы технологияларды жақсы меңгерген. Көктемге демалыста дайындықты бастап, оқушыларға арналған 30 бейне сабақ түсіріліп, YouTube каналына жүктелді. Мұғалім мен оқушыға тиімді оқыту жолдарын, «Balapan» телеарнасы, mektep.edu.kz, BilimLand, Daryn.online, MicrosoftTEAMS, GoogleClassRoom оқыту платформаларын пайдалануды бір жүйеге келтірді. Соның нәтижесінде мектеп, оқушы, ата-ана бірлікте жұмыс жасап, қиындықтарды артта қалдырды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 6 сәуірден бастап жалпы білім беретін мектептері қашықтықтан оқыту жүйесіне көшкені баршамызға белгілі. Мемлекетіміздегі білім беру саласындағы бұл өзгеріс әлемде орын алған коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген болатын.

Жалпы қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагогтың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асыратын оқыту түріне жатады. Бұл жүйе әлем елдерінде жақсы дамыған. Соның ішінде алдыңғы орында Ұлыбритания, АҚШ елдері тұрғанын айтуға болады.

Қашықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл – оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ол тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі.

Қашықтан білім беру жүйесін дамытудың ең негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың  оқу бағдарламасы бойынша білім алуға, білім берудің ақпараттық жүйесін құру арқылы оқушылардың білім деңгейінің дәрежесін жоғарылату. Осы орайда қашықтан оқытуда оқушылардың білімін жақсарту мақсатында мұғалімдер алдына қоятын аса бір маңызды талаптарының бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыс жасап үйренуін қалыптастыру. Ал бұл оқу нәтижесін арттырудағы ең басты қажеттілік.  Ақтөбе қаласы №10 жалпы білім беретін  мектепте ағылшын тілі мұғалімдері «Білім алушыларды қашықтан оқытуға ынталандыру жолдары», «БЖБ мен ТЖБ жұмыстарын қалай ұйымдастыруға болады», «Оқушыларды қашықтан оқыту кезінде жаратылыстану, гуманитарлық ғылымы бағытындағы пәндерден жиынтық бағалауды ұйымдастыру» т.б. бірнеше вебинарларға қатысып тартымды әсер алды. Шындығында бұрынғы дәстүрлі форматтағы семинар мен бүгінгі вебинардың арасы жермен көктей.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудағы ең негізгісі әрине, АКТ құралдары: платформалар. Қашықтан оқытуды ұйымдастыруға арналған АКТ құралдары бойынша оқу мақсатына сәйкес келетін цифрлық құралдарды таңдау арқылы қашықтан оқыту мен оқудың, сондай-ақ дәстүрлі кластағы сабағыңыздың тиімділігін арттыруға болады. Осы телекоммуникациялық және ақпараттық құралдар негізінде әр түрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға болады. Мысалы, қашықтан іскерлік ойындар, семинарлар, қол жетімді емес нысандарға виртуалды бару, виртуалды экскурсиялар, мектеп оқушыларының, сондай-ақ мұғалімдердің бір-бірімен компьютерлік хат алмасуы, электронды бюллетеньдер шығару және тағы басқалар.

Ағылшын тілі сабағында  қашықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл жүргізіп отырады. Шет тілін терең үйрену үшін осындай виртуальдық өзара іс қимыл аса маңызды.  Жүйелі жұмыстың нәтижесінде ілгерілеуді байқауға болады Нәтижесінде оқушылардың уақытысымен берілген кері байланыс арқылы сабаққа ынтасы артты. Қашықтан оқытуға біртіндеп оқушылар бейімделіп, тапсырмаларды орындау арысында уақытты тиімді пайдалана алды.

Синхрондық деп аталатын өзара іс-қимыл оқушы мен мұғалімнің нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Мұғалім мен оқушы бір-бірін виртуалды көре отырып, өздерін толғандырған сұрақтарға  нақты іс-әрекетпен  жауап береді. Мысалы, белгілі бір тақырыпты ортаға тастап талқылау қажет болса және оған бірнеше адамның пікірі қажет болса, бейне байланыстардың бүгінгі таңдағы жетілген түрлері (ZOOM жүйесі, скайп немесе басқа да бейне құралдар) пайдаланылуы мүмкін. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің  Білім ленд чаттары немесе бейне конференциялар қолданылады.

Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда  оқушы тақырыптар бойынша  кері байланыстар жіберуді ватсап желісі көмегімен немесе электрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады. Кері байланысты орнату үшін, түрлі интерактивті жұмыс беттерін, интерактивті жаттығулар, атап айтқанда (Liveworksheets, LearningApps) тиімді қолдану арқыл да қашықтан оқытудың тиімді етуге болады.

Қашықтан оқытуда, бала ата-ана мен ұстаздың қолдауына, көмегіне қаншалықты зәру болса, ата –ана мен ұстаздардар да бір- бірімен тығыз байланыста болу керектігін көрсетті.

Қорыта айтқанда, білікті де, білімді ұстаз оқушының дәл жанында отырмаса да оқушыны еліктіре алатын, еліктіру сырларын білетін, баланың көзін көрмесе де, көкірек көзін жарқырай жаға алатын ұстаздар қауымы осы жұмысты шыдамдылық танытып бірге еңсереміз деген ойдамын.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық — 2016 ж
  2. Шетел тілін оқыту әдістемесі №2 2016  ж.
  3. Шетел тілін оқыту әдістемесі  №5 2017 ж
  4. Мектептегі шет тілі  №3 2018 ж