Африка материгі. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

География
Африка материгі. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Мақала авторы: Джанибекова Жанар Даулетовна
Жұмыс орны: "Тұрыш мектеп-балабақша кешені" КММ
Лауазымы: география пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.04.2016


Сабақтың тақырыбы: Африка материгі. Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

Сабақтың мақсаты:
білімділік: оқушыларға Африка материгінің ерекшеліктерін, материк жағалауындағы
мұхиттары мен теңіздері туралы жан — жақты білім беру;
тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмыс істей білуге үйрету;
дамытушылық: картамен жұмыс істеу шеберлігін арттыру. Өз бетімен оқуын
ұйымдастыру.
Көрнекілігі: Жарты шарлар картасы, Африка материгінің физикалық картасы, атлас,
кескін карта, оқушының жеке жұмыс дәптері, ғалымдардың суреттері;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: «Ең…….ең» ойыны, «Блиц турнир» ойыны, «Тұлғаны таны», ойыны, «географиялық шынжыр» ойыны, картамен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А. оқушыларды түгендеу;
Б. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Жаңа сабақ барысы:
Африка — алып жатқан ауданы жөнінен Жер шарында Еуразиядан кейінгі 2 — ші орын алатын материк. Оның ауданы аралдарымен қоса есептегенде 30,3 млн км2.
Шеткі нүктелері:
• Солтүстікте: Бен — Секка
• Оңтүстікте: Игольный (Ине)
• Батыста: Альмади
• Шығыста: Рас — Хафун

Табиғатының басты ерекшеліктері:
— Африка — экватор сызығы мен бастапқы меридиан кесіп өтетін бірден — бір материк. Ол төрт жарты шарда орналасқан;
— Материк арқылы жер шарындағы ең ұзын Ніл өзені ағып өтеді, өзеннің Кагера саласымен қосып есептегендігі ұзындығы 6671 км — ге тең;
— Африкада Жер шарындағы ең үлкен тропиктік континенттік шөл Сахара орналасқан, оның ауданы 7 млн км — ден артық;
— Жер шарындағы ең жоғарғы температура Сахараның солтүстігінде Әл — Азизия қаласында 1933 жылы + 580С тіркелген;
Материктің теңіз деңгейінен биік орналасқан нүктесі — Шығыс Африкадағы Килиманджаро жанартауы, оның биіктігі 5895 м;
Ең төмен орналасқан нүктесі Афар ойысындағы Ассаль көлінің деңгейі — 153 м;
Материк жағалауындағы ең ірі арал — Мадагаскар, ауданы 590 мың км2;
Ең ірі көлі — Виктория, ауданы 68 мың км2;
Ең терең көлі — Танганьика, тереңдігі 1470 м, ол тереңдігі жөнінен Байкалдан кейін 2 — ші орын алады;
Ең ірі сарқырамасы — Оңтүстік Африкада орналасқан Тугела, оның биіктігі 933м;
Құрлықтағы ең ірі жануар — Африка пілі жабайы күйінде тіршілік етеді, олардың ең ірілерінің салмағы 7,5 тоннаға жетеді;
Географиялық орны. Африка оңтүстік жарты шар материктері қатарына енгенімен, оның көпшілік бөлігі солтүстік жарты шарда жатыр. Екі тропик шеңберінің аралығында орналасқандықтан материкке күн сәулесі мол түседі, сондықтан Африка Жер шарындағы ең ыстық материк болып табылады.
Жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер: Материктің батыс жағалауын Атлан мұхитының, ал солтүстігін Атлант мұхитына енетін Жерорта теңізінің сулары шайып жатыр. Олардың арасын ені 12 км — лік Гибралтар бұғазы жалғастырып жатыр. Ал материктің шығысы мен оңтүстік — шығыс жағалауларына Қызыл теңіз бен Үнді мұхитының сулары ұласады.
Атлант мұхитының сулары Африканың батыс жағалауын шайып жатыр. Материктің экваторлық жағалауы арқылы Гвинея жылы ағысы өтеді, оған солтүстіктен Канар суық ағысы жалғасады.
Үнді мұхиты алабына енетін Қызыл теңіз бен тектоникалық терең жарылыста орналасқан. Ол д.ж. мұхиттың ең жылы және тұзды бөлігі, бұған теңіздің 2 материктегі тропиктік шөлдер аралығында орналасуы және теңіз түбінде тұзды көлдерінің болуы әсер етеді.
Зерттелу тарихы. ХІҮ ғасырда марокалық араб Әбу ибн Баттута Сомали түбегі аймағын, кейіннен Тимбукту мен Мали жерлеріне саяхат жасап, зерттеген.
1497 — 1499 жылдары Васко да Гама басқарған Португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі арқылы Үндістанға қарай бет алған.
Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып білуде ағылшын ғалымы Давид Ливинстонның еңбегң зор.

ІІІ. Жаңа сабақты бекіту:
Ең…..ең ойыны
1. Құрлықтағы ең биік нүкте:
Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м
2. Құрлықтағы ең үлкен арал:
Мадагаскар, ауданы 590 мың км
3.Құрлықтағы ең үлкен көл:
Виктория, ауданы 68 мың км
4.Құрлықтағы ең ұзын өзен:
Ніл, ұзындығы 6671км
5. Құрлықтағы ең үлкен шөл:
Сахара, ауданы 7 млн км
6. Құрлықтағы ең ірі жануар:
Африка пілі, салмағы 7,5 тонна
7. Құрлықтағы ең терең көл:
Танганьика, тереңдігі 1470м
8. Құрлықтағы ең ірі сарқырама:
Тугела, биіктігі 933 м

Географиялық шынжыр.
• 1 – топ:
667111259068
• 6671 – Ніл өзенінің ұзындығы
• 112 – Суец каналының ұзындығы
• 590 – Мадагаскар аралының ауданы
• 68 – Виктория көлінің ауданы
2 – топ:
589514709337
• 5895 – Килиманджаро жанартауының биіктігі
• 1470 – Танганьика көлінің тереңдігі
• 933 – Тугела сарқырамасының биіктігі
• 7 – Сахара шөлінің ауданы

Тұлғаны таны:
• 1497 – 1499 жылдары португал экспедициясы Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға жетті. Бұл экспедицияны кім басқарды?
• Африканың ішкі аудандарын ашу мен табиғат жағдайларын танып – білуде зор еңбек атқарған саяхатшы ғалым.

Жаңа сабақты қорытындылау:
1. «Адасқан нысанды табу»

Мадагаскар көл
Килиманджаро шөл
Виктория сарқырама
Сахара жанартау
Ніл арал
Тугела өзен

2. Картамен жұмыс: кескін картаға шеткі нүктелерімен, басты ерекшеліктерін түсіру:

Үйге тапсырма беру: мазмұндау, кескін картаны аяқтап келу
Бағалау:

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz