Әдістемелік жұмыс - ұстаз еңбегінің жемісі [Педагогика]

Автор статьи : Бибигул К.
Организация : Ы.Мұхамеджанов атындағы орта мектеп
Должность : қазақ тілі, әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Дата : 08.11.2016
Редакционная коллегия: онлайн нұсқада ғана жариялауға рұқсат етілген

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші, ұстаз-қай кезде де мектептің жүрегі, қоғам тірегі. Қоғам талабына сай білікті ұстаз, шебер жетекші болу заман талабы болып тұрғаны анық. Сол себепті білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту процесінде қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша еңбек ететін ұстаздар маңызды роль атқарады. Қоғамдық-гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің жұмысы әрбір мұғалімнің мектептегі оқу бағдарламаларының мазмұнын, идеяларын және негізгі талаптарын шығармашылықпен игеруіне бағытталған.

Жаңа заманға сай сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушылардың қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыруда бірлестік мүшелері қызмет атқарады. 2013-2015 оқу жылдары аралығында бірлестік мүшелері айтарлықтай жетістіктерге жетіп, білім жолында атқарған қызметтері орасан зор.

Мектеп басшысы Жүсіпова Маржан Мырзалықызы-қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі. Білікті басшы бола тұра, ол әуелі шәкіртін бақытты қылу, осы арқылы ұлтын бақытты қылу, одан асса күллі адамзат баласын бақытты қылу жолында бейнетқор атанып, тер төгіп жүрген ұстаздың бірі. Оның Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті орта мектепте» журналына «Үстеудің жасалу жолдары» атты сабақ жоспары, облыс көлеміне таратылған «Модульдік технология арқылы оқушылардың іскерлік қарым-қарынас тілін дамыту» атты әдістемелік құралы, «Жаңа технологиялар қазақ тілі сабақтарында» атты авторлық электрондық ортасы бар. Бірнеше мәрте Облыстық Білім Басқармасының, Аудандық Білім бөлімінің «Құрмет рамоталары» мен «Алғыс хаттарына» ие болды. Іс-тәжірибелері ұстаздардың республикалық «bilimnur@bk.kz» сайтында жаияланды. Маржан Мырзалықызының тәрбиелеген шәкірттері аудан, облыс, одан қалды республикалық байқауларға қатысып, биіктен көрініп жүр. Атап айтсақ,

Облыстық «Үш бәйтерек» интеллектуалдық ойын- сайысында оқушысы Әжіғалиева Балманай

І дәрежелі диплом иегері атанды,

Республикалық “Айгөлек” балалар журналының мақтау қағазының иегері Амангелді Ардана. “Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде”облыстық шығармашылық байқау-ІІІ дәрежелі диплом. Құрама топ.

Облыстық ”Тілім менің-тірлігімнің айғағы” шығарма байқауы. Кенжебаева Нарғыз, сертификат.

Қазақстандық интернет олимпиада. Кенжебаева Нарғыз, Ділімбетова Үмітжан. Сертификат.

Аудандық пәндік олимпиадасының ІІ, ІІІ дәрежелі диплом иегерлері, Булдуова Бағым, Кенжебаева Нарғыз

Аудандық“Мұқағали оқулары”. Мадақтама грамота, Елубай Бауыржан.

Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі Қаражанова Бибігүл Төлегенқызы-шәкірттерінің шығармашылығын шыңдауда тер төгіп жүрген, өз биігін бағындырып келе жатқан жаңашыл мұғалімдердің бірі. Жеткен жетсітіктеріне тоқтала кетсем:

Облыстық Білім Басқармасының, Аудандық Білім бөлімінің “Құрмет грамотасы” иегері. Республикалық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына «Жүз жасаған бәйтерек-Ж.Жабаев» және «Мұғалім.KZ. Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі, облыстық педагогикалық ғылыми-әдістемелік «Әдіскер жаршысы» атты журналға «Инновациялық технологиялар арқылы қазақ тілі сабақтарын жаңаша оқыту» мақаласы мен сабақ жоспарлары жарияланды. Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағына “Сөзжасамды сатылай кешенді талдау технологиясы мен оқытудың әдістемелік негізі» атты баяндамасы жарияланды. Сонымен қатар «Әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту» атты әдістемелік құралы да жан-жақты. «Қазақ тілінен ашық сабақтар топтамсы» және «Қазақ әдебиетінен ашық сабақтар топтамасы» атты электрондық орталарының авторы. Қазақстандық интернет ресурстары «Ұстаз.KZ.», «bilimnur@bk.kz» және «Білімділер» сайттарында Бибігүл Төлегенқызының біршама жұмыстары жарияланды.

Астана қаласында өткен жылы Оқыту және Дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Ұлағатты ұстаз” атты республикалық оқытушылар конкурсының “Факультативтер бағдарламасы” номинациясы бойынша І орын иегері.

Екінші мәрте Астана қаласында 2013 жылы Оқыту және Дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткен “Ұлағатты ұстаз” атты республикалық оқытушылар конкурсының “Сабақ” номинациясы бойынша ІІ орын иегері

Қазақстандық интернет олимпиадасында “Аудан бойынша жақсы көрсеткіш” сертификаты.

«Жыл мұғалімі» байқауында «Лауреат» атағын иемденді.

«Ұстазынан шәкірт озар демекші» биік шыңдардын көрініп жүрген оқушысының бірі-Бисенғалиева Мейірімге тоқталар болсам:

Биылғы оқу жылында облыстық «Үш бәйтерек» интеллектуалдық ойын- сайысының І дәрежелі диплом иегері атанды, аудандық «Ақберен-2015» сайысының «Шығарма» бағыты бойынша ІІІ орын, «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының «Жазушылар» бағыты бойынша ІІ орын иемденді.

Өткен оқу жылында Астана қаласында Оқыту және Дамыту орталығының ұйымдастыруымен

өткен оқушылардың “Жас ғалым” ІІ   Республикалық    ғылыми   жұмыстар     конкурсында

«М. Жұмабаевтың «Шолпы» өлеңіндегі шолпының түрлері, тәрбиелік мәні» атты ғылыми жұмысымен  “Ғылымға деген құштарлығы” номинациясы бойынша І дәрежелі диплом алды.

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсында ІІ дәрежелі диплом, аудандық “Зерде” шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсында І дәрежелі диплом иегері атанды. Облыстық «Мағжан оқуларында» ІІ дәрежелі диплом алса, өткен жылы аудандық «Мағжан оқуларынан» ІІІ орынға табан тіреді. Аудандық «Абай оқуларында» ІІ дәрежелі диплом алса, республикалық «Жарқын болашақ»-қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде «Мадақтама грамотасымен» марапатталды. Аудандық кіші пән олимпиадасына жақсы көрсеткішке ие болып, «Алғыс хат» иегері атанды.

Сонымен қатар болашағынан үміт күттірген оқушыларының бірі- Амангелді Ардана. Облыстық «Үш бәйтерек» ойын-байқауының І дәрежелі диплом иегері, республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде қазақ тілі пәнінен ІІ орын, “Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық “Тілім менің-тірлігімнің айғағы” шығармалар байқауының сертификаты, аудандық «Рахмет, Анашым!» атты шығармалар байқауының ІІІ орын иегері, “Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдаструымен өткен қазақстандық интернет олимпиадасына қатысып, сертификатына ие болды.

Бибігүл Төлегенқызының тәрбиелеген шәкірттерінің жетістіктері: Облыстық «Үш бәйтерек» ойын-байқауының І дәрежелі диплом иегерлері: Сайлау Айдос, Ақсерік Айшат, Бердалина Нұрай, Кенжебаева Нарғыз, Ділімбетова Үмітжан.

Аудандық «Ақберен» байқауының «Ақындар мүшайрасы» бағытына қатысып, ІІІ орын иегері Сәлімкереева Ақбота атанды.

Аудандық пәндік олимпиада жеңімпазы: Сариева Ақпатша-ІІ орын алса, “Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде”аудандық шығармашылық байқауында -ІІІ дәрежелі диплом иегері атанды. ІV Республикалық “Махамбет оқуларының” аудандық кезеңінде Сағымбаева Жансәуле-ІІ орын. Республикалық “Жарқын болашақ”- қазақ тілі олимпиадасының аудандық кезеңінде Кенжебаева Нарғыз-ІІІ орын.

“Дарын” Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдаструымен өткен қазақстандық интернет олимпиадасына Айгерім Аршынқызы, Перзат Сүндет, Назерке Елтаева, Айдана Зейнуллина, Нарғыз Кенжебаева, Үмітжан Ділімбетова қатысып сертификаттар иемденді.

“Ақтөбе-Дарын” өңірлік ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен өткен облыстық “Тілім менің-тірлігімнің айғағы” шығармалар байқауына Сағымбаева Жансәуле қатысып, сертификат иемденді.

Қазақ-Түрік лицейінің ұйымдастыруымен өткен аудандық «Достық» олимпиадасының ІІ орын иегері -Аршынқызы Әйгерім.

Аудандық «Абай оқулары» байқауының ІІІ орын иегері Ақсерік Айбат. Бұл оқушылардың әлі де талай асуларды бағандырары сөзсіз.

Ана тіліміздің өркендеп өсуіне өзіндік ат салысып жүрген білікті ұстаздың бірі-Дәулетова Анаргүл Бектібайқызы. «Бұлақ көрсең-көзін аш» деген қанатты сөз дәл осы Анаргүл Бектібайқызына арнап айтылғандай. Оның тынымсыз еңбегінің жетістігі бір адамға жүк боларлықтай. Атап айтсақ:

Өзі аудандық «Құрмет грамотасының» бірнеше мәрте иегері. Әріптесі Бибігүл Төлегенқызымен бірлесіп «Әдеби тіл стильдеріндегі мәтін бойынша оқушылардың жазбаша сөйлеу әрекетін дамыту» атты әдістемелік құралын шығарды. Қазақстандық «bilimnur@bk.kz» сайтында іс-тәжірибесі жарияланды.  Биылғы 2014-2015 оқу жылында шікірттері Темірхан Аружан, Бисенғалиева Мәриям облыстық «Үш бәйтерек» ойын байқауының І дәрежелі диплом иегерлері атанды. Болашақтарынан үміт күттірген шәкірттері өткен оқу жылында Темірхан Аружан-аудандық кіші пән олимпиадасы ІІІ орын, «Достық» олимпиадасының–ІІІ орын иегері, Құлбатырова Аяжан аудандық «Мұқағали оқулары» алғыс хат, ”Абай оқулары”-ІІ орын, «Махамбет оқулары» байқауы – «Алғыс хат», “Мағжан оқулары” байқауы-«Алғыс хат», Қуаныш Нұрсәт, Смағұлов Ержан-«Махамбет оқуларының» ІІІ орын иегерлері, сонымен қатар облыстық “Жас суретші” байқауының жеңімпаздары: Кенжетай Дияс-мақтау қағазы, Сайлау Айдос- Алғыс хатпен марапатталды.. Аудандық «Алаулы өңір айшықтары» атты оқушылардың жыр жинақтарына шәкірттерінің өлеңдері, мақалалары енді.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізіп, оларға бағыт-бағдар беріп, пәндік өре бәйгелерге, ғылыми жоба жарыстарына қатыстырып, аудан, облыс көлемінде білімінің нәтижесін көрсетіп жүрген талапшыл, ізденімпаз, орыс тілі, әдебиеті пәні мұғалімі- Жаңабаева Назгүл Шынбергенқызы. Бірнеше мәрте аудандық білім бөлімінің «Құрмет грамотасы» иегері. Мұғалімнің Республикалық ғылыми-практикалық конференция жинағына “Роль внекласного чтения в развитии творческих способностей учащихся” атты баяндамасы жарияланды. Назгүл Шынбергенқызының дарындылық қабілеті мол, болашақтан үлкен үміт күтетін шәкірттері баршылық. Атап айтсақ: Темірхан Аружан облыстық «Знаток литературы» интеллектуалдық ойын-байқауына қатысып, І дәрежелі диплом алды. Республикалық “Зерде” шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінде «Русская матрешка. Ее возникновение и использование» атты ғылыми жұмысымен ІІ орын иемденді. Биылғы оқу жылында «Инфоурок» атты орыс тілінен халықаралық дистанционды олимпиадасына 11 оқушысының 9-ы І, ІІ, ІІІ дәрежеді дипломымен марапатталды. Өткен оқу жылында пәндік олимпиада жеңімпазы: Қалиева Лаура- ІІ, ІІІ дәрежелі диплом алды. Республикалық “Зерде” шығармашылық конкурсының аудандық кезеңінде  өткен оқу жылында Аршынқызы Әйгерім-«Сказки. Виды сказок» атты ғылыми жұмысымен І орын иеленсе, биылғы оқу жылында облыстан ІІІ орынды қанжығасына байлады. Оқушылары қазақстандық интернет олимпиадасының сертификат иегерлері. Аудандық «Мұғалжар» газетіне шәкірттері Кенжебаева Нарғаздың «Ради жизни на земле», Қалиева Лаураның «Добрые руки матери» мақалалары жарияланды.

Білім бәйгесінде жұлдызы жанып, көпке үлгі болатын, тағылымы мол ғибратты істер иесі, ағылшын тілі пәні мұғалімі-Қайырмағамбетова Гүлхан Ғабидоллақызы. Шығармашылық ізденісін, бойындағы күш-қайратын шәкірттеріне беру жолында аянбай қызмет етіп, олардың келешегі үшін ештеңеден аянып қалмайтын жас маман. Мектепішілік «Жас келсе іске» тақырыбында өткен жас мамандар сайысының ІІІ орын жеңімпазы, мектепішілік жас ұстаздар арасында өткен «Кел, жас маман, ауылға» атты сайысында ІІ орын, «Инфоурок» атты ағылшын тілінен халықаралық дистанционды олимпиадасына оқушыларын қатыстырғаны үшін «Алғыс хатпен» мараптатталды. Осы аталған сайысқа 10 оқушысының арасынан

2 оқушысы ІІ орын иегерлері атанды. Биылғы оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пәндік олимпиадасының аудандық кезеңінде ағылшын тілі пәнінен Серікова Әдемі ІІІ орын иеленді. Өткен оқу жылында шәкірті Бисенғалиева Мәриям-аудандық «Зерде» ғылыми жобалар сайысында «Идиомалар» атты жұмысымен І орын иегері атанса, биылғы жылы облыстық сайыста жүлделі ІІІ орын иеленді. Аудандық «Кішкентай білгірлер» интеллектуалды командалық сайыста оқушылары «Шығармашыл команда» номинациясын иеленсе, республикалық «Бастау» олимпиадасының аудандық кезеңінде оқушысы Алмат Айсана ІІІ орынды қанжығасына байлады.

Мектебіміздің жас маманы, тарих пәнінің мұғалімі-Бүркітов Арман Болатұлы. Жұмыс жасағанына екі-үш жылдың шамасындай болса да, шәкірттердің ықыласына бөленіп, солардың арасында үнемі тыным таппай жүрген бала жанының бағбаны. Мұғалім мен шәкірттің бірлескен жетістігіне тоқталар болсам: аудандық пәндік және кіші пән олимпиадаларының ІІ, ІІІ орын иегері-Елтезеров Сүндет. Мектебіміздегі өзі жетекшілік ететін «Болашақ» атты көңілді тапқыштар клубы аудан көлемінде ІІІ орын иемденіп, бірнеше мәрте мақтау қағаздарымен марапатталды. Және клубтың ең белсенді мүшесі Қуаныш Нұрсәт бірнеше мәрте диплом иегері атанды. Болашақта Арман Болатұлының өз ісінің шебері болатынына сенеміз.

Көріп отырғандай, жетістік, құрмет, мараптаттаулар өте көп. «Жақсы адам-жазылып қалатын хатпен тең» деп дана халқымыз бекер айтпаған. Биік тұлғалы, өр мінезді, мейірімді жүректі әріптестерім-ауызбіршілігі жарасқан, өз биігін бағындырып келе жатқан жарасымды, өзіндік бітімі бөлек бір ұжым. Осындай ұжымда еңбек етіп, білім әлемінде бірлесіп, жарасым тапқан әріптестеріме көңіл марқайта қараймын. Болашақта өз бірлестігіме шығармашылық пен толағай табыстар тілеймін!