Әдебиет-асыл қазына

Қазақ тілі және әдебиеті
Әдебиет-асыл қазына

Мақала авторы: Рияпова Толкын Алпысбаевна
Жұмыс орны: СҚО Қызылжар ауданы Шаховское селосы Шаховское ОМ
Лауазымы: қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.12.2016


Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
КММ Шаховское ОМ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғілімі
Рияпова Толқын Алпысбайқызы
1-санатты, 2-деңгей NIS

Қазақ сыныбына арналған үйірме жұмысының күнтізбелік- тақырыптық жоспары

Пән: үйірме жұмысы
«Әдебиет — асыл қазына »
Сыныбы:
Мұғалім: Рияпова Т.А.
І жартыжылдықтағы сағат саны: 17
ІІ жартыжылдықтағы сағат саны: 17
Барлығы: 34 сағат
Апталық сағат саны:1

1. Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы «Әдебиет –асыл мұра» бағдарламасы орта мектептің 5а-сыныбына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Сабақтың қызықты , тартымыды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама қазақ мектептеріндегі 7а сынып оқушыларына арнап шығарылған.Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.

Әдебиет –асыл мұра
БАБАДАН ҚАЛҒАН БАР БАЙЛЫҚ
(үйірме бағдарламасы)
Түсінік хат
Үйірме бағдарламасы «Әдебиет –асыл мұра» бағдарламасы орта мектептің 5а-сыныбына арналып құрылған. Бұл бағдарлама оқушылардың білімін тереңдете отырып, олардың жан-жақты дамуына, халқымыздың салт-дәстүрін сақтауға және құрметтеуге баулиды.Мұндай сабақтардың ерекшелігі: оқушының өзіне деген сенімділігін арттырады, өзін еркін ұстай білуге баулиды, оларды шығармашылық жұмысқа бағыттайды, қызығушылығы мен қабілетін арттырады, жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді.Сабақтың қызықты, тартымыды өтуі оның дұрыс ұйымдастырылуына, жоспарлануына байланысты. Бұл бағдарлама қазақ мектептеріндегі 7а сынып оқушыларына арнап шығарылған.
Болашақ азаматтарды жан-жақты, қабілетті адам етіп тәрбиелеуде халықтың салт-дәстүрлерінің тәрбиелік, танымдық маңызы зор.Дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға көшетін тарихы қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер жиынтығы. Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты болады. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттік сезімдер барлық халықтарға тән дәстүр ретінде қалыптасады.
Үйірме жұмысының мақсаты, міндеттері:
Қазақ халқының әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерін жас ұрпаққа үйрету;
Сөз мәдениетін таныту;
Пікірталас мәдениетін жетілдіру;
Оқушының тілін дамыту, тілідік шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
Ұлттық сана-сезімі мол, рухани деңгейі биік, әдепті, саналы адам тәрбиелеу;
Ұлттық таным шеңберін одан әрі кеңейтіп, түсініктерін молайта отырып, оқушылардың өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.
Бұл бағдарламаның мазмұны ғасырлар бойы атадан балаға беріліп келе жатқан салт-дәстүрдің, тәрбиелік әдет-ғұрыптың түрлерінен тұрады. Алған білімдері тест, мәнжазба, баяндама, шығарма сияқты тапсырмалар арқылы тексеріліп, бағаланады.
Үйірме бағдарламасы бойынша күтілетін нәтиже:
Ұлттық салт-дәстүрдің түрлерін біліп, оны толық түсіну;
Өз бетінше қосымша мағлұматтар іздеп, оны саралап, ең керекті деген ой түйіндерін жеткізу;
Пікірталаста өз ойларын ортаға салып, ойын толық жеткізу;
Өмірде мақал-мәтел мен қанатты сөздерді пайдалана білу;
Ана тіліне құрметпен, сүйіспеншілікпен қарау;

5 а сынып Қазақ әдебиеті
«Әдебиет — асыл қазына»
Үйірме жұмысының мазмұны .
Барлығы — 34 сағат. Апталық сағаты — 1

р/с Бағдарламаның мазмұны с/с мерзімі Практика-
лық жұмыс Грамматика-
лық
тақырып

1 Нақыл-өсиет сөздердің шындығы 1 Мәтінмен жұмыс, талдау Дауысты дыбыстар
2 Шешендік сөздер 1 Шығарма «Шешеннің тілі –өткір тіл» Дауыссыз дыбыстар

3-4 Ертегілер әлемі 2 Пікірсайыс өткізу Үндестік заңы
5 Ұлағатты ұлттық ұғымдар мен нанымдар 1 Баяндама дайындау Екпін,буын түрлері
6 Наурыз жырлар.
Ақ тілек. Ақ бата. 1 Бата, тілек жаттау Зат есім
7-8 Жұмбақтар. Жаңылтпаштар,
Мақал-мәтелдер. Қанатты сөздер. 2 Мақал-мәтелдер сайысы. Сын есім
9-10 Аңыз әңгімелер
Алдар көсе. Қожанасыр. Аяз би. 2 Шешендік сөздерді талдау, түсіну Сан есім

11 Ежелгі дәуір әдебиеті. Орхон-Енесей жазба ескерткіштерінің құпиясы 1 Баяндама. Есімдік
12-13 Қорқыт ата 2 Буклет. Етістік
14 Ислам дәуірі әдебиеті 3
15 Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінің ерекшеліктері 1 Пікірталас. Үстеу
16-17 Абай және Шәкәрім шығармашылығына зер салу 2 Пікірталас.Бағдарлама Шылау
18-19 Ахмет байтұрсынұлының мысалдарын талдау 2
20-21 Ыбырай Алтынсариннің тәрбиелік мәні бар әңгімелері мен өлеңдері 2
22 Жамбыл Жабаев жүз жасаған ақын 1 Одағай Үнтаспа.
23-24 Мағжан Жұмбаевтың поэзиясы 2 Еліктеу сөздер
25-26 Мұхтар Әуезов әңгімелері мен романдырына шолу жасау 2 Модаль сөздер
27-28 Мұқағали Мақатаев «Поэзия меніменен егіз бе еді» 2 Каратпа сөздер
29 Шерхан Мұртазаның кейіпкерлерді сомдауы 1 Қыстырма сөздер Бейнетаспа.
30-31 Сәкен, Бейімбет, Ілияс шығармаларына зер салу 2 Тест өткізу Тест сұрақ тапсырмалары

33 Олжас Сүлейменовтың өлеңдеріне шолу жасау 1 Мәнжазба Сөз тіркестері
34 Әдебиеттің көркемдегіш құралдары 1 Өлеңді жаттау Сөйлем түрлері

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Конкурстар мен олимпиадалар - https://kzu.kz