Адамның жан сұлулығы

Өзін-өзі тану
Адамның жан сұлулығы

Мақала авторы: Гульмира Тандыбаева Толкуновна
Жұмыс орны: Зырян қаласы № 9 орта мектеп
Лауазымы: өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.02.2017

                      Өзін-өзі тану сабағының жоспары

Мектеп                        Мерзімі:                           № 4 сабақ

Тақырып: Адамның жан сұлулығы.

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сыйластық, мейірімділік,маххаббат.

Мұғалім:                     Сынып – 5 сынып

Сабақтың мақсаты: оқушыларға қоршаған орта, табиғат сұлулығы жөнінде адамның сыртқы ортаға деген қатынасының үндестігі туралы түсінік беру.

Міндеттері:

·        оқушыларды сұлулықты сезіне білуге, аялап қорғай білуге шақыру;

·        оқушыларды жалпы сұлулықты түсіне білуге тәрбиелеу;

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы, баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көрініз: Күн нұры сіздің төбенізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойынызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауынызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұр қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыныз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды.  Одан әрі нұр сіздің аузынызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаныз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр кқздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты кқреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басынызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің дененізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарынызға, таныстарынызға бағыттаныз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаныз, олардында жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаныз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмың». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыныз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жірегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаныз.

Жаймен көзінізді ашуға болады.

1. Үй тапсырмасын тексеру

2-3 сабақ. Жұмыс дәптерінен 10 беттегі 2- тапсырманы орындау.

Әбу Насыр әл-Фарабидің адамның мінез-құлқы туралы нақыл сөздерің оқып, өз пайымыңды жаз.

1.     мінез-құлықты сөз жүзінде емес, іс жүзінде шындау арқылы іске асыруға болады.

2.     Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде – бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.

3.     Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты.

2. Дәйексөз

Сыртқы сұлулық толық болуы үшін ішкі сұлулық пен жандану қажет.

Виктор Гюго.

Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

3. Әңгімелеу

ТӘҢІРІСІ СҰЛУЛЫҚТЫҢ МАРАЛ ДЕГЕН…

Ақша қар жұқана жапқан аппақ қапталға қайқаң қағып, ай мүйізді ақмарал шыға келді, жай келмеді, секіріп билеп, орғып ойнап шыға келді. Басын әсте жерге салмайтын, әмәндә асқақ та тәкаппар ұстайтын кербез аң бұл жолы да маңғаз қасқайып тұра қалған. Аппақ қар бетінде оғаш, жекеленіп бітіс-болмысы, бар келбеті ап-анық нақышталып, сізге қасқайып қарсы қарап тұрған бұғыны — шаңырақтанған ақ мүйізі сан салалы бұғыны, қызықтамауыңыз, әсемсал тұрмысына таңданбауыңыз тіпті де мүмкін емес. Бұғының осы тұрысын сіз айналайын табиғаттың жалқы туар арда аруына балар да едіңіз, әлде шалқар әлем көгінде орнатылған табиғат ананың өз ескерткішіне теңер ме едіңіз?.. Сөйтер едіңіз. Өйткені көңілінің кегі бар әрбір жан марал десе елең етері рас, бірақ ақ мүйізді, түз тағысын емес, өзіне де беймәлім, әлдебір тылсым. сұлулықтың қиял-елестері және рас. Қазақ жұрты бұғы-маралды сұлулықтың тәңірісі санапты. Сұлу болсын деп қыз есімін Марал, Ақмарал қоятыны бұған дәлел. Әдетте асыл аңның бұл түрін атай қалса, орманды, тау-тасты емін-еркін кезіп жүрген түз тағысы біздің, көз алдымызға көлеңдер еді. Бұлай ойлауыңыздың дәйекті жөні бар: Қазақстанда маралдың қазіргі саны 25 мыңнан астам екен. Олардың түгелге жуығы тек қана таулы аймақтарды мекен етеді. Мысалы, Алматы облысы (Алатау баурайында) 6 мыңға жуық, Талдықорған облысында (Тянь-Шань тауларында) 16 мың, Семей облысында 0,8 мыңдай, Алтай тауларында 2 мың тағы марал мекендейді екен.

— Автор маралдың сұлулығын қалай сипаттайды?

— Сұлулық адамға ғана тән бе?

— Еліктің баласы құралайдың, түйенің баласы ботаның сұлулығы туралы не айтар едіңіздер?

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

       Оқушылар топпен жұмыс жасайды.

Жаны сұлу адамды сипаттап жаз.

5. Топпен ән айту

Сөзін жазған: О. Әубәкіров «Балдырғандар әні»

 Әнін жазған: Ш. Қалдаяқов

Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.

Қайырмасы

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.      (2 рет)

6. Үй тапсырмасы

4 сабақ. Жұмыс дәптерінен 13 беттегі 2- тапсырманы орындау.

Төмендегі сөздерге өз ойыңша аңықтамаберіп көр.

Сұлулық:

     Жан сұлулығы:

7. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып турады.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректерімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!

Конкурстар мен олимпиадалар - https://talimger.kz

Республикалық қашықтық олимпиадалар — http://clever.zti.kz

Республикалық конкурстар, курстар, конференциялар мен олимпиадалар — https://ukz.kz

Конкурстар, конференциялар және олимпиадалар — https://tarim.kz

Халықаралық семинарлар, олимпиадалар мен конкурстар — https://mriks.ru

Халықаралық педагогтар ассоциациясы - https://iae.su

Атаулы ертегілер - https://hansunqar.kz