Жолда жүру ережесін сақтайық

Ашық сабақтар
Ергалиева Клара Жонисовна, Жолда жүру ережесін сақтайық

Мақала авторы: Ергалиева Клара Жонисовна
Жұмыс орны: Жаңатаң ЖБББМ
Лауазымы: Жаңатаң ЖБББМ мектебінің жанындағы "Балдырған" шағын орталығының тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 05.04.2016


Мақсаты: бағдаршам және жолда жүру ережелері туралы түсініктерін одан әрі кеңейту. Жаяу жүргіншілер жолы, жол жиегіндегі жол (тротуар), жол қиылысы, медициналық көмек пункті белгілерімен таныстыру. Көлік ішінде басқаларға кедергі жасамай тәртіп  сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: суреттер, түрлі түсті қарындаштар, үлестірмелі материал

Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.

Шаттық шеңберге тұрғызып:

Балдырған баламыз,

Досты көп табамыз,

Қашан да, қайда да!

Дос болып бәріміз

Сенімді боламыз!

Жұмбақ жасырамын:

Сөйлеуді ол білейді,

Бірақ тоқта, жүр дейді.

(бағдаршам)

Бағдаршам машиналар соқтығысып қалмас үшін, адамдардың жолдан өтуі үшін керек. Бағдаршамның үш көзі бар. Олар: қызыл, сары, жасыл.  Бағдаршамның қызыл көзі жанса тоқтаймыз, сары көзі жанса дайындаламыз, жасыл көзі жанса жүреміз.

Жарайсыңдар, балалар! Бағдаршам туралы біледі екенсіңдер, енді жол белгілері туралы әңгімелесеміз. Сендер таңертең балабақшаға келгенде немесе ата-аналарыңмен қыдырып жүргенде қандай жолмен жүресіңдер? Неліктен жол жиегіндегі жолмен жүреміз? Біз жол жиегіндегі жолмен жүреміз. Машиналарға кедергі жасамас үшін.  Қазір біз қаланы аралауға барамыз. Қаланы біз жаяу аралаймыз. Бәрің менің қасыма келіңдер, абайлап ақырын жүріңдер. Балалар, мына жолдың арғы бетіне өту үшін не істейміз? Дұрыс айтасыңдар, кәне, бағдаршамға қараймыз, бағдаршамның қандай көзі жанып тұр? Не істейміз? Жасыл көзі жанды, біз жүреміз, ал машиналар тоқтайды.

Ал мына жерде бағдаршам жоқ екен. Бірақ мында бір белгі тұр, бұл қандай белгі? Бұл жаяу жүргіншілерге арналған белгі. Ол белгі тұрған жерде жүре беруге болады. Онда ақ сызықтар мен адамның белгісі бейнеленген. Жолдың үстінде де ақ жолақтар жүргізілген.

Сергіту сәті:  

Біз тәртіпті баламыз,

Ережені сақтаймыз!

Оңға, солға біз қарап,

Жолдан өте аламыз.

Егер телефонның суреті салынған белгі тұрса ол нені білдіреді? Дұрыс, демек жақын маңда байланыс құралы бар екенін білдіреді. Қосу таңбасы бар белгі жақын маңда медициналық көмек пункті бар екенін білдіреді. Ал мына суретте автобустың суреті тұр.Ол «автобус тоқтайтын аялдама бар» дегенді білдіреді. Жолдан ата-аналарының көмегімен өту керектігін, жаяу адамның көлікті аялдамада күтетінін, көлік ішіндегі басқаларға кедергі жасамай, тәртіп сақтау керектігін түсіндіремін.

Боямақпен жұмыстанамыз. Жол жүру ережесіне сай бағдаршам немесе көлік түрлерінің суреттерін бояуды ұсынамын. Ермексаздан көліктің түрлерін мүсіндейді.

«Машина қай бағытта кетіп бара жатыр?» логикалық ойыны.

Суретте көрсетілген көліктердің қай бағытта бара жатқандарын айтамыз.

«Қай белгі керек?» дидактикалық ойыны.

Көшеде белгіге орай қалай жүру керегін, жақын жерде не орналасқанын айту.