Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Ергебек Жазира, Жеңіс жалауы, желбіре

Жеңіс жалауы, желбіре

Мақала авторы: Ергебек Жазира
Жұмыс орны: №4М.Әуезов атындағы мектеп
Лауазымы: мектепалды даярлық тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 08.10.2016


МАД. 0 «В»сынып
Жеңіс жалауы,желбіре.
Көрініс: «21 июнь 1941 жыл» Жаздың жайма-шуақ күні, аяқ асты сұм соғыс (Жаннұр,Сымбат,Айкөркем,Бақыт)
Тәрбиеші: 1941 жылдың 22 маусымы – біздің тарихымыздағы ең қайғылы күн, Ұлы Отан соғысының басталған уақыты. Бұл күн қан майданда қаза тапқандармен фашистерден еріксіз қорлық көргендерді, тылда еңбек етіп аштан қырылғандарды еске салады.
Бізді әрбір өткен жыл Ұлы Отан соғысының бірінші күніндегі оқиғалардан алыстатуда. Көптеген соғыста жеңіске жеткен жауынгерлер өмірден озып, жыл сайын майданға қатысқан сарбаздардың саны қысқарып, қара тізім ұзарып барады. Сол сұрапыл соғыс заманын көзімен көрген куәгерлермен бірге тарихтың маңызды егжей-тегжейлі естеліктері де жоғалып бара жатқан сыңайлы. Сондықтан, біз соғыс туралы бәрін білеміз бе, Жеңістің шын бағасын түсінеміз бе және келер ұрпаққа жеңіс туралы ұғымды сақтап қала аламызба? — деген көкейкесті сұрақтар туындайды.
Осыдан 71 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген соғыс атты сойқан басталған болатын.

Тәрбиеші:Бүгінгі күн көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 71-көктемі де келіп жетті.
71- жыл-бейбіт көктем таң атқалы,
71 жыл-шуақты күн таратты әні.
71 рет- көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары,- дей отыра Ұлы Жеңіс күніне арналған тарихи журнал беттерін бірге парақтайық.

Гүлназ:
Уа, халқым!
Күн туды сенің басыңа,
Жау кірді сенің жеріңе.
Сұм фашистен қорғауға,
Аттан, халқым майданға!

Көрініс: «Соғыс қасіреті» Ер азаматтар мен батыл қыздарымыздың қолға қару алып, майданға аттануы (К.Жаннұр,Бейбарыс,Асылай,Нұрайна)
Тәрбиеші:
Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырады. Фашистік Германияның мақсаты бүкіл Кеңес халқын құлға айналдыру, жерін басып алу еді. Германия фюррері Адольф Гитлердің қанқұйлы саясаты Кеңес халқын дүр сілкіндірді.
Бүкіл Кеңес халқының 20-25 млн-нан астам ержүрек ұлдары мен қыздары құрбан болды. Бұл соғыста милиондаған әйел жесір, балалар әкесіз қалды, аналар ұлдарынан айырылды, соғыстың қайғысы өзегін өртемеген, оның құрбандығына шалынбаған отбасы қалмады. Фашистік қарақшылар 1710 қала мен поселкілерді, 70 мың село мен деревняны құртып жіберді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 млн. 70 мың адам қатысса, олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар-ошарсыз кетті. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ.

Көрініс: «Сұрапыл соғыс кезеңі» (Бейбарыс,Шапағат,Ерназ,Райымбек)

Ән: «Жойылсын соғыс» топпен.
Тәрбиеші:Солдаттың көкірегі толы арманы,
Оқ жаңбыр астында да жоғалмады,
Отан мен анасы үшін «Алға» деді
Амал не,
Көпшілігі оралмады.

Ән: Әлия .Көрініс: (Әлия Молдағұлова)-Нұрайна,( Мәншүк Мәметова)-Ақпейіл
Тәрбиеші:
Ауыр шайқастардан кейін жауынгерлерге соғыстың ауыртпалығына төзу үшін аз да болса демалыс керек еді. Әрине жауынгерлер ертең алдарында өлім күтіп тұрғанын білді. Дегенмен соғыста әзіл-қалжың,ән мен күй ұмытылмады.
Сағынышты қам көңілмен ұласып,
Күз аспаны бірде күңгірт, бірде ашық.
Қыршын қазақ отыр окоп ішінде,
Ән серігі-домбырамен сырласып.
Сағынғаны Сарыарқаның өлкесі
Сағынғаны Алатаудың өркеші,
Сағынғаны ақжайықтың толқыны
Сағынғаны кербез сұлу еркесі

Катюша биі: Гүлназ,Асылай,Нұрайна,Ақпейіл

Тәрбиеші: 8 мамыр күні сағат 22-ден 43 минут өткенде Берлин қаласы жанындағы Карлсхорст деген жерде германдық қолбасшылар өкілдері үзілді-кесілді тізе бүгу туралы актіге қол қойды.
Берлин операциясы кезінде кеңестік әскерлер 78291 адамынан айрылды, 274 184 адамы жаралы болды, контузия алды. Жау жағы жаяу әскерлерден тұратын 70 дивизиясынан, моторлы техникалы 23 дивизиясынан айрылды, 480 мың адамы тұтқынға алынды. Осынша шығындарға қарамастан, қан төгіс майданда Кеңес халқының ержүрек, батыл азаматтары Жеңіске жетті.
Жеңіс күні
Жаннұр:
Құтты болсын жеңіс күні ағайын
Көптен күткен ұлы күнде жар салайын.
Ата — бабам қан берісіп шайқасқан,
Ата — бабам намыс бермей айқасқан
К.Жаннұр:
Жеңіс күнін қарсалайық бәріміз.
Жеңіс күнін тойлайық жас кәріміз.
Осындай бір бейбіт өмір сыйлаған
Ардагерлер, ағаларға мың алғыс.
Нұрайна:
Қазақтың қос жұлдызы қыздары,
Қыз болса да намыс бермей қорғады.
1941 — 1945 ші жылдары
Адамдар өз елдерін қорғады.
Ақпейіл:
Ал қазір бейбіт өмір басталды.
Ел қорғау адамзат үшін басты парыз
Жер қорғау адамзат үшін талмас міндет.
Біз балалар бейбіт өмір қалаймыз
Сондықтанда бейбіт бола аламыз
Көрініс: «Жеңіс туын желбіреткен күн» «Әрқашан күн сөнбесін»
Тәрбиеші:
Сүйінші елім, сүйінші
Сүйіншіге сүйінші!
Қуан ата-анамыз,
Әжелер мен бабамыз.
Соғыс бітті жеңіспен,
Кешікпей елге барамыз.
Фашистің туын құлаттық,
Әскерін қырып сұлаттық.
Тәрбиеші:
1945 жылдың 9 мамыры… Жылдан-жылға алыстап бара жатқан мерзім. Дей тұрғанмен, Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын ала
Уақыт алмасады, ұрпақтар өзгереді, бірақ Отанға сүйіспеншілік, қажырлылық, ерлік, жауынгерлік рухымыз өзгеріссіз қалады. Сол себепте 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні болып биік дәрежеге көтеріліп, Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, ерлік пен жауынгерлік күшке ие нағыз ерлердің мерекесіне айналды.

Осы мерекеге байланысты Болашақ Отанқорғаушылар осылдар болады деген ниетпен
0 «В»сыныптың батырлары сайысқа түседі. Сайыс төрт бөлімнен тұрады.
1.Таныстыру
2.Кедергіден өту.
3.Отжымания
4.Қол күрес
Осымен Ұлы Жеңіс күні мен Қарулы күштер мерекесіне арналған тарихи журналдың беттері аяқталды.
Еліміздің іргесі берік, еңсесі биік болсын!

Елімізде тыныштық, бейбітшілік болсын! Тәуелсіз еліміздің туы биік болсын! Сау болыңыздыр!

Ән: «Көктудың желбірегені»

Тәрбиеші: Ергебек Ж.Ә.

06.05.2016о.жыл

№4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Жеңіс жалауы,желбіре.
(O «В»сынып)

Тәрбиеші: Ергебек Ж.Ә.

2015-2016о.ж