Ағылшын тілі
Мендалиева Бакытгуль Мараловна, Жанартылған бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігі

Жанартылған бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігі

Мақала авторы: Мендалиева Бакытгуль Мараловна
Жұмыс орны: "№3 ЖББОМ" КММ
Лауазымы: Мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 05.08.2017


Халықаралық  білім беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне жанартылған бағдарлама енгізілуде.  Жанартылған оқу бағдарламасы елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нұсқаулығымен білім беру жүйесін жанарту мәселесін қолға алынып отыр. Осы нұсқаулық негізінде барлық аймақтардағы мектеп мұғалімдерін жанартылған бағдарлама аясында оқыту жүргізілуде.

Осы жанартылған бағдарлама Қазақстан Республикасының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевың 2050 – стратегиаясы төңірегінде: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы мен «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтар негізінде: «Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек; мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік білуге тиіс, олардың оқыту нәтижесінде білім алушылардың сындарлы ойлауын, өзіндік ізденісі мен ақпаратты терең талдауын игеруі тиіс», — делінген.

Осы талаптарды орындау мақсатында Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы өзгерістер аясында қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде оқыту оқу бағдарламасында енгізіліп отыр. Яғни бұл өзгерістер білім алушыларға ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, білім алу жүйесінде жан-жақты оқытуды қоғам, уақыт талап етіп отыр. Қазақстан Республикасының тәуелсіз ел, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі ағылшын тілін жетік меңгерген білім алушыларды талап етеді. Сондықтан бұл өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында, білім беру жүйесінің жаңа сатыға көтерілуі қажет етіледі. Сондықтан да жаңа кезеңдегі озық педагогикалық тәжірбиелерді заман талабына сай қолдану маңызды болып тұр.

Қарағанды қаласындағы «Педагогикалық шеберлік орталығында»  «Орта білім мазмұнын жаңарту» шеңберінде ағылшын тілі бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстары өтуде. Жаңартылған бағдарлама курсы бойынша облысымыздың әр аймағынан келген 30 мектеп мұғалімдері біліктіліктерін арттыруда.

Курстың негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру, бастауыш және орта буын сыныптарында ағылшын тілі бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіруде.

Осы курс бағдарламасын тыңдаушылары ағылшын тілі пәнін жаңа мазмұнда оқыту бойынша дәріс-тренингтерді тыңдап, көптеген оқу стратегияларымен танысып, тілді үйретудің әдіс-тәсілдері мен тәжірибе алмасып, және де оқушылардың  алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білудің қыр-сырын үйреніп, бір бірімен тәжірибе алмасуда. Тәжірибие алмасу барысында, ой түйетін маңызды сәттеріміз көп: оқытудың мазмұны, жаңа бағдарлама бойынша әр сабаққа қысқа мерзімді жоспар құрастыру, аудармасыз оқытудың тәсілдері, төрт дағды бойынша (айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым) оқып үйренген тренингтер біздің педагогикалық білімімізді тереңдете түсудеміз.

Абу-ль-Фарадж ал-Исфахани: «…Түсінгендіктің шын белгісі-«иә» деген жауап емес, шәкірттің жүзіндегі қуаныш болып табылады», — деген, міне біз де осы курс барысында заман талабына сай ағылшын тілі пәнін оқыту бойынша шәкірттерімізді шабыттандыратын әдіс-тәсілдерімізді қолданамыз. Курс ұстаздарға жаңа идея, терең ойлануға, ағылшын тілін меңгертудің тиімді жолдарын айқындап берді.