Ағылшын тілі
Серік Арайлым Серікқызы, Үштілділік заман талабы

Үштілділік заман талабы

Мақала авторы: Серік Арайлым Серікқызы
Жұмыс орны: Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі
Лауазымы: ағылшын тілі мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 26.05.2017


«Үштілділікті» оқыту  қазіргі заман талабы. Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтқан болатын. Ұстаз — әмбебап білімдар, салауатты, салтанатты кісі. Ол адам жанын терең түсініп, жақсы білетін қадірлі де қастерлі, қасиетті мамандықтың иесі, өз ісінің шебері, әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты адам. Менінше, ұлағатты ұстаз -ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші. Ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан — жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы біледі де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін ұшқырлап, білімін дамытады, өмірдің қызықтарын сезіндіреді. Менің бұл мамандыққа келуімнің сыры да осында жатса керек. Қазіргі таңда мен Жезқазған қаласындағы Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімі болып жұмыс атқарып жатырмын. Менің аңғарғаным бойынша Қазақстанның өскелен ұрпағы  білімді,  тәрбиелі, интелектуалды болып өсіп  келе жатқаны. Атақты неміс педагогы айтпақшы Адольф Дистерверг «Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз шындықты іздеп табуға үйретеді»  деген. Мен осы ұлағатты сөзді мәңгі жүрек түкпірімде ұстадым.

Біздің мектепте  «үштілділік» идеясын жүзеге асырылуына Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасы көп септігін тигізіп отыр. Бастауыш сыныптар, орта буындар және де жоғары сыныптардың бәрі ағылшын, орыс, қазақ тілдерін бірдей жағдайда меңгеріп жатыр. Бұл көңілімізге қуаныш сыйлайды. Себебі, қазіргі кезде түрлі уйірмелер, оқу орталықтарының ашылуы оқушыларды білімді болуға бағыт береді және де  бірнеше тілді меңгеру оқушыларды қызықтырады.

Мен өзім бастауыш сыныптарға ағылшын тілін тиімді түсіндіру бағытымен көп жұсмыстар жүргіземін. Бастауыш сыныптарда жаңа сөздерді меңгертуде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланамын.

Жаңа сөздерді меңгеру үшін оқушылар нені білу керек?

  1. фонологиялық- яғни қалай оқылу керектігін, қалай дыбыстау керектігін
  2. орфографиялық- жазылу түрін
  3. Сөз таптарын —  яғни зат есім, етістік немесе т.б сөз таптары екенін
  4. лексикалық- сөздің мағынасын
  5. қолданыста қолданылуын
  6. граматикалық- сөздің сөйлемде қолданылу жолын білу керек

Оқушылардың қызығушылығын оятуда ойын технологиясының алатын рөлі ерекше. Мысал ретінде сыныпта мынадай «A.S.H»  яғни «antonym, synonym, homonym» атты ойын  ойнатам. Ойын шарты бойынша топты біріншіден үшке бөлем 1-ші топ A, 2 -ші топ S, 3-ші топ H. Өткен сабақта өткен сөзді айтам (қазақша) , ал оқушылар топқа бөлінуіне байланысты сөздерді айтады. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беру арқылы оқушыларды бағалаймын. Ойын мақсаты 1-ден оқушылардың үй-жұмысына дайындалуын , 2-ден сөздік қорын, 3-ден оқушылардың белсенділігімен логикалық ойлауын тексеремін.
When on all kinds of carriers, phones can be loaded with good teaching materials for learning Kazakh, Russian and English7 You go on the bus, put on headphones, and read, listen and study. This is what needs to be done. To do this, we need a strong team of indifferent proffesionals, teachers and programmers, developers who together will create such things specifically for the people of Kazakhstan. I’m so proud that our future generation knows three languages: Kazakh, Russian, English and other languages.