Ұлағатты ұстаз бейнесі

Эссе
Унгарбаева Аяужан Косниязовна, Ұлағатты ұстаз бейнесі

Мақала авторы: Унгарбаева Аяужан Косниязовна
Жұмыс орны: Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Қызан ауылы, Ә.Жангелдин атындағы орта мектеп
Лауазымы: бастауыш сынып мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 18.02.2018


 

Мұғалім  мен ұстаз да бар айырма,

Бір шындықты  айтайын  сол жайында…

«Мұғалім  — мектептің  жүрегі, ол күннің  құдіретті  сәулесі  секілді», — деп

К.Д. Ушинский айтпақшы, қандай  заманды  бастан  өткерсек те,  өзгермейтін, бағасы ешқашан  арзандамайтын  бір ұлылық  бар. Ол – ұстаз  әлемі,  ұстаз ұлылығы.

Ел баласының  қамын  жеп,  сәулелі  жұлдыз  іздеген  жандар  шоғыры  сонау Ыбырай, Ахмет  сынды  ұлт  тарландарының  тұсында-ақ: «Қараңғылық  жойылсын!» деп ұрандап,  байтақ қазақ  даласын  біліми  көлеңкеліктен  құтқарудан басталған. Надан  молданың  шыбығынан  арылып, нұрлы жолдың  көші басталысымен қазақ  сахарасына           «Ұстаз» түсінігі кеңінен  тараса керек.

Ұстаз  болу – жүректің  батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің  күн шуағы,

Азбайтұғын  адамның  алтындығы, —

деп ақын  жырлағандай, ұстаз – әр адамның  өміріндегі  естелігі  өшпес  саналы тұлға.

Заманауи  түсінікке  салсақ, «Мұғалім», «Ұстаз»  сөздерінің   түсінігі  өзгеше ажыратылады. Иә,  ол – шындық,  кез келген  білімді адам  мұғалім бола алады, ал  ұстаз  атану екінің  біріне  беріле  салмайтын  қасиет. Ұстаз болу – тұла бойдағы  ұстаздықтың  нәтижесі, ал ұлағатты  ұстаз  деп  кімді айтамыз?

Ел баласының  ертеңін  ойлаймын  деп  өз баласының  жанына  терең  үңілуге уақыт  таппайтын, алтын  басына ақ  түсірген  жанды – ұстаз  деп  тануға болады.

Ұстаздықтың  бірінші  сипаты – батыл  бейне.  Шәкірт санасына  үлкен  із  қалдыру үшін ең алдымен  білім  керек.  Көкіректе  ой самсап  тұрғанымен,  оны жеткізетін  сана  болмаса, ұстаз дәрісі  далаға  аққан  судай  емес пе?

Екінші  сипаты – білімді жан. Әр баланы өз баласынан  кем  көрмей,  нұрлы  жүзбен  бауырына басқан  ұстаз ғана  шәкіртке  сүйікті  жан  бола  алады. Өз  шәкіртінің  әр ісіне  байыппен  қарап, бала тілін  таба  білу  арқылы  оқушы  қателігінің сырын  ұғынуға болады. Бұл – ұстаздың үшінші  сипаты.

Ұстаз – мейірімді  бейне.  Ал, ең басты нәрсе – өз кәсібіне  деген  адалдық. Жұмысты ақшаға  істеуге болады… Ұстаздың  ақша  үшін  тер төгуі – ағартушылық  қасіреттің  бастауы  деп санаймын.

Өз кәсібін  сүйе алмаған  жанның  кәсіби  білімі  де  жетіле алмайды.  «Мұндай ұстаз» ұлағатты  ұрпақ  өсіре ала ма?

Әрқашан да  ұлағатты  ұстаздар  арамызда   молынан  жолықсыншы!!!