Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Физика
Борибаева Жанат Алдонгаровна, Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар

Мақала авторы: Борибаева Жанат Алдонгаровна
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Физика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.02.2018


Физика
Сынып: 7
Мұғалім: Борибаева Жанат Алдонгаровна

Сабақ тақырыбы: Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары 7.2.1.3- түзусызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата білу
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар үшін:
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарына сипаттама береді.
Көпшілік оқушылар үшін:
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажыратады.
Кейбір оқушылар үшін:
— Өмірдегі қозғалыстарға өз бетінше мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жасайды.
Бағалау критерийі -Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалыстың ұғымын түсінеді.
— Түзу сызықты бірқалыпты қозғалыс пен бірқалыпсыз қозғалысты ажырата алады.
— Өмірдегі қозғалыстарға мысалдар келтіре отырып, тәжірибие жасай алады.
Тілдік мақсаттар Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға ауызша тұжырымдама жасай отырып, сипаттайды.
Терминдер:»Қозғалыс», «бірқалыпты қозғалыс»,»бірқалыпсыз қозғалыс»
Құндылыққа баулу Қозғалыстың түрлерін біле отырып жол қозғалысын ұйымдастыруда қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Пәнаралық байланыс Математика-математикалық амалдарды қолдана отырып есептеулер жүрзізеді.
Әдебиет-өз бетімен анықтама жасай отырып, сөздік қорын молайтады.
Информатика – электронды оқулық арқылы қозғалысты бағдарлайды.
Алдыңғы білім Санақ жүйесі, механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру
Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин Шаттық шеңбері
Әр түрлі траектория арқылы допты лақтырып оқушылар бір- біріне тілек айтады.

Пазл құрастыру арқылы ІІІ топқа бөлінеді
Ұшақ тобы
Поезд тобы
Автобус тобы

«Он сұрақ» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау
1. Қозғалыс
2. Траектория
3. Орын ауыстыру
4. Материялық нүкте

Сабақтың ортасы
30 мин «Кинометафра» әдісі
Сынып оқушыларына видео ролик (бейне материал) бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс туралы көрсете отырып не байқадаңыздар олардағы ортақ қасиеті не? Айырмашылығы не?
ВЕНН диаграммасы
Сол арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбы ашылады
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Тапсырма 1. Сурет бойынша қай автомобиль қозғалысы бірқалыпты, қайсысының қозғалысы бірқалыпсыз екенін анықтаңыз

Тапсырма талқыланып болған соң тақтадан дұрыс жауап көрсетіліп, топтар өзін-өзі бағалайды
Электронды оқулық
7 класс

«Кім жылдам» әдісі
Тапсырма 2. Суреттерге қарап отырып, қозғалыстың түрін ажыратыңдар?
Суреттегі қозғалыстарды сипаттаңдар.
Суреттерді кестеге орналастырыңдар

Бағалау критерийі Дискрептор
Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалысты ажыратады — суреттерге қарап қозғалыстың түрлерін ажыратады;
— қозғалыстарды сипаттайды;
— кестеге сәйкес қозғалыстарды орналастырады.
Бірқалыпты қозғалыс Бірқалыпсыз қозғалыс

3. Тапсырма: «Қызықты »тәжірибе
Оқушылар pasko құралдары және қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы бірқалыпты , бірқалыпсыз қозғалыстарды бақылау үшін тәжірибе жасайды.

І топ pasko құралдарымен тәжірибе жасау
ІІ топ pasko құралдарымен тәжірибе жасау
ІІІ топ қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы осы тәжірибені жасайды

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау

Сабақтың соңы
5 мин Кері байланыс:
«Активатор-1,2,3» стратегиясы
● Тәжірибеде қолдануға болатын 3 идея
● Сіз көбірек білгіңіз келетін 2 идея
● Сіз қойғыңыз келетін 1 сұрақ

Үйге тапсырма
Күнделікті өмірде кездесетін бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыстарға мысалдар келтіре отырып, тәжірибе жасап келу.
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдану көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
Оқушыларға қолдау көрсету мақсатында
1-тапсырманы орындау үшін
Автомобилдердің қозғалысы бейнеленген суретті ұсынамын. Қабілетті оқушылар басқа топтардың жауабын толықтырады.

Оқушыларға
2-тапсырманы орындату үшін әр түрлі қозғалыстардағы суреттерді басшылыққа алуды ұсынамын. Кейбір оқушылар бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды анықтаудың қадамдарын талдайды.

Оқушыларға 3-тапсырмны орындату үшін pasko құралдары және қолдан жасалған зертханалық құралдар арқылы бірқалыпты , бірқалыпсыз қозғалыстарды тәжірибе арқылы бақылауды ұсынамын. Сұрақ жауап арқылы, суреттермен жұмыс, тәжірибе жасау.
Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалау. Топтар өзін- өзі бағалайды.
Бағалау парақтары
Сабақ барысында қолдау, қолпаштау көрсету жетістік критерийлері арқылы бағалау. Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын 10 минуттан асырмау
Көз жаттығуларын орындау
Кабинетті желдету
Кабинетте приборлармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережесін сақтау (су қолмен жұмыс жасамау) жарықты қажет емес кезінде өшіру