Туризм
Жетенова Гульнур Сериковна, Туристерді орналастыру орындарының классификациясы

Туристерді орналастыру орындарының классификациясы

Мақала авторы: Жетенова Гульнур Сериковна
Жұмыс орны: Астана қаласы «Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ колледжі
Лауазымы: Арнайы пәндер оқытушысы
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2016


Сабақтың мақсаты: Туристерді орналастыру орындарының  мәні мен мағынасын ашу, туристерді орналастыру мәселелері, қонақ үйлерді классификациялауды қарастыру

Сабақтың міндеттері:

а) білімділік: Туристерді орналастыру орындарының  мәні, мазмұны мен қағидаларын меңгеру.

ә) дамытушылық:Туристерді орналастыру орындарының  қызметін ұйымдастыруда қолданылатын қызмет көрсету әдістері туралы алған білімдерін толықтырып, қорыту.

б) тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы студенттерді болашақ мамандығын  құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:     СОӨЖ

Сабақтың типі:өткен  материалды пысықтау, қорыту сабағы

Сабақтың әдіс-тәсілдері:   ізденушілік, зерттеушілік іс-әрекеттері, баяндау,  талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекі құралдар:  Интерактивті тақта,слайдтар, баспасөз  материалдары, буклеттер, схемалар, суреттер, үлестірме қағаздар.

Пәнаралық байланыс:экономика, ағылшын  тілі, қонақ үй шаруашылығында тамақтандыруды ұйымдастыру.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй жұмысы

ІІІ.Миға шабуыл

ІV.Не істер едіңіз… (Жағдаяттар)

V.Үй тапсырмасын бекіту. Тест

VІ.«Дұрысын тап!»

VІІ. Қорытындылау

VІІІ.Үй тапсырмасы

IX.Бағалау

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Студенттермен амандасу;

ә) Студенттерді тізім бойынша түгендеу.

  Топты шағын екі топқа бөлеміз.

  1 топ «Radisson» персоналдары

  2 топ «Rixos» персоналдары

Студенттердің  жауабы «Әріптік»белгісіне қарай бағаланады.

ІІ. Үй жұмысы 

 

Глоссарий

Турист- 24 сағаттан 1 жылға дейінгі мерзімде уақытша болатын елді  (жерді) аралап көретін және ақылы қызметпен айналыспай сол елде сауықтыру, танымдық, іскерлік, спорттық т.б. мақсаттарда кемінде 1 рет түнеп шығатын жеке тұлға.

Қонақ үй – мейманхана, жолаушылардың уақытша тұруына арналған жай.

ДТҰ- Дүниежүзілік туристік ұйым

Орналастыру орындары-туристер тұру үшін және оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын қонақ үйлер, мотелдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжай үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және басқа да ғимараттар мен құрылыстар

  • Дүниежүзілік туристік ұйымның (ДТҰ) классификациясы бойынша орналастыру орындары қалай бөлінеді?

1.Жеке (пәтерлер, пәтердегі бөлмелер, үйлер, жалға берілетін коттедждер);

2.Ұжымдық (қонақ үйлер, мотельдер, пансионаттар, жатақханалар, санаторийлер, ботельдер, кемпингтер)

  1. 2. Қонақ үй критерийлерін ата?

а). Қонақ үйлердің орналасуы- қалада орналасқан (ораталықта, шет маңайда);теңіз жағалауында. Теңізге дейінгі аралық маңызды болып есептеледі (100,150,200,250,300 метр);тауда орналасқан. Табиғаты керемет таулы аймақта орналасқан және туристік маршрут бойындағы демалысқа ыңғайлы кішігірімқонақ үйлер.

ә) Жұмыс ұзақтығына қарай  бөлінуі- тәулік бойы жұмыс істеушілер;екі маусымдық жұмыс істеушілер;бір маусымдық жұмыс істеушілер.

б) Қонақтардың келу ұзақтығына байланысты қонақ үйлер қалай бөлінеді-ұзақ мерзімге келу;қысқа мерзімге келу.

в) Баға сатысына қарай бөлінуі-бюджетті 25-35АҚШ $,экономды 35-55 АҚШ $,орта 55-95 АҚШ $,бірінші классты 95-195 АҚШ $,апартаменттер 65-125 АҚШ $,фешенебельді 125-425 АҚШ $

  1. Әлемдегі және Қазақстандағы ерекше (таңғажайып) орналастыру орындары туралы баяндайды. Әрбір топ өз қонақ үйлерінде көрсетілетін сервис түрлеріне тоқталады.
  2. Алдын-ала берілген тапсырма бойынша қонақ үйдің қызметі туралы бейнеролик көрсетеді.

ІІІ. Миға шабуыл

  1. Тамақтандыру инфрақұрылымының түрлері қандай?

Мейрамхана- қонақтарға түрлі тағамдарды, сусындарды, кондитерлік өнімдерді, сондай-ақ фирмалық және даярлануы күрделі тағамдардың ауқымды мәзірін ұсынатын тамақтандыру мекемесі.

Дәмхана-қонақтарға тағамдармен сусындардың, сүт өнімдері мен кондитерлік өнімдердің және т.б. шектелген мәзірін ұсынатын тамақтандыру кәсіпорыны.

Кафетерий- шәй, кофе, какао, ыстық шоколад сияқты ыстық сусындарды, сүт және сүт өнімдерін, бутербродтар мен дайындалуы жылдам кондитерлік және басқа жеңіл тағамдарды сатуға мамандандырылған тамақтандыру кәсіпорыны.

Асхана- көбіне курорттық қонақ үйлерде орналасқан және табысы әр түрлі деңгейдегі  адамдарды тамақтандыруды қамтамасыз етеін тамақтандыру кәсіпорыны.

Буфет- жартылай фабрикаттарды, ыстық және салқын сусындарды сатуға арналған тамақтандыру мекемесі.

Бар- күшті алкоголь ішімдіктерін, әлсіз алкагольды және алкогольсіз сусындарын, ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді, сатып алынған тауарларды сататын тамақтандыру кәсіпорыны.

  1. Қонақ үй мейрамхана кешенінде тамақтандыру қызметінің қандай түрлері ұсынылады?
  2. Толық пансион, яғни үш реттік тамақтандыру (таңғы ас, түскі ас және кешкі ас)- Full Board (FB)
  3. Жартылай пансион, яғни екі реттік тамақтандыру (таңғы ас қосылған түскі ас немесе кешкі ас)- Half Board- (HF)
  4. Тек таңғы ас, бір реттік тамақтандыру-Bed and Breakfast (BB)
  5. All inclusive сөзі нені білдіреді?

Үш мезгіл тамақтанудан бөлек, күні бойы тегін тіске басарлар, алкоголь және басқа сусындар ұсынылады.

  1. Таңғы асты ұйымдастыратын орынға қандай талап қойылады?

1.Таңғы ас берілетін орын таза және желдетілген болуы тиіс

2.Ерте уақытқа қарамастан қызметкерлер сергек болып, белсенділік көрсетуі тиіс.

3.Қызмет көрсету үрдісі үздіксіз болуы тиіс.

  1. Таңғы астың түрлері.

1.Континенталды таңғы таңғы ас-жеңіл таңғы ас. Шәй, кофе, ыстық шоколад және тоқаштар.

2.Кеңейтілген таңғы ас- Шәй, кофе, ыстық шоколад және тоқаштар және шырындар, сүзбе  және т.б.

3.Ағылшын таңғы ас- Номерге шәй ( ыстық шоколад) немесе кофе ұсынылады. Нан өнімдері, тост, май, джем, тосақ және бал.

4.Американдық таңғы ас- көкөніс шырыны, мұз бөліктерімен ауыз суы, балғын көкөністер, б әліш.

  1. Шампан қосылған таңғы ас- 1,5-2 сағат көліменіде жүргізіледі. Канапенің алуан түрлері, деликатестер, суық және ыстық басытқылар және ыстық ет тағамдары және десерт ұсынылады. Сусындардан- шарап, шампан, кофе, шай.
  2. Кеш таңғы ас- (lunch)- 2 ші таңғы ас. Ұсыну мерзімі-10.00-14.00 арлығында. Таңғы ас және түскі ас тағамдары кіреді. Ыстық және салқын сусындар, тоқаштар, май, джем, сорпа, ірімшік, ыстық ет тағамдары, десерт. Ұсыну түрі-буфет.

ІV.Не істер едіңіз… (Жағдаяттар)

  1. Үй тапсырмасын бекіту. Тест
  1. Мотель
  2. Бір немесе екі орындық номерден тұратын вагон
  3. Судың үстіндегі жылжымалы қонақ үй
  4. Авто, мото, велотуристерге арналған қала сыртындағы жазғы лагерь
  5. Автотуристерге арналған жол бойындағы қонақ үй
  6. Қонақ үй апартаментінің сыйымдылығы
  7. 400 орын
  8. 150 және одан жоғары
  9. 400-2000 орын
  10. 400 орынға дейін
  11. Алғашқы қонақ үйлер қалай аталды
  12. таверна
  13. керуен сарайлар
  14. жатақхана
  15. инна
  16. Қонақ үйлерді классификациялаудың кең таралған жүйесі
  17. тәждік
  18. разрядтық
  19. жұлдыздық
  20. әріптік
  21. 4 жұлдызды қонақ үйге тән анықтаманы таңданыз
  22. қонақ үйде толық демалу үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған
  23. қызметкерлердің жоғары біліктілігіне кепілдік беріліп, қызметтердің кеңейтілген түрі көрсетіледі
  24. жайлылылғы, қызмет көрсету сапасы, қызметкерлердің біліктілігі жоғары деңгейде
  25. қонақ үйлер бөлмелеріндегі жайлылықтарға кепілдік береді.
  26. Бюджеттік қонақ үйлер тән
  27. 2 жұлдызды
  28. 3 жұлдызды
  29. 1 жұлдызды
  30. 4 жұлдызды
  31. Грек қонақ үйлері неше категорияға бөлінеді
  32. 5
  33. 4
  34. 3
  35. 2
  36. Мамандандырылған қонақ үйлерге жатпайды
  37. Отель
  38. Ботель
  39. Флотель
  40. Ротель

VІ.«Дұрысын тап!»

Қонақ үй критерийлері
Жұмыс ұзақтығы Ыңғайлылық сатысы Материалдық база
Таңғы ас
Lunch Dinner Breakfast
Сізді көргеніме қуаныштымын
I am glad to see you

 

I do not expect you

 

I am glad to meet you
«Ұзын сары» қай уақытта келеді?
Кеш уақытта Көктемде Қыста
«Restaurant» сөзінің  мағынасы
Тамақтандыру Дене күшін қалпына келтіру Көңіл күйді қалпына келтіру

VІІ. Қорытындылау

VІІІ- Үй тапсырмасы

  1. Отандық қонақ үйлердің классификациясы туралы баяндама жазу
  2. Коммерциялық және әлеуметтік орналастыру мекемелерін анықтаңыз

ІХ- кезең.Бағалау

Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларға баға қою.