Тригонометриялық теңдеулерді шешу

Математика
Макулбаева Алия Камаловна, Тригонометриялық теңдеулерді шешу

Мақала авторы: Макулбаева Алия Камаловна
Жұмыс орны: ЖОББ Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп
Лауазымы: математика және информатика пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 04.04.2018


 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пәні: Алгебра және анализ бастамалары

Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді шешу

 

Сабақтың мақсаттары:

 

 Барлық оқушылар: тригонометриялық теңдеулері шешу формулаларымен танысады, қарапайым тригонометриялық теңдеулерді шешіп үйренеді.

 

Оқушылардың басым бөлігі: тригонометриялық теңдеулердің дербес жағдайын жатқа біледі

 

Кейбір оқушылар: тақырып бойынша берілген есептерді өз бетінше шығарып, өзге оқушыларға түсіндіре алады

 

Негізгі сөздер мен тіркестер: Тригонометриялық теңдеу, тригонометриялық теңдеудің формулалары, тригонометриялық теңдеудің дербес жағдайы

 

Алдыңғы тақырып: Кері тригонометриялық функциялар

 

Ресурстар: https://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=11268 ,

https://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=11268

https://www.bilimland.kz/kk/user/library

А.Н.Шыныбеков. Алгебра және анализ бастамалары. Жаратылыстану-

математикалық бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық, Алматы:

Атамұра, 2014.

Құралдар: Интерактивті тақта, интернет желісіне қосылған ноутбуктар.

 

Сабақтың басы   5 минут

 

Оқушыларды түгендеу; Топқа бөлу. Үлестірме қағаздың түстері бойынша оқушылар

топқа бөлінеді.

Сабақтың ортасы   25 минут

 

Өткен тақырыпты қайталау:   

 

1-топ: Оқушылар «Сиқырлы гүл» тапсырмасында жасырылған формулаларды тауып,

«теңдеу» терминін жазу керек.

2-топ: «Өз орнын тап» ойынында бағанның сол жағындағы сұрақтардың бағанның оң

жағында сәйкес дұрыс жауаптарын көрсету

3-топ: Венн диаграммасын» толтырып, тригонометриялық функциялардың ортақ

қасиеттерін көрсету.

 

Сабақтың тақырыбын анықтау.

 

1-топқа «Тригонометриялық функциялар» сөзі беріледі. «Сұрағын тап» әдісі бойынша жауабы осы сөз болатындай үш сұрақ құрастырып, оларды басқа топтағы оқушыларға қояды. Қалған екі топтағы оқушылар осы сұрақтарға жауап беру арқылы жасырылған сөзді табу керек.

 

2- топ. «Төрт сурет бір сөз» әдісі бойынша жасырылған «Теңдеу» сөзін табады

 

3- топтан бір оқушы тақтаға шығады. «Блиц кездесу» әдісі бойынша ол оқушының өзіне көрсетпей, маңдайына «шешу» сөзі жазылған қағаз қойылады. Топтағы қалған оқушылар түсіндірмелер жасау арқылы осы сөзді табуға көмектеседі.

 

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық теңдеулерді шешу

 

Жаңа сабақ материалымен танысу.

 

оқушыларға www.bilimland.kz сайттағы мәліметтерді бере отырып, стратегия талаптарын орындату.

Видеоматериалдар көрсетіледі.

https://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=11268 (36 сек).

https://www.bilimland.kz/kk/user/library#lesson=11268  (48 сек).

https://www.bilimland.kz/kk/user/library  (39 сек).

 

Көршіңе әңгімелеп бер.

Топ мүшелер жұптасып дәптердегі формулаларды бір-біріне түсіндіреді.

 

Бірге ойлаймыз» әдісі.

bilimland.kz сайтындағы мәліметтер қосымша ақпарат ретінде әр топқа бөлек бөлімдері беріліп, онымен мұқият оқып танысулары тапсырылады.

Әр топ интернетке қосылған ноутбук арқылы берілген жаттығуларды орындайды.

 

1-топ 1-жаттығу. Берілген бұрыштар үшін тригонометриялық функцияның мәнін табыңыз. Тізімдегі элементтерді, сәйкес бос орынға қойыңыз.

 

2-топ. 2-жаттығу. sinx = 0,5 (0° ≤ x ≤ 360° үшін) теңдеуінің шешімдер санын көрсетіңіз. Ақиқат және жалған тұжырымдарды белгілеңіз

 

3- топ. 3-жаттығу.

 

Орындалған жұмыс нәтижелерін проектор арқылы экраннан көрсетіп, басқа топ оқушыларына түсіндіреді

 

Оқулықпен жұмыс:   Оқулықтағы №242 (1, 2), №243(1, 2), №244 (1, 2) шығарады.

 

Жаттығулар: №245 (1,2)

 

Тест

 

1.С       2.D      3.B       4.A       5.E      6.B       7.A

 

 

Бағалау дескрипторы:

  1. sinx=a түріндегі теңдеуді шеше алады.
  2. sinx=a түріндегі күрделі теңдеуді шеше алады
  3. cosx=a түріндегі теңдеуді шеше алады.
  4. cosx=a күрделі түріндегі теңдеуді шеше алады.
  5. tgx=a түріндегі теңдеуді шеше алады.
  6. tgx=a түріндегі күрделі теңдеуді шеше алады.
  7. ctgx=a түріндегі теңдеуді шеше алады

Сабақтың соңы  10 минут

 

Бағалау (10 минут). Оқушылар жеке-жеке  жұмыс істейді.

 

Бағалау индикаторы:

Өткен тақырыпты қайталау3 балл

Топтық жұмыс5 балл

Есеп шығару1 балл

Оқулықпен жұмыс6 балл

 

«5»       21-23 балл

 «4»      18-20 балл   

 «3»     12-17 балл   

 

Үйге. № 246 (1,2) ( Дифференциалдық тапсырма)

Кері байланыс: «Мұғалімге хат». Түсінбеген сұрақтарын жазып, почта жәшігіне салады.