Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Физика
Жумабекова Айман Амановна, Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы

Мақала авторы: Жумабекова Айман Амановна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Физика пән мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2018


Тақырыбы: Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы.

Мақсаты:Заман талабына сай  оқытудың жаңа әдістерін енгізу,оқушыларды соған сәйкес біліммен қаруландыру.

Оқытудың :Сын тұрғысынан ойлау.СТО бағдарламасының стратегияларын қолдану.

Бұл бағыттың мақсаты:

-оқушыларды ойландыруға;

-пікір таластыруға;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп,жұмыс істеуге ;

-шығармашылықты дамытуға

Сабақ үш сатыға бөлінеді.

1.Оқушыларға өтілетін тақырып айтылмайды.

Тек шартты белгілер сызылады.

Құралдар үстелге қойылады .Омның портреті ілінді.

-Бүгінгі сабақта не туралы сөз болады-деп ойланысыңдар?

-Суретке қараңдар ,қандай құралдар пайдаланамыз?

-Енді осы құралдарды өзара қосайық ,сызбасын сызайық (оқушылар сызбасын сызып тізбек құрастырды.8 с бағдарламасынан білуі тиіс).

-Олай болса,тақырыпқа қалай ат қоямыз?-деп ой қозғап,оқушылардан  Тізбек бөлігіне арналған Ом заңы деген жауап аламыз.

Бұл бөлімде негізгі , жаңа игерілетін ұғымдар беріліп,формуласын  жазып, кедергі неге тәуелділігі айтылады.

8 сыныпта  алған білімдері  толықтырылады.

a)Автор орындығы стратегиясы қолданылып-1,2,3  топқа бірдей бір сұрақ беріледі .

Мысалы:Ом заңы бойынша , бұдан  кедергі  мен ток күші неге

тәуелді деп  түсінуге бола ма?

Оқушылар  бәрі бірігіп,бір шешімге келеді де,әр топтан 1 оқушыдан жауап береді.

2 ә)Галарея шарлау стратегиясы 3 топқа да бір есеп беріледі.Шығарылу уақыты 7-8 минут

Әр топ өз шығарған есептерін тақтаға іледі.

Барлық топ түгелдей шығып,бір-бірінің тапсырмасын тексеріп,қатесін астына жазып іліп кетеді.Әр топ қайтадан өз тапсырмаларын алып,орындарына отырып жіберген қатесін түзейді.Осылайша өз қателеріне түсінік беріп,өзара білімдерін бағалайды.

б)Жаттығу есептерін шығартамын.

Сабак соңында тақырыпты бекітіп сабаққа белсене қатысқан оқушыларға баға қойылады.

7-8с: Ой толғаныс

Қос шеңбер

Елестету

Ішіне сыртына

9-11с: Ұқсастық пен дарылық