Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Текті тұлға тәрбиелеу жолы

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: Теміртау қаласы №8 мектеп мұғалімі
Лауазымы: зейнеткер мүғалім
Порталға жариялану мерзімі: 26.09.2017


Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды.. (Бекасыл әулие1822-1915)
Қазіргі кезеңде біз үшін жастар бойындағы өзіндік қасиеттерге нұқсан келтірмей жаңа қасиеттерді, дербестікті және таңдау мен шешім қабылдау жағдайындағы жауапкершілік-ке баулу, қоғамдағы тиімділікті арттыруға әсер ететін білім, білік, дағдыларды ұлттық мәдениет аясында қалыптастыру, «бәсекеге қабылетті» ұрпақ тәрбиелеудің басты амалы болып отыр.. Білім беру жүйесі арқылы ғана оқыту мен тәрбиелеудегі жеке тұлғаға бағытталған жұмыс нәтижесінде оқушылардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптас-тыруға, олардың әлеуметтік міндеттерінің және өзбетінше жұмыс жасау дағдыларын көтеруге болады. Халқымыздың ар-иманының айнасы, ұзақ жылдар ішіндегі жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным-сенімі, саналық танытатын көзқарастар жүйесі, әлеуметтік топтың, ұлттың, халықтың өмірдегі бет-бейнесі, біліктілігі, тыныс-тіршілігінің ғұмыр нәрінің бұлағы – ата-баба мұрасы,адамзат мирасы екені белгілі.Рухани мұралар мен құндылықтар тектілік жолымен де,мирастық үрдіспен де жалғасын табады..Халқымыз «түбін білмеген тексіз,тегін білмеген түбін білмейді, тегі мен түбін білмегеннен келелі кеңес шыға қой-майды» деп кесіп айтқан. Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалып-тастыру құралы. «Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне — өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (И. Кант). Олай болса, тәрбиелеу жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.Сонымен қатар тәрбие – адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылықты іс-әрекеті,қам-харекеті.Тәрбиелеуші әрекеті -біреулердің ізгі ниетпен,адал көңілмен жүргізген өзіндік қимыл-қозғалысы болумен қатар,ұрпақ алдындағы борышы,адамдық парызы, табиғат заңдылығы,атадан-балаға ұласқан тектілігі.Жеке адам бір-бірінен ажыратылатын және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен ерекшеліктері арқылы айқындалады.Анықтауыш қасиеттер — жеке адамның әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары.Жеке адам болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне жетіп, басқа адамдарға қарағанда ерекшелігі бар екенін білінетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс.
Өмір бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін қалыптасу деп атайды.Жеке адамның қалыптасуы -күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылығы мол құбылыс. Орыстың ұлы сыншысы В.Г.Белинский «Адамды табиғат жаратқанмен, оны өсіріп,тәрбиелейтін-қоғам»,-деп өте орынды айтқан.Ал,қазақ айтады: «Тән-Тәңірден, тәр-бие-өзімізден» Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғым да бар.Ол адамның өсу шағына сәйкес:нәрестенің дамуы,сәбидің дамуы,жеткіншектің дамуы,жас өспірімнің дамуы, бозбаланың дамуы,бойжеткеннің дамуы деп топталады.Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның дамуы — бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер процесі.Осыған әсер ететін ұрпақтың бойында бар,ата-бабадан ұласқан , ақыл-ой,дарын-қабылет,өнер мен даналық нышандары біршама дәреже де оған ықпалын тигізе алады.Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтар-ында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады.«Тәрбие адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс» деп Я.Коменский тәрбие сипатын төмендегідей негізгі элементтерге бөлді:Адамға барлық заттарды білгізу-«ғылыми білім»;Заттардың және өзінің қожасы ету-«адамгершілік»; Құдайға,заттарға құлшылық ету-«діни тәрбие»;Тән саулығы-«дене тәрбиесі».Сөйтіп, тәрбие мен дамудың арасында екі жақты байланыс бар.
Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардың көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен көрінелі. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға. Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы өзгешелігімен даралануы.Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер-айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер-сын көзі-мен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды..Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу-миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады.Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды Жеке тұлғаға тән қасиеттерді,оның ата –бабасынан ұласқан тектілігімен ұштастыруды,мұны жүзеге асырудың ғылыми негізін тұжырымдап, қалыптасу жолын айқындап саралау,амал-айласын,тәсілдерін тағайындап беруді текті тұлға тәрбиелеу теориясы деп отырмыз.Бұл теорияның формуласын қорытып,ғылыми негізін анықтауға алғы шарттар мен негіздер бар ма?Сенің іздестіріп тапқандарың мен қорытып тұжырым-даған түйіндерің жеткілікті ме?-деуіңіз әбден мүмкін.Педагогика мен психология тарих-ында мұндай талпыныстар әр кезде болған.Бір сәт тариха бет бұралық.Текті тұлға тәрбие-леу көзқарасына белгілі мөлшерде ықпал жасау мүмкіндігі бар теория-Бихевиоризм Бихевиоризм сана жөніндегі декарттық –локктік концепцияның дәрменсіз екенін атап көрсетті.Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы ,оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс.Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әркім үшін белгілі,яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет.Зерттеу пәні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/,сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды “Сана” ,“түйсік” “қабылдау ”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды.“Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы ) “реакция”(организмнің қозуға қайтаратын жауабы)және стимул мен реакция арасындағы“байланыс”(ассоциация, коннексия )негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Бұл теорияның мақсаты–ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерінанықтау .Бізге керектісі-осы,ортаға бейімделу бағыты. Казіргі психологиядағы тұлға теория-ларынан(Ангьял, Гольдштейн, Роджер) туа берілген организмдегі өзіндік маңыздану да бізге жат болмайды Кейбір теориялар білім беру жүйесі кезеңін, ал енді бірі адамныің бүкіл ғұмырлық дамуын қамтиды. Сондықтан, олар жас ерекшелік және педагогикалық психологияға тән сипаттарға сай құрылған.Сонымен, тұлға туралы теориялар: ішкі қасиеттерді, келбет пен тұлға сапасын немесе олардың сыртқы көріністерін алады. Мысалы: мінез, қылық, іс — әрекет сияқты.Тұлғаның интеракционды теориясын американ психологі У.Майшел жасады. Онда адам тұлғалық факторы мінезді белгілеп, оны бірнеше топқа бөледі:1.Адам қабілеті.2.Когнетивті стротегиясы.3.Кітетіні.4.Құндылығы.5.Мінез жоспары.Тұлға теориясын жасауда американ психологі Э.Эриксон тұжырымдамасының өзіндік орны бар. Ол тұлға дамуы мен қалыптасуын эпигенетикалық принципке сүйене отырып түсіндіреді және өмір сүру барысында болатын тұлға дамуындағы 8 дағдарыстың болатынын белгілейді.
1.Алғашқы өмір сүру кезеңінде болатын сену, не сенбеу.
2.2-3 жас арасында болатын күмән мен ұят.
3.3-6 жас аралығында белсенділік пен оған қатысты болатын кінәләну.
4.Еңбекқорлық және оған қарсы толық мәнде болмаушылық.
5.12-18 жас аралығындағы болатын тұлғаның өзін — өзі белгілеуі мен жеке дара даралануындағы топтамалар мен дау-дамайлар.
6.20 жас шағындағы өз шектеулігі мен қоғамға араласушылығы оған қарсы мәндері. 7.30-60 жас аралығында жас ұрпақ қамқорлыққа өзін-өзі жегуі.
8.60 жас және одан жоғары жаста өткізген өміріне қанағаттануы мен өкіну, түңілуі.
Бұл дағдарыс пен дамудың барлық нышандары мен белгілері «Адамтану қазақ ілімінде»
толық қарастырылған.(Адамтану қазақ іліміне кіріспе,Балатану баспалдақтары.(Коллеги каз.журнал.Әдістеме кз.Тәрбие кз.Еdu laif.kz Kaz ust.Akikat.kz сайт,порт.)
Материалистік педагогиканың өзінде-жеке тұлға белгілерінің пайда болуы мен дамуын талдау үшін жеке тұлғалардың қалыптасу процесіне әсер ететін мынадай факторларды айқын көрсеткен 1) биологиялық тұқымқуалаушылық. 2) табиғи және әлеуметтік орта
3) Мәдениет 4) Топтық және даралық(ндивидуалды) тәжірибе.
Биологиялық тұқымқуалаушылық белгілері ауаға, суға, ұйқыға, қауіпсіздікке, ауырмауға қажеттілікті қамтитын адамзат тіршілігінің туған қажеттіліктері мен қабілеттерімен толықтырылады. Егер әлеуметтік тәжірибелерде негізінен адам иеленетін жалпы белгілермен түсіндірілетін болса, ал биологиялық тұқымқуалаушылық жеке тұлғаның индивидуалдығын, оның қоғамның басқа мүшелерінің бастапқы айырмашы-лығын түсіндіреді. Осыған байланысты биологиялық тұқымқуалаушылық толығымен жеке тұлғаны қалыптастыра алмауын айтса,біз осы кемістікті тектілік арқылы жоюды ұсынамыз. Себебі-қазақтың тектілік туралы ұстанымы генетикалық тектен терең.Табиғи және әлеуметтің ортаның тұлға қалыптстыру ролін біз жете бағалймыз.Себебі,қазақ халқы жеке тұлғаны қалыптастыру үшін,тек және тектілік туралы аса қомақты білім қорын жинаған ,сондай-ақ, текті тұлға тәрбиелеу тәжірибесі орасан салмақты.Осы педагогикалық процесс,қазақта жалпы ұлттық сипат алған. Бүгінгі педагогикалық-психологияның экспериментальді түйіндері мен тұжырымдарынан еш кем емес.Текті тұлға тәрбиелеу теориясы өмірлік пікірлер, бақылау мен тәжірбиеге, теориялық қорытуға негізделеді де, экспериментке сүйенбейді. Экспериментальді емес теория санатына сиысады,Себебі ол,талай ғасыр бойы керектеніліп сыналған білім.
Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әр түрлі пікірлер мен теориялар орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон және Аристотель адамның дамуын, алдын-ала тағдыр белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғат заңы дейді.
Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі – префор-мистер. Преформизм — XVIII ғасырда биология саласында үстемдік еткен, адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым. Преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағындағы сәбидің ағзасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады
«Академик Д.Кішібековтың пайымдауынша, текті болуға ата-баба, ана, туған жер, өскен орта әсер етпей қоймайды, бірақ, осылардың ішінде ең бастысы – әр адамның өз басы, ақыл-есі, парасаты, жігері, алдына қойған биік мақсаты, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтыла білуі. Сонда ғана, адам дараланып, сомдалып, тұлғалық дәрежеге көтерілуі мүмкін. Осылайша, қоғам қашан да тектілерге сүйенеді. Текпен берілетін қасиеттерге өнеге-үлгі, инабаттылық, кішіпейілділікті жатқызуға болады. Себебі, баланың бойын-дағы бұл қасиеттер әке-шешеден бастау алады. Адамгершілік, азаматтық, қайраткерлік, қолбасшылық, зиялылық, діншілдік, әділеттілік те адам бойына текпен дарыса керек-ті. Ғалым, философ Ж. Молдабеков текті жанды «ол өнер жолын қуады, сертінде тұрады, уәдесін орындайды, қолы ашық, көңілі жайдары, тілі майда, әрекеті батыл келеді» деп сипаттайды.Ақын Сәкен Иманасов, дінді тектіліктің бастауы деп біледі. Сонау ламаизмнен, даоцизмнен, тәңіршілдік, буддизмнен бастау алып Исламмен жалғасын табатын адами қасиеттер сананың, зерденің оянуы, жетілуі, ар тазалығы, инабаттылық пен қайырымдылық иірімдерін қалыптастырады, тектілікке жол ашадыАмерикандық ғалымдардың зерттеуінше бақытты болуға жалғыз жол достық қар ым-қатаныстарды нығайту мен әлемдік дәстүрлі діндер насихаттайтын адамгершілік нормаларын ұстану екенін ғылыми жолмен дәлелдеген. Қазақи шежірені зерттеуші ғалым, Дәуірхан Айдаров: «ғылыми тек (ген) – адамның шыққан негізі, нәсілін, тұқымын білдіреді. Ал, қазақы танымдағы тектіліктің мазмұны тереңде» – деп тек пен тектілікті ажыратады. Жазушы Қ.Түменбай тектілікті шыңырау құдыққа теңеп, «оның суы мөлдір болғанындай, тектілік те мөлдір болады» – дейді.
Жазушы А.Смайыл «тегінің ар-намысын ойлаған жігіт арғы-бергі үрім бұтағының қамын қатар күйттеп, жанын арына садаға етеді. Арлы ер аз сөйлеп, көп тындырар, тек осындай табанды азаматтардың қатары толыққан сайын халық тектілене түседі» деп тектіліктің азаматтықпен біте қайнасып жатқандығын көрсетеді. Сонымен, зиялы қауымның пікірі тектіліктің туын биік ұстау үшін адамның бойында мынадай өлшемдер болуы шарт дегенге саяды: дене бітімі, ой-санасының деңгейі, тәрбие, жүріс-тұрыс, киім киісі, қоғамдық ортада өзін өзі ұстауы, сөйлеу мәнері, тамақтануы, тәртібі, ғылым мен өнерге жақындығы, салт-дәстүр мен дінді ұстануы, жаны, сезімі, ақыл-парасаты, ізденімпаздығы, жауапкершілігі, рухының биіктігі, қанағаты, иманы, шыншылдығы, турашылдығы, мүсәпірге қол ұшын беруі, жанашырлығы және т.б. Әрине, аталған қасиеттердің жиынтығы бір адамның бойынан табылуы некен-саяқ кезедеседі. Десек те, қазақ тұлғаларға кенде емес!» (А.Молдабекова.www.akikat/kz)
Гуманитарлық ғылымдар да тектің әлеуетін пайдалануды көздеді. Әсіресе, психо-терапия ғалымдары адамның ата тегін зерттеу арқылы отбасылық қатынастарда туындайтын мәселелерді анықтауға көштіОсылайша, бүгінде әлеуметтік психология мен клиникалық әлеуметтану ғылымында адамның шыққан тегін сызғызу арқылы, оның бүгінгі өміріндегі әлеуметтік мәселелеріне жауап айтады. Адамның сол текті жалғаушысы немесе белгілердің тасымалдаушысы ретінде келер ұрпаққа не беретінін, не беруге болатынын да талдауға болады. Тіпті, ажырасу, ішімдікке салыну, психологиялық бедеулік, ер азаматтың отбасын тастап кету жағдайлары, жеңіл жүрістікке салыну және т.б. әлеуметтік мәселелердің тек арқылы берілетіндігін ғалымдар байқаған. Қазақта текті сипаттаудың негізгі құралы болған шежірені ғылымда «социо-генограмма» дейді. Қазақтың шежіресіндегідей социогенограммада да кемінде жеті атаға дейін туған-туыстар көрсетіледі. Тіпті, оны сызудың, қандай ақпараттар көрсетілуі керектігін ғалымдар ғылыми тұрғыда жасап, шартты белгілеріне дейін анықтап қойған. Ешкім де туысқан- туғансыз, ағайынсыз емес. Кім болса да адамнан шығып, адамнан тараған, ал адам да сол көп жапырағы бар бұтақ пен көп тамырлары бар ағашқа ұқсайды. Туған-туыс дегеніміз де сол бір түбірден өсіп шыққан ағаштың бұтақтары тәрізді. Адамның көрген тәрбиесі, алған нәрі, бұрынғыдан қалған мирас-мұрасы, бәрі-бәрі алпыс екі тамыр арқылы тұла бойға тараған қаны бір түп ағаш тәрізді.Қазақ отбасында балаға тілі шығып, анық сөйлей бастаған кезден-ақ, ағайын- туысын, нағашы жұртын, ата-тегін, руын, ел- жұртын тани білуге ерекше көңіл бөлген. «Жеті атасын білу» заң болған. Ата-бабаларымыз өз тегінің шығу тарихын білуді әр азаматқа парыз деп ұққан. «Жеті атасын білмеген ер жетім», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген аталы сөз содан қалса керек.Осы негізде,қазақ әулет мектебінде «Тарих-шежіре» деген пән оқытылған.Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі-шежіре үйрету .Оның негізгі мақсаты – ата-текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Шежіре ақыл-ойға қозғау салып, адамды тануға итермелейді. Өзінің кім екенін, ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білу өте қажет. Осы арқылы жастың тұлғалық қасиетіне тірек қояды. Сондықтан халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» дейдіБала жас ерекшелігі ескеріліп, қазақтың классикалық шежіре жазу дәстүріне сәйкес, «Менің шежірем» атты белгілеу кітапшасын жасап,шамалы әулетте (200-дей отбасын қамтып) , ұстаздар мен ата-аналар көмегін ала отырып, генетика, родология, нумерелогия, астрология жетістігіне сүйеніп, қолданып,керектеніп көріп едік, ата-аналардан жақсы қолдау тауып,тым жылдам таралып отыр..Кейбір ата-ана «Әулет шежіресі» деген фотосуретпен безендірілген кітаптар дайын-дап алды.(«Менің шежірем» кітапшасының жасалу жолы,пайдалану әдісі-/Тәрбие орг сайтында:14.қыркүйек 2017 №23088. Tarbie.org 23088—pdf:; Edu Laif kz Тектану амалы-тамаша тәрбие құралы.Ол өңді суреттер мен кестелерден тұратындықтан мұнда көрсетілмеді/ осы сайттарда толық көрсетілгендіктен,содан танысуға болады.) Тектіліктің дәл анықтамасы болмағанымен, белгілі бір нышандары мен қалыбына сәйкес біз өз анықтамамызды ұсыгнатын боламывз.
Қазақтың көрегендігі де, көсемдігі де санасында, сананы тәрбиелейтін, қор¬ғайтын, жетілдіретін амал айла,әдіс-тәсіл толық жетіліп,қалыптасқан. Қиыншылық қыспағының қар¬қынын рухани жағынан тежейтін көрегендік саналы адамдардың шығуына ықпал еткен, әділетсіздіктің заңын орындайтын санасы жұтаң адамдарға бұл әдіс белгісіз болып көрінгенімен, тарихтың рухымен қатар келетін ұлттық сананың қасиетін ұрпақ бойынан қайта ашатын қазақы тәрбиенің әдіс-айласы ойдан ойға, бойдан бойға тарап рухты күшейтеді. Ұлт перзенттерінің интеллектуалдық оянуына тез ықпал етіп отырады. Ата-бабаларымыздың тектілік ұғымының мәні осында жатыр. Бала күн¬дерінде тағдырдың қиыншылығымен са¬балақ атанған қазақтың хандары, қойшы атанған қазақтың күйшілері, тай мініп, садақ атқан қазақ балаларының батыр болуының басты себебі жан дүние өрісінде. Ол уақыты келген, өмір талап еткен уақытында күшіне еніп, деңгейіне жетіп жан-дүниеден жарып шығатын қуатқа айналып, ең соңында елеусіз жүрген бала өзінің қасиетімен өмірдегі шынайы ролін, тарихтағы орнын өз күшімен дәлелдеп шығады. Демек тектіліктің заңы дала заңының бір белгісі, қазақтың ұлттық ерекшелігін айқындайтын басты байлығы,рухани құндылығы.(Ү.Сәрсенбин.www.akikat/kz)
Жалпы текті тұлға тәрбиелеуде мектеп пен әулет бірлесе отырып,кең көлемді, орасан аумақты іс шараларды жүргізіп тамаша табысқа жету мүмкіндігі бар екенін атап өткен дұрыс.Тұлға тәрбиелеудің басты тәсілі адамды сақтау, әлеуметтік ортада тектілікті қалыптастыру, сол тек¬тілік арқылы елдің болашағына қыз¬мет ету. Қазақ тұлғаларының қа-сиеті арқылы көрсетіліп отырған рухани қасиет үлгілер, яғни, төзімділік, шыдамдылық, батырлық, ақылдылық, зерделілік, сезімталдық, діни сауаттылық кешегі өткен ата-бабаларымыздың бойында бар болатын. Мыңдаған жылдарға жететін, ұлттың тәрбиесі арқылы ұр¬пақтың қасиетімен тарихи уақыттың бөгетінен өтіп отыратын тектіліктің қасиеті, тектілік қасиеттің күші. Біз көп жағдайда батырды қара күштің иесі, ханды ақыл мен айланың иесі, биді сөздің иесі деп жатамыз, бірақ, олардың қанында, жан әлемінде, бойында бар ортақ қасиет- тектілік. Тұлғалық қасиетті бойына тартып, оны өмірдің жағдайында, халықтың мұң-мұқтажына сай шығара білу, батырдың жаугершілік сәттерде жауынгерлікке жүгініп, ел ішінде, бейбіт уақытта қарапайым адам болуы рухани қасиет иесінің ерекше табиғатының мәнін айқындайды. Сондықтан да, қазақ тектілікті адамның өзін сақтайтын, өзі арқылы өмірін сақтайтын, өмірі арқылы ұлтын қорғайтын қасиет деп түсінген. Тектілік феномені хақында пайымдалған асыл сөздердің астарында терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілімге тән даналық көзқарас жатыр. Бұдан қан арқылы берілетін қасиетті еш нәрсемен алмастыру мүмкін емес екені анықтала түседі. Оған дәстүрлі қазақ қоғамының қойнауында пайда болған «алма сабағынан алыс түспейді», «түбіне қарай бұтағы, тегіне қарай ұрпағы», «тектен нәр алған тозбайды», «шұғаның қиқымы да шұға», «тұлпардың тұяғы, сұңқардың қияғы», «тегінде бар тектілік», «тектілік тұқым қуады», «тегі мықты», «тегі таза», «тегіне тартқан», «асылдың қиығы», «тектінің тұяғы», «жақсының көзі», «асылдың сынығы» деген ілкіден келе жатқан нақыл сөздер де дәлел бола алады. Керісінше, бұған антипод мағынадағы «жетесіз», «жүгенсіз», «парықсыз», «көргенсіз», «тексіз», «тәрбиесіз», «ұятсыз», «намыссыз», «ештеңе көрмеген», «қарғыс атқан», т.б. нәлетті сөздерде жайдан-жай айтыла салмаған. Бағзы бабалардан жеткен «барымташыдан ұры, ұрыдан қары, қарыдан бәрі шығады» деген ұлттық дүниетаным кей кезде «өзі болған жігіттің -ата-тегін сұрама», «жаманнан жақсы туса – теңі болмас, жақсыдан жаман туса-емі болмас» деген пайыммен алмасқан. Қазақтың шежіресі-қан мен сүт тарихы. Жетпіс жеті пұс¬¬тысынан жеті атасына дейін білген, үш жұртын:-өз жұр¬ты, нағашы жұрты, қайын жұр-тын таныған қазақ баласы қай ғасырданда текті еді. Же¬телі еді, көргенді еді. «Жеті ата¬сын білмегенді жетесіз» дей¬ді жұрт. «Жігіттің жақсы бол¬мағы нағашысынан» дейді жұрт. «Жаманнан жақсы туа¬ды, адам айтса нанғысыз, жақ¬сыдан жаман туады, күндердің күні болғанда бір аяқ асқа ал¬ғысыз» дейді тағы да. «Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық» дейді.Осы текке қатысты қазақ білмеген, қазақ айтпаған дүние бар ма өзі?! Қазақтың сезбегені, түйсін¬бегені бар ма?! Әкеден атаға, одан әз атаға, одан бабаға, одан тектікке, одан төркінге, одан тұ¬қиянға дейін жатқа айтатын, баладан немере, шөбере, шөп¬шек, өбере, туажат, жүрежат, жек¬жат, жұрағат, жамағатқа дейін бірін-бірі көрер көзге та¬нитын, өркеннен әулетке, одан зәузатқа, одан жаранға, одан қалыс ағайынға дейінгіні бата¬сына қосқан қазақ баласы кімнен кем еді.(Жаңабек Жақсығалиев)
Тектілік – адам бойындағы асыл қасиеттердің, парасаттылықтың үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа рухани азық береді. Тектілік құбылысы жақсы адамның кездейсоқ қалыптаспайтынын, ата-бабалардан берілетін дүниетанымдық, психологиялық т.б. бейімділіктері болуға тиістілігін көрсетеді. Тектілік гендік түрде берілетін биологиялық қасиет қана емемс. Нағыз тектілік сыпайылықтан, кешірімпаздықтан, мейірбандықтан көрініп, осы ізгі ниетпен ешкімді төмендетпей, шеттетпей биіктеуге мүмкіндік береді. Текті жан деген кім? Қазақ біреудің білік-бітімін, мінез-болмысына, хам-харекетіне, ақыл-парасатына риза болса, «Апыр ай, бұл текті жан екен ғой!» «Тектен нәр алған тозбайды» деп сүйінеді. Демек, тектілік дегеніміз – қасиетті ұғым. Тектілік адамға ана сүтімен, әке тәрбиесімен бойға дарып, бірте-бірте өмірді тани келе, біле келе кемелдене түседі. Айналаңдағы адамдардың тыныс-тіршілігі, болмыс-бітімі, оның өзіңше ой түюіңе түрткі болады. Қазақ «тегі жақсы» деген бір ауыз сөз арқылы адамды өсіріп, «тексіз», «жаман» деген бір ауыз сөз арқылы өшіріп отырған. «Сол тексіз немені қойшы» деп ұлдан үмітін үзген Мыңның біріне ұя салатын текті¬лік құ¬былыстыңөзгеге ырық бермейтін, ол атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке бітетін асыл қасиет екенін қазақ халқы алыстан аңғарды. Сайып келгенде, ұлттың тектік қорын (генофондын) күшейту мақсатында жеті атаны сақтау, құдандалы болу, атастыру, қалың мал, полигамия (көп әйел алу), әмеңгерлік, т.с.с. ата дәстүрлерді сары майдай сақтап, шынжырлы-текті тұ¬қымдардың тамырын үзіп алмай, ұрпақтарға сабақтастыруда бай тәжірибе жинақтады. Дәстүр¬лі қазақ қоғамында қалыптасқан некелік-отбасылық қатынастың негізгі өзегі бозбала мен бой¬жеткеннің арасындағы тамыры жоқ арзан сезім емес, жарық дүниеге ақыл-ойы зерек, дені сау, аяқ-қолы балғадай текті ұрпақ әкелу философиясымен байланысып жатыр. Өйткені қай кезде де ұрпақтың денсаулығы мен зердесі мемлекеттің ең үлкен қазынасы екені сөзсіз. Ортағасырлық жазба де¬реꬬтерде бірде Жәнібек хан ғұ¬лବма ға¬лым, шипагерліктен қара¬ үзіп шыққан Өтейбойдақ Ті¬леу¬¬қବбыл¬-ұлы¬нан: «Қандай ау¬ру¬ды ем¬деу қиын?», — деп сұ¬ра¬ғанда емші: «Тұ¬қым қуалай¬тын ау¬руды емдеу қиын», — деп жа¬уап береді. «Оның алдын алу¬ға бо¬ла ма?» — деген ханның екінші сұ¬-рағына Өтейбойдақ: «Болады. Жеті атаға дейін туыс адамдар өз¬ара қыз алыспау керек. Же¬ті қазақ үшін қасиетті сан», — деген екен. Аты аңызға айналған емшінің айтқанына тоқтаған Жәнібек хан жеті атаға дейін үйленуге тыйым салып: «Кімде-кім жеті атаға толмай үйленсе, өлім жазасына кесіл¬сін!» (Тілеуқабылұлы Ө. Шипагерлік баян. Араб қарпінен көшіргендер – К.Елемес, Д.Мәсімхан. Алматы: Жалын, 1996.15,43-б.) деген жар¬лық шығарады. Көшпелі қазақтардың ел билеу заңы Жеті жарғы бо¬йынша да жеті ата ішінде қан араластыру өлімге не ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады. М.Қозыбаевтың пікірінше, «тоқсан тоғыз қырылып, тоқсан тоғыз тірілген ол (қазақ-Ж.Ж.) халықтың асыл тұқымын қалай сақтау заңын игерді.Жеті атаға дейін өзара қан араластыруға болмайтынын барша түрік тайпаларының ішінде ең алдымен түсінді» (Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы: Қазақстан, 1994. 59-б.). Демек, ата-бабаларымыз дәл қазіргідей ДНК-ны толық зерттемесе де, жақын адамдардың отбасылы болуынан сан алуан дерттің етек алатынын же¬тік білген. Тұқымқуалаушылық¬тың заң¬дары тұрғысынан алғанда туыс адамдардың некелесуі дұрыс емес. Бүгінде сирек кездесетін сырқаттар негізінен генетикалық аурулар екендігі анықталып, ме¬дициналық тілмен айтқанда, ор¬фандық аурулар проблемасын дәрігерлер соңғы жылдары дабыл қағып көтере бастады. Әсіресе, мутацияға ұшыраған нәрестелер санының көбеюі қоғамды алаң¬датып отыр. Дамыған елдерде адамның тұқым қуалайтын 50-55 түрлі ауруларына тест жасайтын генетикалық консультациялар¬дың жұмыс істеуінің өзі көп нәр¬сені аңғартады.(Ж.Жақсығалиев.abai.kz)
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен дараланады.Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың, қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз-оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер — айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер — сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан туындайды.Жеке тұлғаға тән қасиет — ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу — миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға -жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз — адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп «мың ойланып, жүз толғанып» іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз — сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған көрінісі.Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа. Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу еркіне байланысты құбылыс. Даму — жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және құбылмауы процесі. Балада анадан туа біткен белгілі сезімдер мен мінез бар(бұрын жоқ деп келдік Бұған қарсы пікір де бар «Баланы туғаныңмен мінезді тумайсың!»). Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде толысып жетіледі(бұрын қалыптасады деп келдік) Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Біздің пайымдауымызша;тұқым қуалаушылық-ұрпақтың ата-тектен алған еншісі- биологиялық—рухани ұқсастығының белгісі,нышаны.Ол-ата-тектен ұрпаққа қан арқылы және періште әкеліп салған жан арқылы беріледі.Қан арқылы ата-тектік бет-бейне,өң-түс,қимыл-әрекет,тіл,діл,дін,мінездік нышандар ұласады.Жаратушыдан жолдан-ған жан арқылы ата-тектік ақыл-дарын,сезім-қабылет,рух-қуат дариды.Кейбіреулер баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес. Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді., ал кейде музыкаға, биге, математикаға,тілге қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді жан арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Міне,осы нақты жағдайларды еске ала отырып,текті тұлға тәрбиелеу жолын айқындаймыз, Текті жан иесі атанған сәбиді текті тұлға(Кісі) болғанға дейін Қазақ педагогикасындағы тәрбиелеу ілімін тірек етіп алып,ұлы даланың ұлық ұстаздарының ұлағатымен баулимыз.Мысалы,Ы. Алтынсарин текті тұлғаға тән,жеті жақсы қасиетті атап көрсеткен:Бiрiншi:Имандылық.Екiншiсi:Жоғарғыәдiлдiк.Үшiншiсi:Адалдық,ақкөңiлдiлiк.Төртiншiсi: Сыпайылық, момындық.Бесiншiсi: Адал ниет пен өсиет беру. Алтыншысы: Жомарттық, қайырымдылық. Жетiншiсi: Дұрыс заңдылық Барлық әлемдік діндерге тән қасиеттердің бірі имандылық. Оның түбірі иман, яғни ақиқатқа, шындыққа жетелер сенім тірегі, бар бет-бейненің, мінездің айнасы.Имандылық дегеніміз-нұрын шашып тұрған күн екен.Күнді иман ретінде танысақ, оның сәулелеріне не жатады екен?1. Әділеттілік
2. Тазалық 3. Мейірімділік 4. Сенім 5. Қайырымдылық 6. Ізгілік Бұлардың дені текпен беріледі,әрі жан басында бар,сана сарайын ашуды ғана күтіп тұрған табиғи болмыс,рухани мұра.Сондықтан, тектілікке баулу дегеніміз – ол адамдардың үлкен бе, кіші ме, әрбір істеген ісін, сөйлеген сөзін, өзгелермен қарым — қатынасын ақылға салып, ар — ұят таразысынан өткізіп, біліммен ұштастырып, ең әділ, ең дұрыс жолын таңдап ала білуі. Тектілік – адамның рухани байлығы.ұлт мәдениетінің құрамдас бөлігі. Анықталған мәдени тәжірибе барлық адамзат үшін жалпы болып табылады және сол немесе басқа қоғам дамуының қандай сатысында тұрғанына тәуелді емес. Сонымен қатар әрбір қоғам өзінің барлық мүшелеріне басқа қоғам бере алмайтын кейбір ерекше тәжірибелерді, ерекше мәдени үлгілерді береді. Амеркан зерттеушісі К.Дьюбайс сол қоғамға тән жалпы белгілерді иемденетін жеке тұлғаны модальды деп атады. Модальды тұлға деп Дьюбайс сол қоғамның мәдениетіне тән кейбір ерекшеліктерді иемденетін жиі кездесетін жеке тұлғалардың типін түсінді. Бұл -біздің ұсынып отырған Текті тұлғаМодальды тұлға қоғам мәдени тәжірибесіне барарда өзінің барлық мүшелеріне беретін жалпы мәдени құндылықтарды өзіне сіңіреді. Яғни әрбір сол қоғамның мәдениетіне сай келетін бір немесе бірнеше тұлғалық типтерді дамытады. Бірақ күрделі қоғамда субмәдениеттің көп болуына байланысты жеке тұлғалардың жалпы қабылдаған типін табу өте қиын. Біздің қоғамымыз көптеген құрылымдық бөлімдермен сипатталады: аймақ, ұлт, шұғылданатын іс, жас ерекшелік категориялы, жеке тұлғалар бар. Бұлардың әрқайсысы өздерінің жеке субмәдениетін жасауға бейім. Бұл үлгілер жеке индивидтерге тән тұлғалық үлгілермен араласады және аралас тұлғалық типтер пайда боуы да мүмкін.Ал.түптеп келгенде текті тұлғаның басымдық алуы заңды.Ал,қазақ халқының мыңдаған жылдық тектілік тәрбиесінің тәжірибесіне қоса орасан мол мұра -білім қорын жинағанын жоғарыда айттық Сондықтан сол білім қорын жас ұрпаққа беруіміз, игертуіміз керек.

Дерек көздері:
Ж.ЖақсығалиевТектілік феномені e-histori.kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені old.abai. kz
Ж.Жақсығалиев Тектілік феномені akikat razgazet.kz
А.Молдабекова Қазақ тектілігі-ұлт көрсеткіші alahs ainasy.hz
Ү.Сәрсенбин Текті тұлғадан текті ұлтқа дейін akikat.kz

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Күннұр Қайратқызы(Теміртау қаласы №8 мектеп,шет тіл мұғалімі) 25 қыркүйек 2017