Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Анар Рушина Сагинбаевна, Театрландырылған музыкалық дидактикалық ойын (3-5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама

Театрландырылған музыкалық дидактикалық ойын (3-5 жастағы) балаларға арналған бағдарлама

Мақала авторы: Анар Рушина Сагинбаевна
Жұмыс орны: Ақтөбеобл, Хромтау қаласы №5"Ақбота"МДҰ
Лауазымы: музыка жетекшісі
Порталға жариялану мерзімі: 02.02.2017


Кіріспе

Мектепке дейінгі сахналау  жас балалардың эстетикалық қабілетін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, баланың өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсете білуге ықпал жасайды. Ертегіні музыка тілімен байланыстырады.

Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарай берілетін ертегілердің мазмұны әсерлі көңіл-күйді білдіре отырып, сезіне білуге үйретеді, кейіпкерлердің жүріс тұрысын музыка арқылы дамытады.

Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әуелетін, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар барлық топтардағы балаларға арналған.

Жоспар келесі міндеттерді қарастырады.

  • Балаларды айналаны қоршаған әлеммен бейнелер, бояулар, дыбыстар арқылы оның түрлі қыр – сырларымен таныстырады.
  • Балалардың бойында адамның көңіл-күйіне, бет пішінін, қимыл-қозғалыстарын, дауыс ырғағына қарай тани білу қабілеттерін дамытады.
  • Балалардың бойында достық, адалдық, батылдық, жанашырлық қасиеттерін тәрбиелейді. Әлемді тек ақылмен ғана емес, жүрекпен де тани білуге үйретеді. Музыка тілін түсіндіреді.
  • Театрландырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор.
  • Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге, өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.
  • Театрландырылған ойын. Кез келген өмірлік мән жайда өз құбылыстарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезімммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі ойын 3-ке бөлінеді: дамытушылық, әсемділік, театрлық.Музыканың сахналық саласындағы базалық мазмұны

    Мақсаты:

    Мектепке дейінгі жастағы баланы музыкалық театр түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту. Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады, есту, сезіну, мотивациялық қабілеттерін арттырады.

    Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу;

    Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу; би қимылдарымен ұштастыру.

    Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып — ойын дамытады, музыка сауаттылығын арттырады.

    Міндеттері:

    • Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой — өрісін, дүниетанымын жетілдіріп эмоциялық әсер алғыштығын оятады.
    • Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу, дыбыстарды сезіну.
    • Баланың қиялын, есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру, ырғақты қимыл жасау.
    • Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;

    Мазмұны:

    Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады, характерлік образдарды музыкамен жеткізеді.

    Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Ал театрландырылған ойындарды балалар қызықтап ойнайды, музыкалық аспаптарда ойнап, ән салып, би билеуге құлшынысын қалыптастырады.

     

    Театрландырылған ойындар жүйелі рөлдік ойындардан тек желісі ғана емес, сондай-ақ ойнау іс-әрекетінің сипатымен мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді.

    Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалың кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістерін дамытады, дыбыс ырғақтарын жетілдіреді.

    Ертегі  «Бауырсақ»  (жаңаша)

    Достасқан ұлттар биін көрсетеді

    Автор: Жазғы жайлау ортасында,

    Шал мен кемпір сүріпті.

    Шал кемпірге таң атпай,

    Былай дейді жаратпай.

    Шал: Ей кемпірім,кемпірім

    Қарным менің шұрқырайды,

    Бауырсақ иісі бұрқырайды.

    Бауырсақ пісіру білмеймін,

    Пісіріп берсең мен жеймін.

    Кемпір: Жарайды ,пісіріп берейін

    Бәріне мен үлгерейін.

    Көңілімді көтеріп,

    Бауырсақ біздің піскенше

    Би билейік шал ендеше.

    (Шал мен кемпір орыс биін билейді «Барыня»).

    Автор:Би биленеді,бауырсақ та пісті ,жерге түсті, көз ала бере қашып кетті.

    Бауырсақ: Атам мені жеймін дейді,

    Армандайды,елжірейді.

    Бауырсақпын мен грузинский

    Атқа шапқан мен лезгинский.

    Ел аралап жер көремін

    Би билеймін,түрленемін.

    (бауырсақ грузин биін билейді).

    Автор: Шауып  келеді бауырсақ

    Алдынан шықты қоян- қап

    Өзбек биін билейді

    Мың бұралып көз қорқақ.

    Бауырсақ:Жетпейсіңдер бәрібір

    Атым жүйрік желден де

    Қаларсыңдар қапы қап

    Автор: Шауып  келеді бауырсақ

    Алдынан шықты қасқыр-қап

    Қасқыр: Иісі келді мұрныма

    Би билейін жұлына

    Бауырсақты көрейін

    Танго бірге билейін.

    (бауырсақпен танго билейді).

    Бауырсақ:Жетпейсіңдер бәрібір

    Атым жүйрік желден де

    Қаларсыңдар қапы қап

    Автор: Шауып  келеді бауырсақ

    Аю келеді айқайлап.

     

    Аю: Аюмын мен қорбаңбай

    Неге тұрсың қорғанбай

    Би билейін яблочка

    Маған берші 5 очко.

    (яблочка биін билейді).

    Автор: Шауып  келеді бауырсақ

    Түлкі шықты бұлғаңдап.

    Түлкі:Иісің қандай керемет

    Сенде болар берекет

    Сыған биін билейін

    Қолдан келсе жібермейін.

    Бауырсақ:Жетпейсіңдер бәрібір

    Атым жүйрік желден де

    Қаларсыңдар қапы қап

     

    Автор: деп бауырсақ барлығымен достасып, барлық ұлтты жиып қазақ биін билейді.

    (Барлығы қара жорға биін билейді)

     

     

     

     

     

    «Шалқан» ертегісі

    Сұрақ-жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимикалық, дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығармашылықтарын дамыту.

    Көңіл-күйлерін терең түсінуге аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу.Әр кейіпкердің жүрісін музыка сүйемелдеуімен көрсету.

    Ертегінің атын атау «Шалқан», кейіпкерлерді атап таныстыру — ата, әже, немересі, ит, мысық және тышқан. Ертегіні мазмұндау фланелеграфқа кейіпкерлер суреттерін жабыстыра отырып түсіндіру. «Ақ желкен» халық биі, «Кел билейік» орыс халық әні.

     

    «Ата мен әжемде қонақта болғанда»

    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу, мейірімді тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу.

    Кейіпкерлер арқылы сөздердің дұрыс, анық, ашық айтылуын қадағалау, қимыл — қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

    «Осындай үлкен Шалқан»

    Кейіпкерлердің жүрісін музыкамен сүйемелдеу.

    Ертегіні қайталай отырып таңдаған балаларға кейіпкерлердің сөздерін айтып үйрету. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу.

    «Шалқан» ертегісін сахналау

    Кейіпкерлер атрибуттары арқылы –іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл — күйлерін білдіре отырып, сезімдерді көрсете білу, рөлдердің дұрыс орындалуын қадағалау.

    Қиялдарын эстетикалық талғамдарын техникалық дағдыларын қалыптастыру.

     

    «Үш аю» ертегісі

    Ертегі кейіпкерлер арқылы мазмұнымен таныстыру. Сұрақ — жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Көңіл-күйлерін терең түсінуге, аяушылық сезімі қамқоршы болуға үйрету. Музыканы тыңдату «Как у наших у ворот» орыс халық әні.

     

     

    «Қане досым, сөзге қосыл»

    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерін бөлу қуыршақтар арқылы қызығушылықтарын, қиялдарын, эстетикалық талғамдарын қалыптастыруы. Мазмұндаулары мен тілдерін дамыту. Мейірімді, тату-тәтті, дос болуға үйрету. Музыкамен қалай жүретіндіктерін көрсетіп сүйемелдеу.

    «Үш аюға қонаққа барайық»

    Ертегіні қайталай отырып, таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып, үйрету. Қуыршақтар арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтуын қадағалау, қимыл — қозғалыстарын көрсте білгендерін дамыту. Бір-бірлеріне қиын жағдайда көмектесіп, ренжітпеуге тәрбиелеу. Әке аю, ана аю, кішкентай аю қосарланып билеуге үйрету. «Достық» әні. Композитор Шайнский.

    «Үш аю» ертегісін сахналау

    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары іс – әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып сезімдерін көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру, кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашық көрсете білуге үйрету. Музыкасы Т.Ломова «Аю билейді». М.Глинка «Полька»

    «Қасқыр мен қоян» ертегісі

    Ертегі мазмұнын түсіндіре отырып, ондағы кейіпкерлерді жаңа техника бойынша қабылдауға үйрету. Балаларға эстетикалық тәрбие беру арқылы шығармашылығын дамыту. Ойлау қабілеттерін арттыра отырып, іскерлік дағдыларын дамыту. Қасқыр музыкасын тыңдату, жүрісін көрсету. Қоян музыкасын тыңдату, тез қимыл жасау. «Биге қосылайық» орыс халық әні.

     

     

    «Қане, досым сөзге қосыл»

    Әдептілікке, өзара жолдастық көмек көрсетуге тәрбиелеу.

    Атрибуттар арқылы кейіпкерлер іс — әрекеттерін, әсерлі көңіл — күйлерін білдіре отырып, тілдерін дамыту, ой-өрістерін кеңейту. Ойын арқылы балалардың көңіл — күйлерін көтеру.

    Кейіпкерлер образын көрсете білуге, композиция құрауға үйрету, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру. Қимылдарды музыка әуенімен ұштастыру.

     

    «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды»

    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс — әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

    Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру. Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу. Е.Телечеева «Қасқыр қуды қоянды!»

     

    Ертегі сахналау «Ақымақ қасқыр»

    Жүргізуші: Ерте, ерте, ертеде бір ақымақ қасқыр болыпты.

    Қарны ашып, ауылды торып жүрген кезінде ол ешкіні кездестіріпті. Қуанғанынан ешкіні бас салып:

    -Ешкі, ешкі, мен қазір сені жеп қоямын.-дейді.

    Қоррықаннан ешкі, дірілдеп:

    — Ме, -ме-ме. Жесең- жей ғой. Бірақ та мен сақа малмын,

    етім қатты және арық. Сондықтан мен саған өзімнің

    лағымды жіберейін. Ол мені тыңдайды. Жас ет тәтті де,

    дәмді де әрі жұмсақ болады ғой. (лақтың суретін көрсетеді )

    Ақымақ қасқыр:

    -Мақұл, бара ғой. Тез жетсін деп айт.-деп ешкіні жіберіп қояды

    да ауылға жақындап, жасырынып, бір ағаштың түбінде тосып отырады.

    Сол кезде ешкі болған оқиғаны бақташыға жеткізеді:

    -Ме-ме-ме.. (қожайыны мылтығын алып, маңайды көздеп қарайды- қасқыр табанын жалтыратады.)

    Бірақ қызыл өңеш не істетпейді? Ауыл маңында жүрген қойды көріп:

    -Бұлай аш жүргенше, өлгенім артық,- деп, батылданып, ауылға қарай жөнеледі.

    -Қой, мен сені жеймін.

    -Жарайды, жесең жей ғой. Етім дәмді болу үшін барлық дене мүшесіне қан жүгіртейін. Ажал алдында бой сергітіп, көңіл көтеріп, билеп берейін.

    — Мә-мә-мә. Мақұл, болмадың ғой. Бәрібір қолымдасың ғой, ештен кеш жақсы, мен асқа дайындалайын. (қолына пышақ, шаңышқы алып, алдына алжапқыш таға бастайды)

    (Сол кезде «Ламбада» музыкасы ойнап, қой билеп, алыстап,

    қашып кетеді)

    Айрылып қалғанына қасқыр ашуланып, өрісте оттап жүрген жылқының қасына келіп:

    -Ендеше , жылқы, мен сені жеймін.

    -Жейтін болсаң, құйрық жағынан баста, басым әлі оттап тұра тұрсың.- дейді.

    Жылқының қылығын түсінбеген, ақымақ қасқыр оның тұяғына

    тап болады. (ұлып, қашып ала жөнеледі)

    (Ешкі, қой, жылқы қосылып)

    Қоймыз, жылқы, ешкіміз

    ағайынбыз бәріміз,

    Біз қасқырдан құтылып

    жарасып тұр әніміз.

    Еркем, еркем, еркем-ай

    еркелеген еркем-ай

    Еркелеген еркемді

    Еркелетсең екен-ай.

    Көрермендер, балалар

    қиындықтан қорықпаңдар

    ойлап алып алдымен

    шығу жолын табыңдар!

    Еркем, еркем, еркем-ай

    еркелеген еркем-ай

    Еркелеген еркемді

    Еркелетсең екен-ай.

    «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі

    Ертегі кейіпкерлері арқылы мазмұнымен таныстыру. Ертегінің мазмұнынын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту, ой — өрістерін дамыту. Сұрақ — жауап арқылы ертегіні терең түсіндіру. Мимиканың дидактикалық ойын арқылы эмоциялы шығарылуын дамыту. Көңіл-күйлерін көтеріп, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Анасының әнін мәнерлеп айтқызу. «Бесік жыры» халық әні.

     

    «Лақтарым менің, айналайын, менің лақтарым»

    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, ойын арқылы рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету. Мәнерлі сөйлесу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аудару, сөз мәнеріне, шешендікке баулу. Кейіпкерлер және олардың әрекеті жөнінде өзінің көзқарасын айта білуге үйрету. «Қосарланып билеу» литва халық әні. Г.Потопенко.

    Орамал театры арқылы қызығушылықтары мен қиялдарын, эстетикалық талғамдарын дамыту. Мазмұндаулары мен тіл байлықтарын байыту. Мейірімді, тату-тәтті дос болуға тәрбиелеу, музыка әуенімен ұштастыру, би қозғалыстарын көрсету.

     

    «Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді»

    Ертегіге қызығушылықтарын арттыру. Ертегіні қайталай отырып таңдалған балаларға кейіпкерлер сөздерін айтып үйрету. Балалардың танымдық қабілеттерін дамыту. Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелеуге үйрету. Баланы ойлауға, қорытынды жасауға қиялдауға, сұлулықты тануға баулу. Орамал театры  арқылы сөздерін дұрыс, анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

    Бір-біріне қиын жағдайда көмектесіп, адамгершілік қабілеттерін қалыптастыру. «Дос болайық бәріміз» музыкасы А.Дәлденбаев сөзі Айтбаев.

    «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісін сахналау.

    Әр бала өз рөлін дұрыс орындағанын қадағалау, сөздерін үйрету. Балалардың тілін, сөздік қорын байланыстырып, сөйлеу қабілеттерін арттыру. Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып сахналау.

    Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс — әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру.

    Кейіпкерлердің жан-дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу.

     

    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі

    Ертегінің не жайында баяндалғанын, қалай аяқталғанын, көмекші сұрақтарға сүйеніп, ауызша талдап, мәнісін түсіндіріп баяндауға үйрету.

    Оқылған шығарма желісін бұзбай әңгімелетуге үйрету, мәнерлі сөйлеу дағдыларын үйрету. Шығармашылыққа жете көңіл бөліп, баланың жеке-дара ерекшелігіне назар аударту. Дауыс ояту жаттығулыран жасату.

    Баланы ойлауға, қорытынды жасауға, қиялдауға баулу.

    Көңіл-күйлерін терең түсінуге, сұлулықты талғауға, аяушылық сезімге, қамқоршы болуға тәрбиелеу. Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

     

    «Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар»

    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, ой –белсенділігін арттыру. Балалардың көркемдік, эстетикалық талғамын дамыта отырып, белсенділікке тәрбиелеу. Ертегіге терең еніп, сұрақ-жауап арқылы тіл байлықтарын дамыту көзделеді.

    Байқағыштыққа, жауапкершілікке, қайырымдылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

    «Сымбатты әтеш»

    Ертегіні қайталай отырып, кейіпкерлерін таңдау, рөлдерге бөлу, фланелеграф арқылы қызығушылықтарын, ертегі туралы алған білімдерін, ойын жаттығу арқылы тиянақтау. Дауыс жаттықтыру ку-ка-ре-ку. Музыкасы Телечеева.

    Әнді анық, ашық айтылатынын қадағалау, қимыл-қозғалыстарын көрсете білуін дамыту.

    Ұқыптылыққа, шеберлікке баулу, эстетикалық талғамын арттыру.

    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі сахналау

    Ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сахналау. Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Рөлдерді дұрыс орындауын қадағалау.

    Кейіпкерлер атрибуттары арқылы іс-әрекеттерін, әсерлі көңіл-күйлерін білдіре отырып, сезіндіріп көрсету. Қиялдарын, эстетикалық талғамдарын, техникалық дағдыларын қалыптастыру, жүрісін музыка әуенімен сүйемелдеу.

    Кейіпкерлердің жан дүниесін түсіне білуге, оны ашып көрсете білуге тәрбиелеу, музыканы ұғыну.

     

    «Ертегілер әлеміне саяхат»

    «Ертегілер әлеміне саяхат» деген тақырыптағы сабақта балаларды қоршаған ортамен таныстыру, ойлау қабілеттерін арттыру, тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымын бекіту, есте сақтау, және қайта айтып бере алу дағдыларына үйрету, музыканы сезіну оған сәйкес қозғалыстар жасау.

     

    «Ертегі елі жермен келе жатыр»

    Ертегі кейіпкерлерінің жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету, тілін дамыту, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру. Ертегілер әнін тыңдау.

     

    Тақырыбы: «Қолғап» ертегісі.

     

    Білімділігі: Балаларды ертегінің айқын образын көрсете білуге,ертегі туралы түсініктерін бекіте отырып, сөйлеу мәдениетін,

    еркін сөйлеп өз ойларын дұрыс жеткізу арқылы ауыз әдебиетіне деген қызығушылықтарын арттыру.

    Дамытушылығы: Ертегіні сахналау арқылы балалардың тіл байлығын, ой қиялын дамыта отырып, рөлге кіре білуге үйрету.

     

    Тәрбиелігі:  Әр кейіпкердің қимылын әуен арқылы жасай білуге тәрбиелеу.

     

    Ұйымдастыру кезеңі: Балалар біздің бүгінгі болатын оқу іс-әрекетімізге сендер қалай қатысатындарыңды, қандай болып өскендеріңді көруге қонаққа апайлар келіп отыр.

    Балалар шеңбер құрады.

    Қуан шаттан алақай,

    Қуанатын күн келді.

    Қуанатын күн бүгін,

    Сәлеметсіздер ме апайлар!

     

    Тәрбиеші: Балалар бізге келіп отырған қонақ апайлар бізге қорап ала келіпті. Бұл қорап жәй қорап емес-сиқырлы қорап. Қараңдаршы қандай әдемі қорап. Қораптың ішінде не бар екен? Балалар сиқырлы қорап ашылмайды. Мүмкін ішінде ертегі

    бар шығар. Ертегі жұмбақтарға тығылып қалыпты. Қане, енді жұмбақтарды шешіп көрейік. Егер жұмбақтардың шешулерін дұрыс тапсақ ертегі бізге келеді.

    ЖҰМБАҚТАР:

     

    1. Қыс бойына жатады,

    Тәтті ұйқыға батады. /Аю/

    1. Қалқиған ұзын құлағы,

    Елеңдеп қорқып тұрады. /Қоян/

    1. Өзі бір қу,

    Жүрген жері  шу./Түлкі/

    1. Күші десең, күші бар,

    Тісі десең, тісі бар. /Қасқыр/

    1. Таңдайлары тақылдап,

    Шулайтын кім шалшықта

    Бірін-бірі мақұлдап./Бақа/

    1. Жер қопарған тісімен,

    Сескенесің түсінен. /Қабан/

    1. Үй-ішін аралап,

    Түнде көп жортады.

    Қаптарды жыртады,

    Мысықтан қорқады. /Тышқан/

    Жарайсыңдар, балалар барлық жұмбақтардың шешулерін дұрыс таптыңдар. Міне сиқырлы қорап бізге қаншама әдемі суреттер сыйлайды. Балалар мына суреттерден не көріп отырсыңдар?

    Балалар: Тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю. Балалар бұлар қай ертегінің кейіпкерлері?

    Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ертегіні балалар жақсы көреді. Ертегіні балалар қонаққа шақырды. Ертегі бізге қонаққа

    келді. Біздің бүгінгі ертегіміз қалай аталады?

    Балалар: «Қолғап»

    Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. Ал, балалар біздің бүгінгі «Қолғап» ертегіміздің кейіпкерлері сендер боласыңдар. Ерте,ерте,ертеде орманда жәндік, жануар, аңдар өмір сүріпті. Олар тышқан, бақа, қоян, түлкі, қабан, қасқыр, аю.

     

    Тышқан:

    Өзім егін екпеймін,

    Егістен ұзап кетпеймін.

    Мысық қуса жетпеймін,

    Мен қап тесер тышқанмын.

     

    Бақа:

    Мен бақамын, бақ-бақ,

    Басым менің жалпақ.

    Су түбінде көп жүріп,

    Басым содан жалпақ.

     

    Қоян:

    Мен ақ қоян, ақ қоян,

    Қалқиған ұзын құлағым.

    Құлағымды жел үніне,

    Тігіп жатар сақ қоян.

    Түлкі:

    Ананы да алдаған,

    Мынаны да алдаған.

    Жүрген жері шу,

    Мен түлкімін қу.

     

    Қабан:

    Шалшық суда,

    Балшық суда жүретін.

    Мен сояу тісті қабанмын.

     

    Қасқыр:

    Мен қасқырмын, қасқырмын,

    Қозы ұрлайтын өрістен.

    Ұйқым келмейді егерде,

    Қозы етін жемесем.

     

    Аю:

    Кезген ішін орманның,

    Мен аюмын қорбаңмын.

    Қалың нудан бал таңдап,

    Жүремін мен балпаңдап.

     

    Тәрбиеші: Болады екен орманда неше түрлі ғажайыптар.

    Бір күні шал итімен келе жатып, орманда қолғабын жоғалтып алыпты. Қолғап жаңа, жылы, жұмсақ болыпты. Қолғапты көріп қалған тышқан қолғапқа жүгіріп келеді.

    Тышқан: Мен суықта тоңып жүрсем. Қандай әдемі, жаңа, жылы қолғап. Мен енді осында тұрамын.

    Шыршалардың арасынан бақа шығады.

    Бақа: Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қап тесер тышқан тұрады.

    Ал сен кімсің?

    Бақа: Мен секек бақамын. Қолғапқа мені де кіргізші.

    Тышқан: Мұнда орын жетеді.

    Шыршалардың арасынан қоян шығады.

    Қоян: Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

    Бақа: Секек бақа тұрады. Ал сен кімсің?

    Қоян: Мен зымырауық қоянмын. Мен де қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта тоңдым.

    Бақа: Бізде орын жетеді. Кір қоян.

    Қолғапқа түлкі бикеш келеді.

    Түлкі: Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

    Бақа: Секек бақа тұрады.

    Қоян: Зымырауық қоян тұрады. Ал сен кімсің?

    Түлкі: Мен түлкі бикешпін. Менде қолғапқа кіргізіңдерші. Мен суықта әбден  тоңдым. Маған көмектесіңіздерші.

    Қоян. Мұнда орын жетеді. Қолғап жылы, жаңа, жұмсақ кел кір түлкі.

    Шыршалардың арасынан қасқыр шығады.

    Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

    Бақа: Секек бақа тұрады.

    Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

         Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

    Ал сен кімсің?

         Қасқыр: Мен қасқырмын. Мені де кіргізіңдерші. Бізде орын жетеді. Кел, кір қасқыр.

    Қолғапқа қабан келеді.

    Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

    Бақа: Секек бақа тұрады.

    Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

         Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

         Қасқыр: Қасқыр тұрады.

    Ал сен кімсің?

         Қабан: мен сояу тісті қабанмын. Мені де қолғапқа кіргізіңдерші.

    Қабан қолғапқа кіреді.

    Шыршалардың арасынан аю шығады.

         Аю: Қолғапта кім тұрады?

    Тышқан: Қаптесер тышқан тұрады.

    Бақа: Секек бақа тұрады.

    Қоян: Зымырауық қоян тұрады.

         Түлкі:  Түлкі бикеш тұрады.

    Қасқыр: Қасқыр тұрады.

    Қабан:  Сояу тісті қабан тұрады.

    Ал сен кімсің?

    Мен аю аталарыңмын. Мені де кіргізіңдерші.

    Тышқан: Жоқ!

     Бақа: мұнда орын жоқ!

         Қоян: сен дәусің қалай кіресің?

         Аю: Қолғапқа кіреді.

    Тәрбиеші: Жоғалған қолғабын шал есіне алып: итіне артқа қайт, жоғалған   қолғапты тап деп бұйырады.

     

    Ит әуп-әуп-әуп.

    Ей сендер құстарсыңдар ма, әлде аңдар?

    Қолғаптан тез шығыңдар.

    Шал мылтықпен келеді.

    Қолғапты алып кетеді.

    Сендердің  қолғап үйлеріңді  шал алып кетті. Әрине, бұл жан ашырлық жағдай.

    Қыс, күн суық сендер тоңатын болдыңдар. Сендерге баспана керек қой. Ендеше  қазір біз өз еңбегімізбен өзімізге

    үй-баспана құрастырайық.

    Балалар Монтессори әдісімен өздері ойнаған кейіпкерлерді баулау арқылы өздеріне қолғап үй құрастырады.

    Балалар, міне сендер өз еңбектеріңмен өздеріңе қолғап үй құрастырдыңдар.Енді біздің үйіміз бар. «Дос болайық бәріміз» әнін айту. Н.Тілендиев.

     

    Қуыршақ театры     

    Ханша:      — Алдар аға, бүгін біздің тойды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл – күй сыйладыңыз ғой. Бүгінгі той — думанымызды жалғастырып, балалармен бірге біздің Күлмес ханшамыз ойынға шықса қалай болады?

    Алдар көсенің ойындары:

    « Ал, алма! ». ( Күлмес ханшамен )

    « Есекпен жарыс » ( балалармен )

    « Жұп – тақ әуенді – қимылды ойын »

    ( тәрбиешілермен )

    Ханша:      — Құрметті бүгінгі Хан сарайына жиналған қонақтар, кішкене бүлдіршіндер және де апайлар! Біздің Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!

    Хан:           — Ертең тағы келіңіздер, біздің сарайда қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойына шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

    Әуен сазымен екі уәзір шығады:

    Уәзір:                  Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында

    керемет ерекше кеш болмақшы. Күлмес ханшаға арналған ән мен би, ойындар ұйымдастырылмақшы. Кімде кім Күлмес ханшаны күлдірсе Ханның дайындаған сыйлығына ие болады.

    Батырлар биі орындалады.

    Хан:           — Тыңдаңыздар! Бүгінде менің сараймда ойын-сауық өткізіп тойлаңыздар, өнерлеріңізді көрсетіп сыйлық алыңыздар!

    Ханша:             —          Көтеріңкі көңіл –күй,

    Сыйлаңыздар әрине.

    Той-думанда барлық үй,

    Ат салыссын баріне.

     

    Өлең айтып, би – биле,

    Ойын ойнап көңілді.

    Әзіл айтып тамаша,

    Өткізейік бүгінді.

     

    Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

    • Бізге қонаққа сонау бір алыс шахардан Тазша бала келіпті, өзінің осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен, қабыл алыңыздар.

    Тазша бала : « Өтірік өлең » орындайды

    Ханша:      — Рахмет, Тазша бала! Біздің тойдың төрінен

    орын ал, төрлетіңіз.

    ( Хан рахаттанып күліп алады да, қайта мұңайып )

    Хан: — Мм, болмады, қызыма ұнамады! Енді кім

    бар екен.

    Үрлемелі аспаппен дыбыс берген хабаршы шығып :

    • Хан ием көрші ауылдағы Қаңбақ шал кемпірімен келіпті,  көрсететін өнерлері бар екен.

    Қаңбақ шал мен кемпірі: « Мазақтама » әнін  

    орындайды.

    Ханша: — Төрлетіңіздер! Біздің тойдың  құрметті

    қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен ?

    ( Хан рахаттанып күліп алады да қызына қарап мұңайып қалады, ал қызы күлмеген күйі отыра береді )

    Хабаршы:  — Келесі  қонағымыз дарияның арғы бетінен

    келген Мақта қыз бен мысық, олар бізге көңілді билерін тарту етпекші. Қабыл алыңыздар:

    Мақта қыз бен мысық:  « Көңілді би » орындайды.

    Ханша: — Қайтеміз, жоғары шығып, төрлетіңіздер!

    Хан: — Енді қайтеміз шынымен де ешкімнің

    қолынан келмегені ме, бүгінде ешқандай  әсері болмады ма ?!

    Ханша: — Енді кім бар хабаршы, алде болды ма?

    Хабаршы: — Жоқ, Хан ием! Тек бір аты шулы Алдар

    көсе келіп тұр, қабылдайсыз ба?

    Хан: — Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін бір септігі

    тиер.

    ( Осы кезде Алдардың әуені ойналып, ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді де, Ханның алданғанына Күлмес ханша әбден күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таң болып Алдарды кешіреді )

    Ханша:      — Хан ием, сен алданып қалғаныңмен қызыңа Алдардың септігі тиіп жүзіне күлкі үйрілді ғой, сен оған ашуланба! Оны шақыртып тойымыздың қонағы етіңіз, дайындаған сыйымызды берейік!

    Хан:           — Хабаршы Алдарды алдырыңдар мен кешірдім! Келсін менің дайындаған сыйымды алсын!

    Алдар келіп ханның сыйлығын алады.

    Алдар:       — Байеке, рұқсат етсеңіз мен келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрап көрсем қалай болады?

    Хан:           — Бүгін сен не айтсаң бәріде орындалады! Қалағаның болсын!

    Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш сұрайды.

     

     

     

     

     

    Білім беру саласы:  «Шығармашылық»

    Бөлімі: «Тіл дамыту»
    Тақырыбы: «Ертегілер еліне саяхат».

    Мақсаты:

    1. Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы, өтілген ертегілерден алған білімдерін тиянақтау.
    2. Дамытушылық: Дамытушы ойындар арқылы балаларға әртүрлі тапсырмаларды орындата  отырып, сөздік қорларын молайтып, ой — өрістерін дамыту, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
      3. Тәрбиелік: Балаларды ертегі желісі арқылы адал достыққа, тапқырлыққа, шыдамдылыққа және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

    Пән аралық байланыс: Қоршаған ортамен таныстыру, көркем әдебиет, дене шынықтыру, қарапайым математика, музыка.

    Билингвальды компонент: «Аққу-қаздар» — « Гуси и лебеди».

    Сөздік жұмыс: Гүл күлтелері, аққу- қаздар, сиқырлы кілемше.

    Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,әңгімелеу,сұрақ-жауап, дидактикалық, логикалық ойындар.

    Көрнекіліктер: атрибуттар, сюжетті суреттер, пеш, өзен, алма ағашы, мыстан кемпірдің үйі, үнтаспа, үлестірмелі материалдар.

     

    Іс –әрекет

    Кезеңдері

    Тәрбиешінің басқару әрекеті Балалардың іс-әрекеті
    Мотивациялық-

    қозғаушылық

    Сәлеметсіздер ме, қонақтар.

    Мен «Балдаурен» тобының тәрбиешісі Мария Байдаулетқызы.

    Таныстыру гүлін құрастыру:

     

    Балалар бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті.

    Кәне, балалар қонақтармен амандасып алайық.

    Амандасу:

    Балалар бір-бір гүл күлтелерін алып шығып өз аты–жөндерін айтады.

    Сәлеметсіздер ме?

    Үлкенге де сіз,

    Кішіге де сіз.

    Бәріне де ізетпен

    Бас иеміз біз.

    Балалар, терезеге қараңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем.
     Көктем айларын ата? Наурыз, сәуір, мамыр.
    Көктем мезгілінің ерекшеліктері қандай? Қар ериді, күн жылынады, құстар ұшып келеді, ағаштар бүршік атады т.б.
    Кім маған осы көктем мезгілі туралы тақпақ айтып береді. Санжар:

    Дала гүлге толыпты,
    Аққу көлге қоныпты.
    Алақай-ау алақай
    Көктем қандай көрікті.

    Жангүл:

    Көктем күні шуақты,
    Көктем күні қуатты.
    Мал жағалап суатты,
    Сай саладан су ақты.

    Бүгінгі  оқу іс- әрекетімізде  осы уақытқа дейін өтілген ертегілерді еске түсіреміз.

    Ертегі — ой қиялдан шығады, шынайы және ойдан шығарылған ауызша тараған оқиғаларды ертегі дейміз.

    Мұқият тыңдайды.

     

    Дидактикалық ойын:

    «Бұл қай ертегі?»

    Шарты :

    Мен әр ертегіден бір сөйлемнен оқимын сендер бұл қай ертегіден екенін тауып тақтадан көрсетулерің керек?

    Дұрыс, тамаша.

    Жыл бойы өткен, ертегілерді есімізге түсірдік.

    Балалар менде сиқырлы кілемше бар, осы кілемшемен қай ертегіге саяхаттасақ екен.

    Балалар сюжетті суреттерден  ертегіні табады.

     

    Ұйымдастыру-шылық-ізденушілік

     

     

     

    Ғажайып сәт:

    Топқа «Аққу –қаздар» ертегісінен Алёна  келеді.

    Алёна: Сәлеметсіңдер  ме?

    Балалар менің атым — Алёна. (көңілсіз) Менің інім Иванды аққу–қаздар алып кетті.Сендердерден көмек сұрай келдім.. Інімді табуға  көмектесіңдерші.

    Сәлеметсіз бе?

     

    Тәрбиеші: Балалар көмектесеміз бе? иә , әрине, келісеміз.
    Алёна қай ертегінің кейіпкері?

    Дұрыс айтасыңдар, «Аққу- қаздар».

    «Аққу- қаздар»

     

    Билингвальды компонент:

    «Аққу- қаздар»  ертегісі орыс халық ертегісі, орысша қалай аталады?

    «Аққу-қаздар» — «Гуси и лебеди».

     

    Тағы қандай кейіпкерлер бар  «Аққу- қаздар» ертегісінде? Пеш, алма ағашы, өзен, мыстан кемпір, Иван.
    Ендеше, сиқырлы ұшатын кілемшеге отырып, ғажайып та қызықты, сиқыры көп елге барамыз. Ыңғайланып отырайық. Ұштық! (Жай әуен ойнатылады).
    Жоғарыда нұрын шашқан, жарқыраған күн. Астыда сарқыраған өзен, көлдер, жаймен соғып тұрған самал желді сезіп тұрсыңдар ма?
    Сиқырлы кілемшеге біртіндеп отырады.

     

    Міне ертегілер еліне де жеттік.

    Кілемшеден біртіндеп түсеміз.

    Балалар қараңдаршы неткен сұлу табиғат. Ормандағы құстардың үні қандай тамаша.

    Дала құстары туралы кім тақпақ айтып береді.

     

    Зере:

    Сары бауыр шымшықтар,
    Қыстан аман шығыңдар.
    Жазды көріп жайнаңдар
    Қуанғаннан сайрандар.

    Қайсар:

    Мен еркін бақытты бұлбұлмын.
    Бұлағын тасытқан ән-жырдың.
    Тамаша тамылжып шырқаймын,
    Шаттығын тауыса алмай әр күннің.

     

    Жарайсыңдар, енді аққу-қаздар ертегісі бойынша бірінші не шығушы еді?  

    — пеш.

     

    — Ия, дұрыс айтасың. Кәне, пеш қай жақта екен. Балалар жан-жаққа көз жүгіртеді.
    Сол жағымызға қарасақ — алдымыздан пеш шығады.

    Пештен көмек сұрау үшін, жақындап келдік.

    Пеш сөйлеп кетеді.

    Пеш: Сәлеметсіздер? Қандай мақсатпен келдіндер?

    — Сәлеметсің бе?

    Бізге аққу-қаздардың қай жаққа қарай ұшып кеткенің айтасыз ба?

     

    Пеш : Жоқ айтпаймын.

    Менің тапсырмаларымды орындасандар, айтамын.

    Тәрбиеші:  әрине орындаймыз. Біздің балалар өте ақылды тапқыр, шапшаң.

    Кәне, тапсырмаңызды беріңіз тезірек  орындайық.

    Пеш тапсырмасын береді.

    — Неге?

     

    Балалар тапсырманы орындайды.

     

    1 тапсырма теледидардан:

    Ойын: «Суретші нені шатастырды?»

    2 тапсырма.

    Екі топқа бөліну керек.

    1 топ «Мақта қызбен мысық»

    2 топ «Бауырсақ» ертегі кейіпкерлерін тап?

    Пеш ризашылығын білдіріп жол сілтеп жібереді.

     

    Суреттерге мұқият қарап, қай ертегі екенін, қай кейіпкер артық екенін айтады.

    Екі топқа бөлініп  ертегі кейіпкерлерін тауып тақтаға іледі.

    Топ басшылары қай ертегіні құрастырғанын айтады.

    Пешке рахмет айтып, сау бол,- деп шығарып салады.

    «Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүреді.

    Алдыларыңнан қиын жол шығады, қиын жол біткен кезде алма ағашы тұрады.

    «Салауатты өмір салты»

    Сергіту сәті:

    «Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру. «Салауатты өмір салты»технологиясы туралы айту.

    Мына қиын жолдар балалар бізге пайдалы болды. Өйткені,аяққа арналған нүктелі уқалау  белсенділігімізді арттырады. Ағзамызды қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығымызды сауықтырамыз.

     
    Алдымызда алма ағашы тұр.

    Алма ағашы:

    Сәлеметсіңдер ме?

    — Сәлеметсің бе?

    Бізге аққу-қаздардың қай жаққа қарай ұшып кеткенін айтасың ба?

    Жоқ, жоқ айтпаймын:

    Менің тапсырмамды орындасаңдар ғана айтамын.

    — Неге?
    «Алма ағашының» тапсырмалары:

    Алмаларым пісіп тұр,тек қызыл алмаларымды теріп, себетке салып  берсеңдер, аққу- қаздардың қай жаққа ұшып кеткендерін айтамын! Бірақ, әрбір қызыл алмамда тапсырма бар.

     

    Мақал–мәтел, жаңылтпаш, тақпақ айтады.

    Тәрбиеші: барлық тапсырмаңды орындадық, бізге жол көрсетші. Алма ағашы:

    Солға қарай жүре берсеңдер алдыларыңнан қиын жолдар  шығады.

    Қиын жолдар біткенде, өзенді кезіктіресіңдер.

    Сау болыңыз, рахмет сізге.

     

    Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру.

    «Салауатты өмір салты»

    Сергіту сәті:

    «Денсаулық» алашасымен біртіндеп жүру.

    «Салауатты өмір салты»технологиясы туралы айту.

    Мына қиын жолдар балалар бізге пайдалы болды. Өйткені, аяққа арналған нүктелі уқалау  белсенділігімізді арттырады. Ағзамызды қозғалысқа түсіре отырып, денсаулығымызды сауықтырамыз.

     
    Алдымыздан өзен шығады.

    Өзен: Сәлеметсіңдер ме?

    Жоқ, көрсетпеймін.

    Менің тапсырмаларымды орындасаңдар, көрсетемін.

    Өзеннің тапсырмалары:

    Барлықтарың тыйым сөздер айтып беріңдер!

    Мен сонда ғана мыстан кемпірдің үйі қайда екенін көрсетемін.

    Балалар тапсырманы орындайды. Өзен мыстан кемпірдің үйін көрсетеді.

    Тәрбиеші: аққу –қаздар мен мыстан көрінбейді. Тез арада Ваняны шуламай алып кетейік.

     

     

    Сәлеметсің бе?

    — өзен, өзен бізге

    Мыстан кемпірдің үйін көрсетші?

    — Неге?

    Әр бала бір-екі тыйым сөз айтып береді.

    Рахмет, сау бол өзен. Балалар жан- жаққа көз жүгіртіп, мыстанның үйін іздейді.

    Ваня мында отыр екен. Балалар да, Алёна да қуанады.

    Алёна:

    Рахмет сендерге балалар. Маған інімді табуға көмектескен-дерің үшін. Алғысым ретінде сендерге  бәліш әкелдім.

    Өз елімізге оралайық. Сау болыңдар. Қуанып қоштасады.

    Сиқырлы алашамен ұшады.

    Сиқырлы алашаға мініп, бақшамызға оралайық.

    Бақшаға оралып  жеке бас гигиенасы туралы  сұрақтар қою.

    Балалар, бәлішті жеу үшін ең бірінші не істеуіміз керек?

    Дұрыс айтасыңдар.

    Қолымызды сабынмен жууымыз керек.
    Рефлексивтік-түзетушілік Сұрақ- жауап:

    Біз бүгін қайда саяхат жасадық?

    — Кімге көмектестік?

    — Бізге нелер жол сілтеп көмектесті?

    — Олардың тапсырмалары  қандай болды?

    Дұрыс айтасыңдар, бүгінгі саяхатымыз осымен аяқталды.

    Қонақтарды әсем әнмен шығарып салайық.

    Сұрақтарға толық жауап берді.

    -Ертегілер еліне.

    Алёнаға, інісі Иванды табуға.

    — пеш, алма ағашы, өзен.

    — ертегілер құрастыр-дық. Мақал-мәтел, тыйым сөздер, жаңылтпаштар айттық.

    «Ертегілер, ертегілер» әнін айтады.

     

    Күтілетін нәтиже :

     

    Нені білуі керек: Жыл бойы өтілген ертегі кейіпкерлерін атап, қойылған сұрақтарға толық жауап беруді;

     

    Нені игереді: Сөйлем құрастыру үшін сөздерді бір-бірімен мағынасына қарай байланыстыруды;

     

    Нені білді: Өтілген ертегілердің мазмұнын қысқаша әңгімелеуді;

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

     

    «Алтын сақа» ертегісінен музыкалық қойылым

     

       Мақсаты: Балаларды ертегімен таныстыра отырып,ертегінің мағынасын,тәрбиелік мақсатын түсіне білуге баулу. Сол түсініктерін ертегі желісі бойынша сахналай білуге,еркін сөйлеуге,сөздік қорларын дамытуға үйрету.

        Реквизит: ертегі желісі бойынша безендірілген зал, тау-тастар,ағаштар,қарлығаштың суреті.

    Әдіс-тәсілдер: Рөлге бөліп ойнау

    Қатысушылар: Бай, Мыстан кемпір,Байдың баласы Кенжебек,уәзірлер,батырлар,биші қыздар.

    Қойылым барысы.

    Бастаушы: Баяғы өткен заманда,Жиделі Байсын жерінде бір бай болыпты.Төрт түлігі сай болыпты,бірақ малдарын ешкімге бақтырмай сенбей,өзі бағады екен.(осы кезде әуенмен әндетіп,бай келеді.)

    Бай: байлығым бір басымнан артылады дегенде

    Қимаймын,бөліспеймін

    Байлықтың,дәулеттің мен иесімін шіренген

    Жолатпаймын маңайыма  ешкімді де.

    (бай малдарын қайта-қайта санап,шаршап отырады,осы кезде музыка әуенімен Мыстан кемпір кіреді,қолында сиқырлы сыпыртқысы бар.)

    Мыстан кемпір: Ей-ей,

    Желемін жортамын

    Тау-тасты аралап

    Кенжебек қолға түскенше

    Алдайын арбайын

    Салайын айлаға

    Барынша аттандап

    Асығып аптығып

    Кенжебек қолға түскенде шығасың бәрің алдымнан.

    (Бір кезде Мыстан байды көріп қалып ақырын барып,беліндегі жібімен байды ұстап алады)

    Мыстан кемпір: Қап,бәлем!Ұсталдың ба?

    Бай: (көзі алақандай болып, қорқып кетеді)Жібер мені,жібер.

    Мыстан кемпір:Жо-Жоқ, мен сені жіберсем,сен маған не бересің.

    Бай: Ат басындай алтын берейін.Қоя бер мені.Ой-бай,қылқынып барамын,бір отар қойымды беремін.

    Мыстан кемпір:Жоқ.маған сенің алтыныңда,қойың керек жоқ.

    Бай : Ендеше бір үйір жылқымды беремін.

    Мыстан кемпір:Жоқ,жоқ.Маған сенің жалғыз ұлың керек.

    Бай: Қу,жанымай.Ұлымда жалғыз ғой,қайтейін берейін,берейін,жіберші мені.

    Мыстан кемпір:Жарайды жіберейін,бірақ ұлыңды маған қалай ұстап бересің.

    Бай:Ертең көшемін, сонда  баламның алтын сақасын жұртқа тастап кетейін, сен жұртта сол сақаның жанында отырасың. Ол осы сақаны алуға келгенде ұстап аласың.

    Бастаушы: Ағаш түбінде отырған Мыстан кемпірге Кенжебек былай дейді.

    Кежебек:Армысыз әже,Әжетай әкем осында алтын сақамды тастап кетіпті алып беріп жібермейсіз бе?

    Мыстан кемпір: Шырағым, өзің түсіп ал. Кәріліктен,отырсам тұра алмаймын,тұрсам отыра алмаймын.

    Кенжебек: Әже,менде жастықтан аттан түссем , міне алмаймын, мінсем түсе алмаймын.

    Бастаушы: Ат үсітінде тұрған Кенжебек алтын сақаны алмақ болған кезде Мыстан кемпір ұстап алмақшы болады.Кенжебектің ақылды аты оны ала қашады.(Аттың шабысы)

    Мыстан кемпір:Тоқта,тоқта сен менен құтыла алмайсың.

    Кенжебек: Құтқарыңдар,құтқарыңдар.

    Бастаушы: Осы кезде Кенжебектің дауысын естіген батырлар құтқаруға келеді.

    Би: «Батырлар»(батырлар мыстанды қоршап алып ұстамақшы болады,бірақ мыстан сиқырымен батырларды жеңіп шығады.)

    Мыстан кемпір:Қап батырларды алдаусыратам деп жүріп, Кенжебекті ұстай алмадым.

    Бастаушы: Осы кезде көрші ауылдың жүн сабап отырған қыздары Кенжебекті құтқаруға келеді.

    Би: «Жүн сабау»

    Мыстан кемпір: Қап,биші қыздарды алдаусыратам деп жүріп,өзімнің шаршап қалғанымды-ай!

    Бастаушы: Тау түбіндегі Кенжебек ұшып бара жатқан қарлығаштардан көмек сұрайды.

    Кенжебек:  Қарлығаш-ау,қарлығаш

    Әкеме сәлем дегейсің.

    Тау астында баласы

    Ұстап алған мыстаннан

    Әкем келіп құтқарсын

    Жеткізші осы хабарды.

    Бастаушы: Кенжебектің сәлемін естіген  әкесі,бір топ уәзірлерімен Кенжебекті құтқаруға келеді.

    Бай: Тоқтай тұр бәлем!Сазайыңды тартқызайын,ұстаңдар,ұстаңдар мына Мыстанды.

    Мыстан кемпір:Қайдан шықты мыналар,қайдан шықты.Сиқырымның таусылып қалғанын қарашы.(жан-жағына алақтап,Мыстан кемпір қашады)

    (Кенжебек әкесін көріп,әкетай – деп жүгіреді.Бай мен баласы құшақтасады,музыка әуені ойналады.)

    Бастаушы: Міне,осылай  бай баласын  да,байлығын да мыстаннан  құтқарған екен.(Ертегі соңында ертегіде рөлдерді сомдаған балалар таныстырылып, «Ертегілер» әні орындалады.)

    Ырғақтыиілгішті (ритмопластика) – бұған кешенді ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының нақтылығы мен еркіндігін дамытады. Өзінің денесінің сыртқы қоршаған ортамен байланысқан қарым-қатынасын сезінуге балаларды эстетикалық, психологиялық қабілетін дамытады.

    Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрылымын еркін айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл бөлімге сөздерімен айтылатын ойындар кіргізілген. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту, шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білуге үйретеді. Жаттығулар 3-ке бөлінеді:

    • Тынысалу және артикуляциялық
    • Дикциялық және интонациялық
    • Сөздермен шығармашылық ойындар.
    • Театр мәдениеті: балаларға театр өнерінің шынайы сезімдерін меңгерту. Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерінің түрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр көрермендер мәдениеттілігі.
    • Қойылыммен жұмыс-жанама бөлім, авторлық сахыналауға негізделген. Оған кіретін тақырыптар.
    • Қойылыммен тагныстыру
    • Қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру.
    • Қойылымға қажетті құралдар дайындау. Көріністі безендіру.
    • Дайындық

    Балалар театрының бірнеше түрлері бар:

    • Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры — бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектальдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды.
    • Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды-маринеткалар дейді.
      Оларды әртүрлі материалдардан жасайды.
      Жұмсақ ойыншықтарды қолдануға болады. Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалар арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолымен қуыршықтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндей болады. Бала өзіне костюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді. Олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздері қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болып үш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екі бұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақ пен жүргізушінің мойынына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылы шығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өз күшіне сене білуге көмектеседі.
    • Саусақ театры — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең тақпақ шумағын сахыналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады. Шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттармен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап бала қуанады шаттанады. Сөз айтуға тырысады, өлең шумақтарын оқиды. Екі қолын қимылдата отырып оң, сол, жоғары, төмен тағы басқа түсініктерді бағдарлай алуға үйренеді.
    • Үстел үстіндегі театры — сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілуі үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтар театрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустардан, целиндрдан, қораптардан жасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; киндер-тетар; магнит театр; мачалка тетар; үстел үстіндегі кейіпкерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады. Олар өздерінің формасын ұстағандай пластмасс бутылкаларға кигізіп қояды; ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар (дымковски ойыншықтар)
    • Суреттер театры — декарация мен кейіпкердің суреттері. Олардың әрекеттері шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы арқылы кейіпкердің мінез құлқы беріледі. Кейіпкер әрекет барысында пайда болады, балалардың қызығушылығын арттырады.
    • Стенд-кітапша театры — бірін бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғалар көрсетіледі. Стенд-кітапшаның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттер көрсетеді. (оқиғалар, кездесулер)
    • Фланелеграф тетары — суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланердер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балаллар мен бірге ескі кітаптардан, журналдардан қиып алуға болады.
    • Трафарет театры — бұл театр арқылы сөз құрамының байлығын, диалог, монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Олады түрлі түсті бояулармен бояйды, дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлау қабілеттері дамиды. ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзіне берілген бейненің түр тұлғасын, қимыл қозғалысын өзгерте алады.
    • Көлеңкелі театр — жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысан қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әндерді көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке тетардың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреуі мазмұнын оқиды, екеуі көріністі көрсетеді. Көлеңке тетардың сахынасы экран болады. Экранды ағаштан немесе қалық кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін — оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіп арқылы қозғалтады. Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек. Бұл көріністер балалардың шығармашылықтарын арттырады, ой-өрістерін арттырады.

    Театрландырылған іскерлік арқылы шешілетін өзімнің педагогикалық жұмысымнан мысал келтірейін.

    1. Ертегіден «сиқырлы заттар» арқылы «ертегіге ену». Балалардың елестетулерін қалыптастыру. Балаларға көздерін жұмғызып, демдерін ішке тартып оны қайта шығару арқылы көздерін ашу. Одан кейін балалардың көңілін қандайда бір затқа аудару, мысалы: үстелге (одан жұмыртқа жерге құлап түсті ме?), тегешке (осы тегешке бауырсақ пісірді ме? Т.б.) балалардан сұраймын бұлар қай ертегідегі заттар.
    2. Ертегілерді оқу жіне оны бірігіп талдау. Бастапқыда мен ертегіге әңгіме өткіземін. Онда,ы кейіпкерлердің эмоциясымен және сезімдерімен таныстырамын, одан кейін әртүрлі мінез құлықтары бар бейнелерді аспаппен ойнаймын.
    3. Ертегіден үзінді ойнау-әр түрлі мінездегі музыка түрлерімен.
    4. Режиссерлық ойын (құрылыс және дидактикалық материалдармен)
    5. Ертегі балаларға ерекше айқын эмоцияналды оқиғаның музыканы тыңдау арқылы бейнелейдң. Ертегідегі кейіпкерлердің суреттерін бояуға, салуға үйретемін.
    6. Үстел үстіндегі қозғалмалы ойындарды ұйымдастырылған оқу іс әрекетінен кейін ойнатуға болады. Онда балалардың шығармашылықтары артады, би қимылдарын жасайды.

    Тетарландырылған ойынды басқару негізіне әдеби шығармашылық мәтінмен жұмыс істеу жатады. Мәтінді оқығанда әдееби тілмен анық, мәнерлеп оқу керек. Әр түрлі жастағы балабақша топтарындағы жүргізілетін тетар-ойын іскерліктерін дамыту жұмыстарының мазмұнының ерекшеліктері.
         Балаларға арналған көркем шығарманы оөыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардан эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады.

    Тәрбиеші, дайындық топтарының балалары сәбилерге кішігірім спектакльдермен көрсетеді, бұған әр түрлі театр түрлері қолданылады: бәрімізге таныс картиналара театры (фланелограф), саусақ тетары. Сәбилердің ынталарын, әр түрлі түстерді адыра алуына көмектеседі, музыка ырғағын айыра білуге үйретеді. Сәбилер тобындағы балалар ертегінің мәтінін өздері қайталамауы үшін, олар берілген іс-әрекетті орындайды. Мәтінді өзім екі үш рет оқимын. Рольмен ойнау балалардың елестету белсенділігін арттырады, өз бетімен шығармашылық ойынға дайындалуға көмектеседі. Оны өзім көрсетемін немесе дайындық топ балалары көрсетеді. Қуыршақ тетары күнделікті ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларды мадақтау, мақтау үшін, олармен амандасып қоштасу үшін қолданады. Мен біртіндеп ойындарды кеңейтемін, драматизация ойынның әр түрлілігін меңгеру арқылы, балаларды қатыстырып отырып ойын тапсырмаларын біртіндеп қиындата түсемін.

    • Адамдар, жануарлар және құстардың әрекеттерін ойын арқылы келтіру. Адамның негізгі эмоциясы (күн көрінді-балалар қуанады, күледі, алақандарын соғады, орындарында секіреді, музыканы сезінеді)
    • Кейіпкердің эмоциясын біреу арқылы іс әрекеттің бірізділікпен байланысындағы ойын-әрекеті.
    • Жақсы таныс ертегілер кейіпкерлерінің бейнесіндегі ойын әрекеті.
    • Музыкалық ойын әрекеті.
    • Тәрбиешінің оқуы арқылы бір кейіпкер мен мәтіндегі өлең ойын әрекеті.
    • Қысқа ертегі, әңгіме, өлеңдердің мәтінін тәрбиешінің айтылуы мәнері мен көрсетеді.
    • Ертегі кейіпкерлерімен рольдік диалог.
    • Жануарлар ертегілерінің бөліктерін сахыналау.
    • Халық ертегілеріндегі бірнеше кейіпкерлерді драматизациялық ойындар мен әрекеттеу. Ойнау дағдыларын дамыту толықтыру.

    Бірінші топ. «Көрермен» позициясын меңгеруге үйрену. (жақсылықпен қарайтын, аяғына дейін тыңдайтын, қолдарын соғатын, артистерге рахмет айтатын).

    Екінші топ. «Артист» болуға бірінші қадамын жасауға үйрену. (мимикасын, қозғалысын, күшін, дауыс ырғағын, сөз ырғағын, музыкамен жүру ырғағын ендіру).

    Үшінші топ. Ойынның басқа қатысушыларымен қарым қатынас жасай білу, дауласпай, кезекпен тартымды рольдер ойнау.

    Ортаңғы топтағы балалар өзі үшін ойынан бала біртіндеп көрермендер үшін жасалған қойылымға ауысады. Бұл жастағы балалардың театрға деген сүйіспеншілігі тереңдей түседі. Ортаңғы мен ересектер тобының балалары сахыналық өнерді үйреніп ссезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы, музыкаға қызығушылығы артады. Қандай да сахыналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспелік жұмыс жүргізіледі.
    1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез құлқына, дауысының ырғағына, музыкалық қимылдарға назар аударуы қажет.

    1. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ тетарында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Музыкалық репертуары да өзгертіледі.
    2. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
    3. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау. Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындай түседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздері мен сусындата отырып, әрбір сахыналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақ пен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырамын. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкердің сахынаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Тетарлық ойынға қатысушы балалар кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып, көрерменге иланымды етіп ойнау үшін талмай жаттығулар жасалады.(музыка сүйемелдеуімен).

    Сахыналық өнерге баулыған балаллар жаттаған сөзінің мағынасына сәйкес, күйінікті-сүйінікті сезімдеріне сәйкес тебірене мәнерлеп айта білуге үйретеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем әдебиет, тіл дамыту сабақтарын байланыстырып өткізгенде, әр сабақтың соңы әрқашанда дерлік ертегі сюжеті мен байланысты қойылымдармен аяқталып отырды. Сонымен қатар балалардың сөздік қоры толықтырылды, сөйтіп олардың белсенділігі артты. Сабақтар мен сауық кештері еркін де қызықты түрде өтетін болды. Балалар өздерін еркін де бос ұстап, сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір ұлттық халық ертегілерінен көріністер қойылды. Балалар өз беттері мен ойнаған дербес іс-әрекетінде тетар ойындарының түрлерін жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие жұмыстарының барысында ертегілер, сюжетті көріністер жиі қолданып, тіпті кейде ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Балалардың шығармашылығы тек рольдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар қуыршақтар, декарациялар дайындағанда да көрінеді. Қуыршақтардың түр түрін, шымылдықтар, декарация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы мен белсенділігін арттырады. Балаллардың шығармашылық қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін музыкаға деген сүйіспеншілігін, дүние танымын жетілдіруде тетар ойындары тиімді нәтиже береді.

    Сахыналау ойынының жылдық жоспары

     

    Қыркүйек

     

     «Бауырсақ» ертегісі

    Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту

    Әңгімелесу, сұрақ -жауап, театр, ойын, музыканы айыру, тыңдай білу.

    Сахыналау, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары магнитафон, флешка, ұлттық билеу.

     

    «Бұл бауырсақ кішкентай қу аң»

    Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылығын арттыру, би қимылдарын үйрену.

     

    «Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін…»

    Тілдерін жаттықтыру

     

     «Бауырсақ» ертегісінің қойылымы

    Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру

    Қазан

     «Шалқан» ертегісі

    Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

    Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары, музыкалық аспаптары.

    Ата мен әжемде қонақта болдым

    Шалқанды отырғызу кезінде айтылатын өлең шумағы арқылы балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту

    Кейіпкерлердің айырмашылығын музыка арқылы естіртіп жүргізу.

    «Осындай үлкен шалқан…»

    Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету. «Дос болайық бәріміз» Д.Дәлденбаев.

    «Шалқан» ертегісін сахналау

    Кейіпкерлердің рөлін атқара білуге дағдаландыру

    Қараша

     «Үш аю» ертегісі

    Ертегіні еске түсіру арқылы балалардың тілдерін дамыту, кейіпкерлердің жүрісін музыкамен көрсету.

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

    Қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары, магнифон, баян аспабы.

    «Қане досым әнге қосыл»

    Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру

    «Үш аюға қонаққа барайық»

    Тілдерін жаттықтыру

    «Үш аю» ертегісін сахналау

    Балалардың ойын тиянақтау және өнерлерін іске асыру, дәл нақышына келтіріп орындау.

    Желтоқсан

     «Қасқыр мен қоян» ертегісі

    Балалардың тілдерін дамыту және білімдерін кеңейту

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын, музыка тыңдату.

    Қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары, магнитафон, баян аспабы.

     «Қасқыр мен қоян» ертегісі

    Балалардың тілдерін байыту және білімдерін кеңейту

    «Қане досым сөзге қосыл»

    Белсенді балаларды кейіпкерлердің рөлдерін эмоция арқылы көрсете білуге үйрету, дауысын келтіру, аспапқа қосылу.

    «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды» ертегісін сахналау

    Кейіпкерлердің рөлдерін атқара білуге дағдыландыру

    Қаңтар

     «Түлкі мен қояндар» ертегісі

    Балаларды ертегінің мазмұнымен таныстыру

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

    Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары

    «Түлкі, түлкі, түлкішек»

    Қимылды ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін айтып , белсенді балаларды таңдай отырып, қызығушылығын арттыру.

    «Қу түлкі мен қорқақ қояндар»

    Ертегідегі қоян мен түлкінің сөздерін балаларға үйрету. Түлкі мен қояндар арасындағы диалог

    «Түлкі мен қояндар» ертегісін сахналау

    Балалардың рөлді дұрыс ойнай білуін және сөздердегі әр дыбыстарды анық айтуларын қадағалау

    Ақпан

     «Қоян мен түлкінің үйшігі» ертегісі

    Ертегі мазмұнымен таныстырыпертегіге деген қызығушылығын арттыру.

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

    Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары

    «Оқы да біл, ойна да күл»

    Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөздерін дұрыс айтуға үйрету.

    «Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды»

    Кейіпкерлкрдің сөздерін дұрыс айтуларын қадағалау және рөлдерін ретімен орындауға үйрету.

    «Көз көруге тоймайды, құлақ естуге жалықпайды» ертегісін сахналау

    Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекетіне қарап, әсерлі көңіл-күйін білдіре отырып , сезіне білуге үйрету.

    Наурыз

     «Жеті лақ және қасқыр» ертегісі

    Ертегінің мазмұнын еске түсіре отырып, тілдік қорларын байыту.

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын, қосарланып билеу.

    Қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары

    «Лақтарым менің, айналайын лақтарым менің…», «бесік жырын» айту халық әні.

    Ойын арқылы балаларды рөлдерге бөлу, кейіпкерлердің сөзін дұрыс айтуға үйрет

    «Алақай, алақай! Анамыз келді, бізге сүт әкелді»

    Ертегіге деген қызығушылықтарын арттыру, «полька» Потапенко.

    «Жеті лақ және қасқыр» ертегісін сахналау

    Әр баланың өз рөлін дұрыс орындауын қадағалау.

    Сәуір

    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісі

    Ертегінің мазмұнымен таныстыру.

    Әңгімелесу, сұрақ — жауап, театр, ойын.

    қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары, пианино аспабы

    «Жібек шашақты сақалы бар, майға батырып алған тәрізді басы бар»

    Кейіпкерлердің рөлін бере отырып, балаларға сөздері мен қимыл қозғалыстарын үйрету, дауыс ояту жаттығулары. Тилечеева.

    «Сымбатты әтеш»

    Балаларға ертегіні диалог бойынша орындауға үйрету.

    «Алтын айдарлы әтеш» ертегісін сахналау

    Ертегідегі кейіпкерлердің рөлдерін дұрыс орындауларын қадағалау

    Мамыр

     «Ертегі әлеміне саяхат»

    Өткен ертегілерді еске түсіріп, мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін тиянақтау

    Әңгімелесу, сұрақ-жауап, театр, ойын.

    Флантеграф, қуыршақ театры, ормал, тақия, кейіпкерлердің атрибуттары

    «Кім күшті» ертегісі

    Ойын арқылы кейіпкерлердің рөлін таңдай отырып, балалардың қызығушылықтарын арттыру.

    «Алтын жұмыртқа» ертегісі

    Ертегінің мазмұны бойынша кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне қарап, сезіне білулері.

    «Ертегі елі жерімен келе жатыр!»

    Ертегі кейіпкерлерінің жағымды-жағымсыз жақтарын таба білуге үйрету.

    Қолданылған әдебиеттер

     

    1. Қазақ фольклоры мен халық педагогикасының мәселері. Қоңыратбаев А.С. Алматы., 1984ж.
    2. Өмірбекова Қ, Серкебаев Қ, Балалар ертегісі Алматы 1996-247 б
    3. Халық ауыз ертегілері- Алматы., 1983ж.
    4. Қазақ ертегілері-Алматы., 1999ж.
    5. Қазақ  халық әдебиеті. — Алматы., 1990ж
    6. Қазақ тілін үйретуде көркем және халық ауыз әдебиетін қолдану тәсілі// Отбасы және балабақша, 2006ж.
    7. Әдістемелік құрал. Алматы 2015ж. Ф.М.Қоңыратбаев.
    8. Музыкалық анықтама №3. 2013ж.
    9. Көңілді әуендер. Алматы өнер. 1989ж.

    10.Музыка в детском саду. 1978ж.

    1. Бөбектерге байғазы. Шартарап 2000ж.
    2. Музыкалық анықтама №5. 2005ж.