Тәуелсіздік – ел тірегі

Тәрбие сағаты
Сабирова Алия Серікбайқызы, Тәуелсіздік – ел тірегі

Мақала авторы: Сабирова Алия Серікбайқызы
Жұмыс орны: Ш.Смағұлов атындағы Алматы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған физика-математика орта мектеп-интернаты
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 19.02.2018


Сынып: 7 «а», 7 «ә»

Тақырыбы: Тәуелсіздік – ел тірегі

1 – жүргізуші:

Тәуелсіздік менің байтақ Отаным

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным

Тәуелсіздік ақ батасы атаның

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік жыр әнім

Көк байрағым, елтаңба, әнұраным

2 – жүргізуші: Армысыздар, жұдырықтай жүрегі Қазақ деп соққан, алпыс екі тамыры Қазақ деп тулаған еңселі елдің ертеңі замандастар, жиналған көпшілік оқу оқып жалықпаған, білім дейтін биіктен басату алған, тау суындай тасқындап білім нәрімен сусындаған көзі қарақты, ойы салмақты бармысыздар, оқушылар!

1 – жүргізуші: Елбасы «Қазақстанның Тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес» демекші, тәуелсіздік – ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін Тәуелсіздік күні – ең қастерлі күн.

2 – жүргізуші: Бүгінгі сайыс сабағымыз 6 кезеңнен тұрады:

  • Таныстыру (топтар өздерін таныстырады)
  • Тарих қойнауынан (сұрақ-жауап)
  • Тәуелсіздік шежіресі («Сандар сөйлейді»)
  • Болашақ Қазақстан (постермен жұмыс)
  • Кім білгір? (сөзжұмбақ)
  • Ойтолғау

1 – жүргізуші:

1 кезең: Таныстыру

1 – топ: «Алаш» тобы

2 – топ: «Желтоқсан» тобы

2 – жүргізуші:

2 – кезең: Тарих қойнауынан (сұрақ-жауап)

1 – топ: «Алаш» тобының тапсырмалары:

  • Тәуелсіз елдің ең бірінші айрықа белгісі? (валюта)
  • ҚР Тұңғыш Президенті? (Н.Ә.Назарбаев)
  • Ата заңнығ қай бабында мемлекеттік рәміздер туралы жазылған? (9 бабында)
  • Әнұранның авторлары? (Ж.Нәжмеденов., Ш.Қалдояқов., Н.Ә.Назарбаев)
  • ТМД елдеріне қанша ел кіреді? (11)
  • ҚР территориясының ауданы? (2724,9)

2 – топ: «Желтоқсан» тобы тапсырмалары:

  • Елтаңбаның авторы? (Ш.Уалиханов., Ж.Мәлібеков.,)
  • Н.Ә.Назарбае қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1940 жылы Алматы обл., )
  • Қазақстанның алғашқы ата заңы? (1993 жылы 28 қаңтар)
  • ҚР алғашқы астанасы? (Алматы)
  • Тәуелсіздігімізді ең алғашқы болып қай мемлекет мойындады? (Түркия)
  • Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толып отыр? (26 жыл)

1 – жүргізуші:

3 – кезең: Тәуелсіздік шежіресі («Сандар сөйлейді»)

1 – топ: «Алаш» тобының тапсырмалары:

  • 1997 жылы …
  • 1999 жылы …
  • 2017 жылы …
  • 2011 жылы …
  • 1996 жылы …

2 – топ: «Желтоқсан» тобының тапсырмалары:

  • 1993 жылы …
  • 1992 жылы …
  • 1995 жылы …
  • 1998 жылы …
  • 1999 жылы …

2 – жүргізуші:

4 — кезең: Болашақ Қазақстан (постермен жұмыс).

1 – жүргізуші:

5 — кезең: Кім білгір? («Қазақстан»сөзжұмбақ)

  1. Қазақтан шыққан «Желтоқсаншы батыр» кім?
  2. Қазақстанның елордасы қай қала?
  3. Қазақстанның Елбасы кім?
  4. Қазақстан қай құрлықта орналасқан?
  5. Қазақстанның жергілікті халқы қай тілде сөйлейді?
  6. Қазақстанның рухани астанасы қай қала?
  7. Қазақстанның ұлттық валютасы?
  8. Қазақстанның көршілерінің бірі?
  9. Қазақстан қай шикізат көзіне бай?

2 – жүргізуші:

6 — кезең: Ойтолғау

1 – топ: «Алаш» тобының тапсырмалары:

  1. Ең бірінші бақытым халқым менің …
  2. Бақытым бар үшінші Отан деген …

1 — жүргізуші: Осымен барлық 6 кезеңде өз мәресіне жетті. Ендігі кезекті әділ-қазы алқасына береміз. Өз шешімдерін айтып, әділ бағаларын берсе.

2 — жүргізуші:

Әлемге атын жайылсын жарқын

Жасай бер, жаса Қазақстан

Баянды болсын бақытың, халқың

Жасай бер, жаса, Қазақстан

Ашық сабағымыз ұнады деген ойдамыз. Тәуелсіздік күні баршанызға құтты болсын. Осымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымыз аяқталды. Сау болыңыздар!