Бастауыш сынып
Алимова Акгуль Едиресовна, Сыныптағы сабақтың өтқізілуін зерттеу тәсілі

Сыныптағы сабақтың өтқізілуін зерттеу тәсілі

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: ММ "Мичурин орта мектебі"
Лауазымы: Математика пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 08.11.2017


Біздің мектепте 3 сыныпта  сабақты зерттеу немесе Lesson Study  тәсілін енгізген болатынбыз. Lesson Study сыныпты зерттеу нысандарының бірі, 1870 жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту  мен жетілдіру мақсатында пайда болған үдеріс. Осы мақсатпен, яғни мұғалімдердің оқу сапасын арттыру үшін және  оқушылардың  оқу үдерісін зерделеуде біз, Оқу ісінің меңгерушісі: Алмагамбетова М.К және математика пәні мұғалімі Алимова А.Е  3«Ә» сыныбын таңдадық. Сонымен бірге бұл тәсілдің ерекшелігі  бір мұғалім сабақ беретіндігіне қарамастан, зерттеу үшін бүкіл топ өзіне жауапкершілік алады. Сондай-ақ әріптестерімен бірлесіп жаңа тәсілді оқыту жолдарын және оқу бағдарламаларының аспектілерін модельдейді,бұнымен қоса жүргізілген зерттеулер туралы көпшілік талқысын ұйымдастырады және А (үздік) оқушы, В (орташа) оқушы, С (білім деңгейі төмен) оқушыны таңдап алдық. Мұндағы мақсатымыз жоғарыда айтылғандай оқушылардың білім деңгейін көтеру болатын.Біздің зерттеу сабағымыздың жоспарын бірінші деңгей курсын тәмамдаған қазақ тілі және әдебиеті пәнінің  мұғалімі  : Алмагамбетова М.К және математика пәні мұғалімі Алимова А.Е құрастырды. Біздің команда бірнеше топ мүшелерінен тұрады, топ мүшелері бірнеше рет отырыс жасап, жоспарымызды талқылап алған болатынбыз.

 

Жауап жазу