Өзін-өзі тану
Джолова Марзия, Сүйіспеншілік – өмір өзегі

Сүйіспеншілік – өмір өзегі

Мақала авторы: Джолова Марзия
Жұмыс орны: "№3 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
Лауазымы: өзін-өзі тану мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 20.01.2017


Сабақтың тақырыбы: «Сүйіспеншілік – өмір өзегі»

Құндылық: жан тыныштығы

Қасиеттер: мейірімділік, махаббат, сүйіспеншілік

Сабақтың көрнекілігі:

—         Оқулық

—         Дәптер

—         Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсы көру, мейірімділік,жақсылық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері:

Білімділігі: әлемдегі бар жақсылық сүйіспеншілік арқылы келетініне көз жеткіздіру. Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сүйіспеншілікті танып, оны құрмет тұтуға баулу.

Дамытушылығы: өзіне, ата – анасына, Отанына деген сүйіспеншілікке байланысты ой – өрістерін  дамыту.

Тәрбиелігі: сүйіспеншілік, мейірімділік сезімдерін ояту, жандарын нұрландыру, көңілдерін қуанышқа бөлеу, тәрбиелеу

Сабақ барысын талдау Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

— Оқушылармен сәлемдесу

— Оқушыларды түгендеу

Сабақ қызықты, тиімді өтуі үшін бес ережені сақтаны

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

  Тыныштық сәті

       Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын бастағанын елестетіңіз.Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

     Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

    Нұр бірте, бірте қарқын және щұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

   Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын…. Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрмын….Нұр менің ішімде…. Мен Нұрмын»

    Осындай НҰР, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз….

    Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  Үй жұмысын тексеру

«Жақсылықпен жаным дос» тақырыбы бойынша «Жақсы болу өзіңнен» өлеңін жаттау, өз ойын айту.

Жақсы болу – өзіңнен

Жаман болу – өзіңнен

Өзіңді өзің ая да,

Өзің үйрен өзіңнен.

Жақсылық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла.

Жамандық көрсең біреуден,

Мен қандаймын деп ойла!

Жаңа сабақ Ой қозғау

Мейірімді, қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақ ниетпен, шын көңілмен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын көрсетеді.

— Ал осы жақсылықтың барлығы не арқылы жасалады? (Сүйіспеншіліктен)

— Ал сүйіспеншілік, махаббат дегенде ең алдымен кім естеріңізге түседі?

— Дұрыс, АНА

Балалар ойланып көріңіздерші жер бетіндегі ең әдемі сөз қандай   (АНА)

Дұрыс балалар адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі тілдердің бәрінде де осы сөз ерекше қастерлі.

Неге ананың қолы ең қасиетті, аялы дейміз?

Ал ананың жүрегін ең сенімді және сезімтал жүрек, оның сүйіспеншілігі неге ешқашан сөнбейді дейді?

Неліктен көзінен еш уақытта еш нәрсе де қалтарыс қалмайды дейді?

Дұрыс балалар сенің жасың қаншада болсын-мейлі бес жас болсын, мейлі елу жас болсын, саған әрқашан ана керек, оның аясы, мейірімі керек. Сенің анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым шексіз қуанышқа, шалқар нұрға бөленеді.

  3.      Дәйексөз

4.            «Дүниеде ана махаббатынан қасиетті нәрсе жоқ. Оның алдында адамды ынтықтырушы өзге дүниелер әлсіз келеді»

В.Г. Белинский

ü Дәйексөздің мәнін ашу;

ü  Дәптерге жазып алу;

  Мәтінмен жұмыс

«Ана  махаббаты»   (аңыз әңгіме)
Төле бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді. Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды. Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны пәлен жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі «Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым» десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін» деп баланы қақ бөлмекші болады. Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, «ұрлатып алдым» деген әйел «Ойбай-ай, шаппаңыз! Қайда жүрсе де аман жүрсін!» деп жер тізерлеп отыра кетеді. Сөйтіп би баланы өз анасына қайтарып береді.
Сұрақтар:
1) Екі әйел Төле бидің алдына не үшін таласып келеді?
2) Төле би қолына қылыш алған кездегі мақсаты не еді?
3) Оқиғианың сонында не жеңеді?
Қорытынды: Байқадыңыздар ма, балалар, оқиғаның соңында әділдік риясыз махаббаттың жағына шықты. Өйткені риясыз сүйісеншілік қана барлығын жеңе алады.

  6.     Топпен ән айту

7.                                             «Ана туралы жыр»

Сөзін жазған: Ғ.Қайырбеков

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

  7.     Үй тапсырмасы

8.      «Отан сүйер ұлан бол!» мәтінін оқу, Отан қорғаған ерлердің ерлік істерін еске түсіріп, мысал келтіру.

8.     Б.Момышұлы туралы мәліметтер оқып келу

  9.                 Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Табиғаттың сұлулығы соншалықты, қараған сайын қарай бергің келеді. Ондағы сұлу да нәзік гүлдерге, самғай ұшқан құстарға қызыға қараймыз. Бір сәт қасымызда мүлгіп тұрған тауға қарап, оның ұшар басына шыққымыз келіп кетті. Сол сәтте табиғат-Анамыз естіп тұрғандай, бізді әр түрлі түстерімен әсем көрінетін кемпірқосаққа айналдырып, аспан аясына орналастырды. Қандай керемет! Биіктен сан түрлі шашақ шашып, нұрға бөленген қандай ғанибет!!здің түрлі түсті сәулелерімізге қуана қарап, мәз-мейрам болған балалар. Көктен қарағанда табиғат сұлулығы бұрынғысынан да құлпырып кеткендей. Осындай сұлулыққа шын тамсанған, қызыға қараған сезімімізбен бойымыз сұлулық пен жылылыққа бөленгендей. Осы сұлулық пен жылылықты ұзақ сақтауға іштей уәде етіп, бұрынғы қалпымызға келейік