Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Айтасова Динара Адилбаевна, Су тіршілік көзі

Су тіршілік көзі

Мақала авторы: Айтасова Динара Адилбаевна
Жұмыс орны: №1 Айголек бөбекжайы
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 23.01.2017


 

Білім беру саласы: «Әлеумет»
Ұйымдастырылған оқу қызметі: «Экология негіздері

Тақырыбы: «Су тіршілік көзі»

Мақсаты: Балаларға су және оның маңызы туралы түсінік беру;
«Су- тіршілік көзі» екенін, оның пайдасы, қасиеттері туралы білімдерін кеңейту;
Тәжірибе жасау барысында бақылығыштық дағдыларын жетілдіру;
Ұқыптылыққы, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық

Күннің нұрын шашайық

Таза ауадан салайық

Жүрек жылуын алайық

Жиналған жылы шуақты

Қонақтарға сыйлайық

Ғажайып сәт

Дымбілмес қонаққа келеді.

( Судың дыбысы естіліп тұрады)

Жұмбақ

Жылт-жылт еткен

Жылғадан өткен (Су)

Тіршіліктің нәрі

Тазалықтың сәні (су)

Ендеше балалар біз бүгін су туралы білеміз.

Су туралы слайдпен жұмыс.

Су-табиғат ресурстарының бірі. Сусыз тіршілік жоқ, ауада ұсақ су тамшылары бу түрінде бұлт қалпында жүреді. Су жер астында болады, біздің денемізде де су бар. Судың адам өмірінде маңызы зор. Сусыз тамақ піспейді, тазалықта болмайды, өсімдікте өспейді. Су жолымен адам қатынайды, қайық кеме жүзеді. Сусыз бірде –бір өндіріс жұмыс істемейді.

Ғаламшармен жұмыс

-Балалар қараңдаршы,мынау ғаламшар. Ғаламщарда дүниежүзінің кескіні кішкентай қалпында көрсетіледі. Жер шарының көп бөлігін су алып жатыр. Су көк түспен белгіленген.

Сергіту сәті

Сылдырайды мөлдір су

Мөлдір суға қолыңды жу

Су дегенің осы

Су адамның досы.

-Бәрекелді балалар ендеше сендер осы судың қасиеттерін тәжірибе жүзінде көргілерің келеме?

Ендеше зертханаға барамыз.

Зертханалық орталық.

  • тәжірибе «Су сұйық»

Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей-шашпай құюды ұсынамын.

-Су аға ма?

-Неліктен?

Өйткені ол сұйық

  • тәжірибе «Суда дәм жоқ»

Балалар түтікшетарқылы су ішіп көреді?

-Онда дәм барма?

-Су дәмсіз                                   

3- тәжірибе «Суда кейбір заттар ериді»

Стақандағы суға түрлі-түсті баяу салып көрсету

-Су қандай болды?

-Суға салған заттар еріп түрлі түске боялды.

4-тәжірибе «Су мұз болады»

-Балалар қазір қай мезгіл?

-Қыс мезгілінде күн қандай болады?

Мінекей балалар қыс мезгілінде су мұз болып қатады.

5- тәжірибе «Су буланады»

Судың тағы бір қасиетін көрсету үшін қайнаған суы бар термосты  алып келу. Одан шыққан буды көрсету. Бу да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап, одан су тамшыларын көрсету.

Мінекей балалар біз суға тәжірибе жасап судың қасиеттерін байқай білдік.

Судың қасиеттері

Су сұйық

Су мөлдір

Су дәмсіз

Су  буланады

Билинговальді компанент

Су –вода- wate

Бәрекелді балалар. Біздің топқа қайтатын уақытымыз болған сияқты.

«Бұлт пен тамшылар»

Шарты: Тәрбиеші бұлт анасы болады, балалар тамшылар болады.

Бұлт анасы:

-Мен бұлтқа айналдым. Тамшыларым қайдасыңдар, маған жай жаңбырды көрсетіңдер.(балалар жәй жаңбырдың жауғанын саусақ арқылы көрсетеді)

Енді жаңбыр күшейе түсті. (балалар саусақтарымен жаңбырдың күшейе түскенін көрсетеді)

Нөсер жаңбыр жауды.

(нөсер жаңбырды саусақ қимылдарымен көрсетеді)

Күн шығып келеді, күннің шапағында кемпірқосақ пайда болды.

Бұлт анасы: Тамшыларың келіңдер, күн шықты

Балалар біз бүгін су туралы жақсы мәліметтер алдық. Енді сендер су туралы мақал- мәтел білесіңдерме?

1.Судың да сұрауы бар

2.Сумен ойнама батарсың

Отпен ойнама жанарсың

3.Сулы жер- нулы жер

4.Су анасы бұлақ

Сөз анасы құлақ

Қорытынды

Балалар мінекей балалар біз бүгін алыстан келеген Дымбілмеске судың қасиеттерін, маңызын және «Су тіршілік көзі » екенін түсіндік.

Дымбілмеспен қоштасу.