Сиқырлы пішіндер

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Мамырбаева Шынар Баймухамбетовна, Сиқырлы пішіндер

Мақала авторы: Мамырбаева Шынар Баймухамбетовна
Жұмыс орны: "Балауса" балабақшасы
Лауазымы: тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 03.09.2017


Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Сиқырлы пішіндер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Оларды бір-бірінен ажырата білуге, салыстыра білуге, айналасындағы заттар арасынан геометриялық пішіндерді таба білуге үйрету.
Міндеттері:
Білімділік: Барлық өткен геометриялық пішіндер, түстер туралы қайталау.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Зейін қоюға, ыждағаттылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Демонстрациялық материал: Смешариктің суреті.
Үлестірмелі материал: Үлкен, кіші шаршылар, ұсақ үшбұрыштар, құлыптар кілттерімен.
Сөздік жұмыс: Шеңбер, шаршы, үшбұрыш, смешарик.
Қостілдік компонент: Шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник.
Әрекет кезең-дері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық

Шаттық шеңбері
Шақырамын сендерді,
Жолдастарым кел, бері.
Толтырайық шаттыққа,
Дөңгеленіп шеңберді.
Қонаққа Бауырсақ келгенін,
балаларға геометриялық пішіндер әлеміне саяхатқа шығатындарын айтады.
Монипулятивтік орталықта жартылай шеңбер жасап отырады.

Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Бауырсақпен амандасады.
Саяхатқа баратындарына ризашылықтарын білдіреді.
Ұйымдастыру– іздестіру Әңгімелесу
Бірінші дөңгелек қалашығына баратындарын, онда пойызбен ән айтып жететіндерін түсіндіреді.
Қалашықтың қақпасында құлып тұрады.
Тапсырмаларды орындаса ғана, Бауырсақ құлыпты ашатынын айтады.
Шеңбер қалашығының тапсырмасы:
Тақтада бірнеше заттардың суреттері бейнеленген, солардың ішінен шеңберге ұқсас заттардың суреттерін табу керек.

Тапсырманы толық орындаған соң кілтпен қақпаны ашып, басқа қалашыққа баруға болатынын айтады.
Қостілдік компонент: шеңбер-круг, шаршы-квадрат, үшбұрыш-треугольник.
Алдарында шаршы қалашығы.
Шаршы қалашығының тапсырмасы:
Қақпаны ашу үшін екінші тапсырма біріледі.
• Қ
Ән айтып саяхатқа шығады.

Берілген тапсырманы орындайды.

Шеңбер туралы тақпақ айтады.
Нүктесі жоқ басталған,
Аяқталған жері жоқ.
Шеңбердің, сірә, теңі жоқ.

Сөздерді орыс, қазақ тілдерінде айтып бірнеше рет қайталайды.
Пойызбен ән айтып шаршы қалашығына келеді.

Тақтада үлкен және кіші шаршылар, санап жандарына тиісті сандарын қоюларын, түстерін айтуларын сұрайды.

Тапсырманы орындаған соң кілт беріліп,
қақпаның құлпын ашуға болатынын айтады.
Сергіту сәті:
Алақанды ұрамыз,
Шеңберді біз құрамыз.
Күн не деген керемет,
Биле бізбен дөңгелеп.
Үшбұрыш қалашығының тапсырмасы:
Үшбұрыштардан үй құрастырып берулерін сұрайды.

Сөздік жұмыс: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, смешарик.
Саяхаттан кейін орталыққа келгенде екінші үкі Смешарик күтіп отырғанын айтады.
Сұрақтар қояды:
— Смешариктің басы қандай пішінге ұқсайды? Көздері ше?
— Танау, аузы қандай пішіндер? Үлкен және кіші шаршыларды санап, түстері қандай екендерін айтады.
Шаршы туралы тақпақ айтады.
Шаршы алаңдар тізіліп,
Бір қатарға тұрады.
Мұның бәрі түбінде,
Тік бұрыш боп шығады.
Ары қарай пойызбен ән айтып үшбұрыш қалашығына келеді.

Қимылдарын көрсете отырып, сергиді.

Үйдің қабырғасын ақ түстен, шатырын қызыл түстен және терезесін көк түстен құрағандарын айтады.
Үшбұрыш туралы тақпақ айтады.
Атына сай, бағы бар,
Үш бұрыш, үш жағы бар.
Сөздерді қайталап айтады.

Смешариктің басы, көздері шеңбер.

Танауы, аузы үшбұрыш.

Рефлексивті– түзетушілік
Сұрақтар қояды:
— Бүгін қайда бардық?

— Қандай қашықтарға?

— Қақпаны ашу үшін қандай тапсырмалар орындадық?

— Сендерге ұнады ма?
Рефлексия:
Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде көңіл күйлерің көтеріңкі болса, смешарикке қызыл түсті шарларды, көңіл күйлерің жоқ болса көк түсті шарларды жапсыруларын сұрайды. Сұрақтарға толық жауап береді.
Геометриялық пішіндерге саяхатқа бардық.
Дөңгелек, шаршы, үшбұрыш қалашықтарына бардық.
Дөңгелектерде ұқсас заттарды тап, шаршыда үлкен кіші шаршыларды санадық,
үшбұрышта үй құрастырдық.
Иә, өте қызықты болды.

Тапсырманы орындайды.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Пішіндерден заттар құрастыруды, берілген тапсырманы орындай білу.
Болу керек: Шеңбер, шаршы, үшбұрыш туралы толық мағлұмат.
Істей білу керек: Геометриялық пішіндерді ажырата алуды.