Шетел тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын интербелсенді әдіс арқылы қалыптастыру

Ағылшын тілі
Ералы Ақтолқын Бақытжанқызы, Шетел тілін оқытуда оқушылардың сөйлеу дағдысын интербелсенді әдіс арқылы қалыптастыру

Мақала авторы: Ералы Ақтолқын Бақытжанқызы
Жұмыс орны: №15 Гимназия
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 05.06.2018


Ағылшын тілін оқытуда интерактивтік тәсілді қолдану кезінде қойылатын талаптың, жасалатын жұмыстың оқу процесіне сай болуы керек. Талап тым жоғары болса, оқуға деген қызығушылық жойылады, ал төмен болса, жалығуға әкеліп соқтырады. Екіншіден, жұмыс түрлері, онда қолданылатын оқу құралдары, жаттығулар оқушылардың білім деңгейіне, жас ерекшеліктеріне сай болуы керек. Үшіншіден, оқушылар жіберген қателерін мұғалім көмегімен өздері табуы керек.

Оқушылар әр түрлі болады. Олардың бірі оқытушының айтқанын жылдам ұғып алады, енді біріне материалды ұғу үшін қосымша түсіндірмелер мен мысалдар қажет болады. Мұндай студенттер нақты нені түсінгенін ұғына алмай сұрақ қоюға жасқанады. Осындай жағдай оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіріп, оларға ортақ тапсырма беріп, ол тапсырманы орындау барысында әрбір студентке жеке рөлдер мен міндеттер атқаруды талап етсе, онда әр оқушының өз жұмысына жауапты болып, жалпы жұмыс нәтижесінде қол жеткізуге ұмтылатын жағдаят пайда болады. Сондықтан да білімі төмен оқушылар үлгерімі жоғары оқушылардан өзіне түсініксіз болған жерді сұрап, ал үлгерімі жақсы оқушылар топтың жеңіп шығуын ойлап, барлық оқушылардың, әсіресе білімі төмен оқушылардың нәтижелі жұмыс істеуін көздейді. Осылайша оқушылар қиындықтың алдын алады.

Интерактивті тәсіл, әсіресе сабақты пысықтап, қорытындылауға бірден-бір көмегін тигізетін тәсілдердің бірі. Сонымен қатар интерактивті әдіс арқылы студенттер өз білімін өздері бағалайды да олар алған білім, білік дағдылары бойынша бағаланады. Әсіресе өзін — өзі бақылау, топтық өзара бақылау кезеңдері сабақты бекітуге біршама септігін тигізеді.
Бұл бақылауды төмендегі бақылау әдіс белгілері арқылы іске асыруға болды:

1.Менің бүгінгі тақырыпқа өз бетімше дайындығым : төмен, орта , жоғары.
2. Бүгінгі жаңа тақырыпты игеруім : төмен, орташа, жоғары.
3. Бүгінгі сабаққа қатысуым : төмен, орташа, жоғары.
Топтың өзара бағалауы (топтар бір-бірін бағалайды) :

  1. Топ ұжымының татулығы, белсенділігі, өзара әрекет әдебі, топтық араласу әдебі :төмен, орташа, жоғары
  2. Жаңа тақырыпты өмірмен байланыстыра айтуы : төмен, орташа, жоғары
    3. Сөйлеу шешендігі, мәдениеті, төмен, орташа, жоғары.
    Бұл бақылаулар студенттерді өздеріне және өзгеге сын тұрғысында қарауға үйретеді. Онда біреуді үшін тиісті болуы қажеттігі туады. Бұл бағыттау мен бағалау оқушылардың бойында мына қасиеттерді қалыптастырады: еріктілік, еңбексүйгіштік, өз біліміне сенімділігі, қабілеттілігі, жауапкершілікті сезінуі, адамдық, жолдастық қасиеттер, сөз қоры, ғылыми ақпараттарды ақтаруы, өзінше түйін жасауы, сөйлеу мәдениеті т.б.

Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде:

  • тиянақты білім;
  • қиялдау мен шығармашылық;
  • тез тіл табысу;
  • белсенді өмірлік көзқарас;
  • командалық рух;
  • жеке; дербестік құндылық;
  • өз пікірін білдіру, еркіндік;
  • іс — әрекетке ерекше назар аудару;
  • өзара сыйластық дағдылары дамиды.

Әдіс түрлері:

  • Ойын түрлері;
  • Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;
  • Оқушылардың өз бетінше іс — әрекеттері;
  • Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;
  • Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО — ға үйрету);

Оқыту мәселелері.

1.“ Ыстық орындық” әдісі. Берілген тапсырмаға байланысты қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық.

2.“Автор орындығы” оқушының өзі жазған шығарма, эссесін оқытқанда отырғызып оқытуға болады. Бұл әдістер үй тапсырмасын сұрауда, өткен сабақты бекітуде тиімді.

  1. «Миға шабуыл» стратегиясы. (Мұғалімдермен жұмыс)
    Тақырыпқа байланысты идеяларды көбірек жазыңыз. Уақыт аяқталғанда кезектесіп өз идеяларыңызды оқисыз, идея қайталанбау керек. Қайталанған идеяларды сызып тастап отырыңыз. Мысалы: “оқушылар мектепті тастамас үшін не істеу керек?”
  2. “3 таяқша” әдісі. (мұғалімдермен жұмыс). Берілген тақырыпқа байланысты. 1сұрақ, 1жауап, 1 идея әр топ даярлап, көпшілікке салады.Мысалы: “деңгейлі оқыту туралы”

5.«Бинго» ойыны. (Мұғалімдермен жұмыс) Лотоға түскен сандарға байланысты сұрақтар беру. Мысалы: 16 — сұрақ.Семинарға не үшін келдіңіз?
Алдымен мұғалімдерге жауап бергізіп, соңынан дайын жауапты ашу, салыстыру.«Әдіс алмасу үшін.»

6.«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі. Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген мәтін бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде
оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген мәтінде бар, жоғын анықтайды.
7. «Он сұрақ!» әдісі. (мұғалімдермен жұмыс, гүл, семинар, сабақ, оқу сөздерін келтіру) Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.

8.«Серпілген сауал» әдісі. Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз. Педагогикалық технологиялар арқылы    ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады:

  • оқушылардың тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;
  • ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен,   оқушының білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;
  • оқушының танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;
  • оқушылар проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді.

Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің міндеті балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Шетел тілін үйрету қиын да, қызықты жұмыс. Қазіргі кезде ұстаздарға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, оқушылардың ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. АКТ-ны қолдану оқушы  үшін өте қызықты, әрі нәтижелі болды.

Қорыта айтқанда, интербелсенді тәсілдің ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылған тапсырмаларды орындау оқушыларға оқытылып отырған тілдің практикалық тұрғыдан қолдану нәтижесін, жемісін көруге мүмкіндік береді және осы жағдай олардың шетел тілін оқып үйренуге деген қызығушылығын арттырады. Сонымен қатар оқушылар әрекетін белсендіру, оқу материалдарын, оқыту әдістері мен тәсілдерін жетілдіру сияқты негізгі педагогикалық мәселелерді іске асырады.