«Сергектік сусынын іздеу» физикалық ойыны

Физика
Жумабекова Айман Амановна, «Сергектік сусынын іздеу» физикалық ойыны

Мақала авторы: Жумабекова Айман Амановна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1 Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Физика пән мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2018


Тақырыбы «Сергектік сусынын іздеу» физикалық ойыны

Мақсаты : Оқушылардың физика пәні бойынша сыныптан тыс іс-шара арқылы білімдерін жинақтау, белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Ой өрісін дамыту, ізденімпаздыққа,тапқырлыққа, сахналық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелеу

Ұйымшылдыққа,теориялық білімдерін сыныптан тыс іс-шараларда қолдана білуге баулу,бірлесе іс-атқаруға тәрбиелеу

Көрнекілігі: «Сергектік сусынын іздеу»тақырыбы интербелсенді тақтаға жазылған, құпия хат,тапсырмалар жазылған конверттер,физикалық шамалар жазылған квадраттар,физикалық құралдар, компьютер

Ойынның жүру барысы

 

1-жүргізуші :   Армысыздар, қадірлі қонақтар,құрметті көрермендер!

 

2- жүргізуші:   Сәлеметсіздер ме, ұстаздар,ойынға қатысушылар!

 

1-жүргізуші :   Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса,сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған «Сергектік сусынын іздеу» ойыны көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөленсе,жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

 

2- жүргізуші :  Құрметті көрермендер! Сіздерге айтарымыз, көңіл күйлеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын,мерейлеріңіз әрқашан үстем болсын.

 

1-жүргізуші :  Ойынымызды бастамас бұрын ортаға ойынға қатысушы , сыныптастарының беделін қорғаушы,ұстаздарының сөзін жерге тастамайтын,сыныптастарының сеніміне бөленген, алғыр,тәртіпті,саналы,парасатты,білімді ойыншыларымызды шақырамыз.

 

2- жүргізуші :   Олар 8 «Ә»  және 8 «Б» сынып оқушылары –

Физика сабағында теориялық білімін есеп шығаруда ерекше көрсете білетін,  қабілетті , байсалды,  үнемі бірқалыпты ерекше оқушы Жексембек Аңсар және  Айтимбетов Кеңес

 

1-жүргізуші :  «Физика және юмор» сабағында пән мұғалімін таң қалдырған  Бахи Альфия

 

2- жүргізуші :  «Физика және спорт» тақырыбында спорттық ойындарды физика заңымен ұштастырған  ————

 

1-жүргізуші :  «Физика және медицина» сабағында болашақ мамандығын медицина саласына арнауды армандайтын    ————

 

2- жүргізуші :   «Физика және музыка » сабағында физикалық білімдерін музыка саласында көрсете білген ——

 

1-жүргізуші :  «Физика және компьютер» сабағында компьютердің құлағында ойнайтын ———

 

2- жүргізуші :   «Физика және ғарыш » сабағында ғарыштағы жетістіктерді терең түсіндірген зерек оқушы   ————

 

1-жүргізуші  :  Келесі кезекте әділ-қазылар алқасын сайлауға рұқсат етіңіздер

2- жүргізуші:   Міне,балалар бізге құпия хат келді. Құпия хатты ашпас бұрын хабарландыруды тыңдайық

Хабарландыру!

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

8 сынып оқушылары! Кім физиканы жақсы көреді,кім шытырман қызықты оқиғаларды ұнатады,бізді мұқият тыңдаңыздар! Мектепте информатика,физика және математика  10 күндігінің ашылуына құпия хат келді. Кімнен? Әзірше құпия! Онда не жазылған,міне соны тыңдайық!

(Магнитофон таспасына басылған құпия хат тыңдалады)

 

«О,аса құрметті және менің ақылды жас достарым! Өте ертеде сіздердің мектептеріңізге мен бағалы сусын жасырған едім. Кім де кім оны тауып алып,ең болмағанда бір тамшысын ішетін болса,сол адам сергек те жайдары,күшті де қуатты болады. Мен сіздерге сол сусынды сыйға тартамын,бірақ оны тауып алу керек. Менің конвертке салған сиқырлы қағазымдағы сұрақтарға жауап берсеңіздер,сіздерге сусынды табуға бағдар береді. Қиындықтан қорықпаңыздар, менің жас достарым! Алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында сіздерге физикадан алған білімдеріңіз көмектеседі»

1-жүргізуші : Ал,балалар,бізге құпия хат келді. Хаттағы сусынды табу үшін іске кірісейік!

2- жүргізуші:  Қиындықтан қорықпаңыздар,батыл болыңыздар!

1-жүргізуші:   «Сергектік сусынын» табу үшін хаттарға тоқталайық.

2- жүргізуші : 1-хат 100 Қызыл конверт . Бірақ хатты ашу үшін мына сөйлемнің жалғасын табу керек  Пароль : Білікті бірді жығады, (білімді мыңды жығады)

1-жүргізуші :   «Құрметті менің оқушыларым! Физикадан алған білімдеріңе сүйене отырып,мына сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінемін-деп,Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті Фабричный көшесіндегі 33 үй,3-ші пәтерде тұратын зейнеткер ұстазымыз Рая апай хат жолдапты» (Конверттегі сұрақтар оқылады)

— Дененің ішкі энергиясын өзгертудің неше тәсілі бар?(екі тәсілі, жылу беру және жұмыс істеу)

-Жылу берілудің неше түрі бар? (3 түрі бар,жылу өткізгіштік,конвекция,сәулелену)

-Меншікті жану жылу деген не?

-Мекшікті жылу сыйымдылық деген не?

-Меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігін ата

2- жүргізуші : 2-хат 200  Жасыл  конверт №2 аялдамадан №2 конверт алынады. Бұл тапсырма Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кенті  40 жыл Қазақстан көшесінің №2 үйінде тұратын физика пәнінің мұғалімі  Айгүл  апай  жолдапты»

1-жүргізуші : Бірақ хатты ашу үшін мына сөйлемнің жалғасын табу керек  Паролы: Білегіңе сенбе  (біліміңе сен)

2- жүргізуші: «Қымбатты оқушылар! Сіздердің алдарыңызда 4 әріп  V, m , F,   T  физикалық шамалар белгіленген. Оларды өлшейтін құралдың аттарын атап мына құралдардың арасынан тауып беріңіздер және өлшем бірліктері қандай? .»

8 «Ә» сыныбының сахналық көрінісі

1-жүргізуші : 3 -хат 300   Жасыл  сары  конверт №3 аялдамадан №3 конверт алынады. Бірақ бұл  хатты ашу үшін де мына сөйлемнің жалғасын табу керек Пароль:   Оқу білім шырағы (білім өмір шырағы)

2- жүргізуші : Бұл хат №1 Майқайың  жалпы білім беру мектебінің 2015-2016 жылғы түлегі, «Алтын белгі » иегері , Қазақ Британдық технология университетінің І курс студенті  Алпыс Ернұрдан

Бұл хаттағы тапсырма: «Қымбатты менің  бауырларым ! Сіздердің алдарыңызда 3  әріп  c, q , r және  физикалық шам алар берілген.Оларды  есептейтін  формулаларын, туынды формулаларды   және өлшем бірліктерін айтыңыздар

8 «Б» сыныбының сахналық көрінісі

1-жүргізуші : 4 -хат 400  Көгілдір   хат №4 аялдамадан №4 конверт алынады. Бірақ бұл  хатты ашу үшін  де мына сөйлемнің жалғасын табу керек Пароль: Әдепті бала –арлы балы, (әдепсіз бала-сорлы бала)

2- жүргізуші :   Бұл хат физика пәні мұғалімі Жұмабаева Айман Амановнадан   келіпті. (Конверттегі сұрақтар оқылады)

-Қазақтар шәйді неге стақанмен емес,кесемен ішеді?  Жылу және жұмыс (қабырғасы мен түбінің қалыңдығы әртүрлі қызатындықтан стақандар тез сынады. Кесе бірдей қызиды және сынбайды. Сонымен қатар кесенің пішіні жолда алып жүргенге өте қолайлы. Оларды бір-біріне кигізіп қойсаң көп орын алмайды.

— Ғарышта самаурынмен шәй қайнатуға бола ма? Жылу және жұмы (Ғарышта жылу берілу арқылы самаурынға шәй қайнатуға болады, бірақ бұл өте ұзақ болады. Ағашты жағу қиынға соғатындықтан,ауаны ағаштың арасына қосу қажет. Бұл өте қиын.

-Қасқырдың жылдамдығы 15м/с болса,онда ол жылдамдығы 72 км/сағ сайгакты қуып жете ала ма?  Қозғалыс  (Жоқ,өйткені  сайгактың жылдамдығы 20 м/с)

— неге шөл далада аттан гөрі түйемен жүрген ыңғайлы?  Қысым (Түйенің табаны жалпақ болатындықтан ,ол құмға батпайды. Түйе ауыр болғанмен оның тұяғының ауданы аттың тұяғының ауданынан жалпақ болғандықтан түсіретін қысымы аз)

(Екі командаға «Ну,погоди заяц!» мультфильмі көрсетіліп,физикалық құбылыстарды бақылау тапсырмасы беріледі

1-жүргізуші :  №5 конверт Паролі:  Мектеп –кеме, (білім теңіз)

2- жүргізуші :  Бұл хат физика қаласы  зертхана ауданы Есептер көшесі физик қарт аталарыңнан , яғни  «Құпия хат»  иесінен

1-жүргізуші  «Аса қымбатты  менің қыздарым мен ұлдарым! Мен сендерге өте ризамын, сендерді жеңістеріңмен құттықтаймын. Сендер бар күш жігерлеріңді салып,аянбай еңбек еттіңдер. Сіздер іздеген «Сергектік сусыны» шырыны алдарыңызда тұр. Енді бұл сусынды ашу үшін де  қиындықтан өтуіміз керек. Сондықтан сусынның 4 бұрышында 4 есеп бар. Осы есепті шешсеңіздер,сусынды ішуге рұқсат беремін . Бұл сусынның дәмін татқандар болашақта аты Қказақстанға әйгілі болатын физик болатынына кәміл сенемін. »

2- жүргізуші Әділ қазылар алқасы сөз беріледі.

1-жүргізуші Ойынымызды өлең шумақтарымен аяқтаймыз.

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой

Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой

Аттасаң аяғыңды алдыңды орап

Алдыңнан қалмайды екен тіріде ол- дей келе ойынымызды аяқтаймыз.