ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ 2017 ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН ҚҰСТАР

Экология
Махаметжанова Малиням Махаметжановна, ШАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНДЕГІ 2017 ЖЫЛЫ АНЫҚТАЛҒАН ҚҰСТАР

Мақала авторы: Махаметжанова Малиням Махаметжановна
Жұмыс орны: Алматы аграрлық колледжі
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 15.12.2017


Зерттеу мақсаты мен міндеттері

— Құстардың түрлік құрамын анықтау;
— Құстардың аумақта орналасуы және биотоптық арақатынасын анықтау;
— Құстардың маусым бойынша әртүрлі биотоптарда орналасу тығыздығын анықтау;
— Құстардың экологиясы және өсімділігі мен өлім-жітім көрсеткішітері туралы сұрақтар бойынша анықтама жинау;
— Құстардың жекелеген түрлерінің санының өзгеруіне әсер ететін шектеуші факторларды анықтау;

Жұмыс әдістемесі.
Зерттеулер, зоологиялық қалыптасқан әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Құстарды есептеу 10-50-ден 500 м. жолақ аралығында өткізілді. Құстар негізгі экожүйелерін қамтыған мониторингтік және фауналық деректері жинастырылды, есеп жүргізу уақыты таң мезгілінде жүргізіледі. Есеп жүргізу журналына жабайы жануарлар мен құстардың кездескен орны, уақыты, биотобы және мінезқұлқы жазылады. Жинастырылған деректер Шарын МҰТП-нің фаунасының негізін жасау үшін есеп карточкаларына енгізілді (аннотациялық тізім). Кездескен құстардың мекендеу ортасы мен келіп- кету мерзімі тіркеледі.
Жыртқыш құстар басқа құстарға қарағанда мекендейтін жерлеріндегі топырақ-өсімдік жабындыларына тәуелді емес, жекелегін түрлері ғана, мысалы далалық ителгі көбею кезінде өсімдіктері бар биотопқа орналасады. Жоғарыда аталғандай, осы топ үшін басты фактор азық болып табылады. Жобалық аумақта мониторингтік түрлердің ықтимал мекендейтін орындары жемі мол учаскелер болады. Сонымен бірге ағаштары, әсіресе жоғарғы бөлігінің бастары кепкен биік ағаштардың болуы, ірі жыртқыш құстардың, әсіресе көбею кезінде, көпшілігін тартатын сөзсіз фактор болады. Тап осындай жерлерде мониторингтік түрлерін табу анағұрлым жеңіл.
Жұмыс нәтижесі
Құстар
Отр. Дегелектәрізділер – Ciconiiformes.
1. Үлкен әупілдек – Botaurus stellaris – Өзен-көл жағасын, қалың қамыс арасын мекендейді. Бақа, итшабақ, ұсақ балықтармен және су жәндіктерімен қоректенеді. 2–3 қоңырқай жұмыртқасын қамыс-қоға ішіндегі ұясына салады. Балапандары екі айлығында ұшады. Әупілдек жыл құсы. Шарын өзеннің төменгі ағысында сәуір айларында кездеседі.
2. Бақылдақ құтан – Nycticorax nycticorax — Су жиегіне жақын жүреді, топтасып ағашты ұялайды. 4-5 жұмыртқа салады. Тіршілігі кешқұрым, түнде басталады. Қорегі балық, бақа және омыртқасыздар. Сәуір айларында парк аумағының № 6 айналым Шарын өзен жағалауында кездеседі.
Отр. Қазтәрізділер – Anseriformes.
3. Сұр қаз – Anser anser — Едәуір ұзын мойынды, басы кішкене және аяғының ұзындығы қалыпты, ірі денелі сұр реңді қаз. Сұрғылт қоңыр қапталында ашық түсті көлденең жолақтары болады, төсінде және бауырының алдыңғы жағында қара теңбілдері бар. Тұмсығы сарғыш, тұмсық ұшы ақ, аяғы ашық қызыл. Наурыз айының басында парк аумағынан ұшып өтеді.
Отр. Сұңқартәрізділер – Falconiformes.
4. Аражегіш – Pernis apivorus — Сұңқартәрізділер отряды, қаршыға тұқымдасына жататын жыртқыш құс. Тұмсығы онша биік емес, танау тесігі саңылауланған және көлбеу орналасқан. Аражегіш қаршыға жыл құсы. Сәуір айының ортасында парк аумағынан кездеседі. Бірақ ұзақ қоныстанбайды.
5. Дала құладыны – Circus macrourus — Ұзын құйрықты және үшкір қанатты құладындар жерге жақын тышқан тәрізді кеміргіштер мен ұсақ құстармен қоректенеді. Атына қарамай, әдетте, ашық далада емес, ылғалды жерлерде — өзен алқабы немесе дала көлдерінің маңында мекендейді. Парк аумағының Шарын өзен сағасында сәуір айында кездеседі.
6. Бақалтақ қыран – Hieraaetus pennatus — Тұмсығының түбі көгілдір, имектелген ұшы қап-қара болады. Биік ағаштың басына ұя жасап, оған 1-2 жұмыртқа салады; Бақалтақ қыран ұсақ тышқандармен, құстармен қоректенеді. Шарын ерен тоғайында су жағалауларда сирек кездеседі.
Отр. Татреңтәрізділер – Charadriiformes.
7. Аққұйрық құмдауық – Calidris temminckii — Тауқұдірет тұқымдастарының дене мөлшері және реңі құмғақшаға өте ұқсас құс. Айырмашылығы қауырсындарында қызыл сары рең болмайды, аяғы ақшыл, құйрығының жиегі ақ. Темірлік, Шарын өзенінде кездеседі.
8. Қызылтөс құмдауық – Calidris ferruginea – Қаратөс құмдауыққа ұқсас, бірақ барлығына бауырының сарғылт қызыл түсімен ерекшеленеді. Ұшып жүргенде құйрықүстінің ақ түсті болуымен де ажыратылады, өйткені қаратөс құмдауыттың құйрықүсті қошқыл реңді. Парк аумағынан сәуір айының ортасында ұшып өтеді.
9. Қаратөс құмдауық – Calidris alpin – Тұмсығы едәуір ұзын, жіңішке, аздап имектеу. Жоны тот түстес шұбарланған қара қоңыр, томаға, бөтегесі және бауырының алдыңғы бөлігі — қара қоңыр. Парк аумағынан сәір айында ұшып өтеді.
10. Құмқұс – Calidris alba – Қаратөс құмдауықтың үлкендігіндей, алайда тұмсығы тегіс және аздап қысқалау келетін құс. Сәуір айынның ортасында парк аумағының ортасында ұшып өтеді.
11. Тұнбашы, балшықшы – Limicola falcinellus — Саз балшықта тіршілік ететін жәндіктермен, олардың личинкаларымен, құрттармен және суда болатын басқа да майда жануарлармен қоректенеді. Бұл көбінесе ағынсыз судың жиегінде жүреді. Сартоғай аймағының сазды батбақты жерлерде кездеседі.
12. Қарабас өгізшағала – Larus ichthyaetus* – Татреңтәрізділер отрядының шағалалар тұқымдасына жататын құс. Қарабас өгіз шағаланың негізгі қорегі балық, жәндіктер (қоңыздар, көкқасқа шегіртке), кесірткелер, кеміргіштер (сарышұнақтар мен құм тышқандары), Қарабас өгіз шағала жыл құсы. Ақпанның аяғы наурыздың басында ұшып келіп, тамыз қыркүйекте ұшып кетеді.
13. Өгізшағала – Larus cachinnans – Хохотунья — Негізгі қоректері шаян тәрізділер мен моллюскалар, сондай-ақ балықтармен, кеміргіштермен, жұмыртқалармен және құстардың шақа балапандарымен де қоректенеді. Ұясын қамыс пен шөптен салады . Өгіз шағала мамыр-маусым айларында келіп ұя сала бастайды. Шарын өзеннің төменгі ағысында кездеседі.
Отр. Кептертәрізділер – Columbiformes.
14. Үлкен түркептер – Streptopelia orientalis — Құйрығы едәуір ұзы, кәдімгі түркептерден денесі ірірек құс. Парк аумағының Бұғыты тау етегінде сәуір айының ортасында сирек кездеседі.
Отр. Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes.
15. Жасыл аражегіш немесе көк боздақ – Merops supercilios — Сарыалқым аражегіштен айырмашылығы: алқымында ашық сары және арқасында ашық қызғылт жолақтары жоқ. Түсі онша шұбар емес, дауысы да өзгешелеу. Жасыл аражегіш онша көп таралмаған. Шарын өзенінің сағасындағы жар ларға ұя салады.
Отр. Торғайтәрізділер – Passeriformes.
16. Кіші бозторғай – Calandrella cinerea* — Дала бозторғайына ұқсас, дене пішіні кішкентай. Кіші бозторғайдың құйрығы қысқа және қанатының астында ақ жолағы болмайды. Бұл шөлейттер мен тау бөктеріндегі аласа шөптерде мекендейді. Парк аумағының Бұғыты тау етектерінде кездеседі.
17. Үлкен тағанақ – Lanius exubitor — Таза сұр түсті, бауыры ақшылдау. Парк аумағының сексеуілді ормандарында қоныстанады. Наурыз айларының ортасында ұшып келіп жұмыртқалайды.
18. Қамыс айқабағы – Acrocephalus scirpaceus* — Торғайтәрізділер отряды, сандуғаш тұқымдасына жататын құс. Жапырақ, гүл шоғырларынан жасаған ұясын қамыс сабағының жуандау жеріне бекітеді. Парктің шөл және шөлейтті белдемдеріндегі қалың қамыс өскен қопаларда мекендейді (Сарытоғай аймағы). Бір жазда екі рет балапандайды.
19. Шырылдауық айқабақ – A.arundineceus* — Жалпы сандуғаш тұқымдас құстардың арасындағы, айқабақтардың ішіндегі ең ірі құс. Ұяны өрілгентостағанша себет түрінде қамыстың тік өскен 3-4 бұтақтарына бекітеді. Ұя әдетте суға жақын қопаға салынады. Шарын өзенінің жағалауларында кездеседі.
20. Кіші міңгірлек – Hippolais caligata* — Айтарлықтай көрікті емес, сарықасқа ұқсас кішкене құс. Кішкене міңгірлектің жоны сұрғылт-қоңыр, бауыры ақ. Парк аумағының сексеуілді және бұталы далаларында кездеседі.
21. Жасыл Сарықас – P.trochiloides — Жасыл сарықастың жоны жасылдау. Ұяларды жерге ағаш тамырларының астына, тастардың астына, мүктің қалың қабатына немесе қалың өскен шөп өркендеріне жасырып салады. Парк аумағынан ұшып кету тамызда басталып, қазанда аяқталады.
22. Сұр шыбыншы – Muscicapa striata* — Шыбыншылар тұқымдасының өкілі. Ұшып өтетін бунақденені күтіп, бұтақта еш ауытқымай қонақтауы соңынан әуелеп ұшуы және жемін аулап, бұрынғы орынға немесе көршілес орынға ұшып келуі өте ғажап. Сәір айларында ұшып келеді. Шарын ерен тоғайында кездеседі.
23. Шөл тасшыбжық – Oenanthe deserti* — Кәдімгі тасшыбжыққа ұқсас орташа денелі құс. Балапандарды ата-енелері ұяда 13- 14 күндей, олар ұшып кеткеннен кейін аптаға жуық қоректендіреді. Шарын МҰТП аумағында наурыздан қазанның ортасына дейін кездеседі.
24. Алабажақ сайрақ – Monticola saxatilis — Бұл тау құсы жартастардың шығар аузы ашық үлескілерімен кездесетін жартастарды ұнатады. Нағыз орманға жоламайды. Сәуірде айында ұшып келеді. Қыркүйекте ұшып кетеді. Бұғыт, Каньон, Темірлік аумақтарында кездеседі.
25. Кәдімгі қызылқұйрық – Phoenicorus phoenicorus* — Дене мөлшері бойынша да (10-17 г), реңі бойынша да қызылқұйрык, туыстастардың негізгі өкілі. Бұл біздегі қызылқұйрықтардың арасындағы жақсы сайрағыш құс. Сәуір айларында ұшып келеді. Сарытоғай, Темірлік аумақтарында кездеседі.
26. Таңшымшық – Erithacus rubecula* — Кішкене денелі қоңырқай зәйтүн түстес құс. Тамағы, жемсауы және төсі ашық ақшыл қызғылтсары; тек қана бауырының ортасы ақ. Таңшымшықтың әуені өзіне тән дірілдете құбылған өте үнді және әдемі болып келеді. Сәуір-Мамыр айларында парк аумағында кездеседі.
27. Кәдімгі Бұлбұл — Luscinia luscinia — Торғайтәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құстар. Бұлбұл жыл құсы. Сәуірдің аяғы мен мамырдың басында кездеседі. Бұлбұл жәндіктермен, өрмекшілермен, тұт ағашының жидегімен және өсімдік тұқымдарымен қоректенеді. Сарытоғай аумақтарында кездеседі.
28. Шетен сайрақ – Turdus pilaris — Бұл сыртқы кейпі және қылығы бойынша нағыз сайрақ типтес құс. Шақырысу дауысы «чак…чак…чак», үріккен кезде қатты шиқылдайды. Наурыз-Мамыр айларында парк аумағында кездеседі.
29. Сарыбас шөже. – Regulus regulus* — Бұл бозғылт реңді шөже басқа барлық түршелерден баяу дамуымен және төбесіндегі ашықтау реңкті сары жолағымен ерекшеленеді. Сәуір-Шілде айларында Шарын ерен тоғайында кездеседі.
30. Сары шымшық – Panurus biarmicus* — Сарышымшықтың түрлері өте көп. Бір жазда екі рет жұмыртқа басып шығарады. Құрт-қоңыздармен қөректенеді. Шарын ерен тоғайында, Темірлік шатқалдарында мекендейді.
31. Кәдімгі пайыз – Carduelis carduelis — Таушымшықтар тұқымдасының көрікті, есте қаларлық кескіні бар, баршаға танымал құс.. Бұл әдетте жылдың көп бөлігінде естіліп тұрады. Сарытоғай аумағында мекендейді.
32. Шоңайнақ – Acanthis cannabina – Құнақ тұқымдасына жататын сайрағыш құс. Жыл құсы. Наурыз айларында Сарытоғай аумағында қалың бұталар араларында кездеседі. Өсімдіктердің тұқымымен қоректенеді.
33. Кәдімгі құралай — Carpodacus erythinus — Таушымшықтар тұқымдасының Құралайлар тегінің биологиялық түрі. Шарын МҰТП аумағында Сәуір-Мамыр айларында кездеседі.
34. Кәдімгі сұлыкеш – Emberiza citrinella — Сарыторғайлар тұқымдасының көпшілікке көбірек таныс өкілі. Бұталары бар жапырақты ормандарда қоныстанады, әсіресе ашық алаң, ағашы кесілген және орман шетін ұнатады. Парк аумағында Сәуір-Мамыр айларында кездеседі.
35. Жартасшыл сұлыкеш – Emberiza buchanani — Жартасшыл сұлыкеш әсіресе қазақ ұсақшоқылары типтес қүрғақ климатта, аласа тауларда көп болады. Парк аумағында Сәуір-Шілде айларында Бұғыты, Каньон, Темірлік учаскілірінде кездеседі.
2017 жылғы анықталған құстар тізімі
Отряд, түрі Келіп –кету мерзімі
Ұялайтын Ұшып- өтетін Қыстай тын Кездесетін орны
1 2 3 4
Отр. Дегелектәрізділер – Ciconiiformes
1. Үлкен әупілдек – Botaurus stellaris IV- VП IV, IX Ерен тоғайы, Шарын өзені
2. Бақылдақ құтан – Nycticorax nycticorax 1V-VII IV, IX Ерен тоғайы, Шарын өзені
Отр. Қазтәрізділер – Anseriformes
3. Сұр қаз – Anser anser III- VП III, X-XI Ерен тоғайы, Шарын, Темірлік өзендері
Отр. Сұңқартәрізділер – Falconiformes
4. Аражегіш – Pernis apivorus IV, IX Үлкен Бұғыты тауы, Ақшоқы, Қызыл ауыз аймағы
5. Дала құладыны – Circus macrourus IV, IX Үлкен Бұғыты тауы
6. Бақалтақ қыран – Hieraaetus pennatus IV, IX-X Үлкен Бұғыты тауы, Каньон
Отр. Татреңтәрізділер – Charadriiformes
7. Аққұйрық құмдауық – Calidris temminckii IV, IX Шарын, Темірлік өзендері
8. Қызылтөс құмдауық – Calidris ferruginea IV, IX Шарын өзені
9. Қаратөс құмдауық – Calidris alpina IV, IX-X Шарын өзені
10. Құмқұс – Calidris alba IV, IX-X Шарын өзеннің төменгі ағысы
11. Тұнбашы, балшықшы – Limicola falcinellus IV, IX Шарын өзені
12. Қарабас өгізшағала – Larus ichthyaetus* III, IX-X Шарын өзені
13. Өгізшағала – Larus cachinnans III, IX-X Шарын өзені
Отр. Кептертәрізділер – Columbiformes
14. Үлкен түркептер – Streptopelia orientalis IV, IX Ерен тоғайы
Отр. Көкқарғатәрізділер – Coraciiformes
15. Жасыл аражегіш немесе көк боздақ – Merops superciliosus IV- VП IV, IX Барлық жерде
Отр. Торғайтәрізділер – Passeriformes
16. Кіші бозторғай – Calandrella cinerea* IV- VП IV, IX-X Темірлік аймағында
17. Үлкен тағанақ – Lanius exubitor IV- VП III, X-XI Үлкен Бұғыты тауы
18. Қамыс айқабағы – Acrocephalus scirpaceus* IV- VП IV, IX Шарын өзен сағасында
19.Шырылдауық айқабақ –A.arundineceus* IV- VП IV, IX Шарын өзен сағасында
20. Кіші міңгірлек –Hippolais caligata* IV- VП IV, IX Ерен тоғайы
21. Жасыл Сарықас – P.trochiloides IV, IX Ясеневая роща
22. Сұр шыбыншы – Muscicapa striata* IV- VП IV, IX Ерен тоғайы
23. Шөл тасшыбжық – Oenanthe deserti* IV- VП IV, X Жазық далалы аймақтарда
24. Алабажақ сайрақ – Monticola saxatilis IV, X Жазық далалы аймақтарда
25. Кәдімгі қызылқұйрық – Phoenicorus phoenicorus* IV- VП IV, IX-X Ерен тоғайы
26. Таңшымшық – Erithacus rubecula* IV, X Ерен тоғайы, Темірлік
27. Кәдімгі Бұлбұл – Luscinia luscinia IV- VП Ерен тоғайы, Темірлік
28. Шетен сайрақ – Turdus pilaris III, X Ерен тоғайы
29. Сарыбас шөже. – Regulus regulus* IV, IX Темірлік
30. Сары шымшық – Panurus biarmicus* IV- VП XI-III Шарын өзен сағасында
31. Кәдімгі пайыз – Carduelis carduelis IV, X XI-III Ерен тоғайы
32. Шоңайнақ – Acanthis cannabina IV, X Ерен тоғайы
33. Кәдімгі құралай – Carpodacus erythinus IV- VП IV, IX Бұталы аймақтарда
34. Кәдімгі сұлыкеш – Emberiza citrinella IV, X Ерен тоғайы
35. Жартасшыл сұлыкеш – Emberiza buchanani IV- VП Үлкен Бұғыты тауы
Ескерту: I-XII – айлар; *- ҚР қызыл кітабына енгізілген түрлер

Қолданылған әдебиеттер
1. Белялов О.В. О гнездовании степного луня в Алматинской области//Каз. Орнитол. Бюлл. 2003. Аматы, 2004. С.165.
2. Березовиков Н.Н. Беркут. Алма-Ата. 1986. 111 с.
3. Брагин Е.А. Краткие сообщения о могильнике. Редкие животные Казахстана. Алма-Ата, 1986. С. 133.
4. Грачев В.А., Березовиков Н.Н. Из истории истребления хищных птиц в Казахстане в 1940-1960 гг.//Укр. Орнитол. Журн. «Беркут», 2000, т.9, вып. 1-2. С.111-115.
5. Гисцов А.П., Байжанов М.Х., Ахметов Е.М. Орнитофауна поймы реки Иле и сопредельных территорий//Труды Чарынского ГНПП. Том 1. Алматы: Нур-Принт, 2013. С. 11-35.
6. Ковшарь А.Ф. Птицы Таласского Алатау. Алма-Ата, 1966. 437 с.
7. Красная книга Казахстана. Изд. 2-е. Т.1. Животные. Часть 1. Позвоночные. Алматы, «Конжик». 1996. 327 с.
8. Птицы Казахстана. (в 5-ти томах). Алма-Ата, 1960-1974.