Рухани байлықты талап ететін мамандық

Психология
Бердібаева Света Қыдырбекқызы, Рухани байлықты талап ететін мамандық

Мақала авторы: Бердібаева Света Қыдырбекқызы
Жұмыс орны: Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті «Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы»  кафедрасының профессоры
Лауазымы: Психология ғылымының докторы
Порталға жариялану мерзімі: 19.11.2018


        Психолог мамандығы-қазіргі замандағы маңызды мамандықтардың бірі. Адамзат болашақ өркендеуінің осы мамандықтың күш-жігеріне тәуелді. Бүгінгі таңда «психология» мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология мамандығының беделінің күннен күнге артуына-болашақ психолог мамандар өз білімдері мен біліктерін қолдана алатын салалардың күннен күнге артып, кеңейе түсуі әсер етсе керек. Болашақ психолог бүгінгі күні адам өмірінің барлық саласына қатысты өндірістер мен кәсіп орындарда қызмет етеді. Яғни, балалар бақшасынан бастап, аса ірі коммерциялық ұйымдарға дейін жұмыс істей алады. Бұл жерде психологияның ғылым екендігін және оның айтарлықтай жас ғылым екендігін айта кету қажет. Психологияның зерттеу пәні — адам психикасы екендігін ескерсек, психология әрдайым және әрқашан қызығушылық тудыратын мамандық екеніне еш күмән тудыра алмаймыз. Сондықтан да психология мамандығының болашағы зор екенін бүгінгі уақыттың талап-тілегінен туындап отыр. Қай заманда да сұранысқа ие және сұраныстан шығатын мамандық болған және бола бермек.
Сондықтан келер ұрпақты біліммен сусындандырып әлемдік деңгейдегі бәсекелестікке лайықты оқыту мен тәрбиелеу психолог мамандардың алдында тұрған негізгі мақсат. Демек  жоғары оқу орындарында болашақ психолог мамандарды дайындау күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселелердің бірі. Осыған орай болашақ ұстаздарды дайындаудың өзі кәсіби білім берудің міндеттер жүйесін қарастыруды талап етеді.

            Сонымен қатар тұлға ретінде заманауи әлем­дік озық үлгілеріне ілесіп және уақыт талаптарына сай жаңғыруына психология саласына да келелі міндеттер жүктейді. Бұл елімізде психолог пәні мен ғылымын ке­ңінен дамытудың өзектілігін алға тартады. Осыған орай психология пәні орта арнаулы жә­не жо­ғары оқу орындарының бағдарламаларына енгізілді. Қашанда жаңаны бастау, бір­ден қалыптастыру қиын. Дүниетанымдық бағдар­лардың алмасып, еліміз өт­пелі кезеңнің қызығы мен шы­жығын бастан кешіп жатқан тұс­та оқу орындарында қоғамдық пәндерді жүргізетін қарапайым оқытушылардың айқын бағыттан айы­рылып, біраз абдырап қалғаны рас. Бар ауыртпалық, бір жағы­нан нарықтың қыспағына ұшы­раса да, қалаған кәсібін жал­ғастырған оқытушыларға түсті. Психологияның ғылыми негізін жасау қажеттілігі қатты сезілді. Осы кездері кейбір отандық қоғамтанушы ғалымдар бұл мұқтаж­дықты өтеуді өз қолдарына алды.

            Тәуелсіздіктің рухы асқақтаған сайын ұлттық идеяның субьектілері  ұлттық бірегейліктің қайта жаңғыруына, қайта түлеуіне және өрістей түсуіне үлес қосуды өзіндік парызына айналдырып келеді. Қоғамымыздың ұлтжанды зиялы қауымы осы қызметте іргелі жауапкершіліктерін терең түйсініп, өзіндік таланты мен ғылыми шығармашылықтарын арнап келеді. Бұл үдеріс қазақ қоғамының тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани саласының әрбір сәттерінен де көрініс тауып отыр. Оның ішінде, білім беру мен ғылым саласының атқарар міндеттері заман талабына сай келетін үлкен жауапкершіліктер артуымен шартталады. Осы орайда, қоғамдық-гуманитарлық білімдердің атқарар міндеті орасан.

            Ал психология ғылымы тарихтың дамуына, әлеуметтік прогрестің жетілу барысына тікелей жауапты бола алмаса да, өз бетінше дүниеауи жалпы бағдарлар беруге тағайындалғандығы күмәнсіз. Бұл әрбір қоғамның даму келбеті мен үдерістеріне сәйкес, психолог-ғалымдарға үнемі-үздіксіз жаңа міндеттер жүктейді. Ендеше, біздің еліміздің зиялы қауымдарының баршасы секілді педагог ғалымдарда «ғалымдық жауапкершіліктен» тыс бола алмайды.  Осы жауапкершілікті басқа да ұлтжанды, терең парасатты ғалымдардың топтасқан, бас қосқан ордасы  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өзінің қайталанбас ерекшелігі мен кәсіби мәртебесін бекемдей түскен, барлық жағынан заман ағымына ілесуге талпынатын, ғылыми дәрежеде негіздейтін, біліктілігі өте жоғары мамандар дайындайтын ғылыми орта, психология ғылымдарының докторы, профессор Мадалиева Забира Бекешқызы басқаратын «Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы» кафедрасы болып табылады.

            «Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы»  кафедрасы кафедрасы сапалы білім берумен қатар, өзіңді-өзің дамытуға және өз идея­ла­рың­ды іске асыруға мүмкіндік береді. Оқу ор­­­нында ғы­лыми әрекетпен айналысу жағ­да­йы­мен қатар, шығармашылық атмосфера анық байқалады. Оқы­тушылар мен білім алу­шы­лардың қарым-қатынасы барысында өзіңнің бой түзеп, заманауи қоғамға сай өкілі болып қалыптасып жатқаныңды байқайсың. Өйткені біздің кафедра докторанттарға ғана емес, сонымен қатар студенттер мен магис­трант­­тарға да кафедра өмірімен тығыз бай­ла­ныс­ты қам­та­ма­сыз етеді. Мәселен, мем­ле­кет­тік грант ұтыс­тары бойынша жүр­гі­зіліп жат­­­қан жобаларға, мемлекеттік бағ­­дарламалар аясындағы іс-шара­ларға, халықаралық кон­фе­­­­ренциялар мен байқауларға қатысу мүм­кін­дігі барлығына бірдей. Оқытушылар ғы­лыми кеңес пен рухани қолдау көр­сетуге әрқашан дайын.

           Қазіргі таңда «Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы»  кафедрасы – заманауи жоғары сұраныстар мен қызығушылық ие, еліміздің тәуелсіздігімен қатар жаңа ғасыр мамандықтары болып табылады.  Бұл мамандықтардың білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына сай негізделген.

           Кафедра жұмыс жасап келе жатқан уақыттан бері білім беру мен қоғамның басқа салаларында жоғары кәсіби деңгейдегі мамандар даярлап, бүгінде біздің түлектеріміз еліміздің әр түрлі түкпірлері мен шет елдерде жұмыс жасап жүр. Ұжым жоғары ғылыми әлеуетке, жауапкершілікке ие, өзінің кәсіби мамандығы мен универистетіне адал еңбек етуде. Кафедраның білім беру бағдарламаларының дамуындағы атаулы жетістіктерімен және университеттің академиялық саясатына белсенді қатысуынан бүгінде мынандай түйін жасауға болады: еңбек нарығында сұранысқа ие ғылыми –педагогикалық кадрлар мен жоғары білікті мамандар даярлауда білім беру мен ғылыми және қоғамдық орталық болып табылады.

          Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби бабамыз айтқандай, «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған  нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсені ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі мейлінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген ұлағатты жадында сақтай алған, адам ғұмырын көк тіреген еңсесі көз арбаған алып тауларға теңейтін болсақ, бар ғұмырларын осы ғылымға арнаған ардақты профессорлық оқытушылық құрамы табысты жұмыс атқаруда.

           Сонымен қорытындылай келе психология ғылымына деген қызығушылық аталмыш ғылым саласының елі­­­­мізде жедел қарқынмен дамып, осы уақытқа дейін әртүрлі бағыттағы бірқатар мектептердің қалыптасып үлгеруіне әкелді. Кафедра ұжымы жоғары мектеп алдына қойылып отырған заманауи талаптарға сәйкес жоғары білікті, жаңаша көзқараспен жұмыс жасауға бейім жас кадрлармен толығуда. Қазақстанда психология ғылымының мектептері мен бағыттарының қалыптасу үдерісіне үлес қосып, шығармашылық шабыт пен ғылыми жасампаздықтың, белсенділік пен қажымас қайраттың үлгісін көрсетіп жүрген ғалымдарды психология ғылымының майталмандары деуімізге болады.