Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Қазақ тілі және әдебиеті
Тілеубекқызы Әсемгүл, Қазақ тілі сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту

Мақала авторы: Тілеубекқызы Әсемгүл
Жұмыс орны: "Риддер қаласы № 17 Орта мектебі"КММ
Лауазымы: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 27.02.2018


«Қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамыту жолдары.» 

Ұрпақ тәрбиесі – ұлы іс. Қай зманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұраттың ең бастысы – өзінің ісін өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – келешек қоғам тәрбиесі. Сол болашақтың иелерін жан- жақты жетілген , ақыл-парасаты мол, ғылыми- мәдени өрісі озық етіп тәрбиелеу -ата-ана мен ұстаздардың қоғам алдындағы борышы.  Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы деп Әл – Фараби бабамыз айтқандай балаға тәрбие беруіміз керек .Қазіргі оқушы жан-жақты, рухани бай тәрбиелі болуы тиіс.Баланың тәрбиесі , адамгершілік қасиеті болмаса құрғақ біліммен одан жеке тұлға қалыптаспайды. 

Мақсаты:
— қазақ тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзырдың  қалыптасуының ең тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау;

— оқушылардың тілдік қатынастағы білім қорын өмірде қолдануына қажетті тілдік құзіреттілікті қалыптастыру.

Мақсаттың жүзеге асуы үшін келесі міндеттерді анықтадым:
— Ауызша және жазбаша қарым – қатынасын қалыптастыру;
— Сөйлеу дағдыларын дұрыс меңгерту ;
— Жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру;

             Құзыреттілік дегеніміз — тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік күш-жігердің болуы.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) – қажетті  тілдерді, қоршаған адамдармен және оқиғалармен әрекеттестікте болу тәсілдерін білуді, топта жұмыс жасау дағдыларын, ұжымдағы әр түрлі әлеуметтік рөлдерді  меңгеруді қамтиды.

Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері:

  • Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
  • Диалог (оқушы мен оқушы)
  • Ауызша қарым – қатынас (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
  • Жазбаша қарым – қатынас (тақырыпқа байланысты мәтінмен, суретпен жұмыс)

Бұл  жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы  болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім  мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың

  • — Қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға
  • — Сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге
  • — жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге  болады.

Өз іс-тәжірибемде коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан оқушы екінші адаммен, сыныптасымен белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетініне көз жеткізіп жүрмін.

Мерсер сыныпта талқылаудағы дәлелдің үш түрін көрсетеді:

1.Пікірталастық әңгіме;                   2.Топтық әңгіме;              3.Зерттеушілік әңгіме.

Өз іс — тәжірибемде жоғарыдағы үш түрлі диалогтың екіншісі қолайлы деп шештім.    Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады,олар жұптық, топтық, ұжымдық. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап,рөлдік,тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.

1.Сұрақ — жауап әдісі — қазақ тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Мысалы бастауыш сыныптарда «Апта күндері»  тақырыбын  қайталату үшін мен «Апта күндері» атты сөздік  жаттығуын қолданамын.

Мақсаты:дедукцияны, емін-еркін сөйлесуды жұмыспен біржолата өтеу, зейін және логикалық ойларын дамыту.

Дүйсенбіде доп ойнадық далада

Сейсенбіде серуен құрдық қалада

Сәрсенбіде сурет салдық сәнді етіп

Бейсенбіде би биледік әндетіп

Жұма күні жидек тердік қыратта

Сенбі күні кино көрдік клубта

Жексенбіде бір жиналып дем алдық

Осылайша өте шықты бір апта.

Жаттығу барысы:                                                    

 

  1. Жаңа  сөздермен жұмыс.
  2. Таныс сөздермен жұмыс.
  3. Оқушы өлеңді мәнерлеп оқиды.
  4. Сұрақтарды қою:

Дүйсенбіде доп ойнадық қайда?

— Сейсенбіде не құрдық қалада?

— Сәрсенбіде не салдық сәнді етіп?

— Бейсенбіде би биледік пе әндетіп?

— Жұма күні жидек тердік қайда?

— Сенбі күні  не істедік клубта?

— Жексенбіде бір жиналып не істедік?

— Осылайша өте шықты неше апта?

2.Рөлдік ойындар — сабақ үдерісін жандандырып,тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып,тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап,өзін еркін сезінуі қажет. Сабақтарымда оқушыларға рөлдік ойын тапсырмаларын дайындаймын.Тақырыпқа сай рөлдік ойынға тура келетіндей басқа оқулықтардан тапсырмалар қосымша іздестіремін. Сол тапсырмаларды оқушыларға орындатамын. Мысалы,8-сыныпта «Дабыл қағылды» тақырыбын өткенде  оқушыларға жағдаят берілді жер сілкінісі болған жағдайда не істеу керектігі туралы оқушылар рөлдерге бөлініп, орындау керек болды. Мұнда мені таңқалдырған нәрсе, оқушылар топ болып мәтінді оқып, оны  талқылап,топ басшысы оларды рөлге дайындап сонымен бірге сыни тұрғыда ойлай отырып  ондағы образдарды сәтті орындап шыққандары.

Құзыреттілікті  қалыптастыруға  бағытталған  тапсырмалар.Сөз болып отырған әдіске қатысты негізгі идея, басты өзек – қатысым болып табылады.Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.

Орыс тілді мектептегі қазақ тілі пәнінің мақсаты оқушылардың қарым-қатынас біліктілігін, яғни тілдік және танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандартында көрсетілген.Осыған байланысты менің міндетім – мәдениетті түрде білімімен, іскерлігімен қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде мәртебесін көтеру, осы мақсатқа жететіндей тиімді жол арқылы жүзеге асыру.

«Диалог-ертегі» ойыны.   «Сұрақ-жауапқа құрылған хат». «Композиция» ойыны

«Сөйлеу минуты» ойынымен бастауға болады. Ойын мақсаты – балаларға үйде не істегенін ауызша диалог түрінде айтқызып, әңгімелеп беруге үйрету. Ойын сұрақ-жауап түрінде өтеді.

«Сиқырлы қалта» ойынын өткізуге болады. «Сиқырлы қалтаның» ішіне мамандық иелері бейнеленген кесте-суреттер салынады. Тақтаға шыққан оқушы өзі жақсы көретін мамандығы бейнеленген суретті таңдап алады. Ойынға қатысушы оқушылар «Бұл кім? Не істейді?» – деген сұраққа жауап береді. Бұл ойын «Мамандық» тақырыбын өткеннен кейін, меңгерген материалды бекіту, қайталау, тексеру сабағында өткізіледі.

«Лимерик» ойыны. Ол ойынды ойлап тапқан – Эдвард Лир деген ағылшын. Ойының шарты: белгілі бір құрылысқа бағынатын сайқымазақ, күлдіргі өлең шығару. Ол құрылыс – бойынша өлең бес тармақтан тұруы шарт. Сонымен бірге әр тармақтың мазмұнына сілтеме беріледі. Айталық, бірінші тармақ – кейіпкер, екінші тармақ – кейіпкерге мінездеме, үшінші, төртінші тармақта – қимыл — әрекет, оқиға, бесінші – оқиғаның салдары немесе автордың сол кейіпкердің іс-әрекетіне бағасы.Диалог құруға үйретудің тағы бір сатысы, өнімді (продуктивті) сатыда болады.

Қорыта келгенде өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйретуде коммуникативтік құзіреттілікті қалыптастыру — заман талабы. Сондықтан оқушыларымыз жаңа заман талабына сай білімді, жан-жақты, қазақ тілінде өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, мәдениетті, өмірге икемделген тұлға болуы үшін оның бойында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту ұстаздың қолында.