Педагогика
Қобдабай Қабдыразақұлы, Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Қазақ педагогикасындағы танымдық түйткілдер

Мақала авторы: Қобдабай Қабдыразақұлы
Жұмыс орны: зейнеткер мұғалім
Лауазымы: зейнеткер
Порталға жариялану мерзімі: 15.12.2017


Бүгінгі Қазақ педогогикасы, ірі төрт саладан тұратын іргелі ғылымға айналды.Олар:Әулеттік мектеп педагогикасы,әлеуметтік педагогика және ілімдік педагогика,материалистік пелагогика.Қазақ мектебінің басы– Ана мектебі. Оның тарихы тым тереңде жатыр.Ол даму тарихында Дана мектебі дәрежесіне жеткен.Қазақтың жеке ел болып,еңсе көтерген сол бір дәуірде,текті ата әулеттерінде Қарашаңырақ мектебі орнаған. Әулет,ауыл, ру,тайпа аумағында ақсақалдар мектебі ерте дәуірде қалыптасқан. Бұлар тіршіліктің бар саласында,өмірдің әр белесіне етене араласып, әже-ата,әке-шеше, жезде -женге мектебі аталып, қазақ қоғамында ауқымды педагогикалық іс-әрекет жүргізді, жас ұрпақты өмірге дайындады,үлгі-өнеге ұқтырды.Оларды жалпысынан Әулет мектебі деп атадық Әулет мектебінде-білім беру, тәрбиелеу ісі әдетте, отбасылық тәрбие делініп келгені белгілі.Қазақтың ұрпақ тәрбиелеу үлгі өнегесі бір ғана отбасының міндеті болған жоқ және тек бір ғана отбасы шеңберінде жүзеге асқан жоқ. Шындығында,ол іс-әрекет оқшауланған бір ғана отбасылы- педагогикалық процесс те емес.Баланың тәрбиесі мен оның үлгі-өнеге игеруіне тек әке-шеше ғана емес,ағайын кез-келген туыс,ауыл-аймақ,көрші қолаң,алыс-жақын бәрі де жауапты болған. Танысын- танымасын ересек қазақ, баланың оғаш қимыл әрекетіне, құлық-мінезіне ескертпе жасап, тиым қоюға міндетті болған.Дәлірек айтқанда,әрбір ересек адам,ақсақал қария, ақын-жырау,сері-сал,жүргінші-жолаушы,түсел-мейман, ел кезген диуана, керек десеңіз,дала кезген жат жұрттық жиһангер бәрі-бәрі әулет мектебіне қатысып, ұстаздық етуге тиіс болған. Сонымен қатар әулет мектебі тек жастарға тәлім-тәрбие,білім беру үшін құрылған жоқ.жасамыстар да,қарттар да бұл мектепке әрі ұстаз,әрі шәкірт болған.Қазақта үзіліссіз білім беру, тәрбиелеу ісі,осылай,әулет мектебі арқылы жүзеге асқан.Әулет мектебі; ата-әже,әке-шеше,жеңге-жезде деген сияқты отбасылық білім беру,тәрбилік үлгі-өнеге қөрсету үшін тармақтала отырып дамыды.Ол-балалар ойын- сауығын (ұлттық жалпы ойынды),ұлттық еңбек мейрамдарын,сайыс-додалар мен ғұрып салттарын қамти отырып,қазаққа өнер-білім беріп, ұлттық ой-санасын орнықтыратын,кісілік келбетін айшықтайтын педагогикалық құралдар жүйесін тағайындап өмірге келтірген,керектеніп пайдаланған.Ал,қазақтың педагогикалық ілімі,қазақ философиясымен бірге қалыптасып,біте қайнасқан.Дәлірек айтқанда,. қазақ педагогикасы қазақтың даналық ой-пікірлерімен, адамтану білімімен,дүниетанымдық,наным-сеінімімен, әдептік үлгі-өнегесімен тікелей байланысты дамып,бүгінгі педагогикаға ұласты.Анығында,қазақ педагогикасы-аталған төрт тұғырдың өзара байланысы мен заңдылықтарына сүйене отырып дамып жетілді. Қазақ педагогикасы–оқыту және тәрбиелеу ісінде шәкірт пен ұстаз алдына айқын мұрат-мақсат жүктеген; үнемі басшылыққа алатын,тұрақты да, терең қағидаларға сүйенген;айқын жолы мен амал-айласы бар, жүйелі ,қалыптасқан;ұлық ұстаздардың әр дәуірде ойлап тапқан ілімдеріне негізделген;- сүбелі дүниетаным,ұлтанды мәдениет.Оны ғылыми тұрғыдан пайымидап,теориялық тұрғыдан саралайтын,оның құрамдас бөліктері мен ұғымдар арасындағы байланысты, заңдылықтарды ашып көрсететін педагогикалық ғылымның бір тармағын (Г.Н.Волков үлгісімен) Этнопедагогика деседі.(Біз бұл атауды қабылдауға құлықты емеспіз.Себебі қазақтың тәрбиелеу ілімі-өзі ғылыми педагогика) Талай ғасыр талқысынан сүрінбей өтіп,бізге жеткен, қызылшаха жәндікті салып жібергенде, «өңдеп», «кісі» етіп «өндіріп» беретін Тәңір сыйлаған,ерекше құрылымы бар-«Электрондық–тәрбиелік қазақ машинасы»- ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісі. Ұлттық тәрбие үрдісінің ерекше қасиеті-өткенді талдап,кәзіргіні анықтап,болашақты болжауға мүмкіндік беретін,табанға тірек,барша ұстазға бағыт-бағдар болатын шамшырақ болуында.Ұлт өкілін қалыптастыратын қазақ үрдісіне тап болған,қандайда болсын жеке адам,егер, ол;әжептәуір басқа ұлт өкілі болуға төселген болса да,тіптен сезім мүшелерінде қандай бір кемістік болса да,тіптен дүние танымы, наным-сенімі өзгешелеу болса да, белгілі уақытта қазақ ұлт өкілі болып,қайта қалыптаса алады.Тек кейбір жағдайларда; ұлттық тілді меңгермеген, ойлау жүйесіне басқаның әсері тиген адамның ұлт өкілі болып қалыптасуы аздап кешігетіні болмаса бәрі –бір түбінде оңалады. Осы ұлағатты мұраның пайдаға асып,бағы жанған ордасы-қазақтың әулеттік мектебі-Ана мен Дана мектебі болатын. Қазақ педагогикасының туып қалыптасып,дамып жетілген, өсіп өркендеген бесігі де әулеттік мектеп еді.Ол мектептің басы-Ана мектебі-күні бүгінгі дейін жалғасын тауып, қызметін атқарып келеді.Біз осы мектепте ұстанған тәлім-тәрбиелік,білім беру ісінің негізін, бағытын,қағида мұратын тағайындаған педагогикалық ілімді-әулеттік мектеп педагоги-касы деп отырмыз.Екінші жағынан қазақ педагогикасы-әулеттік мектеп педагогикасы мен Ұлы Дала ұстаздарының ілімдік дүниетанымына негізделіп қалыптаса тұрып,халық педагогикасы,этнопедагогика ұғымдарына сіңісіп, өзінің түп тамырлық мағынасынан айырылып барады.Қазақта топтық, таптық,бектік немесе байларға, кедейлерге(касталық) тәрбие деген айырма болмаған.Қай-қайсысы да Ана мектебінен оқып білім алған, өнеге үйреніп тәрбие көрген. “Этнопедагогика-халықтың жас ұрпақты тәрбиелеу тәжiрибесi туралы , олардың педагогикалық көзқарастары туралы ғылым. Халық педагогикасы-халықтық ауыз әдебиетiнде, салт-дәстүрлерiнде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетiн педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжiрибесiнiң жиынтығы. Этникалық педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мiнездегi ерекшелiктердi зерттейдi. Онда-халыққа қажеттi қасиеттердi қалыптастыру үшiн пайдаланылатын педагогикалық мақсаттың, мiндеттердiң, әдiс-құралдардың, тәсiлдердiң жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады ” дей келе, оның зерттеу тақырыбы — тәрбие, ал тәрбие объектiсi — адам, тұлға”,— дейдi Г.Н.Волков Бізде жазылған,жүзге тарта оқулықтар мен оқыту кешендік құралдар,құрылған бағдармалар,пәндік –әдістемелік нұсқаулар, түсініктемелерде Г.Н.Волковтың осы анықтамасы ашық та айқын көрсетілген,барлығы оны негіз еткен.Ал, осылардың кез-келгенін алып,ашып көрсеңіз,ең алдымен,қазақ халқының жас ұрпақты тәрбиелеу тәжірибесі, ұлттық мінезді қалыптастыру үшін пайдалан-атын педагогикалық мақсаттың,міндеттердің,әдіс-құралдардың,тәсілдердің жиын-тығы мен олардың өзара байланысын таба алумыз тиісті бола тұра,оларды таппаймыз. Ал,бірер тұлғалардың. бірер Ұлық ұстадар мен ғұламалалардың,тәрбие хәкімдердің педагоги-калық ой-пікірлері айтылғанымен,оларды материалистік педагогика тұрғысынан талданған-дықтан,шынайы танылмай тайқып шыға келеді.Айталық,Дана Абайдың басындағы тақиясын алып шляпа кигізіп,кеудешесін шешіп,кастюм кигізгендіктен бір де А.С.Пушкинге,бір де И.Гёте екен деп қаламыз, нақтылы атеист педагог болып кеткенін көреміз.Солай бола тұра, бұлар неліктен Этнопедагогика аталған?!Атына заты сәйкеспеуі қалай? Алғашқы «Қазақ этнопедагогика» оқулығы(Ә.Табылдиев Қазақ этнопедагогикасы Алматы.2001.) былай баста-лады:«Этнопедагогика-белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық,тәрбиелік,мәдени мұрасы.(Міне, ғылым мәдени мұра бола қалады.) Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім –тәрбиенің жазу мәдениетіндегі көрінісі»(3-б.)Түсінуге тым қиындық туғызатын екінші сөйлемдегі ашық ой: «Этнопедагогика екі саладан тұрады:халықтың ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерінен құралған…»дығы.(Ол екеуін зерттейтін де,қарастыратын да сүбелі ғылымдар бар еді ғой!)
«Қазақ этнопедагогикасының негізгі саласы-халық педагогикасында өрнекті ұғым-әдеп.» (5-сөйлем,сонда,)Осылай бұл ғылым саласы ептеп кеңейгенімен,атауын алған педагогиканың анықтамасына қауышпай фольклортану,этнография, этика ғылымдарының сүрлеуімен біраз дүниенің «тәрбиелік мәніне» талдау жасап,соңында,қазақ ғұрып салтынан бірнешеуді мектеп сахнасына шығарып аяқтайды.Осы «екі саладан тұрады» деген пікір,2001 жылдан кейін жазылған этнопедагогикалық еңбектердің,жасалған бағдармалар мен әдістемелік кешендердің көбісінде кезігеді. «…халық педагогикасының ауқымы,арман-мақсаты,талап тілегі нақты,жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған-ды.Сондықтан,этнопедагогикада қарастырылатын тәлім-тәрбиелік мәселелелрдің бәрі бірдей біздің кәдемізге жарай бермейді,өйткені оның озығы мен қоса тозығы да жиі кездеседі.» (Қ. Жарықбаев. Этнопсихология-ұлт тәрбиесінің өзегі.А.,2005. 5-б.) Этнопедагогика ғылым екені рас болса,оның зерттеулерінің ешбір зияны жоқ,толығымен кәдеге жарайтыны белгілі.Оның зерттеу обьектісі-халық педагогикасы «…талап-тілегі нақты жинақы,белгілі көзқарасқа сай құрылған болса мұндай күдік қайдан,қалай туындаған?Осы күдікті пікірдің жалғасы ретінде әулеттік педагогика мен әлеуметтік педагогиканың құралдары мен амал-тәсілдерін қайта қарап,оларды, «ғылымиландырып» керектену керек деген бағытты уағыздаушылар да бар. «Халықтық педагогика ғылымиландырмаса,бүгінгі педагогикалық айналымға өте алмайды,Ғылыми айналымда болмаса,оку-тәрбие үдерісіне өтпейді.Себебі бүгінде баланы бұрынғыдай отбасында ғана тәрбиелей алмайсыз,тәрбиелейтін,әлеуметтендіретін арнайы мекемелелердің әлеуметтік қызметіне жүгінеміз.»(Сараш Қоңырбаева. Ғылыми тұрғысынан саралау заман талабы.. .Дарабоз.№7.100-б,) Материалистік педагогика өмірімізге еңгенге дейінгі бұл ғалымның ата-бабасы,арғы тегі көргенсіз, тәрбиесіз,тексіз болған ба?Әулеттік педагогиканы,ілімдік педагогиканы немесе әлеуметтік педагогиканы ғылыми педагогикаға санамағаны ма?Ал,осы үшеуін біріктіріп,ұлттық педагогика атап жүргендер бар.Біз,әрине бұл пікірді қолдаймыз Оның үстіне советтік дәуірде өмірге келіп,қауымдық тәлім-тәрбие,оқу білім беру үрдісінде ғылыми негіз ретінде танылған,кәзір де салтанат құрып тұрған материалдистік педагогика да Қазақ Педагогикасының кең салалы құрамдас бөлігі.Бұл педагогиканы қалыптастыруда Қазақстанның дарынды көптеген ғалымдары еңбек сіңіргені белгілі.Осы төртеуінің жиынтығын ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАСЫ деп жүрміз.
«Этнопедагогиканың мақсаты-халықтық салт дәстүрді,өнерді дәріптейтін, отанын, елін,жерін сүйетін,жан-жақты жетілген,саналы намысқор,патриот азамат тәрбиелеу» (С.Қалиұлы.Қазақ этнопедагогикасының теориялық негідері мен тарихы А.,2003.4-б,)Ол—тәрбие ісімен айналысатын ұйым ,мекеме ме,әлде қауым ба?Бүгінгі таңда теориялық педагогиканың саласы жиырмаға таяды.Олар алдарына тәрбиелеу мақсатын қойса,зерттеу міндетін кім жүзеге асырмақ?Бұл пікірдің өрістеуі «этнопедагогика мен халық педагогикасы туралы жазылған»,оқулықтар,оны әр сатыдағы мектепте ұлттық педагогиканы оқыту кешендері,өмірде жүзеге асыру бағдармалары,әдістемелелік кеңестер әжептәуір дайындалған.Тәрбиелеу міндетін олар атқара алатын әлеует оларда бар болса мүмкіндік туған.Алайда қандайда педагогикалық ғылымда болуға тиісті зерттеу пәні,зерттеу әдісі,тәрбиелік мақсат-мүддесі,мұраты,ұстануға тиісті қағида ұстанымдыры, тәрбие ісін жүргізудің жолдары,амал- айласы,тәрбиелеу мен білім беруді кім,қашан,қайда жүзеге асырып қандай нәтижеге жететіндігін олардан таба алмаймыз.Сондықтан,ұлттық тәрбиелеу амал-айласын әрбір пәннің мазмұнына сіңіріп игерту ісі мұғалімдердің басты бағытына айналған.Бұл бағытта ұстаздардың атқарған еңбегі ұлан асыр,әрі өткен ғасырда кеткен,айрылған есесін қайырып алғысы келген бе деген ой туады..Осының өзіне ғылыми талдау жасап,табысын таразылап,жетпей жатқан жерін жалғап жіберетін зерттеулер жоққа тән.Шынтуайтында «ғылымидандырғыштардың» әуселесі осында көрінуге тиіс еді. Әзірге байқалмай тұр.Кейінгі шақтарда,Тәрбиелеу қазақ ілімінің дарынды тұлғарларының атымен аталған педагогикалар көбейіп келеді.Мысалы; Фараби педагогикасы,Ж.Баласғұни педагогикасы,М.Қашқари педагогикасы т.б.Ұлы Даланың Ұлық Ұстаздарының педагогикалық жүйесі,ой-санасының озық түйіндері зерттеліп тұжырымдалуы үлкен табыс,оңды бағдар.Осы бағыттағы ғылыми зерттеулер мен оқулықтардың саны біршамаға жеткен.Осы заманғы ұлы ұстаздардың (С.Көбеев,М.Ғабдуллин,Б.Момышұлы, М.Әлімбаев т.б.)педагогикалық еңбектеріне талдау жасап, саралап, бағалау назардан тыс қалмағандығы қуанарлық жайт.Тек,келешекте ескеруге тиісті екі-үш мәселені атаған дұрыс болар. Бірінші.Талданып,зертелген ғұламаның бізге келіп жеткен мұрасын сол ғұламаның өз дүние танымы,көзқарасы аумағында талдау жасап ,тарихи дәуір тынысына үйлестіріліп зерттеу орынды болмақАл,бізде өзіміз материалистік педагогиканың иығына шығып алып, өз дүние танымымыз,көзқарасымызбен талдау жасаймыз.Мысалы «Ж.Баласағұни педагогикасы» деген оқулық жазған ғалымдар(Әбдікәрімұлы Б., Сарбасова Қ.А. Ж.Бала-сағұни педагогикасы: Оқу құралы-Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2008) Ж.Баласағұни ғұмыр кешкен шақта болмаған педагогикалық категорияларды оңды-солды қолданылған-дықтан «Құтты білік» дастанынының ХХІ ғасырдағы «қазақи редакцияланған көшірмесі» шыққан.Ал,Ұлы Ұстаздардың педагогикалық ой-пікір,ұстанымдарындағы сабақтастық, іргелестік өте күшті әрі мығым екені белгілі.Ж.Баласағұни еңбегінде,әулеттік педагогикадағы сол кездегі тәрбиелік дәстүрлерді,өзінен бұрынғы ғұламалар(Қорқыт Ата,Фараби т.б.) ілімін байыта жалғастырғаны айқын көрініп тұрса да,оларға аз көңіл аударып,А,Құнанбаев еңбектеріндегі сабақтастыққа айрықша толғанған.Әлем педагогика-сымен байланысы бұл ілімнің толық ашылмай(Ж:Баласағұниды бір кезде «Түрік Конфуцзи деп тегін атамаған шығар),оның әлдемдік педагогикалық ой-санаға қосқан үлесі(кісілік қасиет,ізгілік сапа,имандылық игерту жолы.жомарттық мінез)дәлелмен айшықталмай,бәсең ғана ауызға алынған .Ұлы Ұстаздар арасындағы педагогикалық ойдың сабатастығын оқып танып, терең зерттеу арқылы,өз еңбектерінде арнайы көрсеткен Ж.Баласағұни бабамыз емес,Абай атамыз.Абай дананың «педагогикасы» бар болса сонда осы тамырлы байланысты көрсетсе қандай орынды болар еді. Екінші.Ұлттық педагогиканы зерттеушіледің еңбектерінде талдау, саралау, жүйелеуден гөрі бағалау, айшықтау басымдық алған.Кейде; « бұрын сондай болған екен» деген тәрізді таныстыру да кезігеді.Бұл әдістердің керекті жерінде орынды қолданылса еш сөлекеттігі жоқ екені белгілі.Ал,қоғамдық сұранысты бажайласақ;ұлттық тәрбиелеу құралдары мен тетіктерін осы шақта әулетте,мектепте,қоғамдық ортада қайтып, қалай қажетке жаратамыз?,осының жол жобасын тауып,теориялық негізін анықтау басты мұрат болуда.Үшінші.Әулеттік педагогика,әлеуметтік педаогика және ілімдік педагогикалардың негізгі категориялары анықталып,олардың тәрбие құралдары мен тәрбиелеу мұрат мақсаттары сараланып,оқыту-тәрбиелеу амал-тәсілдері жіктеліп,бір ізге түсіріліп,жүйеленбей келеді. Мұның бірнеше себебі бар болумен қатар, ең бастысы Қазақстан Республикасында Пелагогика ғылымы бір жүйеге түсіп,ортақ заңдылықты толық ұстап,жүйеленіп,үйлестіру қызметі айқындалып,тұтас бір ғылыми ошаққа топтастырылып басқарылмаған.Зерттеу іс-әрекеті жобалы, жоспарлы,бағдарлы жүргізілуге ұйымдастырылмаған.Қоғамның бұл ғылым алдына қойып отырған бүгіні сұранысы,талабы,тақауыры күнгірт,міндет-мақсаты қоғам талабына сәйкестенбей,мемлекет саясатына бағдарланбай,жалаң идеялардың жетегінде кету қаупі де жоқ емес.Ғылым барлығын шешетін мына заманда,мұндай салғырттық жақсылыққа апармасы айқын.

Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы)
Дина Ілесбекқызы (педагогика магистрі)
Айнұр Серікқызы (психолог-педагог)
6 желтоқсан 2017