Қаңлылар туралы деректер

Тарих
Ақботаева Жамал Оразалықызы, Қаңлылар туралы деректер

Мақала авторы: Ақботаева Жамал Оразалықызы
Жұмыс орны: Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, № 7 жалпы орта білім беретін мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазымы: Тарих пәнінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 12.02.2018


Қазақстан тарихы 6 сынып

Тақырыбы: Қаңлылар  туралы деректер

Мақсаты: Қытай және иран жазбаларындағы қаңлылар туралы деректерді топтық жұмыстар  арқылы түсіну.

  • Сыни олау дағдыларын жетілдіру,
  • Саралай және талдай алуын жүйелеу,
  • Өзін және өзгені бағалауды үйрену,
  • Акт тиімді пайдалану

Күтілетін нәтиже:

  • Сыни олау дағдылары жетіледі,
  • Саралай және талдай алады,
  • Өзін және өзгені бағалауды үйренеді,

—     Акт тиімді пайдалана алады.

I .Ұйымдастыру кезеңі

  1. Қызығушылықты ояту

1.Психологиялық тренинг. «Алғысым шексіз» әр оқушыға бірінші амандасып, алғыс білдіруін сұрау

2.«Көңіл-күй тақтасы» бүгінгі көңіл- күйлерін белгілеу

3.Топтастыру:

“Тарихи деректер” Археология, этнография, антропология деп жазылған қағаздар көмегімен бөлінеді

  1. Не? Қайда? Қашан?

Мұғалім дерек оқиды оқушылар оның не екенін,қайда, қашан табылғанын айтуы қажет

1.Бұл қорғанның диаметрі 60 метр,биіктігі 6 метр,топырақ уйіндісі көп қабаттан тұрады,жерленген  адамға  салтанатты  киім кигізілген.Оң жағына ,бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған,беліндегі белдікке ағаш қынды қанжар — ақинақ  ілінген .Қабірдің ішінен көп алтын түймешелер табылды, жалпы саны 4000 -нан астам.

Есік обасы/ Алтын киімді адам/ Алматының шығысы,Іле Алатауының баурайы.   1969ж

  1. Бұл обада екі адам жерленген, оның бірі 40-50 шамасындағы ер адам, екіншісі 50-60 жастағы әйел.Жанынан 13 қола жебе , жебе салатын қорамсақтың жұрнағы табылды.Сонымен қатар бүркіттің,қабылан,қабан,балық ,құс бейнелі әшекей бұйымдары қойылған.

                           Шілікті қорғаны. Шығыс Қазақстан ,Зайсан ауданы. 1960ж  С.Черников

3.Бұл обада бір ғана  ер адам жерленген.Ішінде барыстың,арқардың,бұғының ,аю,қасырдың бейнелері  көзінің, тұмсығының, тұяғының орнына көк ақық тастан  көздер орнатылған.Өкінішке орай оба ертеде тоналған.Бұл жәдігерді қазір біз Екінші Алтын адамға жатқызамыз.

Шілікті алтын адамы.Шығыс Қазақстаннан.Әбдеш Төлеубаев

4.Бұл кезеңде мәйіттерді астау табыттарға жерлеген.Онда 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген.Мәйіттер айрықша сән-салтанатпен киіндіріліп қойылған.Обадан 13 жирен жылқы табылған.Бұл аттардың біреуінің басында таутекенің ағаштан жасалған мүйіздерімен әшекейленген тері бетперде болған.

                                Берел қорымы. Шығыс Қазақстан Қатонқарағай ауданы. 1998-1999 ж З.Самашев

 

III .Мағынаны тану

  1. Сөзжұмбақ : «Қаңлы»
  2. Ерте темір дәуірінде Қазақстанды мекендеген тайпалық бірлестік. Сақтар
  3. Жүз жыл нені құрайды? Ғасыр

3.Үйсіндердің астанасы? Қызыл Аңғар.

4.Орталық Қазақстанның ерте темір дәуірі  мәдениеті. Тасмола

  1. Солтүстік Қазақстанның ерте темір ескерткіштері.

Ұлыбай

 

2.Топтық жұмыс

“Топтық таныстырылым”

Тақырыпты топта оқып, түсіну.

1 топ-  2 топ Қаңлылар туралы қытай деректері

3 топ- Қаңлылар туралы иран деректері

 

  1. Жұптық жұмыс

“Сәйкестендіру”

1. «Тарих жазбалары» 1-….. 1. Қаңлы елінен алтын,күміс,хош иісті майлар,кілемдер,қымбат аң терілері шығады.
2. «Цянь Ханьшу» 2-…. 2.Көшпелілердің өмірі мен тұрмысы баяндалған.
3. «Жу патшасының тарихы» 3-…. 3.Қаңлы мемлекетінің пайда болу уақыты,шекарасытуралы айтылған.
4.Қытай елшілері 4-…. 4.»Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік,бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді»
5. Авеста 5-….. 5.»Қаңлы  » сөзі «қарулы жақсы,жайсаң ұлықтар»
6. Махабхарата 6-…. 6.Қаңлы ханының сарайында заң жарғылары бар.Жазу қаңлыларда болған.

 

3.Математикалық  сынақхат

Қаңлылар б.з.б.____ б.з _____ ғасырлар аралығында өмір сүрген. Ғалымдар қаңлыларды ________________ Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескенін анықтап отыр.Қытай деректері бойынша , қаңлы тайпалары одағының ________түтіні немесе шамамен __________ адамы болған.Олар __________  дейін жауынгер шығара алған.

 

IV . Ой толғаныс

Бес жолды өлең         Қаңлылар туралы бес жолды өлең әдісін пайдаланып  өлең шығару.

V .Сабақты қортыныдылау

Сергіту сәті: “Қаражорға” дене  қимылдарын жасау арқылы сергіту

VI .Үй тапсырмасы

Параграфты оқу, семантикалық кесте құрау

VII .Рефлексия

“Бағдаршам” .Жасыл түс — сабакты түсіндім,сары түс- маған  көмек қажет,қызыл түс- ештеңе түсінбедім