Педагогика
Жартынова Жанар Әлібекқызы, ПОРТФОЛИО — МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШ НЫСАНЫ

ПОРТФОЛИО — МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШ НЫСАНЫ

Мақала авторы: Жартынова Жанар Әлібекқызы
Жұмыс орны: ББЖ ҚБАРИ
Лауазымы: оқытушы
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2017


Деңгейлік біліктілік арттыру бағдарламасы бойынша курсты енгізгенге дейін «портфолио» сөзіне байланысты мұғалімнің көзқарасы әр түрлі болғанын атап өткен жөн. Біреулер оны тек аттестация кезеңінде ғана болуы міндетті десе, енді біреулер мұғалімнің жетістіктерін бекітуге арналған құрал деп санаған. Сонымен қатар, барлық мұғалім бірдей жүйелі түрде портфолио толтырған емес, өйткені оны тек басшылық сұранысына сай қажет жасау деп есептеген. Ал қазіргі уақытта, курстан кейінгі кезеңде жалпы білім беретін мектептерде кері байланысты бақылау үшін, дәлелдемелерді жинау құралы ретінде практика нәтижелері деңгейін анықтауда, іс-шараларды іріктеуде мұғалім Портфолиосы басымдылыққа ие болды.
Курстан кейінгі кезеңнің қолданыстағы Портфолио құрылымына баса назар аударудың алдында, мынаны анықтап алайық: «Білім беру технологияларының бірі, өзін-өзі дамытатын, білім берудегі құзыретілікке-бағытталған тәсілді қолдайтын, технология портфолиомен жұмыс жасау болып табылады. «Портфолио» сөзі (портфель — орыс тілінде бейімдеу сөзі немесе сыни ойлау технологиясында пайдаланылады), сондай-ақ саясат пен бизнестен жаңа білім парадигмасына сұраныс ретінде педагогикаға келді. Портфолионы қызметтік, кәсіптік, іскерлік болуы және мәтіндегі және электронды түрде де ұсынуға болады. Портфолио түсінігін анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Портфолио – бұл:
— белгілі бір кезеңде жеке оқушының оқу жетістіктерін анықтау және бағалау әдісі (соның ішінде өзін-өзі бағалау);
— оқушының түрлі салаларда күш-жігерін көрсетіп, ілгерлеуі және жеткен жетістіктері, жұмыстары мен нәтижелерінің жинағы;
— мұғалімнің оқушының қалыптасқан білім, білік, дағдыларының деңгейін бақылау үшін пайдаланылатын жүйелі және арнайы ұйымдастырылған дәлелдемелерді жинауы. (Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka).
Сондықтан, Портфолио мұғалім қызметінің басынан бастап мақсатты үрдіс ретінде қалыптастырып, оқыту және мұғалімдердің тәжірибесінде сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған. Белгілі болғандай, педагогикалық іс-тәжірибеде кез келген мектеп форматын бақылау және зерттеу шеңберінде, келесі бағыттар бақыланады:
1. жеке ақпарат (жетістіктер);
2. жоспарлау;
3. жұмыс материалдары;
4. публикациялар.
Сонымен, әр мұғалімде табыстары, жетістіктері, кәсіби дағдылары және басқа да сипаттамалары бар жеке портфолио болуы тиіс, себебі, екі мұғалім бірдей болмайды ғой. Бірақ та бүгінде байқалатын жағдай, мұғалімдер папкаларды жинағанда жиі кездейсоқ немесе толымсыз іс-қимылға жүгінеді, талап етілген болса, керекті құжаттарды қойып көрсетеді, ал егер жоқ болса — содан кейін оны «ұмыт». Бұл дұрыс емес, әсіресе қазіргі уақытта мұғалім Портфолиосы — маңызды құжат, мұнда «тестілеуден бастап аттестаттациядан өткенге дейін» тәжірибедегі барлық материалдар дәлелдермен бірге салынатын «қоржынның» бір түрі болып табылады. Сондай-ақ, бүгін мұғалім оқу стратегияларының түрлі арсеналын қажет етіп және оқытудың түрлі педагогикалық тәсілдерін қолдану мүмкіндіктерін ұсынып қана қоймайды, сондай-ақ, өз тәжірибесінің деңгейін анықтау үшін жеке кері байланыс алуды ұйымдастырушы болуы керек.
Деңгейлік курстардың арқасында Қазақстан мұғалімдері оқытудың жағдайы мен білім беру жолдарын қалай таңдау мүмкіндіктері болатынын үйреніп, анықтауға бейімделген. Олар оқушының жеке уәж деңгейін, сондай-ақ оқу пәндері бойынша ғана емес, басқа да әріптестерімен қауымдастықтар желісінде ынтымақтасуды анықтауды, оқыту ортасын жоспарлау және басқаруда өзінің әлеуетті кәсіби дағдыларын жақсартуға үйренді. Әріптестерін үйренуге және үйрету мақсатында оларды тәжірибесін үздіксіз рефлексиялайды: «Ал осындай дағдылардың болу, болмауы ұжымдық және жеке табысқа ықпал ететіні, сол арқылы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі туралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланысты мектептер сын тұрғысынан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асыру үшін барлық мүдделі жақтар, мектеп басшылығы өздеріне міндеттеме алып, сондай-ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды мұғалімдердің белсенді атсалысқаны құба-құп» (Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, төртінші басылым, 5-бет).
Мұғалімдер деңгейлік курстар аясында енді «үйреншікті» жұмыс істемейтінін түсінді, оқытуда, жаңа идеяны жүзеге асырғанда, мектепте көшбасшы-мұғалім рөлінің маңыздылығын сезінді. Бүгінгі мектеп мұғалімі зерттеу дағдыларын меңгеріп білім әдістемесі мен жаңа парадигмаға сәйкес пән мұғалімі ретінде оның алғышарттарын қалыптастыру үшін қызмет етеді. Ол білім берудің негізгі мақсаты тек қарапайым білім, білік және дағды емес екенін анықтай алады, сондай-ақ олардың жеке, әлеуметтік және кәсіби құзыреттілігіне – өз бетінше шығару мүмкіндігін, талдау және ақпаратты тиімді қолдана алатын, тиімді және жылдам өзгеретін әлемде тиімді өмір сүріп және жұмыс істеуге қабілетті.
Біліктілік арттыру жүйесінде бірнеше жыл қызмет еткеннен кейін, біз мұғалімнің (өз-өзін бағалау) дағдыларын қалыптастырудың көптеген тәсілдері бар екенін анықтадық. Мысалы, мұғалімдерді бүгін «білім-білік-дағды» формуласына кіргізе алмайсыз, сонымен бірге оқу үрдісінде педагогикалық шығармашылықтың барлық жетістіктерін өлшейтін, ешқандай нақты құрал да жоқ. Сондай-ақ, деңгейлік курс Бағдарламасының 7 модуль идеясын енгізіп жүзеге асыру кезінде мұғалімнің оқыту нәтижелірін қандайда бір санақ мысалында өлшеу мүмкін емес. Сондықтан, біз сіздерге бұл ұсынысымызда педагогикалық тәжірибенің барысында жинақталған материалдар үлгісін электрондық форматта жүйелеудің жолдарын көрсетеміз. Педагогикалық портфолиоңыз коучинг, тәлімгерлік және ғылыми-зерттеу тәжірибелік қызметіңіздің есебі туралы нәтижесін көруге мүмкіндік беретін авторлық құқығыңыз болып табылады. Жинаған материалдарыңыз, кәсіби білім мен дағдыларды тәжірибеде қолдануды көрсетіп, сіздің қабілетіңіздің нәтижелерін іс-шараларда қадағалауды қамтамасыз ету керек.
Сертификатталған мұғалімдер портфолиосының құрылымы қандай болуы керек? Портфолионың ортақ моделі бар ма? Жоқ. Портфолио, жоғарыда айтылғандай, мектеп мұғалімінің жеке портфолиосын жасағанда өзгермелі тәжірибе мәнмәтінінде оқытатын пәнінің ерекшіліктері басшылыққа алу маңызды. Портфолиода жеке педагогикалық идеяларын кіріктірілуі, олардың тиімділігін растау үшін сенімді құралдарын біріктіреді және мұғалімнің тәжірибедегі оқыту мен оқу жетістіктері, туралы ақпарат жинақталады. Портфолионың құрылымы барлық құжаттарды жинап қана қоймайды, сонымен бірге әркімге барлық құжаттарды біртұтас электрондық түрде біріктіріп, әрбір қалтаның ішіне «кездейсоқ қоқыс» емес, өз материалдарының дәлелдемелерін жинақтауға мүмкіндік береді.
Неге біз осы форматты ұсынамыз? Себебі, бізге сертификатталған мұғалімдердің тәжірибе нәтижелерін саралау материалдарын қалай жинау керек және мұғалімде болуы тиіс және қажет болғанда ұсынуға немесе көрсетуге не талап етіледі деген сұрақтар жиі қойылады. Яғни, Сіз 7 модульдің идеясын енгізіп сабақ беретін барлық сыныптарға жасалған оқу жоспарыңыз, орта мерзімді тізбектелген сабақ жоспарлары болуы керек. Жоғары да атап өткендей, сіздің жұмыс бағытыңыз бойынша, мектептің сертификатталған мұғалімдерінің қауымдастығында қарастырылған немесе келісілген, әкімшілікпен бекітілген жеке жоспарыңыз болуы тиіс.
Жоспарлар – кез-келген қаржыландыру есебіне негіз болатын, практикалық жұмыстардың сағаттарымен мерзімі көрсетілген басты құжаттардың бірі. Оның үстіне, жоспарлау кез-келген уақытта сіздің жұмысыңызды қандай екенін түсіндіретін, оны тиісті материалдармен дәлелдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер де сіз сабақ өткізсеңіз – оның рефлексиясы, тәлім алушының сабағына қатыссаңыз – бақылау парағының үлгісі, сабақтан кейінгі сұхбат – тәліптің рефлексиясы және сіздің кері байланысыңыз, коучинг жоспары, дәлелдемелері рефлексивті есебімен болуы керек. Осылай, күнделікті, апта сайын электронды форматта сіздің портфолиоңыздың қаптамалары толықтырылады, курстан кейінгі жұмыстарыңыздың дәлелдемелерін жоспарлы түрде сараптамашының сұраныс формасы бойынша ұсына аласыз.
«Өрлеу» ҰБАО АҚ (23-25.12.2015ж.) талдау және мониторинг бөлімі ұйымдастырған семинар кеңесінде атап көрсеткендей, республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру сапасын басқару механизмінің негізін қалайтын бүгінгі мониторингтің ерекшелігі, күтілетін нәтижеге сәйкес нақты ақпарат болып табылады. Сондықтан да, кез-келген біліктілік арттыру курстарынан кейінгі мұғалімнің тәжірибесі диагностикалық құралдармен (сауалнама, сауал, өлшем, кері байланыс және т.б.) бақыланып отырады, мұнда білім нәтижесі анықталады, жалпы келесі бағыттар бойынша білім беретін мектеп жағдайында мұғалімдердің мүмкіндіктері мен қажеттіліктері анықталады:
— оқыту бағдарламасының сапасын және әр түрлі дереккөздерден алған, ақпаратты талдау көмегімен жеке сабақтарды бағалау;
— әр түрлі дереккөздерден алынған, ақпаратты талдау көмегімен рефлексиялау және өз тәжірибесінің сапасын бағалау.
Бүгінгі біліктілік арттыру жүйесінің басым бағыттары курстан кейінгі мұғалім қызметінің өзгеруіне қатысы бар бағалау болып табылады. Курстан өткеннен кейін әрбір мұғалім оқыған бағдарламаның идесы бойынша жаңартуды мақсат етеді, міндетті түрде өз қызметінің мазмұнын қайта қарастырып, аралық нәтижеге жетуге ықпал ететін мақсат жолында практикалық шаралар қарастырады. Бірақ, әр түрлі мақсаттар үшін мониторингтік зерттеу барысында, талап бойынша тез арада нақты нәтиже бере алмайсыз, әрине, сонда Сіз Портфолиода жиналған дәлелдемелерге сiлтеме жасайсыз, сарапшыға және бақылауға қажетті ақпаратты таңдап, салыстырмалы талдау жасай аласыз. Өзіңіз жинаған материалдар, қазіргі заманғы теориялардың қажеттілігін анықтауға, оқыту мен оқу тәсілдерін жаңарту идеялардың ықпалына рефлексивті кері байланыс алуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, портфолиоңыздың әр бөлімі сіздің жеке тәжірибеңіз бен жетістіктеріңіздің дәлелі болып табылады, олар: оқыту қызметінің тәжірибелік аспектілері, есептер мен рефлексиялар, әр бағыт бойынша басқа да қосымша дәлелдемелер болады. Сонымен қатар, жинақталған оқу немесе жеке материалдарға ой жүгірту арқылы сіз жаңашыл ой-пікіріңізді жинақтайсыз, өзін-өзі бағалау мүмкіндігің кеңейеді, өзара түсіністік пен дағдыларды анықтай алатын боласыз. Кері байланысты оқи отырып, күн сайынғы өзіңіздің кәсіби өсуіңізді көресіз, тәжірибеге өзгеріс енгізудің дәлелдерін жинақтаудың артықшылығы да осында.
Ұсынылған портфолиомен жұмыс жүйесiн кез-келген жалпы білім беретін мекеме жағдайында пайдалануға болады және осы формат электронды дәлелдемелер жинаудың нұсқасы болып табылады. Қажет болған жағдайда білім беру мекемесінің талаптары мен шарттарын ескере отырып, басқару және бақылау үшін қажетті материалдар тізімі бар екені анық. Әрбір мұғалім тиісінше, талап және тағайындау бойынша материалдарын қағаз түрінде жинауыда мүмкін, бірақ әр қандай жағдайда Портфолио төмендегі мұғалім мәселелерін зерттеуге, шешуге, бағалауға керек:
— нәтижелері мен жетістіктерін таныстыру үшін;
— өз тәжірибесін тарату және материалдарын жүйелеу;
— тәжірибе алмасу және байланыстар / қарым-қатынас орнату;
— кәсіби қызмет көрсетудің рефлексиясы және талдау құралы ретінде пайдалануы үшін;
— сыртқы бағалауды алу қолжетімділігін арттыру үшін;
— кәсіби қауымдастықта өзін-өзі ұсыну және тану үшін.

Әдебиеттер тізімі:
1. Н.Б.Железнякова «Использование технологии «Портфолио» — http://rmo-msk.ru/metodicheskaya-kopilka
2. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей, төртінші басылым, 5-бет).