Оқу – тәрбие үрдісіндегі шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін тұлғаны тәрбиелеу

Биология
Беремжанова Раушан Баянбековна, Оқу – тәрбие үрдісіндегі шығармашылық іс-әрекетке қабілетті еркін тұлғаны тәрбиелеу

Мақала авторы: Беремжанова Раушан Баянбековна
Жұмыс орны: Павлодар облысы Баянауыл ауданы №1Майқайың жалпы орта білім беру мектебі
Лауазымы: Биология пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 07.02.2018


Оқу – тәрбие үдерісіндегі шығармашылық іс – әрекет  дегеніміз-адамның өмір шындығына, өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу»  дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский  «шығармашылық деп жаңалық  ашатын  әрекетті атаған».

           «Өткенге қарап басымызды иеміз, ертеңге қарап білек сыбанамыз» демекші, бүгінгі бала-ертеңгі азамат. Сондықтан мектептің, мұғалімнің ең басты міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған дарынды тұлға қалыптастыру. Әр мұғалімнің алдындағы ізгі мұраты-өз пәнінен білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу.    

        Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру мектептердің алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі.
         Уақыт талабына сай оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін, оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын пайдаланған жөн деп ойлаймын. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеру тиіс.
Мұғалім ең алдымен:

-сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін баланың назары бір нәрсеге бағытталуы керек.

-Әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үлесуі керек.
— Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу.

— Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.

Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек.
Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да ролі зор. Сабақ үстінде материалды салыстырып қарама-қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Мұғалім сабақта әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс-тәсіл көмегімен өткізген әрбір сабақ оқушылардың ойлауын және қиялын, ойын дамытып, оларды сөйлеуге үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы балалардың ортасынан қабілеті жоғары бала іздеп, онымен жұмыс жасау, оны жан-жақты тану, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру-әрбір мұғалімнің негізгі міндеті.

          Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Оқушының өз болмысын тануға көмектесіп, қабілетін ояту, жаңа рухани күш беру білімнің ең маңызды мақсаты болып табылады.
Бастауыш сынып оқушысының зейіні тұрақсыз, импульсивті, қабылдау мүмкіндіктері де әр түрлі болады. Дегенмен де әр баланың бір нәрсеге бейімі болады. Бейімділік-оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады.

          Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерін, қызығушылығын арттыра түсу үшін, шығармашылық қабілеттерін сабаққа және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынадай:

1.Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

2.Арнаулы бір тақырыпта пікірталас тудыру.
3.Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсрымаларды  шешу /ребус, сөзжұмбақ, құрастырмалы ойындар т.б./
4.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс /кері есеп қарастыру, мәтін мазмұнын өңдеу, шығарма, шағын әңгіме, мәтін құру, т.б./
5.Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу.
6.Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.
7.Ой шапшандығын, сөз байлығын дамытуда өлең шумақтарын құрастыру.
8.Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау.
Ал сабақтан тыс уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері.

 1.Әр түрлі кездесулер өткізу.

2.Әр түрлі тақырыптарда сайыс, пікірталастар өткізіп, алған әсерлері бойынша шығарма жазу.

3.Балаларға арналған журналдарға жаздырып, оны сабақ кезінде үнемі пайдалану.
4.Әрбір оқылып отырған шығармалардың авторлары туралы толық мағлұмат жинау,реферат жазу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу оқушыларды шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы қабілет көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді. Бала бойындағы қабілетті ашу оқушының шығармашылық бағытта дамуына жете мән беру болып табылады.
Қазақ тілі сабағында сөзбен жүргізілетін жұмыс, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі. Сөздік жұмысы оқушыны бір жағынан қызығушылығын оятып, шығармашылық қабілетін арттыруға, белсенділікке ынталандырады.

1.Суреті бар, хабарлайды,
Жәшікте тұрып жыбырлайды.
Ән салады, би билейді,
Көңіліңді көтереді. (теледидар)                          

2.Жерге түсірсең, секіреді. (доп)                       

3.Бізге жарық береді,
Бассаң, сөніп кетеді. (электр шамы)                   

4.Өзі әдемі, иісі жұпар,
Оны туған күніне сыйлар. (гүл)                             

5.Өзі гүл сияқты,
Күн көзін сүйер.
Ішінде дәні бар,
Балалар оны шағып жер. (күнбағыс)                    

          Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен-Гүлмін. (Қасықпын, Шыршамын, Бағдаршаммын, Доппын) деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме жазғыздым.1 оқушының әңгімесі: «Мен-Гүлмін. Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Мен адамдарға қуаныш сыйлаймын. Адамдар мені аналарына, апайларына бақыт, қуаныш әкелсін деп сыйлайды.».(Айзада)

  Мені адамдар төрге қояды.Үйдің ауасын тазартамын. Мен әр түрлімін. Менің иісім хош, жақсы. Мені адамдар жақсы көреді..Мені мерекелерде сыйға береді» (Қалжан) Осы арқылы оқушылардың ой-өрісі кеңейтіліп, тілдері дамиды.

Мен-бағдаршаммын. «Менің үш көзім бар.Жасыл көзім жанса,адамдар жүреді,қызыл көзім жанса тоқта деп белгі беремін.Менің айтқанымды тыңдаса,бәрі де дұрыс болады.» ябек)

Дүниетану пәнінен өтілген тақырыпқа қатысты оқушылардың шығармашылық жұмыстары.

Су. Судың қасиеті.  «Бізге су өте қажет. Су болмаса біз өмір сүре алмаймыз. Біз суды күнделікті өмірде пайдаланамыз. Су түссіз, мөлдір болады. Сусыз жануарлар да тіршілік ете алмайды, өсімдіктер де өспейді.Сондықтан суды үнемдеуіміз керек.» (Айсезім)

Су бізге керек.Сусыз тіршілік жоқ.Сумен ыдыс-аяқ жуамыз,киім жуамыз.Гүлге құямыз.Тамақ пісіреміз және ішеміз.Ал су болмаса өте қиын.(Айзада)

Сусыз өмір жоқ екен.

Онда қиындық көп екен.   (Арайлым)

Тіршілік тоқтап қалады,

Қорқынышты болады. (Ауа)       (Жұлдыз)

Ішпейді,піспейді,,түспейді,

Олсыз ештеңе бітпейді.  (Су)    (Дария)

Қазақ тілі пәнінен «Қар» тақырыбына мәтін құру тапсырмасын  мына тірек сөздер арқылы жазуды ұйғардым.Қар,бетін,қар ұлпалары,еріп жатыр,қарап тұрдым.

 — Күн жылы. Далада қар жауып тұр.Жер бетін ақ қар басқан.Қар ұлпалары бетіңді қытықтайды.Терезеге қонған қар еріп жатыр.Мен далаға қарап тұрдым.  (Бақыт)

  -Бүгін күн жылы.Жапалақтап қар жауып тұр.Ақ қар ұлпалары кірпігіңе қонып еріп кетеді.Мен табиғатқа сүйсіне қарап тұрдым.  (Айзада)

-Далада қар борайды,

Ақ ұлпаға орайды.

Жылтырайды қатады

Сырғанақ боп жатады.  (Али)

-Қар аппақ,қар аппақ

Қар жауады жапалақтап

Аяз ата келеді

Бізге сыйлығын ұстап.  (Айзада)

-Шанамен ойнаймыз

Ойнаймыз,тоңбаймыз

Биіктен сырғанап

Құлаймыз!  (Әділ)

Қазақ тілінен Велосипедке қатысты құраған Алидің  жұмбағын оқып кетуге болады.

-Темір тұлпар.Екі дөңгелекті,рулі бар көлік.Алыс жерді жақындатадыҚұласаң қауіпті.Ол не?

-Жүгіріп ем жүгірді

Кідіріп ем кідірді

Ол не?  (Ай)  (Аян)

-Ол менен қалмады,

Таңертең жоқ боп қалғаны

Ол не?(Ай)  (Әділ)

         Ана тілінен «Ата-бабам тарихы-менің тарихым» бөлімін өткенде Бөгенбай,Қабанбай,Ағыбай батырлар жөнінде оқушыларды шығармашылық жұмыстары көп болды. Мысалы  Бөгенбай, Қабанбай батырладың өз бойындағы қасиеттерін топтастыра жазған жұмыстары болды. Исатай мен Махамбетті де байланыстыра жасырған   Айзаданың шығармашылық жұмысы болды.
        Қорыта келгенде, сыныптың қай пәнінде болсын оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамыта оқыту олардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, ойын, ынтасын дамыта түседі. 
Теориялық мәселелерге сүйенсек, баланың жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі- биологиялық фактор, екіншісі-әлеуметтік орта және үшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі. Ғалымдардың пікірінше, осы фактордың ішінде тәрбиенің, яғни оқу-тәрбие үрдісінің ролі зор. Көптеген ғалым-педагогтардың,практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді, ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі атқарады. Себебі, сабақ қаншалықты сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын, бірақ бала тарапынан өзіндік белсенділік, әрекет болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес.
Өз бетіндік жұмыс-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, олардың өз бетінше жұмысынсыз дамыту мүмкін емес. Мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай-бұл оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес өзіндік ерекшеліктері. Өйткені бұл жастағы балалардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық жұмысқа талпынысы басым болады.Сол себепті де бұл жұмысты тиімді ұйымдастыра білген мұғалімге оның берер маңызы зор. Өз бетіндік жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қорытындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулуда, оқушылардің белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыра түсетін негізгі үш жұмыс түрін атай аламыз. Олар:
1.Логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар өз бетімен жұмыс түрлері;

2.Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар;

Қорыта айтсақ мұнда басты назар аударатын нәрсе – оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара ұштастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша,жазбаша түрде көрініс табуларын талап ету.Соның негізінде ғана біздіңше,тіл байлығы мол,сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелей аламыз.