Оңтүстік өңірде топырақ өңдеу тәсілдерінің қант қызылшасына әсері

Биология
Байлесова Молдир Ганиевна, Оңтүстік өңірде топырақ өңдеу тәсілдерінің қант қызылшасына әсері

Мақала авторы: Байлесова Молдир Ганиевна
Жұмыс орны: Оңтүстік қазақстан көпсалалы колледжі
Лауазымы: Педагогикалық пәндер бөлімінің меңгерушісі
Порталға жариялану мерзімі: 25.12.2018


Мақалада топырақтың өңдеу тәсілдерінің оның ылғалдылыққа әсері жөнінде мәліметтер келтірілген. Алынған мәліметтер бойынша топырақты өңдегенде қосарланған агрегатты пайдалана отырып өңдеу ондағы ылғал қорының жақсы сақталуына әсер етіп, оң нәтиже беретіндігі анықталған.

 

Тo the article the treatments given about influence of methods are driven on humidity of soil. The obtained data testify that at treatment of soils application of the coupled aggregates positively influence on good maintenance humidity of soil and give good results.

 

Өсімдіктегі тіршілік процестері клеткада жеткілікті мөлшерде ылғал болған жағдайда ғана жүретіні белгілі. Топырақта ылғал жеткіліксіз болған жағдайда өсімдік нашар дамып қана қоймай, аз өнім береді. Топырақты тұқым себу алдында ертерек өңдеудегі мақсат – ылғалды сақтау, арамшөптерді құрту, тұқымды уақытында себуге және оның біркелкі өніп шығуына жағдай туғызу [1].

Оңтүстік Қазақстанның суармалы егіншілік аудандарында жауын-шашын мөлшері әртүрлі келіп, кей жылдары ол аз, ылғал жеткіліксіз, температураның тез ысып, ерте көктемде аңызақ желдің жиі болуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ерте көктемде жыртылған жердің бетіне қабыршақ оңай тұрып қалады, күзгі, қысқы кезөңде жиналған ылғал тез буланады. Сондықтан кезек күттірмейтін негізгі міндет – ылғалды сақтау.

Н.Г.Андреев [2] зерттеуінде топырақты қант қызылшасын себердің дәл алдында өңдеудің, қызылшаның өніміне тигізетін әсерін білу үшін, түрлі топырақ өңдейтін құралдарды салыстыра отырып, ерте көктемде ылғал сақтау үшін ЛДГ-5А сыдыра жыртқышпен өңдегенде, культивацияланған жерге қарағанда топырақ ылғалы 0-50 см тереңдікте 9-10% артық, қызылша 2-3 күн бұрын көктеп шығып және 1 метр ұзындықтағы өсімдіктің саны 20 пайызга көп болған.

Егін шаруашылығында ылғал дақылдардың өнімділік сапасына әсер ететін негізгі фактор. Тұқым себер алдында түрлі өңдеу тәсілдері топырақтың ылғалдылығына әр түрлі әсер етеді. Топырақ өңцейтін әр түрлі құралдардың жұмысына баға беру үшін біз оларды арнайы зерттедік. Топырақты ерте көктемде ылғал жабу үшін қызылша себердің алдында культивациялау, дискілеу, дискілеу+малалау, культивациялау + малалау, РВК-3,6 агрегаты және қосарланған агрегаттың әсерлері бір-бірімен салыстырылды.

Ылғал режимін анықтау үшін топырақ үлгілері 3 мерзімде: ерте көктемде, тұқым себер алдында және 7-10 күннен кейін алынды. Тәжірибе жүргізілген жердегі топырақтың ылғалдылығын анықтау үшін, бүрмен үш рет қайталанып алынып, зертханалық әдіспен анықталды

Зерттеу жүргізілген 2016 жылы топырақтағы ылғалдың ең көп қоры қыста жиналды. Сондықтан да, қыста жауын-шашынның мөлшері көп мөлшерде түсуіне байланысты, зерттеу жүргізілген топырақтағы ылғалдың ең кеп жиналуы байқалды. Кесте мәліметтері бойынша, ерте көктемде ылғал мөлшері 21,8-22,1 пайыз аралығында болды. Ал, тұқым себер алдында әр түрлі өңдеу тәсілдері топырақтың ылғал сақталуына түрлі әсер еткен, яғни қосарланған агрегатымен өндеген нұсқада ылғалдың мөлшері бақылау нұсқасымен салыстырғанда жоғары болып, тұқым себер алдында 21,3 пайызды құрады. Ал, 7-10 күннен кейінгі ылғалдың мөлшері 20,1 пайызды кұрап отыр. Бұдан аңғаратынымыз, яғни қосарланған агрегатымен өңдегенде, тұкым сепкеннен кейін де топырақтағы ылғалдың мөлшері жаксы сақталғаны байқалады.

2017 жылы да жауын-шашынның түсімі көп мөлшерде болды. Мұнда тұқым себер алдында, культивация нұсқасында ылғал қоры 17,2 пайыз болса, қосарланған агрегатымен өңдеген нұсқасында 18,0 пайыз болды.

 

2016-2017 жылдардағы зерттеу барысына жалпы тоқтай кетсек, тұқым себер алдында бақылау және дискілеу нұсқаларын қосарланған агрегатымен өңдеу нұсқасымен салыстырғанда, 1,1 пайыз ылғал мөлшері аз болған. Ал, 7-10 күннен кейінгі ылғалдылық қосарланған агрегатымен өңдеу нұсқасында 18,1 пайыз болып, ылғал қорының артықшыылығын көрсетті. Ең төменгі көрсеткіш бақылау нұсқасында болды. Осы бақылау нұсқасын қосарланған агрегатымен өңдеу нұсқасымен салыстырғанда, 1,3 пайызға аз болды.

Қорыта келе, қосарланған топырақты агрегатпен өңдегенде, ондағы ылғалдың жақсы сақталатындығы байқалады.

 

Әдебиет

  1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік. – Алматы, 2005. – 246 б.
  2. Андреев Н.Г. Луговое и полевое кормопроизводство. – М., 1989. – 451 с.