Оқытудың Үшөлшемдік оқу жүйесі технологиясының тиімділігі

Әдістемелік қоржын
Әбдиева Гүльмира Жүргенқызы, Оқытудың Үшөлшемдік оқу жүйесі технологиясының тиімділігі

Мақала авторы: Әбдиева Гүльмира Жүргенқызы
Жұмыс орны: Қызылорда қаласы №8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектебі
Лауазымы: ағылшын тілі пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 25.01.2016


Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде болашақ еліміздің көсегесін көгертетін дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Еліміздің білім беру жүйесінің ең басты міндеті — білім берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге көтеру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері ңегізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Сондықтан, әр мұғалім өз іс-әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр-түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс-тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі қажет. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі жай айтылған жоқ. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Осыдан барып жас ұрпақтың бойындағы іскерлік пен қабілеттерін ашу және оларды шығармашылыққа баулу туындайды. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісін жаңаша дамыту, яғни, оның нәтижелерін көңіл толарлықтай болуын қадағалау, жаңашыл педагогтардың негізгі мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы деңгейге көтеру, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз салу. Аталған және білім берудегі басқа да оқыту мәселелерін шешуде мектептердің тәжірибесіне педагогикалық  технологияларды ендірудің маңызы зор.

      Қазіргі таңда Қазақстанның мыңдаған мектептері педагогика ғылымының докторы, МАНПО академигі Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу барысында қолданып келеді. Ж.А.Қараевтың педагогикалық технологиясының басты ерекшелігі:

  • білім, стандартына сай толық нәтиже береді;
  • мақсатты болжамды (диагностикалы) түрде қоюға және оқу нәтижесін шынайы дәл бағалауға қол жеткізеді;
  • дидактикалық үрдістің тұтастығы;
  • оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымы мен мазмұнын анықтайтын оқу үрдісі жобасының болуы.

       «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» технологиясының талабы бойынша мектепте білім берудің мақсаты өзгеріп, жаңаша қойылады: әр оқушы тақырып мазмұнын белсенді іздену іс-әрекеттерінің нәтижесінде  өздігінен танып, меңгертуге тиіс. Технологияның талабы бойынша  оқу үрдісінде бірінші орында оқушы тұрады, оның өз бетімен, ешкімнің көмегінсіз білім алуына баса назар аударылады. Осы технология әдісінің ерекшелігі – сабақ барысында  әр оқушы бірнеше деңгейде біртіндеп жұмыс жасуға мүмкіндік алады. Бұл технологияның басты мақсаты оқушыларды мұғалімнің өз тарабынан жікке бөлуін болдырмау. Сабақта барлық оқушы, өзінің жоғары оқу қабілетіне қарамай, жұмысты бірінші деңгейден бастайды және оны «қабілеті төмен»-деп саналып жүрген оқушыларға дейін орындауға міндетті. Одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға барлық оқушылар құқылы. Егер нашар оқитын оқушы берілген деңгейлік тапсырмаларды сабақта орындай алмай жатса, оған көмек ұйымдастырылады, үйден орындап  келуге беріледі.

       «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының құндылығы:

-жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға жетелеу  арқылы дарынды баланы таңдауға мүмкіндік береді;

— оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг (ұпай жинау) әдісіне баулиды;

      Деңгейлік тапсырмалардың ұпай жинау әдісімен бағалануы, сабақ өткеннен кейін де оқушының сол тапсырмаларда жіберген қателіктерін түзетіп, үйде қайта орындап, келесі сабақта көбірек ұпай жинауға мүмкіндік алады. Сондықтан, оқушы төмен баға аламын деп қорықпайды, керісінше тапсырманы дұрыс орындап, нәтижесін өзіне қолайлы уақытта (әрине, аса көп созбай) мұғалімге «есепке алдырту» барысында жоғары ұпай жинау арқылы білімге деген ынтасы артады.

      Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын пайдалану төмендегідей нәтижелерге жетуге мұмкіндік береді:

  • оқушы өзінің танымдық іс-әрекетін жоспарлауға, нәтижелерін өз беттерімен бағалауға белсене қатысады;
  • оқушы қабілеті мен бейімділігіне қарай білімін деңгейлеп көтеруге мүмкіндік алады;
  • оқу процесінде оқушының белсенділігін арттырып, өз бетімен танымдық қызмет атқаруы үшін рейтинг жүйесімен бағалау арқылы оларды ынталандыру процесі жүреді;
  • оқыту үрдісінде әр тақырып бойынша міндетті түрде кері байланыс кезеңі жүріп отырады. Ол арқылы әр оқушының білім жетістігі әділ бағаланады;
  • оқыту оқушылардың өзіндік іс-әрекеті мен тәжірибесі әркім үшін дара өткізіледі. Өйткені деңгейлік тапсырмаларды орындау жеке дара жүреді;
  • оқыту процесінде әр тақырып бойынша міндетті түрде кері байланыс жүзеге асырылып отыру арқылы әр оқушының білім жетістігі әділ бағаланады;
  • әр оқушының әр тақырып бойынша әділ бағасы бар болғандықтан, олардың әр тоқсанда немесе бір жылдың ішінде қандай қозғалыста болғанын қадағалайтын траекториясын белгіліп отыратын «Даму мониторингісін» жасауға мүмкіндік туады;
  • нәтижесінде қай оқушының қандай пәнге бейім екендігі және сол бағыттағы ғылымға қабілетті екендігі анықталады. Демек, оны кәсіби бағдарлауға ертерек шешім қабылдауға болатын болады.

      Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясын  тәжірибеде қолдану барысында дәстүрлі оқытудағы кейбір төмендегідей олқылықтарды жоюға мүмкіндік береді:

  1. Әр жаңа тақырып бойынша берілген үй тапсырмасын әр оқушының қандай дәрежеде меңгеріп түсіне алғанын үнемі анықтап  отыра алмайды және олардың әрқайсысына жеке кеңес бере алмайды, себебі оларды жеке тексере алмайды.
  2. Сабақ барысында кері байланыс жүрсе де, мұғалімнің барлық оқушымен жұмыс жасап, олардың қателерін түзетуге мүмкіндігі болмайды.
  3. Қабілетті оқушылардың шығармашылық потенциалын одан әрі ашып дамытуға мүмкіндігі аз.
  4. Оқушылар біліміндегі кейбір олқылықтарды жоюға уақыт жетпейді.
  5. Барлық оқушыларды өз бетімен жұмыс жасап, білім алуға, білімін өздері тексеруге үйрете алмайды.
  6. Оқушы оқу іс-әрекетінде қабілетіне қарай танымдық жұмыс жасай алмайды, нашар оқыған болса, сол деңгейден көтеріле алмайды.

         Ал оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясы осы олқылықтарды жоюға кепілдік береді.

   «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясын    мектепте қолдануда алатын нәтижені төмендегі сызба арқылы көруге болады.

 

«Оқытудың                                                                                                                                                                   үшөлшемді әдістемелік жүйесі»

педагогикалық технологиясының ықпалы:

 

 

                               мектептің құрылымы, білім мазмұны, оны оқытудың әдіс-

    Мектепке:        тәсілдері бүгінгі күн талабына сай үндестікте болады;

                               «Мектеп – зертхана» деңгейіне көтеріледі.

                               мұғалімнің кәсіби деңгейі көтеріледі;

 Мұғалімге           ғылыми-ізденіс жұмыстары қолға алынады;

                               іс-тәжірибелері аудан, облыс, республика көлемінде

                               таралады;

                             оқушының білім сапасы көтеріледі;

                            Іздеушілік-шығармашылық жұмыстармен айналысады;

 Оқушыға          оқушының жеке қабілеті ашылады, болашағына сенімдік

                             пайда  болады;

                             оқушының білім алуға ынтасы артып, қызығушылығы

                             пайда  болады;

                          оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынасы

                          достыққа ұласады;

                          оқушыны өз біліміне сыни тұрғыдан қарап әділ баға беруге

                          үйренеді;

       «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясының тәсілдері объективті болды, мұндай тәсілдер қазір сақталып отырған формализмді жойды.

        Қорыта айтқанда, оқыту технологиясы оқушы білімін бағалауды объективті мәлімет беретін оқыту процесінің соңғы элементтері болып табылады.

        Мен сабағымды түрлендіріп өткізу үшін,  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескере отырып,  оларды  сабаққа  қызықтыру үшін  аталған  технологияны   өз  тәжірибемде    қолдануды   басты   мақсат  еттім.    Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі педагогикалық технологиясының талабы бойынша Б.Блумның «білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау (мазмұнға пікір айту)» сияқты тізбек түрінде берілген мақсаттар  жүйесін тақырыпты меңгерту барысында біртіндеп пайдалана  отырып, «Миға  шабуыл»,  «Ой  толғау», тағы басқа әдістер арқылы   оқушыларға   деңгейлік   тапсырмалар  орындатып жүрмін.