Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Математика
Алимова Акгуль Едиресовна, Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру

Мақала авторы: Алимова Акгуль Едиресовна
Жұмыс орны: "Мичурин орта мектебі"ММ
Лауазымы: Математика мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 06.12.2016


Оқу – оқушының жеке басы танымының ерекше түрі. Оқи жүріп оқушылар өздерін қоршаған дүниені таниды. Олар субъективті жаңаны таниды, демек, тек өздері үшін ғана жаңаны, ғылым зерттеген нәрсені ғана таниды.
Оқу – баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті. Оқыту үрдісінде бала тек мұғалімнің әсерін қабылдаушы ғана объект емес, оның оқу әрекеті мен өзінің психикалық үрдістерін басқару, ұйымдастыра білу (іс-әрекетін білуі, бағалауы, өзін өзі тәрбиелеуі ) оқытудағы субъект екенін айқындайды. Бала логикалық ойлау әрекетінің жалпы тәсілдерін қолдануға және дербес шығармашылық әрекет жасауға үйренеді.
Қазіргі кезеңде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын жаңаша жеке оқыту, өз бетімен білім алу арқылы жүзеге асыруға болады.
Ең көп тараған жеке оқыту түріне – репетиторлық жатады. Көбінесе репититор оқушыны мектепке немесе жоғарғы оқу орнына түсуде емтихандарға, сынақтарды тапсыруға, олимпиадаларға дайындайды. Осындай жеке оқытудың негізінде оқушылардың өздеріне қойылған талаптарды орындауға қажетті біліктер мен үздіксіз білім алу жүзеге асады.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғарғы деңгейі танымдық міндеттері өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқандаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Орташа деңгей жоғарғы деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетеді.
Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекетінің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана орындауында, танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлерін анықтау үшін балдық бағалау жүзеге асырылады.
Жоғары сынып оқушыларының берілген тапсырманы орындау мүмкіндіктері

Операция № Операциялар мазмұны
I Тапсырманы игеру.
а) объектіні таниды ( аталуын біледі, басқадан ажыратады);
ә) ұқсастығын табады;
б) ерекшелігін біледі;
в) анықтама жасайды;
1 балл

2 балл
2 балл
1 балл
6 балл
II Тапсырманы сипаттау:
а) байланысын, себебін анықтау;
ә) табылған байланысты жүйелеу, тәуелділігін анықтау;
б) дәлелдемелер келтіру;
в) байланысын, себебін анықтау;
2 балл
1 балл

3 балл
2 балл
8 балл
III Тапсырмаға жаңалық еңгізу:
а) бақылау, қайта жаңартуға әрекет ету;
ә) дәлелдеме жасау, ережесін табу;
б) оны қолдану;

3 балл
5 балл
7 балл

15 балл
IV а) Қарапайым тапсырмаларды орындай алуы;
ә) типтік тапсырмаларды орындау;
б) эвристикалық тапсырмаларды орындауы 3 балл өзі түсіндіру; 1 балл түсіндірусіз;
1 балл қателіктерімен;
5 балл
7балл
15 балл
Мұнда, 29-дан 42 баллға дейін жинаған оқушылар-жоғары деңгейде, 13-тен 28-ге дейінгілер-орташа, 3-тен 13-ке дейін жинаған оқушылар төменгі деңгейге белгіленеді.
Өз бетінше оқып, білім алу – оқушылардың танымдық ой-өрістерін арттырады, оқу мотивтерін дамытып, біліктерін дамытады.
Оқушының өзіндік әрекетінің нәтижесінде оның бойында мынандай қасиеттер қалыптасады:
1. Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздары.
2. Оқуға деген қабілетін арттыру.
3. Берілген білімді игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
4. Басқа оқушыларының түсіндірмелеріне сын көзбен қарау.
5. Өз ойының дербестігі.
Ахмет Байтұрсынов оқушының өзіндік жұмысының маңызы туралы былай деген: «Бала білімді тәжірбие арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімнің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай оқу үшін, керек білімін кешікпей дер кезінде алып, отыру үшін, балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгілеген мақсатқа қарай түзеп отыру». Жалпы білімге деген құштарлық кез келген сыныптағы балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.