Оқу бағдарламасын меңгеруде инновациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы

Білім берудің негіздері
Ахметкаримова Анаргуль Сергазыевна, Оқу бағдарламасын меңгеруде инновациялық технологияларды қолданудың маңыздылығы

Мақала авторы: Ахметкаримова Анаргуль Сергазыевна
Жұмыс орны: «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
Лауазымы: биология және химия пәндерінің мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 30.11.2016


Тұңғыш Президентіміз: «Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустрия­лық әлемге қарай жылжып келеміз  және бүгінгідей жаһандану жағдайында мемлекет мен адам озық, бәсекеге сай болуы үшін, ең бірінші білім мен ғылым өркендеуі қажет.» -деп  атап  көрсеткендей,бәсекеге  қабілетті  еледер қатарына  кіруде Ұлт көшбасшысы Н. Ә. Назарбаев жаңа білім беру жобаларының басты қозғаушысы бола отырып, білім беру саласын дамыту жолына айырықша көңіл бөлуде. «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында  орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек және оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс — деп атап көрсеткен болатын.  Сондықтан да мұғалімдердің алдында өзін-өзі дамытуға, жетілдіруге, ұйымдастыруға қабілетті жеке тұлғаға бағытталған жүйе құрудағы тарихи міндет тұр. Осы міндетті іске асыру жолдарының бірі оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі білім беру технологияларын жетік меңгеру. Оқушылардың   білімін  тереңдетуде  жоғарыда  көрсетілген  міндеттер  мен  мақсаттардың  орындалуы  айырықша  көрсетіледі.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты — бәсекеге қабілетті маман дайындау.  Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс — оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау — әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін — өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар: бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың,  жаңашыландырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адаммен бүкіл дүние жүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуге ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды рөл атқарады. Ақпараттық-коммуникативтік технология – білім беру саласында оқыту үрдісінің жұмыс жасау мүмкіндігін күшейтетін құрал. Олай болса:

  • АКТ (ақпараттық-коммуникативтік технология) дегеніміз не?
  • АКТ-ның мүмкіндіктері қандай?
  • Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда? – деген сауалдар әрқайсысымызды, ұстаздар қауымын толғандырмай қоймайды.

           І. «АКТ құралдары» дегеніміз – микропроцессорлық және жаңа АКТ негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен өңдеу, оларды жан — жақты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуді қамтамасыз ете алатын программалық, программалық — аппараттық және техникалық құралдар мен құрылымдарды айтамыз. АКТ — ға жататындар: ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдық құралдардың жинақтары, жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардың құрылымдары, көлемі үлкен мұрағаттық ақпараттарды сақтау құралдары, аудиовизуалдық ақпарттарды бақылайтын құралдар мен құрылымдар, машиналық графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін қазіргі кездегі байланыс құралдары.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:
— Интерактивті тақта;
— Мультимедия;
— Интернет кеңістігі;
— Электронды оқулық.

ІІ. АКТ-ның мүмкіндіктері қандай? Мен  бұл сұраққа, өз іс тәжірибемнен мынадай бағыттарын ұсынар едім:

  • Иллюстративті көрнекіліктер мен плакаттар дайындау,
  • Ақпараттық видеороликтерді құру және көрсету,
  • Сабақты бекіту, білімді тексеру және түсіндіру,
  • Рефераттар, баяндамалар дайындау және презентациялар құру,
  • Кез-келген сабақтың түрін және семинар, ғылыми конференциялар өткізу,
  • Зертханалық жұмысқа дайындық немесе виртуалды зертханалық жұмыс жасау,
  • Сабаққа дайындалуға қажетті ақпараттарды интернет беттерінен іздеу.

Жалпы ақпараттық технологияны қолдану мұғалімге не береді?

  1. Білімін қысқа уақытта бағалайды;
  2. Білім сапасын арттыра алады;
  3. Білімді кез келген уақытта қорытындылайды.

Ал ақпараттық технологияларды қолдану оқушыларға не береді?

  • Оқу материалдарын жиі қайталау шығармашылық шеберлігінің артуына жағдай туғызады;
  • Оқуға деген қызығушылығын арттырады;
  • Өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоцианалдық сезімдеріне әсер етеді;
  • Өздігінен ізденіп, игерген материалдарды ұзақ есте сақтауларынан білімдерін тереңдетеді;
  • Іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;

Алайда мұндай ерекшеліктермен қатар АКТ-мен жұмыс істеу барысында кездесетін кемшіліктерді де атап өткен жөн. Оқушылардың компьютермен жұмыс істеуде уақытын шектемеуі, дәлірек айтқанда қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтау керек. Сонымен бірге көп жағдайда әлеуметтік желі сервистеріндегі адам тәртібінің ережелері сақтала бермейді, яғни желілік этикет ережесін сақтау керек. Осындай кемшіліктердің алдын алып, оқушылар әлеуметтік желіде байланыс орнатып, өздеріне қажет ақпараттарды алып, өз білімдерін толықтырып, ауқымды желі мүмкіндіктерін тиімді пайдалануларына болады.

ІІІ. Білім беруді ақпараттандыру үрдісі қалай жүзеге асуда?

Өзім сабақ беретін сыныптарда үнемі сабақты түсіндіруде  түрлендіріп отыруға тырысамын. Электрондық кестелер мен тірек сызбаларды пайдаланумен бірге ақпараттық видеороликтерді мультимедиялық бағдарламаның көмегімен құрып көрсетуге болады. Білімді бақылау мен талдау әдістерінің бірі – тест тапсырмаларын құрастырып оқушылар әр тарауды пысықтағанда және білімді бекітуде қолданады.

Оқушылардың  жеке және топтық жұмыстануымен бірге, сонымен қатар экранға немесе интерактивті тақтаға мультимедиалық проектор көмегімен  проекцияланатын көрнекі-демонстрациялық қосымшаларды пайдаланып өткізілетін сабақ формаларын қолданамын. Сынып ішіндегі жергілікті желіні пайдалану арқылы, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын сараптап, қорытынды жасауға болады. Мұғалім топтық және жеке жұмыс режимдерін  сәйкестендіріп, алдын-ала дайындап қоюға болады. Мысалы, материалды бекітуге арналған сабақта  оқушылардың бір бөлігі тақырып бойынша тестті компьютерде орындай  алады. Ал екінші бөлігі өздігінен компьютерлік симмуляция режимдерін  өзгертіп, бақыланып отырған құбылыстар мен олардың заңдылықтары жайлы  компьютерлік үлгі көмегімен оларды демонстрациялауға дайындалады.  Олардың әңгімелеуі барысында фрагмент дыбыссыз режимде басқа мониторда демонстрацияланады. Оқушылардың үшінші тобы берілген  физикалық құбылысты тәжірибеде пайдалану жайлы мәліметтер берілген объектілерден кесте жинап, барлық мониторларға олар жинаған кесте  беріліп тұрған кезде оқушылар алдында түсіндіріп өтеді. Төртінші топ  зертханалық тәжірибенің видеофрагментін бірнеше рет қайталап көріп, оны  мұғалім дайындаған блоктардан демонстрациялық үстелде іске асыруға  тырысады. Сабақ өткізудің жалпы сыныптық формасын таңдаған жағдайда  әртүрлі көрнекі электронды оқулықтар кітапханасы мен солардың негізінде  жасалған презентацияларды пайдаланған жөн. Сабақты бекіту, талдау кезінде компьютерлік тест бағдарламалары мен бірге есептерді мұғалім өзі электронды кестелерді пайдаланып құруға болады. Ақпараттық технологиялаларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары  мынадай:

  • Білімге бір-бірінен алыс қашықта орналасқан әртүрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады;
  • Оқыту жүйесінің көп деңгейлігі оқу материалының сапасын арттырады.
  • Компьютердің көмегімен оқушы өз бетінше, сондай-ақ өзге оқушы-лармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.

«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп Ж.Аймауытов айтқандай әр сабақты  жаңаша түрде өтуге ұмтылу қажеттігі туындайды.  АКТ-ны әр мұғалім өз сабақтарына пайдалана отырып, оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау қабілетін дамытуға болады. Мұғалім мен оқушылардың шығармашылық ізденісіне мол мүмкіндік ашып, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу біздің басты міндетіміз. Олай болса, жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті болу бізден әлемдегі ең алдыңғы қатарлы  жаңалықты енгізудегі ұтқырлықты талап етеді. Білім беру саласындағы табыстар – бұл ғылым саласындағы жетістіктер, ал жеткен жетістіктер – озық инновациялық технологиялардың қайнар көзі.

Қорыта  айтқанда, ақпараттық — коммуникациялық технологияларды  сабақта  қолдану —  бұл оның нәтижелігіне  қолайлы  жағдайды  жасаудың бірден – бір  жолы, ал ол өз кезегінде  бірлесе  жұмыс  жасауға, адами  қарым – қатынастарға  себепкер болады.Оқытуға жаңашыл көзқарасты  қолдану, тәжірибеге  бағытталған  оқытудың  үлкен  жетістігі болып  табылады , сондай- ақ  оның  сапасы  алынған  білімнің нақты  жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің  сапасын  көтеруде  үлкен  сұранысты  қанағаттандыруды  қамтамасыз етеді.