Ой-толғауы (Эссе)

Эссе
Мырзағалиев Сейден Ноянұлы, Ой-толғауы (Эссе)

Мақала авторы: Мырзағалиев Сейден Ноянұлы
Жұмыс орны: Сепе орта мектебі
Лауазымы: Тарих және география пәні мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 24.07.2018


«Халық  пен халықты, адам  мен адамды  теңестіретін білім»

Ақырын жүріп, анық  бас.

Еңбегің  кетпес далаға.

Ұстаздық  еткен жалықпас,

Үйретуден  балаға деп  Абай  атамыз  айтпақшы өзімнің ұстаз мамандығын таңдағаныма сондай риза боламын. Әрине мұны тек  жанымен  түсініп,нағыз ұстаз ғана  түсінеді деп  ойлаймын. Ал ұстаз  болу әркімнің  қолынан  келе  бермейтін  мамандық. Ұстаз бұл өмірдегі ең жақсы, ең адал, жауапты  мамандықтың  бірі. Ұстаз әрқашан  ізденіс  үстінде  болу керек, үнемі жаңалықты  ашушы болу  керек, елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  айтып  кеткеніндей «Біздің  басты байлығымыз-адам, және  адамдағы  бар жақсылық -мұғалімнен» біздерге  қазіргі  таңда  үлкен  жауапкершілік  артылып  отыр,өйткені Қазақстанның  болашағы-  қазіргі  жас ұрпақ  ал  болашақтың қандай  болатынын тікелей  әсер  етуші біз  ұстаздармыз. «Өмір- теңіз, онда жүзем  демеңіз  ізгіліктен жасалмаса  кемеңіз» делінген  Рудаки  даналығында. Ендеше  баланың  жан  дүниесі өте  нәзік, жүрегі  ізгілікке толы. Әр бала — жеке тұлға. Біріне- бірі  ұқсамайды, жаңалықты  асыға  күтетін  талантты. Сол талантты бала  жүрегіндегі ізгілікті  шынайылықпен  тани білетін  қазіргі  заманғы ұстаз  қандай  болуы  керек  деген  өзекті  сұрақ  өз  жауабын  күтуде.Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық  білім беру  тұжырымдама сында  «жаңа  формация  -мұғалімі кәсіби  дағды мен педагогикалық  дарыны  қалыптасқан, жаңалыққа құмар, рухани  дүниесі  бай,шығармашылықпен жұмыс  істейтін  жеке  тұлға, деп  көрсетілген  атап  айтқанда, ізгілігі  мол, әр іске  жаңашылдықпен, үлкен  ізденіспен зерттеуші  ретінде  қарайтын, ақпараттық  технологияларды  жетік  меңгерген коммуникативті.толыққанды  құзырлы  адам. Ұстаз  алдында  тұрған мақсат өте  биік, міндет  өте үлкен. Ендеше, әлемдік  өркениетке  бет  алған, бүгінгі  қазақ  елінің  болашағы  да,білім  мен  тәрбиенің алауын  жаққан, мектеппен  тікелей  байланысты  және  мектеп  тағдыры халық  тағдырымен  тамырлас. Білім  беру мен  оқыту  тәрбиелеудегі  үздіксіз  үрдіс. Бүгінгі  ғылым  мен  техниканың  озған  заманында жас  ұрпаққа  жан-жақты  сапалы  білім  мен  саналы  тәрбие  берудің  нәтижесі,жемісті  болуы  мұғалімнің  педагогтік  әдебіне, әдістемесі мен кәсіби  шеберлігіне байланысты, сабақта  педагогикалық  технологияларды  ұтымды  пайдаланып отырып, әрбір  шәкірттің  жүрегіне  жол  табу.»Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»  дейді  дана  халқымыз. Өзімнің  ұстаздықты  таңдағаныма  себебі әкемнің  әкесі  Омаров  Мырзағали  атамыз  мұғалім  болған  кісі.Ресейдің  Орынбор  қаласында  мұғалімдік семинарияны  бітіріп,Торғай  қаласында Иванов орта мектебінде сабақ  берген.Өзім  сол  атамның  жолын  қуып ,Арқалық  қаласындағы  Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік  педагогикалық  институтының  тарих  және  география факультетін  бітірдім.Еңбек  жолымды  Ақмола  облысы, Атбасар  ауданы, Сепе  орта  мектебінде бастадым.Өз  басым білім  беру  мен  тәрбиені  бір сәтте  бөлген  емеспін. Себебі, «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие  берілуі керек, тәрбиесіз  берілген  білім-адамзаттың  қас  жауы,ол  келешекте  оның  өміріне  апат  әкеледі»деп  әлемнің  ІІ-ші ұстазы Әл-Фараби айтқандай, алған  білім  терең  болса,адами  қасиеттермен  қаруланса,біліктілік  пен  жоғары  мәдениет өзінен-өзі  қалыптаспайды  деп  ойлаймын. Мұғалімнің  педагогтік  әдебі,шеберлігі   әр  баланың  дара  қасиетін  ескере  отырып,таңқалдыруға  жұмсалуы  қажет.»Баланы таңқалдыруды  ұмытпа,даналық  таңқалдырудан  басталады»дейді  даналар.Әрбір  бала  халқының  тұлғасы, сондықтан  халықты  жасайтын  мұғалім. адамгершілігі мол  мұғалімнің  келбеті оның  кісілігі  мен  маман  ретіндегі  білігінің  үйлесімінен  тұрады. Олай болса,жаңа  заман  мұғалімінің осы  деңгейден  шыға  алатынына сенемін.