Наурыз думан

Ашық сабақтар, Бастауыш сынып, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, Тәрбие сағаттары, Тәрбие сағаты
Ергалиева Клара Жонисовна, Наурыз думан

Мақала авторы: Ергалиева Клара Жонисовна
Жұмыс орны: Жаңатаң ЖБББМ
Лауазымы: Жаңатаң ЖБББМ мектебінің жанындағы "Балдырған" шағын орталығының тәрбиешісі
Порталға жариялану мерзімі: 05.04.2016


Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі-Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Қазақтың салт-дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді мәнерлеп оқу дағдысын, сұрақтарға толық жауап беру дағдыларын қаалыптастыру.

Наурыз айының келуі-адам баласына қуаныш сыйлаған. Бұрынғы ата-бабаларымыз бұл күнді асыға күткен. Тек қана мал шаруашылығымен айналысатын халық үшін жерге көк шығып, малдың аузы шөпке тиюі-үлкен қуаныш. Жыл басы келген күні «Наурыз көже жасап, оған 7 түрлі дәнді ас, сүр, ет, ақ (сүт, айран) қосып, жұрт ел ішін аралай қыдырып, көже ішіп, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!» деп, жақсылық тілектер айтқан. Наурыз өлеңдер, наурыз бата айтылады. Батадан халықтың тыныс-тіршілігі, түсінік-нанымы көрінеді. Өлеңде Ұлыс күнгі көрініс, адамдардың көңіл күйі туралы айтылады.

Бір шумақ өлеңде:

Ұлыс күні қазан толса,

Он жылға мол болар.

Ұлық кісіден бата алсаң,

Сонда олжалы жол болар, -деп, наурыз күнгі құт-берекені жақсылыққа жорып, ырымдайды. Ұлық кісіден бата алу үшін ол адам абыройлы, өнегелі, еңбегімен елге жаққан болу керек. Наурыз-қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурыздың 22 жұлдызында күн мен түн теңеледі, қыс өтіп, жаз жетіп, шаруа кеңеледі… Наурыз ел-елде қуанышпен қарсы алынады. Бұл күні қазақтың ұлттық ойындары ойналып, жастар алтыбақан тебеді. Әр үйге кіріп, жылы лебіздерін айтады. Халық бар өкпе ренішін ұмытып, достасады. Шаруаның бір малы екеу болып, көңілі өсіп, жасы үлкендер  құшақтасып, көрісіп, жаңа өспірім жас буын қуанысып күлісіп, мәз-мейрам болса керек. Қуанышты күнің, жаңа жылың құтты болсын, қазақ!

Наурызда күлімдеп

Күн нұры төгілді.

Өзгеше бүгін леп,

Желпінтер  көңілді.

«Жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» демекші, Баталы сөзге жол берейік

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын,

Өнеге-білімге зейінді болсын,

Он саусағы майысқан шебер болсын,

Ел қорғайтын батыр болсын,

Шындықты айтар ақын болсын,

Абыройлы өрлесін,

Жаманшылық көрмесін.

Аумин!