Нан бізге қайдан келді?

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Даримова Фарида Сандибаевна, Нан бізге қайдан келді?

Мақала авторы: Даримова Фарида Сандибаевна
Жұмыс орны: Ақтөбе қаласы №25 «Ерке» мектепке дейінгі дайындық ұйымы
Лауазымы: Тәрбиеші
Порталға жариялану мерзімі: 15.03.2016


Тақырыбы: «Нан бізге қайдан келді?».

Мақсаты:

 Білімділік:    Нан – өмірдің негізі екені туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық:  Мақал –мәтелдерді, тақпақтарды, тыйым сөздерді  пайдалана отырып балалардың сөздік қорын  тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Еңбекті құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Мазмұнды суреттер, нанның түрлері, қамыр, бидай, ұннан жасалатын тағамддар.

Тәрбиешінің кіріспе сөзі: Балалар қараңдаршы бүгін күн қандай тамаша! Бір – бірімізге жақсы тілектерімізді айтайық.

Күніміз жарық болсын,

Арайлы күн болсын,

Аспанымыз ашық болсын,

Нанымыз көп болсын!

 Балалар енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Мұқият тыңдаңыздар.

Жұмбақ.

Асты тас, үсті тас,

Ортасында піскен ас. (Нан)

Тәрбиеші нанның суретін тақтаға іледі.

-Дұрыс айтасыңдар балалар!

-Нан туралы тақпақтарыңды естеріңе түсіріңдерші?!.

 Тақпақтар.

Айгерім.

 — Нан атасы бидаймын,

—  Елге астық сыйлаймын.

Әміржан.

  • Дәнім толып піскенде,
  • Қауызыма сыймаймын.

Димаш

  • Жазды күні бидайдан,
  • Бал исі шығады.
  • Күздің күні биайдан,
  • Нан исі шығады.
  • Нұрай

Нан ардақты адал ас,

Кәрі жас одан аттамас.

Нандай жоққой асыл дәм,

Жеп үйренген жасыңнан.

Сұлу

Нанда өмірдің исімен дәмі бар,

Нанда адамның еңбегімен ары бар.

Айнұр

Жарып шыққан қауызын,

Дән – өмірлік азығың,

Жегеніңде ақ нанды,

Нәрге толар ауызың,

Кәусар

Ерте тұрып ақтаңнан,

Қара  жерге нәр құйған.

Айналайын диханнан,

Егін егіп дән жиған.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар. Ендеше сол дихандардың еңбегін есімізге түсірейік.

Балалар дастарханға нанның қалай келетінін сурет бойынша айтып береді.

  1. Жерді трактормен жыртады, жұмсартады,қобсытады, дән егуге дайындайды.
  2. Дихандар жерге дән себеді. Одан егін өніп шығады. Оны жаз бойы күтіп баптайдды.
  3. Күзде астықты комбайынмен орады, жинайды, шөп машинасымен қырманға тасиды, тазалап кептіреді. Сонансоң қоймаға жібереді.
  4. Одан дерминге жібереді. Дерминшілер ұн тартады. Ұнды наубайханаға жібереді.
  5. Наубайшылар нан пісіреді.
  6. Ыстық нан дүкендерге түседі.
  7. Мұның бәрі адамдардың еңбегі.

Хормен: сондықтанда нанды қадірлеуміз керек.

Тәрбиеші : Өте жақсы балалар. Сол дәннен бастап нан болғанға дейін қаншама адам маңдай терін төгеді. Ендеше балалар зор еңбекпен келген нанды қастерлеуіміз керек. балалар орынымыздан тұрып сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті:

Көлбең, көлбең, көлеңкем,

Көлбеңдеген көлеңкем,

Тасып піскен бидайды,

Айтшы қалай жинайды?

Комбайынмен бидайды,

Былай – былай жинайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны қалай қорғайды.

Қаптап ұшқан торғайдан,

Оны былай  қорғайды.

Кіш, кіш, кіш…

Қорғап қалған бидайды ,

Қамбаға әкеп жинайды.

Ал сендер нанға байланысты қандай мақалдарды білесіңдер?

Арман

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Ахад

Арпа бидай ас екен,

Алтын күміс тас екен.

Гүлзифа

«Адамнан» үлкен ат жоқ,

Наннан үлкен ас жоқ.

Айдана

Нан – тамақтың атасы,

Ынтымақ — көптің батасы.

Әлия

Нан болса — ойнап күлеміз,

Нан болса ойнап жүреміз.

Арсен

Нан – қасиет,

Нан — мереке ,

Нан – береке.

Айгерім

Нан байлық.

Анел

Ас атасы нан.

Мейірлан

Нан дастархан байлығы.

Темірлан

Нан болса ән болады.

Тәрбиеші: балалар енді ойын ойнайық.

Дидактикалық ойындар: «Ұннан жасалатын тағамдарды ата!»

Мақсаты: ұннан жасалатын тағам түрлерін атай білуге үйрету.

«Қандай тағам жоқ?»

Мақсаты : есте сақтау қабілетін дамыту.

«Қай тағам артық?»

Мақсаты: ойлау қабілетін дамытып, тез жауап беру дағдысын жетілдіру.

Тәрбиеші: Балалар сіздер нан туралы көптеген мағұлматтар алдыңдар. Осы білгенімізді ұмытпай зор еңбекпен келген нанды аяқ асты етпей, ысырап қылмай, алдарыңа келген нанды тауысып жеп оны қоқысқа кетуіне жол бермеуіміз керек. Сіздерге Анелдің мамасы бауырсақ пісіріп берді, бауырсақтан алыңыздар.

Қорытынды нәтиже:

  • Балалардың нан туралы ұғымдары кеңейді.
  • Нанды қастерлей білуге үйренді.
  • Үлкендердің еңбегін құрметтеу керектігін түсінді.
  • Мақал – мәтелдерді, тыйым сөздерді айтып үйренді.
  • Нан түрлерімен танысты.